Қазақ тілі Сабақ жоспары Жұрнақ және жалғау 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі Сабақ жоспары Жұрнақ және жалғау 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың 2 сыныбы бойынша қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: ДОІЖО Б.Кишанова


Ашық сабақ

Уақыты:05.02.19 ж

Мектеп К.Төгісов

Мұғалім:Ж.Баяхметова

Сабақтың атауы

Жұрнақ пен жалғау

Сынып: 2

Қазақ тілі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жұрнақ пен жалғау

Оқу мақсаты

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу

Сабақтың мақсаттары

Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын ажырата білу

Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады.
2. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады;
Талдауға жаттығады;
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

Тілдік мақсат

Қос әйнек, түзер, ағайынды.

Құндылықтарды дарыту

Өзге пікірге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Сезім мүшелері туралы әңгіме жүргізу барысында «Ғылымға кіріспе» пәнімен байланыс жүзеге асырылады.

Алдыңғы білімдер

Оқушылар сөздің ұйқасын табуға жаттыққан

Топқа бөлу

Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ынтымақтастық атмосферасы

Көңілденіп шаттанып,

Айналама қарайын.

Қуанышын көршімнің

Күн нұрына балайын

Алақанды көршіме

Соғып -соғып алайын,

Бүгінгі келген қонақпен,

Амандасып алайын.



Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Түбір мен қосымшаның ережесін сұрау.
Мотивациялық - бағдарлау кезеңі.
Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тілін түсіне бермейді екен. Мұның себебі, оның сөздік қоры тым тапшы болыпты. Ал оның досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты. Жалқаубек одан көмек сұрап, қазақ тілін үйренбекші болады. Сөйтіп, Талапбек пен Жалқаубек сөз әлеміне саяхатқа аттанады. Онда кіру үшін мына қақпадан өту керек. Ол қақпа сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап берсе, қақпа ашылады.
Теңіз де тартылады,
Мұхит та сарқылады.
Құлайды арман - тоғай,
Қирайды орда - сарай.
Жер болып тау шөгеді,
Жайқалған бау семеді.
Көз жастан қақ қалады
Сонда, не сақталады?
Мәңгілік сөз сақталады.
Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.
- Сөз неден құралады? (Буыннан)
- Буын неден құралады? (Дыбыстардан)
- Сөз нені білдіреді? Ол белгілі ұғымды, заттың, құбылыстың, адамның атын, қимылын, сынын,
санын білдіреді.
- Міне, балалар дұрыс жауап бердік.
Қақпамыздың есігі ашылды.
- Қосымша туралы не білесің?
Бұл сұраққа Жалқаубек мүлдем жауап бере алмайды.
Олай болса, бүгін сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.
Қане, бірге бәріміз
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп тау мен өзеннен,
Бір елге жетіп қонамыз!
Қосымша деп аталар
Бұл елде мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар
Қосымшаның түрі бар.
Жаңа сөздер жасайтын,
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын,
Жалғау атты қызы бар.

Сабатың ортасы

Оқулықпен жұмыс
Ойын: « Талдап көр, таңдап көр!»
«Жалғау» тобы: 1-жаттығу

«Жұрнақ» тобы: 2-жаттығу

«Түбір »тобы: 3-жаттығу

Ойын: « Суретке қарап сөйлеп көр!»
«Жалғау» тобы –сөйлем құрастырады.
«Жұрнақ» тобы - түбір мен қосымшасын ажыратады.
«Қосымша»тобы –сызбамен көрсетеді
6.
«Адасқан буындар»
Ойын: «Кестені толтырып көрелік!»
«Жалғау» тобы: - түбір сөз
«Жұрнақ» тобы: - жұрнақ жалғанған сөз
«Қосымша»тобы:- жалғау жалғанған сөз
Қай топ бірінші болады жұрнақ және жалғау жалғанған сөз бөлігін толтырады.
Түбір сөз 
жұрнақ жалғанған сөз
жалғау жалғанған сөз
жұрнақ және жалғау жалғанған сөз

Суретпен жұмыс.

- Мынау не?
- Бүркіт
- Ал енді осы сөзге қосымша қосып көрейікші.
- Бүркітші.
- Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
- Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа
сөз жасалды.
Ал енді «бүркіт» сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік: бүркіт+пен. Мысалы: Аңды бүркітпен аулайды. Бұл алдындағы сөзден мүлде басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
- Жоқ
- Сөз бен сөзді байланыстырады.
Демек, қосымшалар әр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөздер пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.

Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс - жұмыста, ойын - ойынға.

Оқулықтағы жаттығуларды орындау

Сергіту сәті

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Оқушылар жаттығу жасайды

Соңы

«Жұбыңды тап» » Түбір сөздерге жұрнақ пен жалғаудың тиістісін сызбамен қос.

Алма жинау» ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен - текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық
Үзіп алып бақтардан,
Достарымызға сыйлайық.

Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке, жалғау жалғаннан сөзді Талапбекке береміз. Қай қатар шатаспай орындайды, сол жеңіске жетеді.
Венн диаграммасы.
Expo 2017 - 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын халықаралық көрме. Астанадағы EXPO - 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін
ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. Кемел елдің көкжиегін кеңейткен «EXPO - 2017» көрмесі көркем келешегіміздің кепілі болатынына кәміл сенімдіміз. Бұл көрме - елдің
ертеңіне, Қазақстанның жер жапанға жол тартатын көпірі болары даусыз. Енді бүкіл әлем «Болашақтың энергиясы» Қазақстанда сезініп, Қазақстанда тамашалайтын болады.
Ендеше бәріміз Елбасы мен ол жеңісіне қолдау көрсетіп, «EXPO - 2017» көрмесін, яғни осындай келелі істі абыроймен атқарып, өткізуге бізде сапалы білімімізбен биіктерден көрініп, өткізуге ат
Салысайық.

Бес жолды өлең құрастырады
- жұрнақ
- қысқа,ұзын
- жазады,өзгертеді,жалғанады
- ол сөздің мағынасын өзгертетін
- қосымша

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Жеке жұмыс бағасы қойылады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өлең құрастырып жазуға қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.


Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі