400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілін оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
лексика грамматика оқыту үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі:

1)сұрақ-жауап

2)салыстыру

3) топтастыру

4) сатылай кешенді талдау

5) мәтінмен жұмыс, пікір айту.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, слайдтар, кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка.

Сабақтың барысы: 

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу(әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылыр)

II. Өткенді пысықтау

III. Жаңа сабақ

Біз қазақ тілінің түркі тілдер тобына жататынын білеміз.Халқымыздың жазба әдебиетінің тарихына назар аударайық.Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды.

Көне түркі дәуірі

Орта түркі дәуірі

Жаңа түркі дәуірі

III, V –VIII ғасырларға тән Талас, Орхон –Енисей жазба ескерткіштері

Екі кезеңнен тұрады:

1.Қараханид кезеңі

Әл-Фараби, Ж.Баласағұни(«Құтадғу білік», М.Қашқари («Диуани-лұғати-ат-түрк»), А.Йассауи («Диуани хикмет» ) әйгілі шығармалары

2. Алтын Орда кезеңі

XII-XYғ.қамтитын Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау- Шырыны», Сайф Сарайидың «Гүлістан-би- туркиі» ,Рабғузидің «Қиссасул әнбиясы», қыпшақ жазбаларының бірі – «Кодекс куманикус» сөздігі жатады

XY ғ. Қазірге дейінгі кезең.

Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде ескі қазақ жазба тілі есебінде араб жазуы қолданылды. Қазақ тілі қазіргі кириллица жазуын белгілі кезеңдерде төте жазу атаған. Араб, кейіннен латын графикаларымен ауыстырған да тұстары болған.

Елбасымыз Н.Әбішұлының жолдауында  еліміздің әлемнің дамыған, алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына енуін басты міндет еткен болатын. Өркениетті елдердің қатарына қосылу

үшін ,  алдымен ана тіліміздің мәртебесін көтеру қажет екені анық.

1989  жылы қыркүйектің 22  Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Қазақ ССР-і Тіл туралы заңын қабылдаған еді.  Осы күн сол кезден бастап Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі болып аталып келеді.  Атамыздың адал қанымен тарап, анамыздың ақ сүтімен бойымызға сіңген  ана тілімізді ардаұтайық, қолдайық. Азаттығымыз, қазақтығымыз , ғажап дініміз,қазақ тіліміз  қиямет-қайымға шейін ,бізбен бірге мәңгі жасасын.Қай ұлтты , халықты алсақ та , бәрінің өзіне лайық тілі бар. Халық өз ана тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ.

1989  жылы қыркүйектің 22  Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Қазақ ССР-і Тіл туралы заңын қабылдаған еді . 1992 және 1995 жылы 30 тамызда  қабылданған Конститутцияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі боп бекітілді.

Тіл саясаты туралы тұжырымдама – 1996 жылы

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы 1997 жылы 11шілдеде қабылданды.

Тілдің Мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттарымен таныстыру

Ішкі тілдік факторлар

  • Сыртқы факторлар

Тілдік құрылым жүйесі жетілген.

Лексика фразеологиялық қоры мол.

Ежелден келе жатқан  жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі.

Республиканың барлық аймақтарында таралған.

Ауызша, жазбаша да қоғамдық өмірдің әр алуан

 саласында  қызмет етеді.

Тілді қолданушылар саны жеткілікті.

Табиғи және табиғи емес тілдік ортаның қалыптасуы.

Тіл туралы Заңмен таныстырып өту.

  • Тіл туралы Заң VI тарау, 27 баптан тұрады.

  • I Тарау. Жалпы ережелер

  • IIТарау. Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында

  • IIIТарау. Тіл – білім беру,ғылым, мәдениет, және бұқаралық ақпараттар құралдары саласында

  • IVТарау . Тіл – елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекті ақпаратта

  • Y Тарау. Тілді құқықтық қорғау

  • YIТарау. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

«Топтастыру» стратегиясы  бойынша топпен жұмыс.

Тіл жөнінде мақал-мәтелдер айтып,  үш топ жарыса отырып, бір мақалдың мағынасын ашу

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.

Оқу алды — қызыл тіл, 
бірден соңғы мергеншіл.

Кылышынан кан тамған батырды, 
Тілінен бал тамған акын алады.

Өнер алды – кызыл тіл.

Тіл тас жарады, 
Тас жармаса, 
Бас жарады.

Баска пәле тілден

Бас кеспек болса да, 
Тіл кеспек жоқ.

Ең тәтті де – тіл, 
Ең ащы да – тіл, 
Ең жұмсак та – тіл, 
Ең катты да – тіл.


Тапсырма 2.

Қағазда жасырынған сөздерге сатылай кешенді  талдау жасау (домбыра, жылқы, шаңырақ)

Осы сөздердің  топ болып мәнін ашу.

Домбыра,жылқы, шаңырақ.

n  1.Құрамына қарай

n  2.Тұлғасына қарай

n  3.Құрылысына қарай

n  4. Сөзда қанша мағына бар?

n  5. Лексикалық мағынасы

n  6.Грамматикалық мағынасы

n  7. Сұрағы, сөз табы

       8. Мағынасына қарай

Тапсырма 3

1-      Топ. Сөздерге математикалық тәсілмен  дыбыстық мінездеме беру.

2-      Топ.Берілген сөйлемнің сөйлем мүшелеріне сатылый кешенді талдау.

3-      Топ. Морфологиялық талдау.

Кітаппен жұмыс.

16- жаттығу.

Мәтінді оқып отырып, тарих пәнінен алған білімдеріңмен толықтырып, мазмұндаңдар.Көнерген сөздерді теріп жазып жазылуын есте сақтаңдар.

 

Y . Сабақты қорытындылау.

10 минуттық эссе (тіл туралы әр топ әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар өз ойларын қорытады)

  1. Туған тіл- басты байлығым!

  2. Қазақ тілі – қазақ баласының мақтанышы

  3. «Өлең сөздің патшасы...» - неге олай?

YI. Бағалау

YII.Үйге тапсырма.

17- жаттығу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі