Материалдар / Қазақ тілі сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөж тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
215
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саипназарова Мадина

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың дидактикалық принциптері.

Саналылық және белсенділік принципі.

Бұл принципте оқушының өз ойлау деңгейіне сай әзірленген тапсырмалар жиынын жатқызуға болады. Оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінуі қажет. Сұрақ қою және оның жауабын тыңдай білу қажет. Тұрмыстық жағдайларды кеңінен пайдалануда өте маңызды. Оқушы алдына қойылған мақсатты анық білуі тиіс.

Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 68 бет, 2 жаттығу

Тапсырмада көрсетілгендей, алдына қойылған мақсат: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қою. Осыған дейін оқушылар "н, ң" әріптерін өтті, түсінді енді тапсырмалар орындайды.

Көрнекілік принципі

Балаларға көзбен көріп, құлақпен естіген әлде қайда есте қаларлықтай, сол себептен көрнекілік құралдарын пайдаланған өте тиімді.

Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 62 бет, 54 жаттығу

Бұл тапсырмада ребус берілген, бұлда көрнекілікке жатады. Яғни, балалар ребусты көзбен көреді, суреттерін талдайды, аттарын жазады деген секілді.

Ребустың шешуі: раушан деген сөз. Яғни тапсырмада көрсетілгендей: шешуіндегі гүлді сипаттап жаз. Бұл жерде оқушылар раушан гүліне сипаттама береді, яғни оның түсін, пішінің, формасын, қайда өсетінін анықтап жазуларына болады.

Жүйелілік және бірізділік.

Бұл принципты іске асырарда тапсырмалар жүйелі түрде бір-бірімен байланысу керек. Мысалы, сабақ басында "сұраулы сөйлемдер " тақырыбы айтылса, ары қарай тапсырмалар да сол тақырыпқа сай жүйелі болуы керек.

Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 109 бет, 19 жаттығу

Бұл тапсырмада, ең алдымен Қазақстанның қалаларының атауын табу керек. Болашақта орта буында география, тарих пәндерін өткен кезде бастауыш сыныпта талдаған қалалардың аттары жиі кездеседі. Сол кезде оқып, талдағаны оған болашақта үлкен септігін тигізетіні анық.

Беріктік принципі.

Өткен сабақ бойыншы білімдерін бекіту. Бұған мысал ретінде бақылау жұмыстарын, шығарма жазу немесе тест жұмыстарын да жатқызуға болады. Бөлім бойынша өткен сабақтарын қорытындылап бекітуге арналған тапсырмалар жинағын орындау принципке сай болады.

Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 120 бет, 1 жаттығу

Бұл тапсырма өткен білімін бекіту арналған, яғни осыған дейін оқушылар тыныс белгілерін өтті, енді білімдерін есіне түсіріп, тапсырманы дұрыс орындайды.

Түсініктілік принципі.

Түсініктілік оқу жеңілдігін білдірмейді, балаға бағдар беру, түсініксіздер мәнін түсініктілер арқылы ашу, өз бетінше талдау бастамасыр көрсету, қолдау-қуаттау- осының бәрі түсінікті оқытудың шаралары.

Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 65 бет, 64 жаттығу

Бұл тапсырмада ең алдымен балалар "ң" және "н" әріптерін тиісті орындарына қояды. Тапсырма түсініктілік принципине жатады, себебі, сабақ басында "ң және н" әріптерін мұғалім түсіндірді әрі осыған дейін де олар тақырыпқа сай тапсырмалар орындады.

Ғылымилық принципі.


Бұл принципке тақырып барысында жаңадан қосылған терминдер, ақын-жазушылардың аттары, пәндер байланысын жатқызуға болады. Ғылымилық әдісін пайдалану оқушылардың ойлау қабілеттерін, балалардың ізденіс, шығармашыл әрекеттерін дамытады. Танымдық қызмет оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат сезімдеріне бөленуге мүмкіндік береді.



Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 62 бет, 56 жаттығу

Бұл тапсырмада "Лашын" құсы туралы сұрақтар берілген. Қазақстан жерінде "Лашын" құсы киелі құс болып есептеледі. Ғылыми тұрғыдан оның Қазақстан жерін мекен ететіндігі, қатты жылдамдықпен ұша алатындығы, Қазақстанның "Қызыл Кітапқа" енгендігі дәлелденген.

Көңіл-күй принципі.

Баланың көңіл-күйі сабаққа қатты әсер етеді, көңіл-күйі болмай отырса сабаққа деген қызығушылығы болмай, бала тез жалыға бастайды. Сол үшін сабақ басында шаттық шеңберге тұргызып, бір-біріне сәттілік тілеу, немесе жылы лебіздерін білдіру өте маңызды. Сабақ барысында да бала шаршап, жалықпас үшін сергіту сәттерін, дене жаттығуларын өткізуге болады.

Теориямен тәжірибені байланыстыру принципі.



Оқушы алған білімін, өмірмен ұштастыру маңызды. Оқушылар өз білімдерін тәжірибеде тексеріп, қолданып көруі керек. Сонда ғана алған білімдерін тиімді пайдалана алады.

Қазақ тілі Алматы:Атамұра, 1 – бөлім, 2017 ж, 42 бет, 3 жаттығу

Тапсырмада берілген ақпаратпен танысу керек және суретке сүйеніп өз отбасыңның шежіресін жасау керек. Яғни оқушы отбасы мүшелерін есіне түсіреді.Ата-анасының туыстарын есіне түсіреді және жазады. Оқушы үйінде бала, немере, іні немесе аға. Сабақта алған ақпаратын, ол үйінде қолданады, яғни сабақта мұғалім шежіре деген не екенін, ата-әже, тате аға деген отбасының мүшелірін сипаттап айтып береді, үйіне барғанда, алған біліміне және де үйдегі әже болсын немесе атасының көмегіне сүйеніп шежіре құрастырады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!