Материалдар / Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, студенттерге, мұғалімдерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
206
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
(2008-2012 жылдардағы баспасөз
материалдары бойынша)

Алматы, 2013

УДК. 811.512.122
ББК 81.2-2
Қ 77

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат
жəне мұрағаттар комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін
басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды.
Пікір жазғандар: Ə. Қайдар ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының
докторы, профессор, Ш.Сарыбай ҚР ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Қ 77 Құрманбайұлы Ш. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер . – Алматы,
2013. - 296 бет.
ISBN 978 - 601 - 80098 - 1 - 5
Бұл кітапта соңғы жылдары мерзімді баспасөз беттерінде қолданылып
жүрген қазақ тіліндегі қысқарған атаулар жинақталып, мысалдарымен беріліп
отыр. Сонымен қатар кітапта халықаралық ұйымдар мен орталық мемлекеттік
ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен түрлі мекемелердің қысқарған
атаулары да қамтылған.
Автор қазіргі қысқарған сөздерге жан-жақты тоқталып, лингвистикалық
қысқаша талдау жасайды. Баспасөздің қысқарған сөздерді қалыптастырудағы
рөлі мен онда орын алып отырған кемшіліктер атап көрсетіледі. 1990-жылдардан
бергі кезеңдегі қысқарған сөздерді жасаудың бағыты, осы кезеңнің сипаты,
ерекшеліктері көрсетіледі.
Ғылыми еңбек тілші ғалымдар мен оқытушыларға, аудармашылар мен
журналистерге, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына,
сондай-ақ қазіргі қазақ тілі даму ерекшеліктері, бүгінгі сөзжасам үдерісі,
сөзқолданыс мəселесі қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.
ISBN 978 - 601 - 80098 - 1 - 5
УДК. 811.512.122
ББК 81.2-2
© Құрманбайұлы Ш. 2013 ж.
© «Баспалар үйі» АҚ, 2013 ж.

Қазақ тіл білімінде көп зерттеле қоймаған, тіл мамандары
тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген мəселенің бірі
– қысқарған сөздердің жай-күйі. Жалпы қысқарған сөздердің
тілімізде пайда болып, қолданысқа ене бастауы кейінгі бір
ғасырдың төңірегінде көрініс бере бастаған құбылыс. Қысқарған
атаулар негізінен ХХ ғасырдың басынан бастап, тілімізде жасалып, қолданысқа ене бастады. Оған себеп болған газет-журналдар мен кітаптардың басылып, баспа өнімдерінің көбеюі, қоғам
өміріндегі жазба тіл рөлінің артуы, орыс тілінің ықпалы сияқты
факторлар. Өткен жүзжылдықтың жиырмасыншы жылдарынан
бері қарай тіліміздегі қысқарған атаулардың қарасы көбейіп,
олар баспасөз тілі мен ғылым тілінде біртіндеп көбейе түсті.
Кеңестік кезеңде олардың басым көпшілігі тілімізге СССР,
КПСС, ЦК, НКВД, КГБ, МВД, совнарком, ревком, комбат,
парбюро, колхоз, совхоз түрінде орыс тіліндегі қалпын бұзбай
енді, солай қолданылды. Ал қазақ тілінде туындаған қысқарған
атаулардың барлығы дерлік олардың орыс тіліндегі үлгісі бойынша жасалды. Осылайша бұл кезеңде сөзжасамның бұл түрі
тұтастай дерлік орыс тілінің ықпалында болып, орыс тілі қазақ
тілі мен бірқатар ұлт тілдері үшін үлгі тіл саналды. Сол себепті
Кеңес Одағы тұсында жасалып, қалыптасқан қазақ тіліндегі
қысқарған атаулар қабаты тұтастай сол кезеңнің өзіндік сипатын, тілдер арасындағы қатынастың ерекшелігін көрсетіп тұр.
Еліміз тəуелсіздігін алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мəртебесін
иеленген соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде де тілімізде
көптеген қысқарған атаулар пайда болды. Ондай атаулардың
АҚ, БАҚ, ЖАҚ, ҚР, ТМД, ҚазМұнайГаз, Қазтелеком сияқты
бірқатары қазір тілімізде орнығып, кеңінен қолданылып жүр.
Олардың арасында қысқарған атау жасаудың кешегі кеңестік
- 3 -

