Материалдар / Қазақ тілін оқытудағы витагендік әдістің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілін оқытудағы витагендік әдістің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазақ тілін оқытудағы витагендік әдістің тиімділігі қарастырылады. Витагендік әдіс арқылы оқытудың негізінде ұйымдастырылатын аналитикалық жаттығу жұмыстарының ерекшелігі айқындалады. Қазіргі заманның талабына сай құзыреттілігі жоғары, мықты жеке тұлға қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
660
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жумагалиева М.Е.

172 мектеп гимназиясының оқытушысы



Қазақ тілін оқытудағы витагендік әдістің тиімділігі

Аңдатпа: Мақалада қазақ тілін оқытудағы витагендік әдістің тиімділігі қарастырылады. Витагендік әдіс арқылы оқытудың негізінде ұйымдастырылатын аналитикалық жаттығу жұмыстарының ерекшелігі айқындалады. Қазіргі заманның талабына сай құзыреттілігі жоғары, мықты жеке тұлға қалыптастыру.

Түйін сөздер: витагендік әдіс, жеке тұлға, аналитикалық жаттығу, білім беру, әдіс.

Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді сауатты, кәсіби деңгейде игеру. Кәсіби іс-әрекет шеңберін жемісті бейімдеудің негізгі шарты кәсіби қазақ тілінде еркін сөйлеу болып табылады. Кәсіби қазақ тілін игерудің практикалық дағдыларын, экономикалық терминологиясын игерген жоғары дәрежелі мамандарды дайындау үшін оқушыларға қазақ тілін оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу қажеттігін туындатады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деген болатын. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын[1]. Қазақ тiлi – кемел тiл. Тiлдiң кемелдiгiн көрсететiн негiзгi белгiлердiң барлығы да қазақ тiлiнiң құрылым жүйесiнен табылады . Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – елдің барлық аумағында және түрлі өмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті[2]. Қазақ тілін оқытуда окушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру — мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Ол оқытушы мен оқушы арасындағы жақсы ұйымдастырылған қызметтен көрінеді. Қазақ тілін сапалы оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі – витагендік әдіс.

А.С.Белкин: «Витагендік оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы, сабақ үдерісінің оқушының жинақтаған тәжірибесі арқылы ұйымдастырылуы, оқушылардың ұжымдық тәжірибелерінің жүзеге асуы. Витагендік оқытуды ұйымдастыру сабақ жүйесі мен технологиясын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушыларға берілетін материалдағы витагендік ақпараттан хабардар болуы тиіс. Ең бастысы, витагендік оқыту оқушылардың тәжірибелерін белсендірумен қатар, жинақтаған өмірлік тәжірибелерін жүзеге асыратын витагендік мүмкіндіктерін қалыптастырады» – дейді [3, 25 б.]. Қазақ тілін үйретуде витагендік әдісті қолдану - оқушылардың басты проблеманы бірігіп шешуіне, бірлесе тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының өз тарапынан нәтижелі шешімге жетуіне мүмкіндік тудырады. Бұл жүйеде тапсырманы оқушылардың бірігіп шешуіне, бірігу арқылы ортақ мақсат қою және сол мақсатқа жетудегі бірлескен өздік тәжірибе жинақтау маңызды болып табылады. Осы міндеттің орындалуының маңызды бір шарты ретінде витагендік оқыту технологиясын қазақ тілін меңгертуде көбірек қолдануға болады. «Vita» латынша өмір деген мағынаны білдірсе, ал «gena» гректің тәжірибе деген сөзінен шыққан. Демек витаген деген сөз «адамның өмірлік тәжірибесі» деген мағынаны білдіреді. «Витагендік тәжірибе дегеніміз – дара тұлғаның қалыптасу жолындағы жинақтаған өмірлік тәжірибесінің нәтижесі. Витагендік тәжірибенің негізіне тіл үйренушінің жинақтаған білімін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, іс-әрекетін көрсететін витагендік ақпараттар жатады. Витагендік оқыту теориясы оқушының витагендік тәжірибесін жетілдіруде негізгі рөл атқарады. Яғни витагендік тәжірибеде оқушының өмір бойы жинақтаған тәжірибесінің бөлігі ретінде жеке тұлғаның түрлі жағдаяттардан шығу жолынан тауып шыға алу дағдыларының маңызы зор. Витагендік технология оқу үдерісін түбегейлі өзгертіп, дара тұлғаның өмірлік тәжірибесін жаңа білім алудың көзі ретінде пайдалануға жол ашады» [4, 12 ]. Витагендік тапсырмалар оқушыларға қазақ тілін сапалы үйретуді, олардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін нығайтуды, өз сөзін дәлелді жеткізуге дағдыландыруды көздейді. Мұның өзі витагендік амал-тәсілдермен тапсырмалардың оқушылардың еркін тілдік қатынасқа түсу, танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің жетілуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан оқушыларға қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында витагендік оқыту технологиясын қолдану мемлекеттік тілді меңгерту үдерісін болашақ маманның қазақ тілін қызмет саласына сай дұрыс қолдануын , сонымен қатар заманауи сұраныс үдесінен шығатын білім мен білікті тілдік және рухани қажеттіліктер тұрғысынан саналы әрі сапалы меңгеріледі. Қазақ тілін үйретуде оқушыларының қатысымдық құзыреттіліктерін витагендік оқыту технологиясы негізінде қалыптастырса:

- Біріншіден, оқушылардың қазақ тілін сапалы игеру меңгеру қабілеттері дамып, білім сапасы артады;

- екіншіден, кәсіби мектеп оқушыларының қазақ тілінде өз ойын ұғынықты жеткізу дағдылары дамиды;

- үшіншіден, тілдік қатынаста қазақша дұрыс сөйлеу біліктері жетіледі.

Өйткені, қазақ тілін үйретуде витагендік технология оқушылардың бірлескен әрекет үстінде тілді өз өмірлік тәжірибелерімен тығыз байланыста, бірлікте меңгеруінің басты шарты бола отырып, оқытудың тиімділігн арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Витагендік оқыту технологиясының басты мақсаты - оқушының тілді өз тәжірибесі арқылы меңгеріп, өмір жағдаяттарында дұрыс шешім жасауына мүмкіндік беру. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығы сан қырлы болғандықтан, олардың витагендік тәжірибесіне сүйену арқылы бұл мәселенің шешімін табуға болады. Сол себепті қазақ тілін меңгертуде витагендік оқыту технологиясының мынадай артықшылықтары бар:

оқушылар тілді үйренудің өзі үшін қаншалықты маңызды екенін саналы түсінеді;

әр түрлі сипаттағы мәтіндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттарды игеру дағдылары дұрыс қалыптасады;

витагендік технологияның әсерінен оқушылардың тілді үйренуге деген танымдық қызығушылығы артады. Яғни, кәсіптік мектепте мемлекеттік тілді үйрету негізінде оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру витагендік тәжірибе құндылықтарымен тығыз сабақтасып отырады.

Оқушыларға қазақ тілін үйретуде витагендік оқыту технологиясының тілді үйретудегі негізгі міндеттері :

  • Оқушының өзіндік тәжірибесін анықтау, мүмкіндігін пайымдау

  • Оқушының танымдық және қатысымдық қабілеттерін өзара бірлікте дамыту

  • Өзін-өзі тануға, танытуға, бойындағы мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жағдай туғызу болып табылады.

Қазақ тілін оқытуда витагендік технология арқылы жүзеге асатын дағды мен іскерліктің қалыптасуы төмендегідей қызметтер негізінде қаланады.

  1. Диагностикалық қызмет

  2. Оқыту қызметі

  3. Дамытушылық қызмет

  4. Қатысымдық қызмет

  5. Тәрбиелеушілік қызмет

  6. Қызықтырушылық қызмет

  7. Түзетушілік қызмет

шешімді таңдаудағы еркіндігіне жол ашады.

Витагендік оқыту технологиясы қолданылған сабақтарда мынадай талаптар орындалғаны тиімді деп саналады:

- сабақта қол жеткізетін мақсаттар жиынтығының болуы;

- сабақтағы бірнеше шағын мақсаттардың түпкі бір нақты мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы;

- сабақтың алдына қойылған мақсаттардың түгел орындалуы мен толық жүзеге асырылуы;

- оқушылардың алдына нақты бір проблеманың қойылуы мен оны біріге отырып шешу мүмкіндіктерінің қамтылуы;

- оқушылардың танымы, ойлау қабілеті, дарыны мен коммуникативтік құзіреттілігінің өзара бірлікте дамытылуы;

- оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен өзіндік психологиялық ерекшілігінің ескерілуі, әрбір оқушымен дербес қарым-қатынас жасалуы.

