"Қазақ тілі" пәнінен 5 - сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілі" пәнінен 5 - сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің құрастырған "Қазақ тілі" пәнінен 5 - сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы әріптестеріме көмек болсын деп жариялауға ұсынып отырмын. ы
Материалдың қысқаша нұсқасы












І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»


Оқу мақсаты

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.2.3.1 хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату


Бағалау критерийі

  • Өз ойын еркін жеткізіп, cұрақтарға жауап береді.

  • Хабарламаның құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерді ажыратады.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау


Орындау уақыты

15-20 минут





















Тапсырма

  1. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, сұрақтарға жауап бер.

Тіл - ұлттың жаны

Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл - әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл - баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.

Менің тілім - қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім - байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы - оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты, оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін. «Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашан да тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі - Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашан да білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз - әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Ол дегеніміз - өз ана тілінде, яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз.

Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды, Тәуелсіз Қазақстанымды, қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.

(Ғаламтор деректерінен)

1. «Тіл - ұлттың жаны» деп неліктен айтылған?

2. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» - деген тұжырымына көзқарасың қандай?

3. Тілдің мәртебесін көтеру үшін қандай үлес қосар едің?

  1. Мәтінді оқып, жанрлық ерекшелігін ажырат.

Тағылымды тіл апталығы

5 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдері күніне орай, №225 орта мектепте «Мәңгілік елге - мәңгілік тіл» атты онкүндік өткізілді. 5-15 қыркүйек аралығында өткізілген онкүндікке мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Іс шаралар барысында 4-7 сыныптарға «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбымен сынып сағаттары, 5-10 сыныптарды қатыстыра отырып, «Ұлтымыздың бас ұстазы - Ахмет Байтұрсынов» атты айдармен әдеби кеш және үш тілдің тұғырлылығына арналған 8-10 сынып оқушыларына арналған интеллектуалды білім сайыстары болды.

Сондай ақ «Тіл - ұлттың жаны» тақырыбымен 8-10 сынып оқушылары арасында ақындар мүшәйрасы өткізілсе, 5-6-7 сынып оқушыларына «Латын тілі - біздің жарқын болашағымыз» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізілді.

Тіл апталығы аясында өткен байқау қорытындылары бойынша жеңімпаз деп танылған 5-сынып оқушылары Өмірзақ Айтжан, Байсалбаев Ерасыл, Өксікбай Асылайым, Махамбет Жансая, 8 - сынып оқушылары Әли Шұғыла, Жанұзақова Эльмира, Қойшыбай Ақан, Жәли Асылзат, Дінберген Көркемдер жүлделі орындарды алып, мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздары мен сыйлықтарына ие болды.

Қазақ тілінің мәртебесін жоғарылатып, айбынын асқақтату мақсатында өткізілген онкүндікте пән мұғалімдерінен басқа да атсалысқан сынып жетекшілер мен кітапханашы, мектеп тәлімгеріне мектеп директоры Д.Мешітбай алғыс білдірді. «Мәңгілік елге - мәңгілік тіл» атты онкүндік соңы әдеби кештегі мектеп көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Эльмира Жанызакова,

225 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы

Кәукей ауылы










Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Өз ойын еркін жеткізіп, cұрақтарға жауап

береді

1

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

1

1- сұраққа жауап береді

1

2 - сұраққа жауап береді

1

3 - сұраққа жауап береді

1

Ойын еркін жеткізеді

1

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады.

2

Жанрлық ерекшелігін ажыратады

1

Хабарламаның құрылымы мен рәсімделуін айқындай алады

1

Барлығы



7



«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижесіне қатысты ата - аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты - жөні ______________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орта


Жоғары


Өз ойын еркін жеткізіп, cұрақтарға жауап

береді

М әтіндегі көтерілген мәселені анықтауда, сұрақтарға жауап беруде қиналады.

М әтіндегі көтерілген мәселені анықтауда, сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.

М әтіндегі көтерілген мәселені анықтайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады.

М әтіннің жанрлық

ерекшелігін ажыратуда қиналады.

М әтіннің жанрлық

ерекшелігін ажыратуда

қателеседі.

М әтіннің жанрлық ерекшелігін ажырата алады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2020
10069
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі