Қазақ тілі сабақтарында оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабақтарында оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған қазақ тілі сабақтарында оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

Кусман Салима Сымбатқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

ЖСШ «Innoverse Taldyqorgan» жеке меншік мектебі


Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – функционалдық сауаттылығы жоғары, өз ойын еркін жеткізе алатын, ақпаратты талдап әрі қолдана білетін тұлға тәрбиелеу. «Функционалдық сауаттылық» ұғымымен, көп жағдайда оның жоқтығын аңғарған кезде танысады. Функционалды сауатсыздық жағдайы, өмір сүру салтын, үйреншікті қалыпты не кәсіби әрекет түрін өзгерткен кезде байқалып, сол адам үшін жаңа болып табылатын технологиялар, құбылыстар мен жағдаяттарға тап болған кезде анықталады. Мысалы, адамның берілген сызбаны түсінбеуі, нұсқаулығы бола тұра, қандай да бір құрылғыны іске қоса алмауы, іс қағаздарды арнайы үлгісіз толтыра алмауы сияқты жағдайлар – осы функционалды сауатсыздықтың бірден-бір көрсеткіші.[1, 45-47 б.] Осы проблемалардың алдын алу, сауатты әрі дүниетанымы кең тұлғала болыға әсер етеді. Бұл міндеттің негізінде оқу сауаттылығы үлкен маңызға ие.

Оқу сауаттылығы – оқушының мәтінді түсіну, мазмұнын талдау, түйін жасап және оны өмірлік жағдаяттарда тиімді пайдалану қабілеті. Қазақ тілі пәні – осы қабілеттерді қалыптастырудың ең негізгі пәндерінің бірі. Алайда қазіргі тәжірибеде дәстүрлі әдістер оқу сауаттылығын дамытудың барлық қырын қамти бермейді. Бұл заман талабына сай оқушылардың талабының артып, қызығушылығының өзгергеніне байланысты. Сондықтан оқыту үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу қажеттілігі туындайды. Инновациялық әдістер оқушыны сабақта белсенді ойлануға, тақырыптарды зерттеуге, өзара пікір алмасуға сондай-ақ тапсырмаларда шығармашылықпен ізденуге бағыттайды.

О.С.Анимимов оқытудың әдістерін үшке бөліп көрсетеді: дәстүрлі – лекциялар, практикалық сабақтар; жаңа – оқушылардың ой өрісін, ынтасын арттыруға көбірек бейім қояды; ең жаңа – инновациялық ойындар, ұйымдастырушылықты, белсенділікті және ақыл-ойды арттыратын ойындар.[2, 312 б.]

Функционалды сауаттылық қазақ педагогикасында тансық дүние емес. Термин болып жаңадан еңгенімен, негізгі оқыту жүйесін қазақ педагогикасының негізін қалағандардың бірі Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінде жазып көрсеткен: белгіліден – белгісізге (қазақ балаларының тұрмыс тіршілігіне сай тақырыптарды ала отырып жаңа ұғымдарды үйретті); теорияны тәжірибемен ұштастыру (оқытуда тек жаттатуды емес, өмірден алынған мысал арқылы түсіндіргенді жөн санады); оқыту материалдарын жеңілден бастау (оңайдан қиынға, жеңілден ауырға принціпі).[3, 70-80 б.]

Осы тұрғыда дәстүрлі оқыту әдістерін заман талабына сай өңдеп, балалардың қызығушылығын арттыру арқылы сауатты, білімді және сол меңгергендерін өмірде қолдана алатын тұлғаларды тәрбиелей аламыз. Инновациялық техналогиялар тек оқушылардың ғана деңгейін өсіріп қоймай ұстаздың да үнемі ізденісте болуына септігін тигізеді. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.[4, 128 б.] Сол себепті қазақ тілі сабақтарындағы оқу сауаттылығын арттыруда инновациялық яғни жаңа технологияларды қолданудың ғылыми және практикалық маңызы зор.

Қазақ ғылымында ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген Немеребай Нұрахметов. Ғалым «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.[5, 9-12 б.]

Зерттеу барысында ЖШС INNOVERSE TALDYQORGAN жеке меншік мектебінде теориялық және практикалық әдістер қолданылды. Сабақ барысында бастапқы кезеңде тақырып түсіндіріліп, тақырыпты бекіту мақсатында бір шама инновациялық әдістер пайдаланылды.

Теориялық тұрғыда Қ. Жұбановтың дәрістері мен мақалаларын «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» жинағынан қарастырдым. Жұбановтың айтуынша «Тіл – тек қатынас құралы емес, ол адамның ойлау, сезіну, қабылдау процесімен бірге жасалатын күрделі психикалық әрекет».[6, 212 б.] Яғни, сөйлеу мен ойлау – бір-бірінен ажырамайтын құбылыстар. Тілді меңгеру тек грамматикамен шектелмейді, ол сана мен ойдың қалыстасуы болып табылады. Сөйлеуге келетін болсақ тек дыбыс шығару емес, адамның ішкі психикалық күйін білдіретін құрал. Тілдің дамуы адам баласының қабылдау, елестету, есте сақтау қабілеттерімен қатар жүреді. Осы қабілеттерге әсер ету мақсатында жаңа технологиялар мен заманға сай тақырыптармен жұмыс жасай отырып оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырамыз. Адамның сөйлеу мәдениеті тұлғаның ішкі тәрбиесі мен эмоциялық мәдениетіне тікелей әсер етеді.

Практикалық тұрғыда қазақ тілі сабағындағы оқу сауаттылық деңгейін бағалау мақсатында жұмыс жүргізілді. Зерттеу аралас әдістерді қолдану арқылы іске асты, яғни сандық және сапалық тәсілдер біріктіріліп, зерттеу нысаны жан-жақты талданды. Зерттеу үлгісіне 10A, 10Ә, 10Б, 10В сыныптары алынса, сауалнамаға жүргізуге 10-11 сынып оқушылары кірді.

Зерттеуде үш негізгі әдіс қолданылды:

  1. Тестілеу әдісі - зерттеу басында оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейін анықтау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматындағы диагностикалық тест өткізілді. Тест нәтижелері бастапқы деңгей ретінде алынды. Кейін бір ай бойы инновациялық оқыту әдістері қолданылғаннан кейін, оқушыларға қайта тест тапсырылды. Алынған мәліметтер оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша жетістіктерін сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік берді.

  2. Педагогикалық эксперимент - Бұл әдіс оқыту процесінде инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеруге бағытталды. Бір ай көлемінде сабақтарда зерттеуге негізделген оқыту, топтық жұмыс, сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар және интерактивті әдістер қолданылды. Эксперимент барысында сабақ мазмұнын жаңаша тәсілдермен ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуына жағдай жасады.

  3. Сауалнама – Инновациялық әдістердің әсерін тереңірек анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, мотивациясын және өз ойларын еркін жеткізу қабілетін бағалауға бағытталды. Сонымен қатар, сауалнама нәтижесінде оқушыларды ерекше қызықтырған сабақ түрлері мен жұмыс формалары анықталды. Бұл әдіс инновациялық оқыту үдерісінің оқушыларға психологиялық және тұлғалық әсерін айқындауға мүмкіндік берді. (1-сурет)

  4. Салыстырмалы талдау – Тестілеу мен сауалнама нәтижелерін саралай отырып, бастапқы және қорытынды деректер салыстырмалы түрде талданды. Бұл әдіс арқылы инновациялық әдістерді қолданғаннан кейін оқушылардың оқу сауаттылығы көрсеткіштері мен оқу мотивациясындағы оң өзгерістер анықталды. Салыстырмалы талдау зерттеу үдерісінің тиімділігін дәлелдеп, тәжірибелік жұмыстың нәтижелілігін айқындауға негіз болды. (2-сурет)



1-сурет – 10-11 сынып арасында өткізілген сауалнама


2-сурет - 10-сыныптар бойынша бір айлық оқу нәтижелерінің прогрессі


Төменде тәжірибеде тиімді болған әдістерге тоқталайық:

  1. Топтық жұмыс.

Мәтіннің негізгі ойы және соған сай мақал мәтелдерді сәйкестендіру кезінде топтық жұмыс жасалған болатын. Бір топ 4-5 баладан құрылды. Әр топқа әр түрлі стильдегі заманауи тақырыптардағы мәтіндер берілді. Негізгі тапсырма: мәтінді оқып, негізгі ойды табу; негізгі ойға байланысты 3 мақал тауып, топпен шығып қорғап дәлелдеу. Осы тапсырма арқылы оқушылар мәтін стильдерімен танысып, халық ауыз әдебиетімен қазіргі таңдағы мәтіндер арасындағы мағыналық байланысты тапты. Топтық жұмыс барысында пікір айту, қорғау, дәлел келтіру қабілеттерін дамыта отыра, ауызша сөйоеу мәдениетін арттырды.

  1. Жарыс түріндегі сабақтар.

Мақал-мәтелдерді меңгеру барысында жарыс түріндегі сабақтар өтті. Сабақта АКТ технологияларды: Canva, Wordwall, LearningApps қолдандым. Сайыс бір неше бөлімнен тұрды: мақалдың жалғасын тап (экранда көрсетілген мақалдың жалғасын жылдам табады); мағынасын түсіндір (ұяшықтардағы мақалдарды таңдап, мағынасын түсіндіреді); адасқан сөздерді дұрыс орналастыр (сөздердің орыны ауысқан мақалдарды дұрыс табады); мақал мәтелді тап (көрініс арқылы), суретті мақал (берілген суреттерге байланысты мақал айтады). Осы жарыста оқушылардың тіл байлығы, есте сақатау, ойлау, салыстыру қабілеттері арта түсті. Сондай ақ топта жұмыс жасап мотивациялары күшейіп, ұлттық қындылықтарға құрметтері артты.

  1. Визуалды мәтінмен жұмыс.

Арнайы функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған әлемдік стандарттағы тапсырмалармен жұмыс жасадық. Осы жаттығулар арқылы оқушы визуалды ақпараттарды яғни суретті, кестелі, графиктік мәтінмен жұмыс. Осы жұмыс нәтижесінде оқушы ақпаратты талдау және өмірмен байланыстырды, сыни және шығармашылық ойлауын, логикасын арттырды.

  1. Жеке тапсырмалар.

Ғылыми стильді өткен сабақта, тақырыпты меңгеру мақсатында үй жұмысына қазіргі таңдағы жиі еститін немесе әлеуметтік желіде тараған ақпараттарды (мысалы: музыка есте сақтау қабілетін арттырады) әр оқушыға жеке бөліп бердім. Осы тапсырма білім алушыларға ғылыми стильді меңгеруде өте тиімді болды. Бұл тақырыптар пікір талас тудыратын әрі қызықты болғандықтан, зерттеуге құлшыныстары қатты болды. Сондай-ақ оқушылар жалған ақпараттарды талдап, ғалыми тұрғыда дәлелмен сөйлей алатын, сыни ойлайтын тұлға болып қалыптасады.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Әр сабақтан кейін бір мәтінмен жұмыс жасап, негізгі ойын, автор көз қарасын, идеясын тауып, мәтін контексті бойынша ҰБТ форматындағы 5 сұраққа жасауап береді. Осы арқылы тестік ойлау қабілетін дамытады. Жоғарғы сынып оқушылары болғандықтан жақсы жағынан әсер етті.

Әдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеулерінде оқытудың инновациялық тәсілдердің қолданудың ерекшелігін ұсынған: ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгерту.[7, 128 б.] Осы тәсілдерді ғылыми стильді қарастырғанда қолдансақ болады. Сыныптардың тереңдетіліп оқытуына қарай: жаратылыстану математика немесе гуманитарлық бағыттарда қолданылатын терминдер мен фактілер келтіре отыра басқа пәндермен байланыс жасап, оқушылардың дүниетанымын арттыраммыз.

Нәтижелер:

  • Танымдық және функционалдық сауаттылық қалыптасады;

  • Сыни және зерттеушілік ойлау дағдысы дамиды;

  • Коммуникативтік және тілдік қабілеті жетілдіреді

  • Ұлттық және адамгершілік құндылықтарды меңгереді

Жүргізілген зерттеу нәтижелері қазақ тілі сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолы екенін көрсетті. Сонымен қатар инновациялық әдістер оқушыларды пассив тыңдаушыдан белсенді зерттеушіге айналдырады. Оқушы тек мәтінді оқып қана қоймай, оны талдап, өз көзқарасын білдіруге дағдыланады.

Алайда зерттеу барысында кейбір қиындықтар да байқалды:

  • Топтық жұмыс кезіндегі кейбір оқушылардың пассивтілігі;

  • Оқушылардағы сөздік қордың тапшылығы;

  • Уақыттың шектеулі болуы.

Бұл қиындықтарға қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, инновациялық тәсілдер оқу сауаттылығын дамытудың әсерлі құралы болып табылады. Оларды жүйелі түрде қолдану – оқушының тілдік, когнитивтік және коммуникативтік қабілеттерін кешенді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі сабақтарында оқу сауаттылығын арттыру – заман талабы. Инновациялық әдістерді тиімді пайдалану бұл мақсатқа жетудің басты құралы бола алады. Мұндай әдістер оқушыларды тек тілдік ережелерді меңгеруге емес, мәтінді түсіну, ой қорыту, пікір білдіру, өмірмен байланыстыра қолдануға үйретеді. Нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен тілдік құзыреттілігі қалыптасып, білім алуға деген қызығушылығы артады. Сондықтан инновациялық әдістерді қазақ тілі сабақтарында кеңінен қолдану – оқу сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асанбаева Е. Б. Оқу сауаттылығы - оқушылардың функционалды сауаттылығының негізі.Вестник КазНацЖенПУ. 2018. №4..

  2. Арутюнов Ю. С. Инновационные методы обучения в современной педагогике. – Москва: Академия, 2014.

  3. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – Орынбор: Қырғыз мұғалімдер мектебінің баспасы, 1879.

  4. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012.

  5. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым баспасы, 1966.

  7. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі