Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары

Жолдасбекова Күлкен Жұмахановна,

Павлодар қаласы, №11 ЖОМ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Қазақ тілін орыс сыныптарындағы оқушыларға меңгерту басты мәселесі екендігі жалпы баршамызға мәлім. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың мақсаты: оқушыларды дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту.

Мұғалімінің негізгі міндеті - қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын,тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп,тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу,тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.

Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.

Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады, бір орында тұрмайды, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруды талап етеді.

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

•         Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушы)

•         Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

•         Қатысым (мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

•         Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алғашқы баспалдағы  болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім  мүмкіндігінше қолдана алады.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырады.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолы тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыруға болады. Бір сөзбен салыстыру,жинақтау,талдау, нақтылау,жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен,жеке,жұппен жұмыс істеу арқылы жетістіктерге жетеміз.Осы жетістіктерді сабақтарда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады. Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп,тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытуды технологиясын қолданамын. Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады:

Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игерту.

Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Әр сыныбымда қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, сипаттап, сол әріп бар сөздерді қайталап, әр сабақта бір дыбысқа тиянақтап тоқталамын.

Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. Осы үш материал 1-11 сынып оқушыларының арасында, жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады.

Қорытындылай келсек, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.

Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.Осы технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкеледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2021
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12