Материалдар / Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру
Авторы:
04 Мамыр 2024
261
6 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп»

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Манатай Нурипа Әбдуқызы



Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру

Мақал мен мәтел айтылатын ойдың мақсатын және уақиға желісін тыңдаушыға бірден аңғартуға және сөйлеген сөзден қысқа, тұжырымды қорытынды шығаруға үлкен жеңілдік туғызады. Осы қасиеттеріне қарай мақал-мәтелдерді сөйлеуде, шығармада орынды қолдану керек. Орынды қолданылған мақалмәтел сөйлеушінің ойын дәл, анық, әсерлі етіп беруге көмектеседі. Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бай. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдердегі қолданылған тек қана сыртқы сұлулығына қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар аударады. Мақал-мәтелдерді оқып-үйрену ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, тілімізді дамытып, ойөрісімізді кеңейтуге себепші болады. Ғалым М.Балақаев тіл шеберлігіне төмендегідей жалпы сипаттама береді: «Негізгі тілдік материалдар, халық тілінің байлықтары – сөздер, мақал-мәтелдер. Тек солар арқылы әрі жатық, әрі нақтылы, өзгелер бірден түсіне қоятын сөз кестелерін тіл шеберлігіне арқау еткенде ғана жұрт ықылас қойып, сүйсініп тыңдайтын болады». Бұл сипаттамадан мақалмәтелдер ойды әсерлі етіп түсіндірудің құралы деген қорытындыға келеміз. Мақал-мәтелдердің негізгі ерекшелігі: ол – халық ойының ескерткіші ғана емес, сонымен қатар күнделікті сөйлеу тілі құрамындағы тірі тілдік бірлік. Мақал-мәтел – қазақ халқының рухани, даналық қазынасы. Оны оқушыға оқыту, үйрету – сол қазынадан нәр беру, рухани жағынан халыққа жақындастыру, халықтың рухани, даналық байлығын түсіну, меңгеру арқылы қазақ халқын сыйлауға бағыттау, достыққа шақыру деген сөз. Тілді үйретудің, оқытудың, сол тілде сөйлеуді қалыптастырудың, дамытудың негізгі құралдары – оқу жоспары, оқу бағдарламасы және шеберлігі, жаңашылдығы. Тіл үйрету үшін оқушылардың жеке ерекшеліктерін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу қажет. Әр оқушының қабылдау мен ойлауында жеке басына тән толып жатқан ерекшеліктері болады. Сондықтан кез келген сабақта қайсы оқушының нені білмейтінін және 34 35 оған көмектесу үшін не істеу керек екендігін жүйелі түрде есепке алып отырады. Құрғақ жаттату емес. Сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғындырып, ауызша және жазбаша қолдана білуге тыңдаушыларды үйреткенде ғана іс нәтижелі болады. Сөз мәйегі – мақал-мәтелдерді сабаққа енгізудегі ең басты мақсат – жастарды биік адамгершілікке, қайырымдылыққа, жоғары жауапкершілікке, өзінің ұлтын, туған халқын, жерін, Отанын қастерлеп, оған қызмет етуге тәрбиелеу, олардың өнербілімге қызығушылығы мен ынта-жігерін көтеру, алған білімдерін өмір,табиғат заңдылықтарымен байланыстыра отырып, тәжірибеде қолдана білуге, олардың ой-қабілеттері мен тіл шеберліктерін дамытуға, алғырлық пен ептілікке, әдемілік пен әсемдік, жақсылық пен ерлікке, өздеріне және қоғамға қажетті кәсіп түрін таңдай білуге, еңбекқорлыққа үйрету – жастар өмірінде ең қажетті мәселе болып есептеледі. Халқымыздың атадан балаға қалдырған және ғасырлар бойы жинақталған асыл мұрасы, бай тәжірибесі, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ, жастар тәрбиесінде орынды пайдаланатын кезең жетті. Қазақ тілінің қыр-сырын оқушыларға грамматиканың қалыптасқан тек қасаң, құрғақ қағидаларына сүйеніп оқытуға болмайды. Себебі бұлай оқыту оқушыларды жалықтырып жібереді, әрі жаңа мағлұматтарды толық игеруге ешқандай мүмкіндік болмайды. Сондықтан да сабақтың мазмұнды, қызықты өтуі үшін оны түрлендіріп отыру керек. Оқытудың түрлі тәсілдерін тиімді пайдалану үшін әр түрлі таблицалар, үлестірмелі кәртішкелер, мақал-мәтелдер, қазақша өлеңдер, диалог түрлерін сабаққа енгізіп отырған жөн. Сонда сабақ тартымды, өз деңгейінде өтеді. Мысалы: мақал-мәтелдерді қолдану дағдысын қалыптастыру, шағын мазмұндама жазғызу арқылы тіл дамыту, мақалды жаттау және мазмұнын өз сөздерімен айтқызу ретті жерлерінде қолдана білуге, мәнерлеп оқуға, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыра білуге үйретеді. Нағыз халықтық мұра, яғни, мақал-мәтел қарымқатынаста қолданылса, оқушылар көркем сөйлеуге үйреніп, дәстүрімізді байытуға үлкен үлес қосары сөзсіз. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында 4 жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

1. Мақал-мәтелдерді тілдік жаттығуларда қолдануға жаттықтыру;

2. Мақал-мәтелдерді пікірлесімде қолдануға жаттықтыру;

3. Мақал-мәтелдерді мәтін құрамында қолдануға жаттықтыру;

4. Мақал-мәтелдерді мазмұндама, шығарма құрамында қолдануға жаттықтыру.

Оқытушы оқушыларға жаңа мақал-мәтелді дұрыс айтуға дағдыландырып, мағынасын түсіндірумен қатар, оның сөйлеуде қолдануын іске асыру керек. Бұл мақсат-міндетке жету үшін мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға жаттықтыру жұмыстарын жүргізуге болады. Мақал-мәтелдерге байланысты жүргізілетін төменгідей жаттығу түрлерін атауға болады: а) Мақал-мәтелдің кейбір сөзінің, сөздегі дыбысының орынына көп нүкте қойып, оны толықтырып жазғызу;

ә) Мақал-мәтелдердің жартысын жазып, қалғанын оқушының өзіне жалғастыру;

б) Мақал-мәтел ішіндегі бір не екі сөзді атап, ол сөздері бар мақал-мәтелді айтқызу. Мақал-мәтелдердің құрамындағы түсірілген сөзді, дыбысты толықтыруға арналған жаттығулар. Оқушы жаңа мақал-мәтелдің мағынасын түсініп, айтылуын меңгерген соң жүргізіледі. Және оны фонетика, морфология, т.б. тіл материалдарын өту кезеңіне байланысты қолдануға болады. Мақал-мәтелдер тілді оқытуда арнайы жеке тақырып ретінде өтілмейді, ол тілді үйретудегі барлық тілдік тақырыптармен байланысты өтіледі. Фонетика саласын өту кезінде жаттығуда сөздегі түсірілген әріпті жазу, түсірілген буынды қосып оқу немесе оны жазу тапсырмасын беруге болады.

а) Мақал-мәтелдің жартысын тауып жазыңыз: 1. Білекті бірді жығар, ------------------------------------ . Мұндай жаттығуларды бұрын өтілген мақалмәтелдерді бекіту, қайталау үшін қолдануға болады.

б) Мақал-мәтел құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақал-мәтелді тапқызу. Мысалы, «өнер» сөзі бар мақал-мәтелді табыңыздар. Морфологиямен байланысты мақал-мәтелді үйретуде мақал-мәтел құрамындағы сөздерді байланыстырушы қосымшалар тақырыпқа байланысты түсіріліп, оны қосып оқу немесе жазу жұмысын беруге болады. Мысалы: 1. Жаттығудағы көп нүктенің орынына тиісті септік жалғауларын жазыңыз:

а) Қолда барда алтын... қадірі жоқ.

ә) Наданмен дос болғанша, Кітап... дос бол, т.б.

2. Жаттығудағы көп нүктенің орынына тәуелдік жалғауын қосып оқыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

а) Ел алғысын алсаң, Елеулі... боларсың.

ә) Қыз... саған айтам, Келін.. сен тыңда.

Қандай жұмыс түрлері орындалса да, оның мағынасын түсіндіру, оны мәнерлеп оқу, сөзін дұрыс айтқызу жұмыстары үнемі жүргізіліп отыруы керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!