Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ көрсетілген
Авторы:
10 Сәуір 2024
453
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


Икишева Ботагоз Амангелдиевна

Астана қаласы әкімдігінің «№82 «Дарын» мамандандырылған

лицей» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


А ңдатпа. Мақалада жеке тұлға қалыптастыруда қазақ тілі сабағында тілдік төрт дағдыны жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білу жағы қарастырылған. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім сабақ үдерісінде тапсырмаларды жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу керек. Оқушы мәнерлеп оқу, мәтінге жоспар құру, оқиға желісін түсіндіру, оқығанын түйіндеп жазу, басты мәселені анықтау сияқты тапсырмаларды орындауы тиіс. Міне, сол кезде оқушының ынтасын арттыру, зейінін шоғырландыру, тілдік мәдениетін қалыптастыруда таңдалған түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, төрт дағдыны қалыпты деңгейде қамти аламыз. Сабақ барысында оқу үшін таңдалған материалдың қолжетімділігін , оның мазмұны білім алушыға сапалы білім беруде қаншалық дәрежеде маңызды екенідігін анықтау қажеттігін, сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеясы спиралды қағидатты ескере отырып, пәнді оқытудың ұйымдастырушылық формаларын тереңірек зерттеуді қажет ететіндігіне назар аудартады. Бұл мақалада тілдік дағдылар туралы жалпы түсініктемелер берілген. Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған белсенді оқыту тапсырмаларының түрлері де ұсылынып отыр. Тапсырма мазмұнын оқушылардың тілдік деңгейіне сай түрлендірілген тапсырмалар қамтылған.

Әлемдік тәжірибеде тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны меңгерту жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылардың ерекшілігін ескеріп құру тілді тиімді меңгеруге ықпал етеді. Коммуникативті дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және тиімді қолдануына көңіл аударылады. Ал лексикалық тақырыптар белгіленген бір тақырыптардың негізінде оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге, мақсатқа сай орынды қолдануын жүзеге асырады.

Қазақ тілі сабағында тілдік төрт дағдыны жетілдірудің тиімді әдіс тәсілдерін қарастырымыз. Себебі жазуды меңгерген бала оқуды да меңгереді. Ана тілінде дұрыс сөйлеу, дұрыс жазуды жүзеге асыру үшін ең алдымен қазақ тілінің іргетасы болып табылатын дыбыстық жүйені оқытудың зерттелуіне көңіл бөлген абзал. Себебі, А.Байтұрсынұлының пікірінше, «Дыбыстарды тізіп үйренсе, хәріптерді тізу қиын болмайды. Сөздің ішінде қанша Һәм қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, хәріптерін қою қиын болмайды» - деген болатын.

   Жазылым – әріптерді таңбалауда қиын да күрделі жұмыс. Жазылым әрекеті –мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушы үшін ұзақ уақытты қажет ететіндіктен бірте-бірте қалыптасатын күрделі үдеріс.

     Жазылым әрекетінде оқушының көру, есту мүшелері мен сөйлеу мүшелері қатысады. Жазылым дағдысы – тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын білдіру деңгейіне бағытталады.

     Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау (шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған дәлелді мәтіндер (үндеу, хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын дәлелдеу, цитатамен жұмыс. Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады.

  • Әуелі жазылуды көздеген нәрсені анықтап алу

  • Ойыңыды дұрыс жеткізуді жоспарлау

  • Шимай нұсқасын жазып көру

  • Түзету және редакциялау (қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

  • Сауаттылыққа тексеріп шығу

  • Дұрыс түзетілген нұсқасын жазу

    Жазылым төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым баяу қабылдайды. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет көрсеткіш көрсетеді. Алайда, бұл шапшаң оқушыларды жазылымды игеріп алды деген сөз емес. Ең басты нәрсе, оқушының осы дағдыны өмірде қолдана алуы, сол қажеттілікті мұғалімнің оқушы санасына жеткізе білуі. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Мұны танымал адамдардың мынадай сөздерінен байқауға болады. «Жазушының көп уақыты оқумен өтеді», «Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды», «Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады».

Мұғалімнің жазылымнан бұрынғы ойы:

1.Оқушылардан не жазуды сұраймын?

2.Оқушыларға жазылым дағдысын қалай үйретуге болады?

3.Жазба жұмыстарын қалай түзетемін?

4. Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездеседі? Деген бірнеше сұрақтардың төңірегінде сөз қозғауға болады. Жалпы оқушы сұрақтарға жауап бере алған кезде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады. Жазылымды жақсы меңгерген оқушылар жасайтын жұмыстар: шағын өлең жолдарын жазу, шағын әңгіме, ашықхат, диалогтер, жарнамалар, мақалалар, эссе. Бұл жазба жұмыстарын бес бағытта топтастыруға болады: еркін жазу, әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, дәлелдеу.

     Көбінесе оқушылардың бойында «жаза алмаймын» деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, отбасы туралы немесе өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны жазуға кеңес берген дұрыс. Жазба жұмысын бастамас бұрын әр мұғалім кейбір ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударғаны дұрыс. Мәселен, жазба жұмыстарында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының өзінің қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сабақ барысында қарындашпен жұмыс істеуде сәттілік тілеп, сыйға тартсаңыз, шығармашылығын арттыруға тағы  бір қадам жасаған болар едік. Сондай-ақ әр оқушының жеке артықшылығын құрметтеу, барлық оқушыға сенім артумен бірге, реалистік тұрғыдан артықшылығын біліп, қателіктерін қабылдай білуге, ары қарай өсуге итермелеу, жеткен жетістікті ретін тауып атап өту, жазуды күнделікті дағдыға айналдыру – осының бәрі мұғалімнің шеберлігінде.

Жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді тұстары көп. Жаңа технологиялардың әдістері жазылым дағдысына жиі пайдаланатыны қызығушылықты ояту кезеңінде: «миға шабуыл», «топтастыру», «Т кестесі», «Джиксо», «Талдау картасы», ой толғаныс кезеңінде: эссе, «құндылық күнделігі», «бір айналым сұхбат» әдістерін қолдану тиімді.Мұғалім жаңашыл болған кезде, оқушының жазылым дағдысын шыңдап, өз ойын қағаз бетіне түсіріп, ойлы дүние шығаруына ықпал тигізеді.

Оқылым дағдысы деген не? Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Қарапайым тілде айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Оқылым дағдысы тек оқи алу емес, оқыған нәрсені түсіне білу, соған сай жауап қайтара алу немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде, тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет.

Оқылым дағдысын меңгерту жолдары оқушы үшін тиімділігін көрсетіп жүр.  Оқылым қабылдаушы дағдылар қатарына жатады.Оның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі.        

         Оқылым сөйлем мен сөздің мағынасын, мәтіннің мазмұнын ой мен сана арқылы қабылап, мәтіннен негізгі жіне қосымща ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдап, оқу арқылы тілдік қатынасты жүзеге асыру болып табылады.

Оқылым тапсырмаларын ұйымдастырудың үш кезеңі бар.

  • Оқылымалды тапсырма – мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

  • Оқылым тапсырмасы – әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар,сұрақтар. Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналғаны дұрыс.

Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады.

1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу  - мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу - мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

3. Әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқу.

4. Мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге көңіл бөлу.

5. Мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

6. Болжай білу  - оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

7. Мәтін түрлерін ажырата білу - әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, хабарландыру т.б. қамти алады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма – мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, ұғымдарды қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай болғаны дұрыс.

Оқылым дағдысын арттыруда мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты көп ізденісті қажет етеді. Ұсынылған мәтіндерді оқи отырып, оқушылар берілген екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды: мәтіндердің формасы мен түріне, стилі мен жанрына, мақсаты мен мазмұнына, аудиториясына, тіліне сараптама жасайды.

Оқылым – оқушының оқу сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас бөлігі» болғандықтан, мәтінге талдау жасамас бұрын оқудың тиімді жолдарын анықтау маңызды. Солардың ішінде Оқылым стратегияларын қолдана оқу – оқу сапасын арттыратын тәсіл. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасауда Оқылым стратегиясының тиімдісін анықтап, қолдану арқылы мәтін талдауға кететін уақытты үнемдеге, нәтижеге жетуге, білім сапасының артуына ықпал етеді. Оқылымның стратегиялары:

- астын сызып оқу (белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау);

- рөлге бөліп оқу (мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау);

- көз жүгіртіп оқу(мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу);

- талдап оқу (стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу);

- түсініп оқу (мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу)

Тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды қоса алғанда, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында төрт тілдік дағдыларды жетілдірудің бірнеше тиімді әдістері ұсынамын:

1.Тыңдау және сөйлесу практикасы: оқушылар аудиокітаптар, әңгімелер, әндер немесе подкасттар сияқты қазақ тіліндегі түрлі аудиоматериалдарды тыңдай алатын сабақтар ұйымдастырыңыз. Бұл тыңдау мен сөйлеу дағдысын жақсартуға, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлеуді түсінуді дамытуға көмектеседі.

2.Мәтіндерді оқу және талдау: оқушыларға әртүрлі күрделіліктегі қазақ мәтіндерін, соның ішінде әдебиет туындыларын ұсыныңыз. Содан кейін олардан сұрақтарға жауап беру және идеялар мен тақырыптарды талқылау арқылы мәтіндердің мазмұнын оқып, талдауын сұраңыз. Бұл қазақ тілінде оқу дағдысын, сондай-ақ мәтіндерді түсіну және талдау қабілетін дамытуға көмектеседі.

3. Айтылыммен жұмыс: қазақ тіліндегі дыбыстар мен сөздердің дұрыс айтылуына назар аударыңыз. Дұрыс айтылатын аудио материалдарды жазып, ойнатыңыз. Айтылу дағдысын дамыту үшін дыбыстар мен сөздерді қайталау және еліктеу жаттығуларын жасаңыз.

4. Жазу практикасы: оқушыларға эсселерді қоса алғанда, қазақ тілінде жазбаша тапсырмалар беріңіз. Бұл қазақ тілінде жазу дағдысын, сондай-ақ жазуда өз ойлары мен идеяларын білдіру қабілетін дамытуға көмектеседі. Жазылған жұмыстарды тексеру кезінде грамматикаға, тыныс белгілеріне және стиліне назар аударыңыз.

5. Кері байланыс және түзету: оқушыларға олардың жұмыстары мен қойылымдары туралы үнемі кері байланыс беріңіз. Грамматикадағы, айтылымдағы немесе сөйлем құрылымындағы қателерді атап көрсетіңіз және түсіндіріңіз. Бұл оқушыларға өз қателіктерін түзетуге және қазақ тілінде дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

6. Мультимедиялық ресурстарды пайдалану: сабақтарды қызықты әрі тиімді ету үшін интерактивті оқу бағдарламалары, бейнелер және онлайн курстар сияқты заманауи мультимедиялық ресурстарды пайдаланыңыз. Бұл ресурстар оқушыларға әртүрлі тілдік дағдыларды үйренуге көмектеседі, сонымен қатар шынайы материалдар мен әртүрлі жаттығуларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы аспектілердің әрқайсысы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының шеңберінде дами алады, оқушыларға тілдік дағдыларды жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!