Материалдар / Қазақ тілі сабағында оқушылардың құзіреттілігін арттыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында оқушылардың құзіреттілігін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1011
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама “Қазақ тілі сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары”



Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы тұрғыда қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық, яғни құзіреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Ал құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен тікелей байланысты. Себебі 12 жылдық білім беру жағдайында оқушы тек қана білім алушы ғана емес, сонымен қатар: – Ізденуші – Зерттеуші – Басқарушы – Ұйымдастырушы – Кеңесші – Үйлестіруші дербес тұлға. Сондықтан да 12 жылдық мектепте құзіреттілік тәсіл жаңа тәсіл болып табылады. Тәуелсіз еліміз іргелі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігеміз деп ұмтылып жатқанда, сол мақсатты болашақта жүзеге асыратын ұстаз ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілетті мол тұлға болумен қатар ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын,оқу тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс [1].

12 жылдық білім беруде әр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни жүргізілген әр сабағын жаңаша өткізуге оқушының пікірін бақылап олардың өзіндік шешім шығара білуіне көп ықпал жасайды. Қай кезде де, қандай да болмасын өзгерістер мен жаңалықтарды іске асыруда өмірге қолдануда алғашқы кезекте бар жауапкершілік бастауыш мектепке жүктеледі. Абылай ханның сөзімен айтсақ: «Білекке сенген заманда бабаларымыз ешкімге есе бермегенде» бүгінгі білімге сенген заманды білімді ұстаз жаңа ұрпақ болып қапы қалмаймыз» деп ойлаймын. 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау – білім беру саясатының маңызды бағытына айналуда. Осыған сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар жаңа сипатқа ие болуда. Білім беру жүйесінің қайта құрылу үрдісінде жағымды сипаттамалар мен кедергілер де бақылануда. 12 жылдық білімге көшу қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нәтижемен сипатталатын ойлау қабілетін қажет етеді. Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды:

1) Өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай білуі керек, 2) Интеллектуалды әркеттің жалпы мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруі тиіс; 3) Болып жатқан интеграциялық үрдістерден, әлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс. Кез келген инновациялық үрдіс экспериментті жүргізу арқылы болжанады, яғни білім мониторингісі инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім беру құрылымын және мазмұнын жетілдіру, мақсатты белгілеу, басқару, ұйымдастыру тәрізді білім беру үрдісіндегі жетекші үрдістерді өзгерту арқылы дамытудың оңтайлы жолдары мен білім берудің жаңа сапасына жету жолдары (педагогтің ақпаратты таба білуі, таңдай білуі және талдай білуі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, белсенділік танытуы, т.б.) анықталады [2,3].

12 жылдық білім беруге көшуді қамтамасыз ету үшін Республикалық ғылыми-практикалық орталық (РҒПО) құрылған болатын. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім беру жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда. 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының , сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Құзыреттілік – оқушылардың іс – әрекетін әмбебап тәсілдерін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижелеоге қол жеткізу. Басты назар мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады. Жеке тұлғаны бұрын білімді қабылдаушы, өзіне сіңіруші рөлін атқарса, ал енді жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін жаңа заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Жаңа білім берудің жолдары қарастырылуда. Құзыретті білім беру тәсілдері «құзырет, құзыреттілік» ұғымдарымен тікелей байланысты.
Өркениетті елдерде қоғамды ақпараттандыру кең өріс алуда [4]. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар үлкен сипатқа ие. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда оқушылардың өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. Оқушылар өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі әдебиеттерден ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт – бағдар беру.

Оқушы сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз бетінше мақсат қоюға, жоспарлауға, осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға үйренеді. Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, дәлелдеу, модельдеу) материалдарды жүйелеуді қолдана отырып ақпараттарды өңдеуге үйренеді. Тұлға жан – жақты болу үшін оның дүниетанымы өте кең болуы керек. Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру ақпараттарды іздеп тауып алу мен ақпараттарды алмасумен тығыз байланысты. Ол тұлғаның танымын кеңейтіп қана қоймай, құзырлы тұлға болуына, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» болуына лайықтау мақсаты алға қойылады.

Білім игеру үдерісінің басты тұлғасы – үйренуші деген ұстаным – бүгінгі таным идеяларын ұстанатын технологиялардың басты идеясы. Басты тұжырым – білімді игерудің нәтижеге бағытталуы, күтілетін нәтижені ала білуі. Ол үшін оқушы өзінің әрекеті мен оның нәтижесін бағалауды жүзеге асыруға, технологияны таңдауға мүмкіндік алуға құзырлы. Құзыреттілік коммуникативті байланыс арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, оқушы өз позициясын, басқа топтармен байланысқа түсіп, қарым – қатынас жасауды үйренеді [2].

