400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр. Қазақтың жақсы, дана сөзі бар: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ». Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан жоғарыда баяндалған мемлекеттік тіл мен оның мәртебесіне қойылған талаптар біртіндеп, әрі дәйектілікпен жетуге тиіс нұсқаның негізгі өлшемдеріне айналуы керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен оның басшылары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыруда негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Әр қазақстандықтың жүрегі «Қазақ тілі – менің тілім!» деп соғып, қазақ тілін меңгеру – қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. «Қазақстан Республикасының тіл тур
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр. Қазақтың жақсы, дана сөзі бар: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ». Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан жоғарыда баяндалған мемлекеттік тіл мен оның мәртебесіне қойылған талаптар біртіндеп, әрі дәйектілікпен жетуге тиіс нұсқаның негізгі өлшемдеріне айналуы керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен оның басшылары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыруда негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Әр қазақстандықтың жүрегі «Қазақ тілі – менің тілім!» деп соғып, қазақ тілін меңгеру – қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.





«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады делінген. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті делінген. Қазақ тілін оқыту жастайынан, бесіктен басталу керек.

Көп ұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге елімізде өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдерінің де құлшынысы күннен-күнге артып отыр. Бұны қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз керек.

Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесі теңестіріліп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу болып табылады. Ал бұл -мемлекеттік саясаттың ең басты міндеті.

Көзі қарақты, оқыған-тоқығаны мол, өзінің ғана емес, өзге ұлттың да қайғы-қасіретін ұғынатын рухы биік әрбір азамат қазақ тілінің тағдыры, қазақ халқының тағдыры екенін терең түсінуі керек. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір дегендей, қазақ еліміздің болашағы – қазақ тілінде деп, мемлекетіміздің келешегі жайлы терең ойлап, мәртебесін көкке көтеруге ұмтылуымыз қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
59
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі