Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің
–тірлігімнің айғағы»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі
туралы өлеңдер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту
арқылы сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Ана тілін
сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын
білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
тіл туралы ақындардың,ҚР Президентінің қанатты сөздері,Тәуелсіздік
монументінің
суреттері,слайд,мақал-мәтелдер.
Сабақтың
барысы
І.Ұйымдастыру
Кіріспе
сөз
1-жүргізуші:
Армысыздар,осы кештің
қонақтары,
Халқымның ашық
болсын атар таңы.
«Тілім
менің-тірлігімнің айғағы» атты
кешімізде
Беделін
көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші
Сәлем бердік
кешіміздің көрермені,
Қазақтың ол
анық қой,өнер кені.
Тілге арналған
кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда
болашақтың өрендері.
1-жүргізуші:Еуразияның қақ ортасында
орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә
болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы,қазақ жері,қазақ ұлты
қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді
десеңізші….
2-жүргізуші:Біз
қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау
баспасын деп найзаға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған
елміз.
1-жүргізуші:Тіл-ұлттың белгісі,халықтың
мұрасы,дүниетаным құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
«Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан
шығармайық.
2-жүргізуші:Тіл
халық тарихы,тіл ұлттық қазына,тіл біздің
намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.
1-жүргізуші:Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл
тағдыры» деген сөздің мәнін терең пайымдасақ,мемлекетімізге тәңір
сыйлаған тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен
сезіндік.
2-жүргізуші:Сол
еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына назар
аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып,мемлекеттік
тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып
шығады.)
1-оқушы:1989
жыл 22-қыркүйек.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң
қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі» мәртебесі берілді.
2-оқушы:1993
жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тілі» болып бекітілді.
3-оқушы:1995
жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ
тілі»,-делінген.
4-оқушы:1997
жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң
Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық
тілі болып есептеледі,-деген. Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады. (Оқушылар заңның әр
тарау,бабын жатқа кезекпен
айтады)
3-бап: Тіл
туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға қолданылады.
4-бап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ
тілі.
Мемлекеттік
тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
парызы.
5-бап:
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылады.
6-бап:
Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін
қолданылуына,қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдауына құқығы бар.
7-бап:Қазақстанда мемлекеттік тілдің және
басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі
келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп
соқтырады.
13-бап:
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал
қажет болған жағдайда,сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа
тілдер мемлекеттік тілмен тең
қолданылады.
16-бап
Білім беру
ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып
табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне
кіреді.
17-бап:Мәдени
шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да
тілдерде жүргізіледі.
18-бап
:Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік тілдің,басқа да тілдердің қолданылуын
қамтамасыз етеді.
19-бап:Мемлекеттік ұйымдардың,олардың
құрылымдық бөлімшелердің атаулары мемлекеттік тілде және орыс
тілінде беріледі.
20-бап:Кісі
есімін,әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес келуге
тиіс.
24-бап.Тіл
туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауаптылыққа
тартылады.
1-жүргізуші.
Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22
қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып
келеді.
2-жүргізуші:
Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді»
деген.Шынында,тілін білмеген адам өз халқының
тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде сезініп,терең бойлай алмаса,
ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің
қарашығындай сақтауға,білуге тиіс.Болашағымызды баянды етер
қаруымыз-тіліміз.Ана тілімізді құрметтей
білейік.
1-оқушы
Қуан,
далам!
Қуанатын күн
бүгін.
Серпіп
таста
Мұңды жүрек
түндігін.
Тіл
туралы
Заңым енді
күшіне
Паш
еткендей
Кеске жаңа
кіндігін.
2-оқушы
Қуан,бабам!
Қуанатын жөнің
бар.
Деген
едің-
«Тіл бар жерде
өмір бар»
Халық
жауы
Атандық-ау сол
үшін
Ғұмырыңды
құрбан етіп жолыңда ар.
3-оқушы
Тілім
келді,дінім қайта оралды,
Басқа төнген
қара бұлттар жоғалды.
Көк аспанда
күндей болып жарқырап,
Қазақ елі
егеменді бола алды.
4-оқушы
Тілім
менің-тірегім,дінім менің,
Тілсіз қандай
болады күнім менің?!
Өз халқыңа
жетеді өз мәнінде
Өз тілімде
оқылса жырым менің.
5-оқушы
Тілім
менің-қуатым,күнім менің,
Күнім кетсе не
болар ісім менің?!
«Тілсіз өмір
бар» десе түсінбедім,
Тілімменен
тірлікті мүсіндедім.
6-оқушы
Ана тілін
жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен
Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің
ана тілімде
Өшпес мәңгі
алаулаған арай бар.
7-оқушы
Төл тіліңді
таза біл
Абайдан қалған
асыл сөз,
Жамбылдың
жауһар жырлары,
Қасымның қайсар
ызғары,
Төлегеннің жыр
бағы,
Мұқағали
сырлары,
Жұмекеңнің жыр
нәрі,
Фаризаның
мақалы,
Қадырдың шыққан
қырлары,
Тұманбайдың
тыңдары,
Мұхтардың
маңғаз нұрлы әні.
Қалмасын десең
тыңдаусыз,
Түсінемін десең
ымдаусыз,
Тіліңді білгін
бұл даусыз.
8-оқушы
Сүйемін туған
тілді-анам тілін,
Бесікте
жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге
түскен минутымнан
Құлағыма
сіңірген таныс үнін..
9-оқушы
Тілім менің
тірлігім мол мұрамсың,
Ата рухын
жаныма қондырасын.
Өзіңменен
таныдым тарихымды,
Кемелденген
өзіңмен толды жасым.
10-оқушы
Тілім менің
сарқылмас қазынамсың,
Бір сенімен
болыстың назы басым.
Бұл күнде
тарихым сөйлейді өзің
болып,
Жыр-ғұмыр боп
бүгінде жазыласың.
1-жүргізуші
Әннің де естісі
бар есері бар,
Тыңдаушының
құлағын тесері бар.
Ақылдының
сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда
көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан
жүректі ән оятар,
Әннің тәтті
оралған мәні оятар.
Ән: «Ананың
тілі-аяулы үні»
2-жүргізуші
Салт-дәстүрдің
бойындағы қаны-сол халықтың ана тілі.Қансыз тіршілік жоқ.Демек,ел
боламын десең,есіңді жи,әуелі оң-солыңа жіті қарап,өзіңнің
де,дініңді де,жер-су байлығыңның да ешкімнен кем емес екенін
байқа.Ендеше,ана тілдің мерейін
көтерейік,ағайын!
1-жүргізуші
Дауға салса
қара қылды қақ жарған,сөз өнерінің дамуына,таралуына,сақталуына
ерекше қызмет етіп келген 15-18 ғасырлардың жыршы,жыраулар еңбегі
арнайы сөз етуді,үлкен құрметпен атауды керек етеді.Ендеше,билер
сөзін қазақ тілінің ең асыл,қазыналы бөлшегі ретінде тани
отырып,кезекті қазақтың кемеңгер билерінің тапқыр ойларына
береміз.
Көрініс:
«Билердің төрелігі»
2-жүргізуші
Келесі кезекті
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған тіл туралы
мақал-мәтелдерге береміз
Тіл туралы
мақал-мәтелдер
1.Бас кеспек
бар,тіл кеспек жоқ.
2.Сүңгі жарасы
бітер,
Тіл жарасы
бітпес.
3.Өнер
алды-қызыл тіл.
4.Өз
тілің-бірлік үшін,
Өзге тіл-тірлік
үшін.
5.Тіземнен
сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен
сүріндірмесін.
6.Тіл- қылыштан
да өткір.
7.Тіл – тас
жарады,тас жармаса да бас
жарады.
8.Тіл сүйексіз
болса да,өзі сүйектен
өтеді.
9.Шешеннің тілі
ортақ,
Шебердің қолы
ортақ.
10.Жеті жұрттың
тілін біл,
Жеті түрлі ілім
біл.
11.Қаһарлы сөз
қамал бұзар.
12.Айтылған сөз
, атылған оқпен тең.
13.Тауды,тасты
жел бұзар,адамзатты сөз
бұзар.
14.Жақсы сөз
жарым ырыс.
15.Ана сүті бой
өсіреді,ана тілі ой
өсіреді.
16.Көре-көре
көсем боларсың,сөйлей-сөйлей шешен
боларсың.
1-жүргізуші
Бұл
қызық!
Қай тіл көп
тараған?
Дүние жүзінде
ең көп тараған тіл қайсы дегенде,біреулер ағылшын тілі десе,енді
біреулер қытай тілі деп жауап береді.Бұл екі пікірдің қайсысы
дұрыс?Бірінші орынды,сөз жоқ,ағылшын тілі болып табылады.Ал егер
бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ,ағылшын тілі екінші
орында тұрады.Сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп
тараған тіл қытай тілі екен.Бұл тілде- 844млн адам сөйлейді.Ағылшын
тілінде-434 млн,үнді тілінде-338 млн, испан тілінде-331 млн адам
сөйлейді.
2-жүргізуші
Тілім
менің-тірлігім,
Тіл жайында
толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында
үгіттейді кімді-кім?
Тілім
менің,тілім менің –
тірлігім!
Әрине,тіліміздің тағдыры үшін күресте
халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына
алаңдайтын азаматтар баршылық.Ұлылардан қалған дана сөздерге құлақ
салайық.
Даналардан
қалған сөз
1-оқушы: «Ана
тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді»
Ғ.Мұстафин
2-оқушы: «Ана
тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол
үзеді». Ғ.Мүсірепов
3-оқушы: «Әрбір
саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі
әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік»
М.Әуезов
4-оқушы:
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызыд ұмыту»
Б.Момышұлы
5-оқушы: «Ана
тілің – асылың,оны білмеген-масылың.» Қадыр Мырза
Әлі
6-оқушы: «Ана
тілі-жүректің терең сырларын,басынан кешкен
дәуірлерін,қысқасы,жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп сақтап отыратын қазына.»
Ж.Аймауытов
7-оқушы: «Әлем
әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп
түсіретін тіл-қуатты тіл,қазақ тілі-сондай тіл».
Н.Назарбаев
8-оқушы:
«Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең
қуаттысы-тіл.Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады,өз ұлтына басқа
жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады».
А.Құнанбаев
1-жүргізуші
Тіл –халықтың
жаны,сәні.Оның өткендегісін байыптап,бүгінгісін біліп қана
қоймай,келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің.Халық өзінің
ғасырлар бойына жасалған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен
ана тілі арқылы табыс етеді.Олай болса,ата өсиетіне құлақ
салып,ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал
болайық!
2-жүргізуші
Су қараңғы
болғанындай жанардың,
Тіл
тағдыры-тағдырындай
Аралдың.
Гүлін қалай
таптамақпын даланың,
Тілін қалай
сақтамақпын анамның.
Хор:
«Атамекен»
1-жүргізуші
Ұлы тілдің
құдіреттілігі мен қасиеттілігін аңғарсақ,сол ұлы тілмен шешілген
талай дау,талай өткір сөздер,талай шешендердің шұрайлы ойлары
таңдай қақтырады.Енді осындай ұлы есімдер мен халық есінде қалған
мына бір көрініске назар
аударайық.
Көрініс:
«Тілден өткір не?»
2-жүргізуші
Адам баласы ес
білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы
қабылдап,олардың мәнін түсіне
бастады.
1-
жүргізуші
Ия,бір
данышпан:
Сенің әрбір
тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы
тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай
түзу қараймын
Ана тілім егер
сені білмесем.
2-жүргізуші
Олай
болса,бүгінгі ұрпақ- ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой
толғайды.
Бүгінгі ұрпақ
ой толғайды
1-оқушы
Ана тілім,дана
тілім бақытым,
Қазақ тілін
білу менің парызым.
Тілім менің
ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі
тіліміздің тағдырын.
2-оқушы
Алаңдатты тіл
тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң
болар ертең күнім не?
Қазақ тілін
сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып
қалу үшін түбінде.
3-оқушы
Қазақ тілі-ұлы
Абай,Шоқан,Мұхтар,Сәбит аталарымыздың тілі.Менің тілім!Мен осынау
ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма,ана тілімде ойымды
жеткізіп отырғаныма қуанам!
4-оқушы
Ақын атамыз
Ә.Тәжібаев: «Болдым,толдым деме,ізден.Іздегендердің бәрі
мұрат-мақсатқа қол жеткізген.Ана тіліңді қастерле!Пір тұт.Сонда
ғана ел сүйетін,ел қастерлейтін нағыз қазақтың өнерлі азаматы бола
аласың»,-деген екен.Ендеше,мен ана тілімді
дәріптеп,құрметтеймін!Ана тілімнің болашағы зор болатынына
сенемін.
1-
жүргізуші
Ана тілде
ата-баба срыры бар,
Аудармадан
түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың
тілін білсең де,
Ана тілсіз оның
қандай құны бар,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі ұрпаққа
саналы тәрбие беріп,ана тілімізді оқытып жүрген ұстаздардың да
пікірін тыңдағымыз келіп «Қазақстан» телеарнасынан тілші
шақырғанбыз.Енді сол тілші сөзіне құлақ түрсек. (бір оқушы тілші
болып шығып,амандасып,мұғалімдерге төмендегідей сұрақтар
қояды)
1.Қазіргі таңда
тіл мәртебесі қай деңгейде деп
ойлайсыз?
2.Бүгінгі кешке
тіл туралы тағы қандай деректер қосылса екен деген
ойдасыз?
3.Қазақ тілі
биік дәрежеге көтерілу үшін мемлекетіміз қандай жұмыстар атқару
қажет деп ойлайсыз?
Ән: «Қазақ
елі»
Қорытынды
Бүгінгі тәрбие
сағатымыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен
аяқтаймын
Тілің-халқың,халқың-тілің,қос
егіз!
Екеуінің
саясында өсеміз,
Халық пен
тіл-жасай берер қос емен,
Саясында
көгереді көсегең.
Сіз бен біз де
бұ дүниеден көшеміз.
Жасай
бермек,жасайды сол қос –
егіз!