Материалдар / Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері туралы әріптестермен ой бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
3305
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері


Біз оқытып жүрген қазақ тілі пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын оқушылардың қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді. Тіл үйрету жұмысы- өте күрделі процесс, сондықтан мен өз мәселемнің тақырыбында қазақ тілі пәнінің тілдік –қатысымдық қызметін жүзеге асыруда психологиялық негіздерге сүйену керектігін айтқым келеді.Психологияның жеке пәндер методикасын нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Оқу жоспарын жасағанда да, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде де оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады.Тіл мен ойлау өз ара байланысты. Тіл білімі оқушы бойында ой, сезім, түйсік, қабылдау, есте сақтау қабілетін, икемділік, мінез –құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.Неміс халқының « Қанша тіл білсең, сонша адамға теңсің» деген мақалы тегін емес.

Оқу материалын, білімді есте сақтау – жеңіл жұмыс емес. Сондықтан мұғалім оқушыларға тиісті оқу материалдарын, оның ішінде жаттығуларды, сөйлеу жағдаяттарын, сұхбат тапсырмаларын есте сақтаудың ерекшеліктерін ескере отырып ұсынуы керек.Сонымен бірге мұғалім өзге тілді оқушының қазақ тілін оқып үйренуге жеке қызығушылығын , тіл үйренуге деген қабілетін, бейімділігін, психологиясын білгені жөн.Сөйтіп, мұғалім балаларға оқу материалдарын, біріншіден,қабілетіне, екіншіден, есте сақтау ерекшелігіне, үшіншіден, оның «мен» деген сезіміне тікелей негіздеп ұсынуы қажет болады.Осы жерде айта кететін нәрсе, оқушының тіл үйренуге қажеттілігін әлеуметтік қажеттілікпен біртұтас үйлестіріп оқыту нәтижелі болмақ. Өзге тілді меңгеру тіл жүйесінің құрылымы мен дыбыстарын ғана меңгеру емес, сонымен бірге ол қоршаған ортада, әр түрлі әлеуметтік жағдайда сөйлеуге үйрену, өз ойын , пікірін жеткізуге төселу болып табылады. Жасыратын ешнәрсеміз жоқ, бұдан он –он бес жыл бұрын өзге тілді мектептерде қазақ тілінің ахуалы нашар жағдайда болды. Өзге ұлт өкілдерінің түсініспеушілігімен де, қарама –қарсылығымен де жұмыс істеген күндеріміз болды десек, өтірік айтпаған болармыз. Қазір мемлекеттік тілді үйренуге деген көз –қарас

едәуір өзгерді.Кейінгі бес жыл ішіндегі қазақ тілінің ҰБТ- ге қосылуы,

ОЖСБ талаптарының күшеюі, оқулықтардың жақсаруы,әдістемелік құралдардың көбеюі, материалдық базаның жаңа талаптарға сай болуы арқасында қазақ тілін оқытудың деңгейін жоғарылаттық деп айтуға болады. Бірақ ,осы жерде айта кететін нәрсе, әлі де болса, ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы айырмашылық өте

үлкен. Осы және көптеген басқа жағдайларға қарамастан біз,ауыл мектебінің мұғалімдері, өз жұмысымызда озық педагогикалық технологияларды қолданып,оқыту процесінің нәтижелілігі үшін үлес қосудамыз.

Өзге ұлттың өкілдері өздерін тәуелсіз дербес тұлға ретінде ұстауға, көрсетуге тырысады. Осы себептерден кейбір кездерде мұғаліммен қайшылықтарға барады, іштей қашықтықта болады, берілген оқу материалдарына /қиын, ауыр/, оқыту жолдарына / қызықтырмайтын, зеріктіретін / , ұстаздың жеке қарым –қатынасына /дөрекі, бір жақты, талапшыл, сауаттылығы шектелу т. б. / қанағаттанбаушылығын ашық білдіріп отырады, немесе оқуға құлықсыз қарайды.Мұндай кездерде мұғалім оқушының психикасын, қасиеттерін, ерекшеліктерін ескере отырып, ұсынылатын білімді ерекше мұқият екшеп, таңдап, сұраптап, оқу процесінде жайлы, өз ара құрметтестік ахуал орнатуға ұмтылу керек. Мысалы, оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс – сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі.Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.В.А. Сухомлинский :

« Сөз –ең маңызды педагогикалық құрал, оны ешнәрсемен ауыстыра алмайсың ...» - деп оның маңызына ерекше назар аударады.Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай –ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсариннің пікірін келтірейік:»Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай , оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін –өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп,шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек.»

Сонымен , мұғалім өзге тілді сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда оны тек ойды білдіру ісі ғана емес, өзге адамдармен, қоршаған ортамен, әлеуметтік жағдаяттармен қарым –қатынаста жеке басының жан толқынысын,сезімін білдірудің құралын меңгерту деп те қарауға міндетті, сонда ғана ол пәнді оқыту мақсатын орындай алатын болады.

Мұғалім белгілі бір психологиялық ұстанымдарды дұрыс ескеріп отырса ғана , оларды сауатты түрде басшылыққа алса ғана тіл үйренуде осындай сезім туып, оқудың пайдалы, тиімді, нәтижелі болуына ықпал етеді. Ол ұстанымдар:

- Оқушының бұрын меңгерген біліміне сүйеніп үйрету ұстанымы;

- Сезімталдық ұстанымы ;

- Жүйкеге күш түсіру ұстанымы;

- Қарым –қатынас ұстанымы;

- Жүйелілік пен жалғастық ұстанымы.

Осы ұстанымдарға тоқталайық.

Оқушының бұрын меңгерген біліміне сүйеніп үйрету ұстанымын ескеру –сабақты үш бөлімге бөлу:

1. Білемін

2. Білгім келеді

3. Білдім.

Бұл ұстаным оқушының берілген тақырып бойынша бұрынғы білімін есте сақтауын қажет етеді. Берілген тақырыптың негізін түсіну қабілеті бұрынғымен байланыстырылып отырып, түрлі әдіс –тәсілдер арқылы

жүйелі тәртіпте ұсынылған жағдайда ғана жүзеге асады.Жаңа білім бұрынғы білімді кеңейту қажеттілігін туындатады.Бір нәрсеге үйрету үшін үйренушінің білімін дұрыс қолдануына мүмкіндік берілуі шарт.Егер бұлай болмаған жағдайда ,оқушының ынтасы төмендейді.Басқа тілді меңгеру алған білімін қайталауды талап етеді.

Сезімталдық ұстанымы мұғалімнен оқушының тіл үйрену жолындағы қиындықтары мен табыстарын, сенімі мен күдігін, қуанышы мен ренішін дер кезде дәл сезініп, оған сол кезде адамгершілікпен,жанашырлық сезіммен көмек көрсетуін талап етеді.Білім беру оқушының өзіне өзі сенуіне, жоғары талғамына және қабілетінежәрдемші болуы керек.Оған ешқашан «сен білмейсің» деген сөз айтылмауы керек.Мұғалімнің ,мүмкіндігінше, оқушының тапсырманы орындауына, табысқа жетуіне сезімталдықпен жәрдем көрсеткені жөн.

Жүйкеге күш түсіру ұстанымы оқушы миына толық күш түсіре оқытуды қажет етеді.Ми өзінің табиғатында жеке бөлшектерді де және

тұтас бүтінді де бір кезде қабылдай алады. Мұнда ұстаз шәкірттерінде

пайда болуы мүмкін жүйкенің шаршауы, қарсыласуы, зерігуі, нашарлауы,қозуы, сияқты күйді назардан тыс қалдырмай, оның сезімдеріне әсер етерлік әрекеттер ұйымдастырады.

Қарым –қатынас ұстанымы – оқушының тілді өз әрекеті арқылы үйренуін көздейді. Оқушы үйреніп отырған тілде неғұрлым көп қарым –қатынас жасамаса, ол тілді жеткілікті үйрене алмайды.Қарым –қатынастың белсенділігін арттыруда сұрақ берудің мүмкіндіктері зор.

Сұрақ беру ойды қозғайтын белсенді әрекет. Мен өз тәжірибемнен сұрақтар арқылы оқушылардың ақыл –ойын , тілін қазақ тілінде жұмыс істеуге,әр тақырыптағы сөздік қорын байытуға мүмкін дей аламын.

Мысалы, күнде сабақта қойылатын сұрақтар арқылы»Уақыт» тақырыбына байланысты ай, апта, жыл мезгілдерінін атауын,сандарды жаттатқызуға болады. Сонымен қатар, тақтаға шыққан оқушыға отырған сынып оқушыларының әр тақырыпқа сұрақ қоюы арқылы , карточкадағы сұрақтарға жауап беру арқылы, тест сұрақтары арқылы,әр түрлі жағдаяттарға диалог құрастыру арқылы, мәтінге сұрақ қою арқылы сөздік қорын байытуға, карым –катынас туған кезде дайын формаларды қолдануға мүмкіндігі бар болуына үйретуге болады.

Сөйтіп, тіл үйрену ақыл –ойда пайда болған сұрақтарға жауап табуға бағытталғандықтан, ол осы жол арқылы үлкен мәнге, зор мағынаға , өткір өзектілікке, қажетті зәрулікке айналады.

Жүйелілік пен жалғастық ұстанымы мұғалімді жүйесіздік, шашыраңқылық, бір –бірімен байланыспайтын жұмыстар жүргізу сияқты қателіктерден сақтандырады.Ол тілдік бірліктерді, мәтіндерді, пікірлесуді ,тәсілдерді қолданумен шектелмей, өз бетінше тілдік қатынасқа саналы түрде түсуін қамтамасыз етуді көздейді.Тілді саналы меңгеру оқушының оқу мотивіне қанағаттануына, оған сеніміне, қабылдауына, қызығушылығына, осыдан туатын тілді үйренудегі белсенділігіне байланысты. «Языку нельзя научить, языку можно научиться» деген орыс лингвисттерінің сөзі де осы туралы. Осындай саналы жағдайлар туғанда ғана тілді үйретуде мұғалім тиімді нәтижелерге жетеді.Саналылық – жаңаша оқу технологиясының негізгі бір тірегі.

Қорыта айтқанда , жаңа мектептегі жаңа ұстаздардың алдына қоятын мақсаты – оқыту технологиясының /мақсаттарын, міндеттерін анықтау,оқу материалдарын сұрыптау, күтілетін нәтижені жобалау, оқытудың әдіс –тәсілдерін, формаларын, құралдарын таңдау компоненттерінің тұтастығы/ ең лайық деген, қолайлы түрлерін таңдау және өз жұмысында қолдана білу.Тіл үйретуде тиімділік пен нәтижеге жету көрсеткіші болып табылатын оқушының коммуникативтік тілін дамыту және қалыптастыруда оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып, жаңаша оқыту жаңдайларын ұйымдастыру табысқа жақындата түсетініне күмәнім жоқ.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!