Қазақ тілі пәні.Ұлттық үрдіс және сөз мәденинті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәні.Ұлттық үрдіс және сөз мәденинті

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы орайда менің жазған сабақ жоспарларым әріптестеріме қажеті болар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 29


Бөлім: Махаббат пен абырой Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы.

Оқу мақсаты

А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Автор стилін анықтайды;

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: автор стилі, психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша, бұл пікір...

Себебін мен былай түсіндіремін...

Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Құндылықтарды дарыту


Аналық қамқорлық, ана махаббаты

Пәнаралық байланыс

тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім


Алдыңғы сабақта оқушылар М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы автор бейнесі мен тілдік қолданысын талдап, сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы



1.Миға шабуыл

«Хронология» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. Оқушыларға интерактивті тақтадан немесе кинопроектордан «Youtube 15.09.14 Міржақып Дулатов – Қалиланың фильмі»

(https://www.youtube.com/watch?v=kd0_7wtyuyw)

көрсетіледі. Содан кейін «Зерттеушілер» тобы Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы автордың өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек. Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерінің құндылығы жайында қорытынды пікір айтады. (Қабілеті жоғары оқушыны зерттеуші, қабілеті орта оқушы оқырман болуға бағыттаңыз).Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады.

Автор стилін анықтайды.

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдайды.



«Youtube 15.09.14 Міржақып Дулатов – Қалиланың фильмі»

(https://www.youtube.com/watch?v=kd0_7wtyuyw)


Сабақтың ортасы

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.

  1. Міржақып Дулатов шығармаларына тән стильдік ерекшелік қандай?

  2. Міржақып заман шындығын көрсете білген жазушы.

Жоба құрылымы:

  • Кіріспе

  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі

  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

  • Зерттеу жұмысының әдістері

  • Зерттеу жұмысының болжамы

  • Зерттеу жұмысының құрылымы

  • Зерттеу бөлімі

  • Қорытынды

3. Мағынаны тану

2-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі

Жоба тезисін топ спикері қорғайды.

Топ спикері:

  • өз тобының жұмысына қысқаша шолу жасайды.

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдайды, ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы қорытындылап айтады:

1. Пікір: Зерттеу жұмысының өзектілігі мен тілдік ерекшелігіне өзіндік пікірін білдіреді.

2. Дәлел: Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал: Өз ойын шығармадағы автор қолданған көркемдегіш құралдармен, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.

4. Қорытынды: Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.

Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.

4.Бекіту

3-тапсырма



«Дөңгелек үстел» стратегиясы


Автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігі туралы сіздің пікіріңіз қандай?


Көркемдегіш құралдар

Шығармадан мысал

Пікір

психологиялық параллелизм



теңеу



метафора



ирония



5.Салыстыру

4- тапсырма «Венн диаграммасы»

  • М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы мен С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармасындағы тақырып пен идея, стиль мен тілдік ерекшеліктің ұқсастығы мен айырмашылығын «Венн диаграммасы» арқылы салыстырыңыз.

Shape1

6.Бағалау

5- тапсырма «Әдеби шеңбер»

1. Талқы себепшісі – «Бақытсыз Жамал» романы бойынша 5 сұрақ құрастырады. (шығармадағы автордың стильдік және тілдік ерекшелігіне баға беру)

2. Белгілеуші – шығарманың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.

3. Байланыстырушы – шығарманы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Қорытындылаушы – шығармадағы автор стилін анықтап, көркемдегіш құралдардың қолдану ерекшелігіне өзіндік баға береді, қорытындылайды.

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды «талқы себепшісі» немесе «белгілеуші» болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

http://bilim-all.kz/olen/3124-Qamar-sulu

Сабақтың соңы


Кері байланыс: Оқушылар «Пайдалы үш нәрсе» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалап, тексереді.

  1. Бүгінгі сабақта сен қандай пайдалы үш нәрсе жасадың?

  2. Сен келесі сабақты қалай өзгертер едің?

  3. Оны қалай өзгертесің?

стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Хронология», «Шығармашылық ізденіс» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, зерттеушілік қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Әдеби шеңбер» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Хронология»,«Шығармашылық ізденіс», «Әдеби шеңбер», «Дөңгелек үстел» әдісін жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалықа ерекше мән беріледі.

Сыныптағы үстелдер қабырғаға жылжытылады, орындықтар екі қатарға қарама-қарсы, оқушылардың дауыстары анық естілетіндей етіп қойылады. Сараптама жасайтын оқушыға жеке орын дайындалады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
661
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі