Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары."Сөз таптары"2-сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары."Сөз таптары"2-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
сөз таптары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары туралы алған білім, білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.

2. Өз ойларын айтып , оны талқылауға үйрету.

3. Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық

қабілетін , тіл байлығын дамыту.

Сабақтың әдісі: Ойын,топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:Кесте, спортшылар суреті, спорттық ойындар суреті. «Синквейн» әдісі.

Сабақтың жүрісі.

  1. Психологиялық дайындық.

Оқушылар ертең әлем елдері арасында 23 ші қысқы олимпиада Оңтүстік Корея елінде өтеді. Сол олимпиадаға қазақстаннан 50 спортшы қатысады.Мына өлең шумағымен Споршыларымызға сәттілік тілейік.

2.Топқа бөліну.

Бүгінгі сабағымыз осы спорт тақырыбымен байланысты жүргізіледі. Спорт-шылар күштіліктерімен сайысқа түссе , біз білімімізбен сайысқа түсеміз. Қазір спорттық ойын түрлерін таңдай отырып топқа бөлінеміз. Жеңсіске жеткен споршылар медальдармен марапатталса сіздердің білімдеріңіз осы медальдармен бағаланады.Сабақ соңында қай топтың оқушылары көп медаль жинаса сол топ жеңіске жетіп мына кубокты жеңіп алады.

1-топ « Шаңғышылар»

2- топ «Мәнерлеп сырғанаушылар»

3 –топ «хоккейшілер»

4-топ «Биатлоншы

3.Өткен сабаққа лар» қайталау жүргізу.

Оқушылар спортшыларды таңдай отырып сол споршылардың тапсырмасын орындайды.

Тапсырма

  1. Илья Ильин. Туынды сөз дегеніміз не?

  2. Ермахан Ибраймов. Мағынасы қарама қарсы сөздерге мысал келтір.

  3. Геннадий Головкин . Алыс сөзіне мағынасы жуық сөздер тауып айт.

  4. Денис Тен. Түбірлес сөздерге мысал келтір.

Жаңа сабақ.

Топтық тапсырма.

Әр топқа сурет бөліктері беріледі. Сол сурет бөліктерін құрастырып суретке талдау жасайды.Бүгінгі сабағымызда сөз таптары тақырыбымен танысамыз.

1-топ. Зат есім.

2- топ. Сан есім.

3-топ. Сын есім.

4- топ. Етістік ережелерін айтады.

1-спортшы тапсырмасы. Кестемен жұмыс.

Сөздерді тиісті орнына орналастырады.

2-спортшы тапсырмасы. Тіркесін тап. Жазбаша орындалады.

Зат есім мен етістіктерді тіркестіріп жазады.

3-спортшы тапсырмасы. Жаңылтпашты жатқа айт.

1-топ. Үш кіші ішік пішті,

Бес кіші ішік пішті,

Неше кіші ішік пішті.

2-топ. Гүл өсірген дұрыс па?

Ұл өсірген дұрыс па?

Тіл өсірген дұрыс па?

Құры есірген дұрыс па?

3-топ. Тақпақ жаттап,

Айтсақ жақса-ақ.

Жатқа тақпақ,

Жатта тақ-тақ.

4-топ. Гүлім гүлге қарап,

Күлімдейді.

Көгілдір гүлге қоған аралар

гуілдейді.

4- спортшы тапсырмасы.

Борсық туралы видио ролик.

1-топ. Мәтінді оқу.

2-топ. Борсық туралы айту.

3- топ. Бастапқы бөлігін сөз таптарына талдау.

4- топ. Бастапқы бөлігін көшіріп жазу.

Шығармашылық тапсырма.

«Синквейн» әдісі. Бес жолды өлең құрастыру.

1 –топ. Спортшы сөзі.

2-топ. Қыс сөзі.

3-топ. Оқушы сөзі.

4-топ. Қазақстан сөзі.

Кері байланыс.

Жеке тапсырма.Кестеде берілген сөздердің қай сөз табына жататындығын белгілеу.

Бағалау.

Оқушылар медальдары саналып бағаланады. Алға шыққан топ марапатталады.

Үйге тапсырма.

7-жаттығу. Ереже жаттау.



.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі