Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағында әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушылардың білім сапасын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала мұғалімдерге көмек ретінде жазылған. Мақалада қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістерден мысал келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Закирова Динара Амиргалиевна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ


«Қазақ тілі сабағында әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушылардың білім сапасын арттыру»


Бүгінгі кездегі білім үдерісіндегі мәселе – білім сапасы. Осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру үдерісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану, соған орай менің сіздерге ұсынатын тақырыбым «Сабақ үрдісінде әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру».

Мақсаты:

Әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.

Осы аталған мақсатты басшылыққа ала отырып алдыма мынадай міндеттерді қойдым:

Бір-бірімен пікір алмасуына жағдай жасау;

Топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

Логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру:

Болжам: Әртүрлі әдіс- тәсілдерді , топпен жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың ой-өрісінің өсуіне, сыни ойлай алуына жағдай жасайды.

Нәтиже:

Оқушылар алған біліміндерін өмірде қолдана алады.

Сабақта тиімді қолданған әдіс - тәсілдер оқушылардың білім сапасын арттырады.

Сондықтан кез келген сабақты жоспарлап, мақсат пен күтілетін нәтиже арасында алшақтық болмай, екеуі бір бағытта болса, онда сабақ оқушыларға түсінікті және қызықты болады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты іс. Сабаққа мұқият дайындалу, қолданатын әдіс - тәсілдерді ойластыру әрбір мұғалім ең басты міндеті екені баршамызға белгілі.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертудегі оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді жолы- әдіс- тәсілдер. Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертудегі оқу мақсаттарына қол жеткізуде әдістердің маңызы өте зор. Қай пәнді де оқытуда да әдістердің маңызды орын алатынын айтқым келеді. Сол сияқты тілді оқытуда, оның ішінде, екінші тілді оқытуда әдістердің берер көмегі өте зор.  

Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі деп атаймыз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.

Сіздердің назарларыңызға өз іс- тәжірибемде ұсынамын. 3-сыныпта берілген «Шоқан мен мүсінші бала» тақырыбында қолданған әдіс-тәсілдеріме тоқталып өтейін.

Бұл әдіс- тәсілдердің барлығы оқушыларға берілген тапсырманы  меңгеруіне ықпал жасады. Нәтижесінде оқушылар топта ынтымақастықта жұмыс жасауды, өз ойларын еркін жеткізуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды, көшбасшылық  жасауды үйренді.

Тыңдалым. Айтылым. «Болжау» әдісі.

Тақтаға тақырыпқа сай Шоқан, Мысық, мүсінші, Шоқан мен мүсінші бала суреттерін іліп қоямын. Оқушылар сол суретке қарап атауларын айтып шығады да тақырыпты болжайды. Мәтін не туралы болмақ деп ойлайсыңдар? деп сұрап аламын. Қысқаша жеке- жеке суреттерге тоқталып, түсіндіріп өтемін.

Жаңа сөздерді үнемі сөздік дәптерге жаздырып, сөздерді қайталату жұмысы тілді үйренуге, сөздік қорын молайтуға аздық етеді деп ойлаймын.

Сондықтан, «Шоқан мен мүсінші бала» тақырыбын өткенде мәтінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыс орындауда «Шапалақ» әдісін қолдандым. Есте сақтауға өте ыңғайлы әдіс. Тақтаға мәтінде кездесетін (мүсінші, танымал, әлем) және кездеспейтін сөздерді маса кескініндегі кеспе карточкасына жазып, тақтаға іліп қойдым. Тақтаға екі оқушыны шығардым, бірі мәтінді оқып тұрды, екіншісі қолына маса ұрғышты алып, оқылған мәтінде кездескен жаңа сөзді естісе, сол сөздің үстінен ұрып тұрды.

Топтық жұмыс. «Жасырын сөз» әдісі.

Оқушылар қарсы топқа мәтінге байланысты бір сөзді жасырады. Ол сөзді іс- қимыл арқылы сипаттап көрсетеді. Қарсы топ сол жасырылған сөзді табуы керек.

1-тапсырма. «Серпілген доп» әдісі.

Суреттердің көмегімен мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мен сұрақтарды қоямын. Оқушылардан сұраққа толық жауап беруді талап етемін.

1) Шоқан жазғы демалыста қайда келді?

2) Шоқан ауылда кіммен танысты?

3) Шоқан Мысыққа не үшін көмектесті?

Айтылым: 2-тапсырма. «Орнымды тап!» әдісі. Тірек сөздерді дауыстап айтып тұрамын, оқушылар сол сөзге қатысты суреттерді ретімен орналастырады. (жазғы демалыс, дарынды бала, жақсы көру, көмектесу) сөздерімен сөйлем құрастырып айтады.

Оқылым. 3-тапсырма. «Сұхбаттасу» әдісі арқылы оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды.

Кері байланыс: Материалды қаншалықты түсінгендерін тексеру үшін «Стекирдегі сұрақ» әдісі арқылы сұраймын.

1.Диалог кімдердің арасында болды?

2.Шоқан балаға не айтты?

3.Мысық болашақта кім болып шығады?

Сабақтың әр кезеңінде белгілі бір оқыту мақсатын қою арқылы мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, тақырыпты болжауға, сұраққа жауаптарды іздеуге үйретеді.

Сабақта қолданған әдіс – тәсілдердің нәтижесі мынадай: мұғалім үшін:

  • Оқушыларға бағыт- бағдар береді;

  • Ресурстарды қолданады;

  • Өз біліктілігін арттырады;

  • Оқушыларды жан – жақты танып біледі;

Оқушы үшін:

  • Сабаққа деген қызығушылықтары артады;

  • Өзін – өзі бағалайды;

  • Топта,жұпта жұмыс жасай алады;

Заман талабына сай, заманауи әдіс-тәсілдер де көбейіп, жаңарып отыр. Қазіргі мұғалімдер өз тәжірибелерінде әр түрлі жаңа әдістерді қолданып жүр Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінің әрбір сабағы әдістерді пайдалану арқылы өтілетіні бәрімізге белгілі.

Әдіс-тәсілдерді қолданып өткен сабақтардың тиімділік жолы мынадай: Біріншіден, материалды түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды;

Екіншіден, оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңіл болады;

Үшіншіден, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген ынтасы ашылып, қызығушылығы артта түседі;

Қорытынды: Әді – тәсілдерді сабақта тиімді қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады.

Сөзімді қopытындылaй кeле жaңa әдіc-тәcілдep   мұғaлімнің  қapқынды  дaмуынa, oқудың  бapлық   үш  acпeктіcін  бeлceнді  қoлдaнуынa  дaйын  бoлуын  қaжeт .

Сабақта әдістерді тиімді пайдалану  oқу  мeн  oқыту   үpдіcтepінде білім сапасын арттыратынына   көзім  aнық  жeтті. 

Мeн   кeлeшeктe   іc-тәжіpибeмді   ары қарай  жeтілдіpу үшін бар күшімді жұмсаймын. Жаңаша жocпapғa, жaңa  әдіс тәcілгe   cәйкec  әpeкeт  eтіп, өзімнің  бap  түcінгeнімді, түрлі курстарда алған білімімді  мeктeптeгі   әpіптecтepіммeн  міндeтті  түpдe  бөліcіп отырамын. Oлapмeн  ынтымaқтacтық  aтмocфepacын  құpып, біpігіп  жұмыc  жacaуғa  тыpыcaмын. Мұғалім тeк көшбacшы  бoлуғa  лaйық  әpeкeт  eтуі керек деп санаймын.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2022
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12