400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге арналған технологияның бір түрі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі


Тіл ғасырлар бойы ата – бабамызбен бірге жасасып келеді. Тіл қатынас құралы болудан айрылған жұрт ұлт болудан қалады. Бұны адамзат тарихы дәлелдеген. Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде. «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған»- деп Б.Момышұлы ағамыз айтқандай, ана тіліміздің қолданылу аясының тым тар шеңберде қалып қоймауы үшін, өзге тілдерге сорлы болмауы үшін бәріміз де тіл мәселесіне бей – жай қарамауымыз керек. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін негізгі мақсатым – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, қазақ тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту. Өзге тілді оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау әдісі. 

Мен оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мына төмендегі шараларды орындаймын:

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау

2.Оқушыларға ойлануға рұхсат беру.

3.Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау.

4.Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5.Сенімділік.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Топқа бөліп ой қозғайды

-Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

-Шығармадағы ең қажетті, құнды нәтижені анықтауды ұсынады.

- Шығарманың тілдік ерекшелігі туралы сұрақ тастайды

- Ойларын жазуды ұсынады

- Қорытындылауға бағыттайды

Оқушылар іс-әрекетіндегі өзгерістер

1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.

2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.

3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.

4.Оқушылар сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.

5.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.

6.Өзін-өзі бағалауға

7.Саралауға

8.Ғылыми жұмыспен айналысуға

9.Өз пікірін қалыптастыру «мен» деген рөлін көтереді.

Өз тәжірибеме қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» түрлі INSERT, «ДЖИКСО» «Кубизм» әдістері арқылы жиі қолданамын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі