Қазақ тілі сабағында әдіс тәсілдерді тиімді қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағында әдіс тәсілдерді тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ отбасының дәстүрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша 5 сынып оқушысының

өзіндік жұмыс жоспары

1 тоқсан ( 1 четверть) 2020-2021 оқу жылы

І тарау: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы: Тема урока:Қазақ отбасының дәстүрлері

Оқу мақсаты: Цель обучени:

ТБ1.1. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді ажырата білу.

О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

Сабақ мақсаты: Цель урока:

  • бейнематериалда берілген ақпараттың мазмұнын түсінеді;

  • негізгі ақпаратты анықтайды;

  • тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады.

Жаңа сөздер -новые слова

Дәстүр- традиции

кеңес беру- дать совет

қамқоршы -защитник,заступник

құрметтеу - уважать

ЕСТЕ САҚТА! Запомни! Тәуелдік жалғау (Притяжательные окончания)

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.

В казахском языке притяжательная форма существительных показывает принадлежность предмета.

Жақ (Лицо)

Сан (Число)

Есімдік (Местоимение)

Жалғаулар (Окончания)

Мысалы (Например):

1 жақ (1 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Менің

ым/ім, м

мектебім

2 жақ (2 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Сенің

ың/ің, ң

мектебің

2 жақ (2 лицо ув.)

жекеше (ед.ч.)

Сіздің

ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз

мектебіңіз

3 жақ (3 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Оның

сы/сі, ы/і

мектебі

1 жақ (1 лицо)

көпше (мн.ч.)

Біздің

ымыз/іміз, мыз/міз

мектебіміз

2 жақ (2 лицо)

көпше (мн.ч.)

Сендердiң

ың/ің

мектептерің

2 жақ (2 лицо ув.)

көпше (мн.ч.)

Сіздердің

ыңыз/іңіз

мектептеріңіз

3 жақ (3 лицо)

көпше (мн.ч.)

Олардың

ы/і

мектептері


1-тапсырма. Сәйкестендір. Правильно соединяй!

Менің


Әкең

Менің


Қарындасым

Сенің


Әкесі

Сенің


Қарындасыңыз

Сіздің


Әкеңіз

Сіздің


Қарындасы

Оның


Әкем

Оның


Қарындасың



Мәтінді оқы. Прочитай текст.

Сәлем, достар! Менің атым – Әлібек. Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын. Бұл - менің отбасым. Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен. Менің отбасымда атам, әжем, әкем, анам, ағам, інім, қарындасым бар. Бәріміз бірге тұрамыз.

Қазақ отбасының жақсы дәстүрі көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады, кеңес береді, ақылды болуды үйретеді.

Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді. Әкем маған: «Үлкенді құрметте, кішіге қамқор бол» - дейді. Мен де атам мен әжемді, әкем мен анамды, ағамды құрметтеймін. Ал ініме, қарындасыма көмектесемін.

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға, қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен.

Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір-біріне қол беріп амандасады. Жасы кіші адам үлкенге «Ассалаумағалейкум»- деп амандасса, үлкендер «Уағалейкумсалам!»-деп жауап береді. Ал мектепте, қоғамдық орындарда ер адаммен де, әйел адаммен де «Сәлеметсіз бе!»- деп амандасады.

Адамдарды таныстырғанда үлкенге кішіні, әйел адамға ер адамды бірінші таныстырады. Ондай кезде: «Танысып қойыңыздар», «Таныстыруға рұқсат етіңіздер!»- деп айтады.

Мен өз отбасымды жақсы көремін, қазақ отбасының дәстүрлерін құрметтеймін, сақтаймын.

Өзіңді тексер: вставить в место точек пропущенные слова.

3- тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, түсіп қалған сөздерді жаз.

Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздыңShape1 танытатын мынадай бір эпизод бар:

«...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, -------------------- шешеге қарай жүреді. СондаShape2 даShape3 ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкең тұр,--------------------!» – дейді.

Қажетті сөздер:Нужные слова: дәстүрін, амандасу үшін, әкеңе барып сәлем бер!


Сабақты қорытындылау: подведение итогов урока

Сіз бүгінгі сабақта:

- бейнематериалда берілген ақпараттың мазмұнын түсіндіңіз;

- негізгі ақпаратты анықтадыңыз;

- тәуелдік жалғауларын дұрыс қолдануды үйрендіңіз



Оценивания

«5» - 8-10 балл

«4» -7-4 балл

«3» -1-3 балл

«2» -0 балл



Ресурстар:

https://bilimland.kz/ru/subject/qazaq-tili-men-adebieti/5-synyp/qazaq-otbasyndahy-dasturler--18696?mid=06b0fa71-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі