Материалдар / "Қазақ тіліндегі англицизмдер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақ тіліндегі англицизмдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
ағылшын тіліндегі қазақ тіліне ұқсас сөздер сараланған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2023
549
7 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының мақсаты: қазақ тіліне ағылшын тілінен енген англицизмдерді табу арқылы қазақ тілінің сөздік қорына тигізген әсері туралы зерттеу жұмысын жүргізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген англицизмдерді анықтау;

  • Қазақ және ағылшын тілінде дыбысталуы жағынан ұқсас сөздерді айқындау, нақты мысалдар келтіру;

  • Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздерді жасалу жолына қарай топтастыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: зерттеу барысында қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздерді анықтап, олардың жасалу жолдарына назар аудару.

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді.Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Соңғы 20-30 жыл бедерінде англицизмдер қазақ тіліне қарқынды əрі үлкен көлемде енгені соншалық, лингвистер оларды ағылшын – қазақ билингвизм құбылысы деп атап жүр. Бұл мəселені біріншіден, қоғамдағы ашық халықаралық қарым-қатынас пен, ағылшын тілінің халықаралық тіл ретіндегі мəртебесінің өсуімен байланыстыра қараған жөн. Тіл өзі қызмет атқаратын қоғаммен бірге өмір сүріп, сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады, əрі оның ішкі заңдылықтарына сəйкес дамиды.

Дүние жүзіндегі түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Шет тілдерден сөздердің ену сипаты əр түрлі болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Мысалы, ағылшын тілінен қазақ тілдеріне енген сөздерді осы сөздер арқылы белгіленген жаңа ұғымдардан бөліп қарауға болмайды. Бұл жаңа сөздердің жаңа ұғымдармен бірге енгені əркімге аян.

Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналады. Тіл-тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді. Мұнымен бірге олардың ішінде мəдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады. Ауызша енген кірме сөздерге тəн ерекшелік сол – олар қабылдаушы фонетикалық заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сəйкестендіріледі . Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми–техникалық, əдебиет пен өнер т.б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мəніне байланысты интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Ондай сөздердің кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызды болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай жəне жиі қолданылатын сөздерге айналады. Мысалы, кастинг, шоу, видео клип, компьютер, интернет деген сөздер бүкіл əлемге таралып, əр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр.



Негізгі бөлім

2 Қазақ тіліндегі англицизмдер

2.1 Англицизмдердің жасалу жолына қарай жіктелуі

Англицизмдердің енуі, сондай-ақ кейде оларды жолымен аударып алу қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Қазақ тілінің, лексикасы ағылшын тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңейді. Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тəсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүміндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады. Міне, бұл тəсілдер тілдің лексикасының баю жолдарының ең басты тəсілдері болып табылады. Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – жаiа сызылған жеміс шырыны, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food –( фаст фуд) жеiіл əрі тез əзірленетін тағам, week end – уик энд – демалыс кcндер, party – парти – сауыX кеші, sponsor – спонсор – демеуші, прайс – баға, бизнесвумэн – бизнес əйелі, юзер – Xолданушы, computer system – компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы т.б.

Фаст – фуд термині жеңіл əрі тез əзірленетін тағамдарға айтылған. «А party is a gathering of people who have been invited by a host for the purposes of socializing, conversation, or recreation» – Парти қонақ күтушінің шақырған адамдарының əңгімелесіп, демалу үшін жиналатын жері, To sponsor something is to support an event, activity, person, or organization financially or through the provision of products or services – Спонсорлық ету бір ұйым немесе адамдарды материалдық жəне физикалық түрде көмек беру болып табылады.

Англицизмдер сөзжасамдық калькалау (макроұя, кодтану), сондай-ақ синтаксистік-морфологиялық, семантикалық, морфологиялық тəсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Англицизмдер төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамында бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Англицизмдер тілдің лексикалық құрамына ауызша жəне жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мəдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген англицизмдер ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған англицизмдер көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, week end – уик-энд (демалыс кcндер ), price list – прайслист, hot dog – хот-дог, , computer system — компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы, Media – Holding – медиа-холдинг т.б.

Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы : hot dog – хот дог, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food- фаст – фуд, spray – спрей, скраб – scrub, bowling-боулинг, cartridge – картридж, printer – принтер, disk – диск, file – файл, air conditioner – кондиционер, cooler – кулер, mixer – миксер, toaster – тостер, blender – блэндер, manager-менеджер, promoter – проумотер, distributor – дистрибьютер, dealer – диллер, mentality — менталитет, stapler – степлер, scotch tape – скотч, computer – компьютер, monitor – монитор, display – дисплей, presentation – презентация, calculator – калькулятор, notebook – ноутбук, жəне т.б. 2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мəні зор. Мысалы :briefing – брифинг, candidate – cміткер (кандидат), journalist – тілші(журналист) жəне т.б. Ал А. М. Қызырова «Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі» атты диссертациялық жұмысында ағылшын тілінен енген сөздерді талдап, əр кəсіпке байланысты саралап, талқылап қарастырған: Мысалы: Ақша жəне ақшамен байланысты ұғымдар: банкнот, инвестиция, депозит, пин код, банк, грин-кард, доллар, цент, шиллинг, пенс. Ер адам ұғымын білдіретін синонимдер: кcзетші-секьюрити, басXарма- менеджер, босс-шеф, жетекші-куратор-тьютор, іскер-бизнесмен, есепші-аудитор, атXамінер-жокей, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т.б. Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т.б. Ойын: керлинг, хоккей, бокс, биллборд, боулинг, гольф, сквош, гейм, гандбол, футбол, кроссворд, аттракцион, крикет т.б. Спорт: аквалангты пайдаланатын адам — дайвер, культуризм -бодибилдинг, ұзын қашықтыққа жүгіретін адам — стайер, қысқа қашықтыққа жүгіретін адам — спринтер, велосипед — байк т.б. Ақпараттық терминдер компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі: геймер (компьютерлік ойындарды жаXсы кhретін адам), хакер, юзер (жеке компьютерді пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, т.б. Хат-жазбалар: майл (компьютер арXылы жіберілетін хат), сайт, файл, е- майл т.б. Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т.б. Компьютердің атауы немесе компьютерлік ақпаратқа қатысы бар құрамдық бөлшектердің аты: ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем т.б.

Компьютер арқылы жүзеге асырылатын іс-əрекет: принтовать ету, логиндау (пароль кіргізу), таймерлеу, кликать ету (тышқанның клавишін басу), Internet-браузер, Internet-магазин, Internet-провайдер, онлайн-сауда, дамп, хост, аудит, гамдеу(game- ойын), виндузда жjмыс істеу (Windowsпен жұмыс істеу) т.б. Қазіргі тіл білімі ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек күніне 300 сөз қазақ тіліне енеді екен. Ол сөздердің басымы ағылшын тілінен енген. Ресей ғалымдарының пікірінше əсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді, сондықтан газет, журнал бетінде кездесетін мəтіндерді оқу үшін алдымен ағылшын тілін оқыту мəселесі өзекті болып келеді. Көптеген тарихи жағдайларға байланысты қазақ тіліне шетел тілінен кірген сөздердің ауысуы дəнекер тіл орыс тілі арқылы жүзеге асады. Шетел тілінен енген сөздер ғылым мен əртүрлі халықаралық деңгейде іске асып жатқан шаралардың негізінде көптеп енуде. Бұл туралы А. Исланова «Шетел сөздердің белгілері мен деректері» атты еңбегінде атап, жұмыс барысында қазақ тіліне енген шетел сөздеріне толық сипат береді. Англицизмдерді дыбыстық құрамдық өзгерістерімен орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Қазақ тіліндегі шетел сөздерінің көптеп енуін халықтың ғаламторды кеңінен пайдалануын айтуға болады. Олар орыс тілі арқылы қазақ тіліне еніп тілдік қолданысқа енген ағылшын сөздері. Қазақ тіліндегі шетел тілінен енген сөздер бүгінгі таңда варианттылықпен беріліп жүр. Тілдік варианттардың біріне осы шетел сөздерін жатқызуға болады. Н.Уəлиұлы «біршама уақыт бəсекелесе қолданыла келген шеттілдік сөздер, ендігі жерде балама сөзге орын берді. Мысалы көлік (транспорт емес), төрелік сот (арбитраж емес), төреші (арбитр емес), жалға беру (аренда алу емес), жалгер (арендатор емес), мұрағат (архив емес), бос орын (вакансия емес), тізім (ведомость емес), рұқсатнама (виза емес), өмірбаян (автобиография емес), мекенжай (адрес емес), кесте (таблица емес), келісімшарт (контракт емес), құжат (документ емес), төлқұжат (паспорт емес), сынып (класс емес), кеден (таможня емес), ұлықтау (инаугурация емес), керек-жарақ, мүкəммал (инвентарь емес), нұсқаушы (инструктор емес), нұсқау (инструкция емес), ақпарат (информация емес), күнтізбе (календарь емес), хұснихат (каллиграфия емес), біліктілік (квалификация емес), іссапар (командировка емес), сараптау (экспертиза емес), ұжым (коллектив емес), жарғы (устав емес), құзыр (компетенция емес), тəркілеу (конфискация емес), несие (кредит емес), жиһаз (мебель емес), əдіс (метод емес), əдістеме (методика емес), нысана (объект емес), əкімшілік (администрация емес), пайыз (процент емес), шəкіл (шкала емес), зейнетақы (пенсия емес), зейнеткер (пенсионер емес), мердігерлік (подряд емес).

Бұл дегеніміз кейбір терминдердің, шетелдік сөздердің қазақ тіліне аударылып қоолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Керісінше тіліміздің сөзді қоры кеңейіп, кемелденуінің белгісі екенін көрсетеді. Қазақ тілінде кездесетін осы сияқты сөздер тілдердің өзара əсерінен пайда болады. Тəуелсіздік алған уақыттан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта үңіліп, тіліміздің өзіндік болмысын тарихи тұрғыдан тану, сөйлеу мəдениетін көтеру, тіл тұғырын берік ұстау міндеті бүгінгі күннің келелі мəселерінің бірі болып отыр. Болашақта жаһандану үдерісінде елдігімізді сақтап қалу үшін ана тіліміздің мəселелеріне ерекше көңіл бөлу керек. Сондықтан қазақ тіліндегі шетел сөздерінің соның ішінде, əсіресе ағылшын тілінің элементтеріне саралау қажет деп ойлаймыз.



























2.2 Англицизмдердің (ағылшындық кірме сөздер) пайда болу амалдары

Ағылшын түбірі бар жаңа ұғымдар мен құбылыстар аясы шектеулі. Сондықтан кірген ұғымдары мен нысаны бар қолданыстағы номинацияны алу тиімді болып саналады.

Шет тілдерінен кірген сөздердің келесі тобын атап көрсетуге болады: 
1. Тікелей кірген.

Түпнұсқадағы сөздер тілімізде тура мағынасында қолданылады. Мысалы: weekend – (уик-энд) - демалыс күндерblack – (блэк) – қараmoney – (мани) – ақшаparty – (парти) – сауық кешіgirl – (гирл) – қызboy – (бой) – балаfriend – (френд) – досsponsor – (спонсор) – демеушіprice – (прайс) – баға, т.б.
2. Гибридтер.

Бұл шет тіліндегі сөзге қазақ тілінің жұрнағын, қосымша, жалғауын жалғау арқылы пайда болған сөздер. Бұл жағдайда шет тіліндегі сөздің мәні өзгереді. Мысалы: «ask» - аскать – өтіну, «busy» - бузить - мазасыздану мағынасында, «copy» - копилаймын – көшірме жасаймын,т.б.
3. Калька (көшірме).

Фонетикалық дыбысталуы жалпы формасы сақтай отырып қолданылатын, шет ел сөздері. Мысалы: menu - меню, the disk - диск, the virus - вирус, the club - клуб, password - пароль, cooler - кулер, mixer - миксер, toaster - тостер, blender - блэндер, antifreeze - антифриз, bulet – булет, device - девайс, hacker - хакер, obgreyd - обгрейд, click - кликать, blog - блог, smile – смайлик және т.б.
4. Экзотизмдер (Ерекше сөздер).

Басқа халықтың ерекше ұлттық дәстүрін сипаттайтын, біздің табиғатымызға жат өз мағынасында сақталатын сөздер. Бұл сөздердің ерекшелігі, қазақ тіліндегі синонимдерінің болмауы. Мысалы: chips - чипсы, hot dog - хот-дог, cheeseburger - чизбургер, football boots - бутсы, fishburger - фишбургер, pudding - пудинг, yogurt – йогурт, barbecue – барбекю, бифштекс – beefsteak, cocktail - коктейль, jacuzzi - джакузи және т.б.
5. Колориттер

Бұл сөздердің лексикалық баламалары болады, бірақ олардан стилистикалық ерекшелігі бар және қандай да бір қарым-қатынас саласында сөзге ерекше мәнер беретін мәнерлік құралы ретінде бекітіледі. Мысалы: ОК - О׳кей, wow - вау, super - супер.
6. Композиттер.

Екі ағылшын тілінен тұратын сөздер. Мысалы, second hand - (секонд-хенд) - қолданылған заттарды сататын дүкен, Video Salon - (видео-салон) - фильм көретін зал, time-out - (тайм-аут) - уақыт бітті, fast food - (фаст фуд) - тез әрі жеңіл тағам, News maker - (ньюс-мейкер) - жаңалық жасаушы, Price List - (прайс-лист) тауарлар мен сорттары, қызметтер бойынша бағалар анықтамалығы, және т.б.

Басқа тілден енген кірме сөздер кітап сөзінің жанрларында, ғылыми және техникалық сипаттағы мәтіндерде кеңінен қолданылады. Соңғы кездері тілдік материалдың негізгі көзі болып, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары табылады. Газет және журналдардың беттерінде күнделікті кездесетін сөздерді үш топқа бөлуге болады:

1. Қазақ тілінде синонимдері бар, бірақ көбіне адамдарға түсініксіз сөздер, мысалы: мониторинг - monitoring - «бақылау» синонимі. Көп жағдайда бұл сөздерді пайдалану қажет емес және мәтінді түсініксіз етеді.

2. Қазақ тілінде синонимдері жоқ сөздер. Олардың сіңіп кеткеніне көп болған, көп адамдар ол сөздердің ағылшын тілінен енгенін білмеуі де мүмкін, мысалы, спортсмен - sportsman, футбол - football, проблема - problem, сплит-система - split system, модельдік бизнес - model business, имидж - image, лифтинг - lifting, пилинг - peeling, пирсинг - piercing, скраб - scrub, стилист - stylist, тоник - toner, кастинг - casting, т.б.

3. Газеттерде ағылшын тілінде ағылшын әріптерімен жазылатын сөздер. Бұл сөздерге мүлдем таныс емес, мысалы, non – stop. Бірқатар газет материалдарын талдай отырып, ағылшын сөздері экономикалық және саяси тақырыбына арналған рубрикаларда, музыка туралы мақалаларда, ғылым мен техника туралы мақалаларда қолданылатынын анықталды.

Қазақ тілінің сөзжасам процесіне англицизмдердің қатысы бірдей дәрежеде емес. Оларға тән мынандай ерекшеліктерді атап көрсетуге болады: 
1. Бірқатар англицизмдер қазақ тіліне туынды түрде, яғни жұрнақтармен бірге кірген: 
журналист, редакция, радикализм т.б. 
2. Қазіргі қазақ тіліндегі англицизмдердің құрамында ешбір жұрнақ қабылдамай-ақ, жеке сөз ретінде қолданылатын сөздер де бар: 
атлас, глобус, протокол т.б. 
3. Кейбір англицизмдер тек көмекші етістіктермен тіркесіп келіп қолданылады: 
редактор болу, анализ жасау, операция жасау т.б. 
4. Қазақ тілі қорындағы англицизмдер тілдің сөзжасам құбылысының барлық амал-тәсілдерімен түрленіп, сөзжасамдық ұя жасай алады. Қазақ тіліндегі ең өнімді лы//лі; лық//лік қосымшалары арқылы жаңа сөз тудырады: 
автор+лық, классика+лық, дидактика+лық, оператор+лық, стиль+ді т.б. 
5. Кейбір англицизмдер төл сөздермен немесе англицизмдері өзара тіркесіп, қосарланып келеді: 
вегетациялық кезең, ғарыштықаппараттар, аналитикалық геометрия, биологиялық прогресс және т.б. Бұл мысалдардан терминдердің бірінші сыңары шетел сөздерден екінші сыңары қазақ тілінің төл сөзінен жасалған, ал кейбір терминдердің екі сыңары да шетел сөздердің тіркесуі арқылы жасалғанын көруге болады. 
6. Қазір қазақ тілі оқулықтары мен ғылыми әдебиеттерде шет тілінен енген сөздердің орнына қазақ тілі баламаларын қолданып жүр: 
мотив//уәж, универсал//әмбебап, методология//әдістаным және т.б. 
7. Қазақ тіліне калькалану арқылы енген шет тілінен енген сөздері: а) сөзжасам 
калькалау арқылы: киногерой — кинокейіпкер, телерассказ — телеәңгіме, предисловие — алғы сөз т.б. Сөзжасамдық калькалауда шетел тілі мен қазақ тілінің ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Қазақ тіліне префикстік тәсіл тән болмағандықтан, мұндайда шетел сөзінің баламасы ретінде қазақ тіліндегі белгілі сөздер не солардан жасалған туындылар қолданылады: перестройка — қайта құру, синтетикалық тәсілмен: парник — көшетхана т.б. 

Қазақ тіліндегі англицизмдерден шыққан туынды зат есімдердің ең мол түрі -лық/ -лік жұрнақтарының еншісіне тиеді. Көне замандардан-ақ сөзжасам аясы мейлінше кең, өте актив жұрнақтардың бірі болған бұл тәсіл, тұлғасы жағынан біркелкі болып, есім негізді сөзжасамдық тип құрайды. Шет тілінен енген сөздерге -лық, -лік жұрнақтары жалғану арқылы туған сөздер төмендегідей лексика-семантикалық топ құрған:

1. Әртүрлі мамандық аттарын білдіретін сөздер: педагогтық, мастерлік, акушерлік т.б.;

2. түрлі ғылым саласының аттарын білдіреді: биологиялық, химиялық, медициналық, т.б.;

3. өнерге байланысты сөздер: актерлік, дирижерлік т.б.;

4. мезгіл, өлшем бірлігін білдіретін сөздер: метрлік, литрлік, квадраттық, градустық т.б.

Қазіргі қазақ тілінде англицизмдердің құрамында бірге келіп, жеке тұрып қолданылмайтын: анти-, супер-, контр-, ультра-, изо- т.б. префикстер кездеседі. Интернационалды префикстер арқылы төл сөздер шетел тілінің префикстік сөзжасам үлгісімен төмендегідей туынды зат есімдер жасалған. Мысалы: бір ғана анти- префиксі арқылы қазақ тілінде белгілі бір ғылым салаларына қатысты терминдер қалыптасқан: антизат (химияда), антидуние (тарихта), антидене (биологияда), антибөлшек (физика) т.б. Сол сияқты -би, - бей кірме префиксі арқылы қазақ тілінде белгілі бір ғылым саласында термин жасау тенденциясы байқалып келеді: бейметалл оксидтер, бейкатализ(химия).

Барлық мектептерде шет тілі сабағы өткізіледі оның ішінде, шет тілдерінің арасында кеңінен таралған ағылшын тілі бі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!