Материалдар / Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
1690
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі тілін дамыту



Мусабаева С.К. Қазақ тілі мұғалімі

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Қазақ тілі мұғалімнің негізгі міндеті - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»:«Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»- дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекті мәселелерді де айқындайды .

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.

«...барлық жаттығулар оқушылардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы негізінен оқушыларымызға тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды. Олай болса, оқу мен жазу сабақтарында әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілуі қажет»-деген ұстанымды басшылыққа алсақ, тіл дамыту жұмыстарына бастауыш сыныптың өзінде-ақ аса назар аударылып келеді.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Атақты ғалым С.И.Ожегов ол туралы төмендегіше анықтама береді: «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі- ол тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу».

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.

Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрбір бала өзінше дарынды, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор. Өйткені оқушы қандай тапсырма түрін орындамасын, ол тіл арқылы, оны қаншалықты меңгергендігі арқылы жүзеге асады.

Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтінің мазмұның айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек сызба, сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Тіл дамыту жұмысында сөздікпен қолданудың үлкен мәні бар.Сөздікпен жұмыс істеу балалардың сөздік қорын байытуға негіз болып табылады.Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің граматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.

Қазіргі заман талабына сай көп түрлі педтехнологиялар қолданылуда.Осыған байланысты мен өз тәжірбиемде қолданылатын әдістеріме тоқталайын.

· Комуникативтік технологиясы.

· Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

· Ойындық оқыту технологиясы.

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудағы басты мақсатымыз-оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып,айта білуге,сауатты жазуға,бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру,ойын қазақша жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу.

Осы мақсаттарымызды коммуникативтік технологиясы қазақ тілін басқа ұлт балаларына үйретудегі ұтымды әдіс деп санауға болады.


ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІГІНІҢ КОММУНИКАТИВТІ БАҒЫТТАРЫ

СӨЙЛЕСУ

 

 

ДИАЛОГ


МОНОЛОГ

Д И А Л О Г

 

 

СҰХБАТ


СҰРАСТЫРУ


ӘҢГІМЕЛЕСУ(пікір алмасу)

 

 ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ-тілде қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту.

Барлық жылдам оқыту технологияның негізгі тілдік қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту болып табылады.Сөйлесу –бұл адамдардың тіл арқылы байланыс жасау процесі. Ақпараттық коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бейімделген мәтіннен басқа оқушы мен оқытушы арасында белгілі бір жағдаят немесе тақырыпқа сай іс-әрекеттік білім беру дәрежесіне байланысты болуы керек.Ол үшін көп жұмыс жүргізілу қажет.Тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді.Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін төмендегі әдістерді жүйелі қолдануға тырысамын.

Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің бірі – ойын технологиясы. Сондықтан өз сабақтарымда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әртүрлі ойын элементтерін қолданамын.

Бастауыш сынып оқушыларын қызықтыратын технологиясының бірі ол сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. Класстер жасау, Венн диаграммасын салу.

Оқу орыс тілінде жүргілетін мектептерде дыбыс жүйесін терең меңгерту басты мәселе .Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту кезінде бірінші сыныпта әр сабақта айнаны қолдану жөн.Айна арқылы ауыздың, жақтың ашылғаның, тілдің жылжығанын көрсетуге болады. Бұл құрал артикуляциялық әрекеттерді жиі жасатып тіл сындыруға көмектеседі, дыбыстарды аңық, дұрыс айтуға дағдыландырады.

"Иә - жоқ" - бұл ТРИЗ әдісі сұраулық шылауларды дұрыс қолдану, дағдыларын, қисынды ойлау қабілеттерін арттырады . 1 оқушы затты ( жануар, тағам, өсімдік ....) жұмбақтайды. Қалғандары сұрақ қойып отырып, оны табу керек. Бір ерекшелігі : шыққан бала тек "иә" не "жоқ" деп жауап бере алады. Екінші ерекшелігі : оқушылардың сұрақтары тізбектеліп логика жолымен құрылу керек .

"Сурет салу" - оқушылар мұғалімнің әңгімесі бойынша сурет салады. Мысалы ; Ортада 2 қабатты үй. Үйдің алдында бір жасыл ағаш . Ағаштың үстінде 1 қараторғай,2 сауысқан отыр.Осындай жұмыс арқылы оқушыладың тыңдалым әрекеттері іске асады .Бұл жұмыс түрінен түстердің атауың оқушылардың сөздік қорын, көмекші есімдермен қолдану дағдыларын бақылауға болады.

Сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық, немесе ұжымдық форманы қолданамын. Сөздікпен жұмыстың оқушының тілін молайтуда алатын орны ерекше. Себебі: бұл жұмыс оқушының сөздік қорын ғана молайтып қоймайды, сонымен қатар есте сақтауын дамытады, тиімді жұмыс формаларын, әдістерді қолданса, ойлау қабілетін дамытады.

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеу дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Білім туралы ҚР Заңы. 3бап, 8бет. Алматы, 2001ж.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, № 8 2008ж.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, № 10 2007ж. 1-128 Алматы.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, № 10 2007 ж. 1-28 Алматы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!