«Қазақ тілі» пәні бойынша құзыреттілікке  бағдарланған тапсырмалар

Фонетика

Білім алушылар хайуанаттар бағына саяхат жасады. Мұғалім осы көргендері бойынша қабырға газетіне мақала дайындау туралы тапсырма берді. Сен де төмендегі жоспарды басшылыққа алып, мақала жаз.

  1. Хайуанаттар бағына саяхат.

  2. Хайуанаттар бағындағы қызықтар.

  3. Саяхаттың әсері.

Сөз және оның құрамы

1) «Қарға» сөзінің семантикалық картасын жаса: ол аң ба, әлде құс па? Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді? Түрі, түсі жағынан қай құсқа ұқсайды? Қарға туралы жұмбақ, жаңылтпаш айт.

Сөз таптары

Анаң сені дүкеннен шомыр сатып әкелуге жіберді. Сен бұл көкөністің атын жол-жөнекей ұмытып қалдың. Қайткен күнде де кері қайтпай, көкөністі сатып алуың керек. Ол үшін сатушыға бұл көкөністі сипаттап бер: оның түрі, түсі, дәмі қандай, одан не жасауға болады?

Мәтін

Наурыз мерекесі неліктен көктемде тойланады? сұрағына жауап бере отырып, пайымдау мәтінін құрастыр. Өзіңнің жазғаның мен досың жазған мәтінді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат.

Сөйлеу мәдениеті

Достары Айдынды туған күнімен құттықтады. Ол қуанғанынан «рахмет, рахмет» дей берді. Оған өз ризашылығын, алғысын бұдан басқа қандай сөздермен жеткізуге болар еді? Айдынның орнында өзің болсаң қандай сөздерді пайдаланар едің?

Атаңды не әжеңді  құттықтағанда олар  алғыстарын  қалай білдіретіні туралы диалог құрастыр.

Синтаксис

Өлеңде леп белгісі туралы былай жұмбақталады:

Қуану, ренжу, өкіну,

Мақсатым – соны сездіру.

Ұранды да айтамын,

Қарқындап барып қайтамын.

Басқа тыныс белгілерінің атқаратын қызметі туралы айт.

Осы сияқты оқу тапсырмаларын жалпы білім берудің басқа да пәндер мазмұнына сәйкес құрастырып, сабақтарда жүйелі қолдану арқылы кез-келген сынып оқушыларының құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады. Әрине әрбір тапсырманы бағалаудың критериі болуы керек. Ол оқушыға өзінің жетістігін көруге және Флейвелдің метатану өлшемдеріне сәйкес мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Тек ол үшін жаңа форматтағы сертификатталған педагог көшбасшылық модулінің идеясына сәйкес – даму жұмысының көшбасшысы бола білсе болғаны [2]. Жалпы оқу іс-әрекетінің жетекші рөлі – баланың қоршаған ортамен жасайтын барлық қатынастарының жүйесін біріктіретіндігінде, онда тек қана оның жеке психикалық қаситеттері емес, сонымен қатар мектеп оқушысының құзыреттілігі де қалыптасады. Ал жеке тұлғаны дамыту үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушыда қалыптасқан құзыреттіліктерді ескеру керек, яғни оқу іс-әрекеті мен оқушы мотивациясы, танымдық деңгейі бір-біріне сәйкес келуі тиіс. Бұл өз кезегінде сындарлы оқыту теориясына сәйкес қалай оқу керектігін үйренген – құзыретті оқушыны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондықтанда, біздің міндетіміз – мектеп оқушысының нақты мүмкіншілігі мен шығармашылығын танып білу және оның құзыреттілігін оқу тапсырмалары арқылы қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. Осыған сәйкес оқу тапсырмасын – оқушылардың әртүрлі оқу іс-әрекетін орындауға және оқу материалдарын меңгерту үрдісін ұйымдастыруға бағытталған оқу құралы деп қарастыруымыз керек.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

  1. Тапаева А. П., Сулейменова Л. К., Омирзакова М. Б. 12 жылдық мектеп жағдайындағы құзыреттілікті қалыптастыру // Молодой ученый. — 2014. — №4.1. — С. 50-52.

  2. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  3. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  4. Влазнев А., Филимонов В. Профильное обучения: варианты решения // Профильная школа. – 2004. – №2.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!