Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Намуратова Индира Абылкановна

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Шымкент көлік колледжі


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Аннотaция В данной статье авторы рассматривают применение инновационных технологии в изучении казахского языка.

Abstract In this article the authors considers the application of innovation technology in the study of kazakh language.

Түйін сөздер: қазақ тілі, «Деңгейлеп оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясын, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы», «Дамыта оқыту технологиясы», «Тірек-сызба технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы»


Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты еңбегінде: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», - деп атап көрсетті. Міне, сол рухани жаңғырудың қайнар көзі біздің ана тіліміз қазақ тілі болып табылады. Демек, қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерді игеру - бүгінгі заманның ең өзекті мәселелері болып отыр. Қазіргі білім берудің ұлттық моделіне өту - оқыту мен тәрбиелеудің соңғы 175 әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны, психологиялық педагогиканың небір жаңа әдістемелерін алдымызға тосып отыр. Олардың қатарында: «Деңгейлеп оқыту технологиясын», «Модульдік оқыту технологиясын», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын», «Дамыта оқыту технологиясын», «Тірек-сызба технологиясын», «Проблемалық оқыту технологиясын», «Ойын арқылы оқыту технологиясын», «Өздігінен даму технологиясын» т.б. атауға болады. Осылардың бәрін жинақтай келген де оларды «инновациялық мәдениет» ұғымына топтастыруға болады. Инновациялық білім беру іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолданудан - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологияларды қолданудың ретін біз деңгейлеп оқыту технологиясынан бастауды жөн көрдік. Өйткені, біріншіден, шағын мақалада барлық технологияны санамалап шығу мүмкін емес, екіншіден, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына тиімді ықпал етеді. Былайша айтқанда, халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық психология қауымдастығының өкілі К.Роджерс жасаған бұл әдістеменің жаңашылдық бағыттары болып саналатын мынадай әдістемелік құрамдас бөліктері бар:

- Оқушының дайындық деңгейін байыптау;

- Оқу материалын сұрыптап ұсыну;

- Оқу әрекетін тиімді ұйымдастыру;

- Сұхбаттасу;

- Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерін қалыптастыру;

- Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлап, жүзеге асыра алу.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, танымдық әлеуетін қалыптастыруға жағдай жасап, оқытушының өзінің жеке басының интелектісін барынша қолдануға мүмкіндік туғызып, сондай үйлесімнің нәтижесінде тақырып мазмұнын кең аша білудің маңызы зор. Ұстаз үшін ең басты мәселе оқыту әдісін дұрыс таңдау. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғалық әлеуетін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Оны меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойланады, т.б. таным әрекеттерін жасайды. Осы орайда, сабақтың сапасын арттыру үшін мүмкіншілігіне қарай, мультимедиялық проекторды пайдаланып отырса, мұғалімнің ұтары мол. Яғни, қазақ тілі сабақтарын 176 түрлендіріп, тартымды слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл құралды пайдаланудың тиімді тұстары:

- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; - оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- мұғалімнің уақытын үнемдейді;

- қосымша мәліметтер береді. Мысалы, сыныптағы оқушылар өз деңгейіне сәйкес тапсырма таңдап алады. Бұл тапсырмалар оқушының білім деңгейін бағалауға, мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің әрі қарай қандай жұмыс атқару керектігін көрсетіп береді. Осы мақсатта оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін, сөйлеу тілін дамыту үшін мәтінмен жұмыс түрлерін әзірлеу керек болады. Ол оқушының функционалдық сауаттылығын көтеруге септігін тигізеді. Балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында дайындалған тапсырмалар үлгісі мынадай: Мына мәтінге сәйкес келетін сөйлемді таңда. Бүкіл адамзатты алға сүйрейтін

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12