Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілін Т2 оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
“Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа
технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге
асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз...
Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың
қолында”
Н.Ә.
Назарбаев
Зерттеу нысаны: жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілінен орыс сыныбына құрылған қысқа мерзімді жоспар.
Мақсаты: орыс тілді мектептегі 5 сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнына сай өткізілетін қазақ тілі сабағында қолданылып жүрген кейбір әдіс-тәсілдерінің тиімділігін саралап көрсету.
Аңдатпа: Бұл баяндамада мемлекеттік тілді орыс сыныбында оқытудың ерекшелігі қарастырылады. Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретудің кейбір проблемаларын анықтайды. Автор ұлттық мектептерде тілді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді саралап қолдану арқылы нәтижені жақсартуға болатынын көрсетеді. Берілген білімнің күнделікті өмірмен сабақтасығына баса назар аударады. Қысқа мерзімді жоспарды құруда креативтілік танытып, оқушының шығармашылығын арттырудың маңыздылығына тоқталады.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім форматын жаңарту не үшін қажет?
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге ықпал ететін факторлар мыналар:
- бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;
- Қазақстанның әр азаматынының бойына табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- тәжірибелік дағдыларды дамыту;
- өмірге бейімдеп, функционалдық сауаттылықтарын арттыру;
- ұрпаққа әлем стандарты бәсекесіне төтеп беретін білім беру;
- мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- үздіксіз өмір бойы білім алуға дағлыландыру ;
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді.
Қазақ тілін өзге тілді
аудиторияда оқыту әдістемесі – бүгінгі білім беру саласындағы ең
өзекті проблемалалардың алды десек болады.
Қазақ тілін оқытуға қойылатын
талап-тілектердің жаңарып отырғанын аңғарамыз.
Қазақ тілі:
* Қазақстанның мемлекеттік тілі
* Мәңгілік елдің тұрақтылығын сақтаушы принциптердің бірі
* білім мен ғылымның тілі
Қазақстанның қазіргі заманауи мектебінде қазақ тілін екінші тіл
ретінде оқытатын ұстаз үшін
басты мақсат - өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде
сөйлету. Қазақ тілін үйренуге ынталандыру.
Осыдан
барып:
* қазақ тілін кімге үйретеміз емес, қалай үйретеміз, тілді игеруін
қалай көтереміз деген сұрақтар туындайды
* біз үшін маңыздысы қазақ тілін оқытудың озық технологияларын
таңдап, іріктеп алу болып отыр
Ұсынылған баяндаманың мақсаты: әдіс-тәсілдердің тиімдісін саралап көрсету
Міндеттері
:
—берілетін білімнің күнделікті өмірмен тікелей сабақтастығы
болуы;
— қазақ тілі сабағында төрт дағдыға сай оқушының ауызша,
жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын толықтыру;
— оқушыны үнемі өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға
дағдыландыру;
— баланың тілді үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру үшін
қандай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алуға болатынын
көрсету.
Қазіргі кезде тілді
үйретуде тиімділігімен ерекшеленіп жүрген әдіс-
тәсілдер:
- шығармашылық тапсырмалар;
- проблемалық сұрақтар;- жағдаяттық тапсырмалар;- ойын
элементтері;
- СТО технологиясы элементтері;
Осының негізінде сіздерге
ұсынып отырған орыс тілді мектептегі 5 сынып қазақ тілі пәнінен
«Тұмар патшайым» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарда
: топтастыру, «Өрмекші торы»,
Венн диаграммасы, «Синквейн», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Сюжеттік
кесте», «Маңызды аймақ», «Оқырман конференциясы» және т.б.
әдіс-тәсілдерді көрсетуді жөн көрдім.
*
топтастыруды жаңа сабақты өтер
алдында немесе бекіту сәтінде қолданған ұтымды. Жаңа тақырыптың
алдында өткізсек, балалардың жаңа тақырып аясында не
білетіндері аңғарылады. Жаңа тақырыпты бекіту және қайталау
сабағында қолданып, оқушылардың өткен бөлім не тақырып бойынша
білім деңгейлерін тексеріп, салыстырып, сараптауға болады;
* «Өрмекші
торы» ойнын сабақ басында өткен
білімді, үй тапсырмасын пысықтауға, қайталауға, фронтальді сұрау
мақсатында қолданған дұрыс;
* «Венн
диаграммасы» шағын
топпен жұмыс кезінде сәттірек
шығады. Кез келген тақырыптарды өткенде, салыстырулар жасап,
олардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын, ортақ дүниелерін
табуға белсене араласады;
* «Сэнквейн» топпен, жеке жұмыстарда да
қолданыла береді.Тек жеке жұмыста сөздік қоры аз балаларға үлгілеу
әдісін қоса алып отырса ұтымды болмақ. Бір жағынан жеке жұмыста
сауаттылық деңгейін аңғартады. Балаларды ізденуге, ойлануға,
шығармашылығын ашуға жетелейді;
* «Маңызды
аймақ» әдісі оқушының тақырып аясында
алған жаңа білімінің, мәтіндегі ақпараттың маңызды және қосалқы
екендігін ажыратып, керек білімді саралап алуына көп көмек беретін
әдіс;
* Жаңа сөздермен жұмыс:
«Стартер» әдісі бойынша ішкі, сыртқы шеңберге
тұрады. Сыртқы шеңбердегілер қолдарындағы суретке қарап жаңа сөзді
ішкі шеңберді айнала түсіндіріп береді, ішкі шеңбер түсінгендерін
қайта айтады, өзара орындарымен ауысады. Жетекші сұрақтар көмегімен
жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер
айтады.
* «Атаулар туралы үш
сұрақ» әдісін мәнмәтін аясында ұтымды
қолданып жүрміз. Тақырып аясында қолайлы деген үш сұрақты дайындап
алып, ұсынылған суреттерге қоясыз. Мысалы: қайда? қалай? қандай?
сияқты жетекші сұрақтар қою арқылы сөйлесім әрекетіне
жетелейсіз;
1.
Не? тақ, тәж, қылыш, жылқы,
«Тәуелсіздік» монументі
2. Қандай? әдемі, қымбат, мықты,
жүйрік, керемет
3. Қайда? сарайда, басында,
мұражайда, далада, Астанада
*
«Сюжеттік
кесте» толтыру шағын әңгіме болсын,
көлемді көркем шығарма болсын өзге тілді оқушыға тыңдалымнан
кейінгі жұмыс түрінде беретін таптырмайтын кесте түрі болып
табылады;
Оқиға орны Қашан? Қайда? |
Кейіпкер Кім? |
Оқиға бойынша не болды? Не істеді? |
Менің пікірім |
|
|
|
|
«Оқырман
конференциясы» әдісі арнайы дайындықты қажет
етеді. Орындалу алгоритмі:
1. Топ мүшелері мазмұны бірдей мәтінмен жұмыс жасайды.
2. Жұмыс жасау барысында мәтінді жұппен талқылайды
3. Топпен сұрақтар қарастырады, ой бөліседі.
4. Қосымша дереккөздерден ақпарат іздейді, тапқан мәліметтерін
ортаға салады.
5. Топта дайын болған ақпаратты аудиторияға ұсынатын жұмыс түрін
талқылайды, келіседі.
6.Мұғалім уақыт белгілейді. Табыс критерийлерімен
таныстырады.
«Оқырман конференциясы»
әдісі бойынша толтыратын кесте
үлгісі:
Топ |
Мәтіннің тақырыбы |
Тұмар патшайым |
№1 |
Мәтіннің қысқаша мазмұны |
---------------------------------------------------------------------- |
Мәтін тақырыбы бойынша сұрақтар |
|
|
Мәтінге қосымша мәліметтер (қай дереккөзден алғанына сілтеме) |
---------------------------------------------------------------------- |
|
Хабарлама түрі |
Мысалы, постер түрінде немесе «Венн диаграммасын» сыза ма, т.б. |
* Диктант
жазу
Диктантты міндетті түрде
бүкіл бір сабаққа жоспарламай, тек сабақтың бір кезеңінде ғана
жасалатын жаттығу түрінде алуға болады.
1. Мұғалім диктантты оқиды.
Оқушылар жазады.
2. Оқушылар жұмыстарымен
жұпара алмасып, бір-бірінің жұмысын жасыл сиямен
тексереді.
3. Әркім өз жұмысын алып үлгі
бойынша қызыл сиямен тексереді.
4. Бағалау шәкілі бойынша
өзін-өзі бағалайды.
Мысалы:
Сақ патшайымы – Тұмардың
есімі ежелгі жазбаларда «Томирис» деп көрсетілген. Ол Сыпыр
патшаның қызы. Анасы ерте қайтыс болып, әкесі тәрбиелейді. Алты
жасында қолына ақинақ – қысқа семсер алып, соғыс өнерін үйренеді.
Кир патшасын жеңіп, тарихта аты
қалады.
1-2 қате –9-10 балл, 3-4 қате - 8-7 балл, 5-6 қате – 6-5
балл.
Қалыптастырушы
бағалау* «Бағдаршам» әдісі *
Бағалау парағы
Кері
байланыс* «Галлереяға ой шарлау»
әдісі* «Екі жақты күнделік
Орыс сыныптарында
оқытылатын қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты мыналар екенін естен
шығармауымыз керек:
- мемлекеттік тілді
құрметтеуге тәрбиелеу;
- өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларды мемлекеттік
тілді түсініп, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге
тәрбиелеу;
- жаттанды сөйлеуді қалыптастырмай, үйренген сөздерін сөйлеуде,
әңгімелескенде, күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуге
жаттықтыру;
- оқушыларға қазақ тілінде сөйлеуді үйрету;
- қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу;
- қазақ халқының әдет-ғұрпынан, тарихынан хабардар
ету.
Қорыта келгенде айтпағым өзге тілді аудиторияда мемлекеттік тілді меңгертуде таңдап алынған әдіс-тәсілдердің маңызы зор.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Өзге тіл – тірлік үшін, өз тілің – бірлік үшін екенін ұмытпайық! Назарларыңызға рақмет!