Оқушының «Мен өзімнің мамандығыма байланысты осынша ақпараттарды біледі екенмін», «Мен шынымен осы ақпараттардың бәрін игерген екенмін ғой» деген сияқты өз-өзіне таң қалу, риза болу, сүйсіну, т.б. психикалық жағымды күйді сезінуі қажет. Тіл үйренушілердің оқу үдерісіндегі витагендік тәжірибесі олардың танымдық қызығушылығын дамытуы тиіс. Өзіндік әрекет нәтижесі оқушының дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсер етеді, мәдени қатысымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, өзін-өзі бағалау қабілетін қалыптастырады. Сондықтан оқытудың мотивациялық сипатын арттыру қажет.

Витагендік оқыту технологиясының басты мақсаты – тiл үйретудiң тиiмдi жолдарын тоғыстыра келiп, тiлдi қарым-қатынас құралы ретiнде меңгерту; тілді тәжірибеде қолдана білуге баулу. Витагендік технология арқылы тілді оқыту барысында жаттығулар жұмысының атқаратын қызметі ерекше. Жаттығу жұмыстары оқушылардың грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақша еркін сөйлеуіне жол ашады, дағдыландырады. [4, 1 ]. Витагендік оқыту технологиясының негізінде ұйымдастырылған жаттығулар өзінің мазмұндық-құрылымдық сипатына қарай аналитикалық, проблемалық, шеберлік және шығармашылық жаттығулар болып бөлінді. Витагендік технология арқылы жүзеге асатын аналитикалық жаттығулардың қатысымдық бағыты, ақпараттық қызметі, тәжірибелік маңыздылығының айқындалуы оқушыларға грамматикалық, лексикалық тұрғыдан білім бере отырып, сөйлеуге машықтандыруға жол ашады. Проблемалық жаттығулар оқушыларға проблема қоя отырып, газеттік мәтіндердегі соңғы елтанымдық бағыттағы мақалалармен бірге, экономикалық жаңалықтар туралы жаңа ақпарат беруді көздеді. Шеберлік жаттығулар арқылы оқушылардың мамандыққа сай алған ақпараттарын сарапқа салып, не үйренді, нені үйренгісі келетіндігі жөнінде сөйлеу шеберлігі жетілдірілді. Ал шығармашылық жаттығулар арқылы меңгерген жаңа тілдік, сөйлеу материалдары арқылы қоғамдық өзгерістерге, жаңалықтарға ойын, пікірін, көзқарасын еркін жеткізе отырып әлеуметтік, кәсіби, дербестік тілдесімі қалыптасады. Қазақ тілін үйретуде витагендік әдісті қолдана отырып, аналитикалық жаттығуларды орындатудың орны ерекше. Аналитикалық жаттығулар – оқушылардың сөздің мағынасын түсініп, толық ұғынуына, сөйлемдердің орын тәртібін сақтауына оң ықпал етеді. Витагендік оқыту технологиясы арқылы жүзеге асатын аналитикалық жаттығулардың бағыты, ақпараттық қызметі, витагендік ерекшелігі айқындалады. Аналитикалық жаттығулардың мақсаты – оқушыларға оқиғаның, іс-әрекеттің өту мезгілін, мекенін, санын, сынын жеткізу. Оқушылардың белгілі бір уақыт мөлшерін, мезгілін, мекенін орнымен айта білуін қалыптастыру. Р.Рахметова аналитикалық жаттығуларға төмендегідей баға береді:«Аналитикалық жаттығуларды талдау сипаты басым жаттығулар. Аналитикалық жаттығуларды орындаудың мақсаты – оқушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, грамматикалық талдау жасау» [5,30]

Қорыта келгенде, қазақ тілін оқытуда көптеген тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, құзыреттілігі жоғары тұлғаларды қалыптастыру. Мемлекеттік тілімізді жетік меңгеру әрбір қазақстандықтың басты міндеті.



















Әдебиеттер тізімі:

1.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «2050-стратегиясы»

2. Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, оларды шешу жолдары: Фил. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 1998. – 132 б.

3. Белкин А.С. Витагенное обучение с голографическим методом проекций // Школьные технологии. − 1998. − №3. – С. 23-26.

4.Әлібаева М С..Кәсіби қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту әдістемесі (экономика мамандығы бойынша) .Алматы,2010.- 1-12б

5.Рахметова Р.С. Қазақ мектебінің 8-сыныбында сөз тіркесін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002.-30б.
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!