кезеңде орныққан үлгісі бойынша жасалғандары да, ұлттық
ерекшеліктері бар, жаңаша үлгімен жасалғандары да аз емес.
Жалпы кейінгі жылдары тілдік қорымыздағы қысқарған
атаулардың үлесі күрт өсті. Олардың қолданылу жиілігі де
артып отыр. Сондықтан тілдегі мұндай құбылыстың сырына
үңіліп, қысқарған атауларды жиып-теріп, жүйелеп, олардың
жасалу жəне қолданыс ерекшелігін анықтау маңызды міндет.
Тіл маманы ретіндегі кəсіби міндетімізді қал-қадірімізше
атқару мақсатында қазіргі қолданыстағы қысқарған атауларды
жинақтап, осы еңбекті жұртшылыққа ұсынып отырмыз.
Бұл кітапқа еніп отырған қысқарған сөздер негізінен 20082012 жылдар аралығындағы қазақ баспасөзінен соңғы 5 жыл
көлемінде жинақталды. Сондай-ақ түрлі арнаулы салаларда,
салалық терминологиялық сөздіктер мен анықтамалықтарда,
ресми құжаттар мен ғылыми мəтіндерде қолданылып жүрген
бірқатар аббревиатуралар, халықаралық ұйымдар мен орталық
мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының атаулары да жеке жəне орысша-қазақша сөздік түрінде беріліп отыр.
Қазіргі қолданыстағы қысқарған сөздердің басым көпшілігі
кейінгі жиырма жыл көлемінде жасалған атаулар. Олардың арасында тіл нормаларына сай сəтті жасалып жаппай қолданыла
бастағандарымен қатар, сəтсіз жасалымдар мен бірреттік немесе авторлық қолданыстар да бар. Біз қазақ сөзжасамының бір
түрі ретінде қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері
мен қолданысын, жетістігі мен кемшіліктерін айқындауды,
оларды түгендеп, жиып-теріп алу арқылы мамандардың
ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауына мүмкіндік туғызу
үшін қысқарымдарды сəтті-сəтсіз демей, мейлінше молырақ
қамтуды, тілдік деректерді барын бардай көрсетуді мақсат
еттік. Əрине, мəселені арнайы қарастырып отырған маман
ретінде кітаптың бастапқы бөлімінде жиналған атаулардың жа- 4 -

салу, қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып, лингвистикалық
талдау жасап, қысқарымдардың бірқатар мəселелеріне қатысты
өзіміздің ғылыми көзқарасымызды да білдірдік. Бұл кітапты
осы мерзімге дейін жасалған қысқарған атауларды мейлінше
молырақ қамтыған, жалпы қазақ тіл білімінде бұл мəселеге арналып отырған алғашқы ғылыми-көпшілік басылым деуге болады ғой деп ойлаймыз. Соған қарамастан, біз көркем мəтіндер
мен ресми ісқағаздар, заң тіліндегі, əсіресе ғылыми мəтіндерде
қолданылатын қысқарымдарды бұл кітаптың ғылымипрактикалық басылым ретіндегі жалпы көпшілікке арналған
қолданбалылық сипатын ескере келіп, көп енгізіп отырған
жоқпыз. Ондай қысқарымдарды жеке жинақтап, ғылыми жəне
ресми стильдің ерекшелігін, терминжасам мəселесімен байланыста қарастырамыз.
Автор

- 5 -

1. Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты,
ерекшеліктері
Тілдегі үнемдеу, ықшамдау заңдылығы əлем тілдерінің
барлығына да тəн құбылыс. Бұл заңдылық əр тілде түрліше
көрініс тауып, тілдің түрлі салаларына қатысты болып жатады. Қысқарған сөздердің пайда болуы да осы ықшамдау
заңдылығымен тікелей байланысты. Яғни, қысқарған сөздер
тілдегі үнемділікті қамтамасыз етудің бір тəсілі. Көпбуынды немесе бірнеше сыңардан құралған күрделі сөздерді қысқартып,
айтуға, жазуға икемдеп қолдану тілде ертеден бар. Қазақ
тіліндегі сөзжасам мəселелерін зерттеуші ғалымдар сөздерді
əдейі қысқарту кеңес дəуіріне дейін кісі есімдерімен [Садуақас
– Сəкен, Қожабек – Қожаш] байланысты орын алғандығын
айтады[ҚГ. 261-б]. Біздің пікірімізше, кісі есімдерін бұлайша
айтуда сөзді ықшамдау, үнемділіктен гөрі қазақтың сыйлы,
елге қадірлі адамдарын, үлкенді құрметтеу мен кішіні еркелету,
əлпештеу сипаты басым сияқты.
Сөз табына қатысы тұрғысынан қысқарған сөздер негізінен
заттық немесе абстракті ұғымдарды білдіретін зат есімдер.
Қысқарған сөздер екі, үш немесе одан да көп сыңарлардан
тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары. Бірнеше
сөзден құралып, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған түрлі
ұғымдардың атаулары қысқарымдарға негіз болады да, олардың
құрылымы ықшамдалып, өзгеріске ұшырайды. Күрделі ұғым
атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын
сақтай алмай, ықшам нұсқада жұмсалуға көшеді. Мұны басқа
зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың өзіне тəн сипаты,
ерекшелігі деуге болады.
Əдетте, сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған жаңа сөзбен
бірге жаңа мағына да туындайды. Мысалы, əкімдік, жасуша,
- 6 -

кеденші, қаржыгер, хаттама т.б. Қысқарған сөздер жасалғанда
жаңа мағына туындамайды. Соған қарамастан қысқарған
сөздер сөзжасам аясында қарастырылады. «Неге бұлай болуы
керек?» деген сұрақтың жауабын іздесек, оның ең басты себебі
– қысқарған сөздер күрделі толық атаулардың бір нұсқасы
ретінде дербес сөз қызметін атқаратындығы. Яғни, қысқарған
сөздердің де сөзге қойылатын талаптардың барлығына жауап беретіндігі. Ал тіл білімінде сөздердің белгілі бір
мағынасының болуы, дайын қалпында қолданылуы, сөйлемге
дайын сөз ретінде кіруі, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беруі,
сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаруы, тұрақты бір құрамда
жұмсалуы, біртұтас қалыпта жазылып-айтылуы, бір екпінге
бағынуы – сөзге қойылатын негізгі талаптар болып саналады.
Мұның бəрі сөзге тəн негізгі белгілер десек, осы сипаттардың
барлығы да қысқарған сөздерге де тəн болғандықтан, олар
тілдегі лексикалық бірліктер тобынан жеке сөз ретінде орын
иеленеді. Яғни, сөзжасамның бір амалы ретінде қалыптасқан
қысқарымдар лексикалық бірлік болып танылады.
Қысқарған сөздер қолданыстағы күрделі атаулар негізінде
туындайды, жасалады. Лексикалық мағынаның болуы – туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын
негізгі талап болып саналады. Олардың тұлғасы мен құрамына
ешқандай шек қойылмайтындықтан, туынды сөздің жасалуына
негіз болатын сөздің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз
де, қысқарған сөз де атқара беретіндігі белгілі.
Қазақ тіліндегі қысқарған атаулардың көпшілігі орыс
тілі үлгісімен жасалып келгендігіне қарамастан, өзіндік
ерекшеліктері де жоқ емес. Сондай ерекшеліктердің бірі
жөнінде белгілі тілші ғалым Ы.Мамановтың төмендегі пікіріне
назар аударған жөн. “Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі
болып қолданылады. Орыс тілі мен қазақ тілдерінде қысқарған
- 7 -

сөздердің кейбіреулері ғана болмаса[буыннан қысқарған],
негізінен олар өзгермейді. Ал қазақ тілінде қысқарған сөздердің
барлығы да грамматикалық өзгеріске түседі, сөздің негізі
ретінде қолданылып, оған түрлі қосымшалар жалғанады. Мысалы, КазГУ-ге, РТС-тан, ВЛКСМ-ның т.б.» [Маманов Ы.] –
деп жазады ғалым.
Тілші ғалым қысқарған сөздердің сөз негізі болатындығын
жəне олардың грамматикалық өзгеріске түсетін ерекшелігін
атап көрсеткен. Тіліміздегі қысқарған сөздердің табиғатын
тану бағытында жасалған мамандардың мұндай тұжырымдары
жинақталып, қорытылып, алдағы уақытта олар жаңа зерттеулермен толыға беруге тиіс.
Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам
үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалық
мағынасы тең болуы да кездеседі. Бұл сөзжасамның дəл осы
қысқарту тəсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тəн сипат.
Мысалы, Бұқаралық ақпарат құралдары ═ БАҚ, Дүниежүзілік
сауда ұйымы ═ ДСҰ, Еуразия экономикалық қоғамдастығы ═
ЕурАзЭҚ, Жабық акционерлік қоғам ═ ЖАҚ, Ұлттық бірыңғай
тестілеу ═ ҰБТ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы ═ ҚР ҰҒА, Түкітілдес мемлекеттер Парламенттік
Ассамблеясы ═ ТүркПА т.б.
Бұл сөздердің толық нұсқасы мен қысқартылған
нұсқаларының арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болады.
Өйткені мұндай сөздердің екі нұсқасының арасында мағына
теңбе-теңдігі сақталған. Яғни, ауызша сөйлеу барысында немесе жазба тілде «БАҚ» қысқарымы қолданылса, оны тілді
тұтынушылар «бұқаралық ақпарат құралдары» деп түсінеді.
Қысқарған сөздердің тілдегі қолданысы тұрақтап, жалпыға бірдей
танымал болатын деңгейге жеткенде, оның толық нұсқасымен
мағыналық жəне қолданыстық тепе-теңдігі де орнайды.
- 8 -

Қазақ тіліндегі қысқарған сөздерді тақырыптық жəне
семантикалық топтарға қатысына қарай негізінен халықаралық
ұйымдардың атаулары [БҰҰ, ШЫҰ, НАТО т.б.], жоғары оқу
орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, орталықтардың
атаулары [ҚазҰУ, ТарМУ, ТБИ т.б.] географиялық жəне əкімшілік
[мемлекетер мен облыстар] атаулары [АҚШ, ГФР, ҚХР жəне
ШҚО, ОҚО, БҚО, СҚО т.б.], орталық мемлекеттік органдар мен
жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару органдарының
[ПƏ, БҒМ, ТЖМ, СІМ, ІІМ т.б.], қоғамдық, саяси, əскери, жастар,
спорт ұйымдары мен бірлестіктердің, одақтардың, қорлардың
атаулары [ЖСДП, ҚСА, КО т.б.], ғылыми, техникалық, əскери
терминология [ДНҚ, БЖБ, ШТƏ, ЖМ, ТШ т.б] жиірек кездеседі.
Көптеген тілдерде өте жиі ұшырасатын кəсіпорындар мен
өндіріс орындарының, ауылшаруашылық кəсіпорындарының,
зауыттар мен фабрикалардың, машиналар мен аспаптардың,
əскери техникалардың қазақша қысқарған атаулары елімізде
олардың өзі сирек болғандықтан немесе өндірілмейтіндіктен
өте аз кездеседі. Ең жиі ұшырасатын қысқарымдар – жоғары оқу
орындары мен орталық мемлекеттік органдар атаулары. Бірігіп,
қосылып, қайта құрылып жататындықтан, олардың толық атаулары да, қысқарған атауларды да жиі өзгеріске ұшырап жатады. Мысалы, БАМ (Байланыс жəне ақпарат министрлігі),
ҚазМемҚызПИ (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
институты), ҚазҰМА (Қазақ ұлттық музыка академиясы)
сияқты атаулар қазір басқаша аталады.

2. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары
Тіл мамандарының арасында қысқарған сөздің бізге қажеті
жоқ, бұл қазақ тіліне жат нəрсе деген пікірді ұстанатындары да
бар. Алайда бұл пікірмен келісудің негізі бар дей алмаймыз. Егер
қазақ тіліне қысқарған сөз қажет болмаса, оның шынымен-ақ
- 9 -

біздің тіліміз үшін жат құбылыс екендігі рас болған болса, онда
қазіргі қолданыстағы жүздеген қысқарған атаулар пайда болмас
еді. Оны басқа тілдің ықпалымен немесе жекелеген адамдардың
қалауымен туындаған құбылыс ретінде дəлелдеу қисынсыз. Тіл
үнемділікті, аз сөзбен көп ойды жеткізуді ұнатады. Бірнеше сөздің
тізбегінен тұратын күрделі атауларды мəтін ішінде қайта-қайта
шұбалтып қолдана бермей, ықшамдап беру арқылы ақпаратты
мол қамтып, аз сөзбен көп ой айтуға əрі басылым бетінде орын
үнемдеуге болатыны белгілі. Бұл жалпы баспасөз тіліне де, ғылым
тіліне де тəн нəрсе. Қысқарған сөздерді тілде толық мағынасы бар
күрделі атаулардың «орынбасары» немесе «алмастырушысы» деп
қабылдаған күннің өзінде тіл үшін мұндай «орынбасар» сөздер өте
қажет екендігіне дау жоқ. Сол себептен де «біздің тілімізге тəн емес»
деп қысқарған сөздерден негізсіз бас тартуға да, «қысқарған сөз де
сөз болып па» деп оларды жасауға жауапсыз қарауға да, олардың
қолданысын бетімен жіберуге де болмайды. Керісінше, оларды
жасауға да, тіліміздегі толық мағыналы атауларды жасағандай
талғаммен, кəсіби біліктілікпен, үлкен жауапкершілікпен
қарағанымыз жөн. “Күрделі атауларды қысқартып қолдануда
совет дəуірі кезінде тілімізде орыс тілінің үлгісі қабылданды
[ҚГ. 207-б.] – деген пікірдің негізсіз айтылмағаны анық. Оны
теріске шығаруға ұмтылу тарихи шындықты мойындамай, тілдік
деректерді ескерусіз қалдыру болар еді. Сондықтан қысқарған
атауларды жасау жолдарының орыс тіліндегі түрлерінің біздің
тілімізден де орын алғанын тілдік-тарихи дерек ретінде қабылдан
жөн. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер жасалу жолына
қарай төрт топқа бөлінеді.
1. Əріптік қысқарымдар.
Екі немесе одан да көп сөздер тіркесімінен құралған күрделі
атаулар құрамындағы сыңарлардың басқы дыбыстарынан
құралған қысқарымдар.
Мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), АҚШ (Америка құрама
штаттары), ЕК (Еуропалық Кеңес), ЕКПА (Еуропа Кеңесі
- 10 -

Парламентік Ассамблеясы), ҚТЖ (Қазақстан темір жолы) т.б.
2. Буындық қысқарымдар.
Күрделі атаулар сыңарларының негізінен басқы буындарынан
құралған қысқарымдар:
Мысалы, кеңшар, ұжымшар, Ономком, Терминком,
3. Аралас қысқарымдар.
Күрделі атауларды құрайтын сыңарларының басқы буындары
мен бастапқы дыбыстарынан құралатын қысқарымдар. Яғни, сөз
тудырудың мұндай жағдайында қысқарған сөз жасаудың екі түрлі
тəсілі де, əріптік жəне буындық қысқарту да пайдаланылады.
Мысалы, ҚазТАГ, ҚазҰУ, АлМУ т.б.

4. Жартылай немесе ішінара қысқарымдар
Бұл қатарға буындық қысқарымдар мен толық сөздердің
бірігуінен жасалған сөздер жатады. Күрделі атауды құрайтын
сөздердің бəрі буындық қысқарымға ұшырамай, жартылай немесе ішінара қысқартылып, өзгелері сол қалпында
қысқарған сөз құрамына енетін қысқарым түрі. Мысалы,
Қазбаспасөз, мембағдарлама, мемқызмет, меммүлік, Мемхатшы, мемсыйлық, мемсату, т.б. “Госслужащий” сөзі кейбір қазақ
газеттерінде “мемқызметкер” түрінде қолданылған. Дұрысы –
“мемқызметші” болуы тиіс.
Орыс тілінде қысқарымның бұл түрін «частичносокращенные слова» [пединститут, госбанк, сельхозотдел] деп атап жүр.
Күрделі атауларды құрайтын сөздердің бірі қысқартылып алынып, екіншісі тұлғасын өзгертпей алынатындығын ескере отырып біз қысқарған сөздердің бұл түрін жартылай қысқарымдар
немесе орыс тіліндегідей ішінара қысқарту деп атаған дұрыс
болар деген ойдамыз.
Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болады
- 11 -

дегенімізбен, кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жасалуына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейміз. Мəселен,
орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дəстүрі
бар. Мысалы, вузовец, КВНовец, спецовка, чекист, эсеровский
т.б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал
бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлықтар, АлМУлықтар,
ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстар кездескенімен,
олар жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған. Қысқарған
сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі
пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең тарап, тіл тұтынушылардың бəріне таныс, бірдей ұғынылып,
дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланысты деп пайымдауға болады. Сондай-ақ олардың баспасөзде,
ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке
біршама танымалдарының елеулі бөлігінің құрамы қатар
тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан
келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз
туғызуға да икемділігін арттырмайды. Мысалы, БКТ, АШҚҚҚ,
ЖҚКҚ, ЖММК, МЖЗҚ, РЖҚБ тəрізді бірнеше дауыссыз
дыбыс қатар келген немесе ААА, АЭА, ЕАƏК, ОАӨАҮО,
ОАӨЭЫА, ҮЕҰ бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің
негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Бұл қысқарымдар дайын сөз
ретінде айтуға, қолдануға икемсіз. Осы тұрған қалпында сөз
ретінде қолдану қиындық туғызып жатса, олардың негізінде
өрбітіп сөз туғызу мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы
бар. Кез келген дыбыс қатар келіп сөз құрай алмайды. Бұл
дауысты дыбыстарға да, дауыссыздарға бірдей қатысты. Бір
сөздің құрамында қ мен ө-нің, к мен ұ-ның, о мен ə-нің немесе ү мен қ-ның қатар тұруы қазақ тілі үшін қалыпты құбылыс
емес. Бұл дыбыстар бір-бірімен тіркесе алмайды. Тіліміздің
- 12 -

үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бұзылып, дыбыстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болудан қалады. Сондықтан не бірыңғай дауыссыздан, не бірыңғай
дауыстылардан құралғандарын ғана емес, АӨҚО, АІІБ, ƏЫК,
ЕҚЫҰ, ЕҰЕБ, ЖҮЕҚ, ҰӨК сынды дауысты-дауыссызы араласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім
таппай тұрған қысқарымдарды да сəтті жасалған дей алмаймыз. Бұл көрсетілген қысқарымдарды немесе осылар іспеттес
бірқатар қысқарған сөздерді сөз негізі ретінде алып, олардан
жаңа сөз туғызу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Түбірі, негізі
сəтсіз жасалған мұндай сөздер арқылы тіліміздің лексикалық
қорын байытатын жаңа сөз жасай алмаймыз.
Сөздің жағымсыз ассоциация туғызып, дөрекі дыбысталмай, эстетикалық талғамға сай, құлаққа жағымды естілуі,
айтуға ыңғайлы болуы да өте маңызды. Бұл тұрғыдан қарағанда
АМҰ, АМЛ, БЖƏ, БӨҚжА, ҚӨТ, МЖƏ, ӨСЕҚ деген сияқты
қысқарған сөздер аталған талапқа жауап береді дей алмасақ
керек. Естір құлаққа ерсі əрі дыбыстар тіркесімі тұрғысынан
үйлесімсіздік орын алған мұндай атауларды қолдануға ешкім
құштар болмасы анық.
Кеңестік кезеңде қысқарған атаулардың денін орыс тілінен
дайын қалпында өзгеріссіз қабылдау дəстүрі қалыптасқан еді.
Тілімізге енген ондай кірме қысқарған сөздердің көпшілігі ұзақ
жылдар қолданылып, жаппай жұмсалатын дəрежеге жетіп, тілде
орнығып та қалған болатын. Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге
ие болып, ұлт тіліндегі сөзжасам, терминжасам үдерісі жандана
бастағанда тілдік қолданысымызда орныққан сондай күрделі
атаулардың бірқатарының толық нұсқасы да, қысқарған нұсқасы
да қазақша қайта жасалды. Мəселен, колхоз – ұжымшар, совхоз – кеңшар, СССР – КСРО, КПСС – КОКП, ЦК – ОК сынды атаулар сол қатарға жатады. Қазір осы тарихи кезең тура- 13 -

лы сөз қозғалғанда жоғарыда мысалға келтірілген атаулардың
кейінгі жылдары жасалған қазақ тіліндегі нұсқалары жаппай
қолданылып жүр. Бұдан қысқарған сөздерді өзге тілдерден
қабылдау мен олардың жасалуына қатысты бүгінгі күннің
кешегіден өзгеше өз талабы бар екендігін байқауға болады.

2.1. Қысқарған сөздердің түрлері
Қысқарған сөздер жасалуына, мағынасына, құрамы мен
қолданысына қарай бірнеше түрге бөлініп, іштей жіктеледі.
Қазақ тіл білімінде қысқарған атаулардың түрлерін ажыратып,
ғылыми əдебиеттерде негіздеп бірізді беру мен мектеп, жоғары
оқу орындарына арналған оқулықтарда оларды іштей жіктепжіліктеп оқыту жағы əлі кемшін түсіп отыр. Бұл да қысқарған
сөздер мəселесінің бізде жан-жақты зерттеліп, оларға жеткілікті
көңіл бөлінбей келе жатқандығын айғақтайтын факторлардың
бірі. Жасалу сапасының əркелкі екендігіне қарамастан,
жинақталған материалдар көлемі бүгінгі таңда қазақ тілінде
қолданылып жүрген қысқарған атауларды жан-жақты зерттеп,
олардың пайда болу, қолданылу үдерісін үнемі назарда ұстап
отыру қажеттігін анық көрсетті. Қысқарған сөздер мəселесі
Н.Алдашевтың кандидаттық диссертациясында ғана арнайы
зерттелген жəне тіл мамандары тарапынан жазылған бірнеше
мақала бар. Сөздің бұл түрінің тілдік табиғатын тереңірек тану
үшін қысқарған сөздердің жай-жапсарын мамандар əр қырынан
əлі де қарастыра түсуі қажет деп білеміз.
Қазақ тіл білімінде қысқарған сөздер түрлері ажыратылып,
олардың аты мен заты анықталып, бір жүйеге түсе қоймағанымен,
өзге тілдерде оларды іштей жіктеу біршама орныққан деуге
болады. Біз тілдік қолданысымыздағы қысқарған атаулардың
дені олардың өзге тілдердегі сəйкес баламаларының үлгілері
- 14 -

бойынша жасалғандықтан, қысқарымдарымызды сол тілдердің
тəжірибесін негізге ала отырып, жіктеу қисынға келеді.
Əр түрлі ұғымдарды білдіретін күрделі атауларды қысқартқан
кезде олардың қысқартылған нұсқалары бірдей болып шығып
жататын жағдайларды көптеген тілдерден кездестіруге болады.
Осындай білдіретін ұғымдары басқа-басқа, ал қысқартылған
нұсқалары бірдей дыбысталатын қысқарымдар – омонимқысқарымдар (сокращения-омонимы) деп аталады.
Мұндай омоним-қысқарымдардың мейлінше аз, ең дұрысы
тілдік қолданыста болмағаны дұрыс. Бірақ бұл талап үнемі
орындала бермейді. Қысқарған сөздер күрделі атауларды
шұбыртпай сөзқолданыстағы ықшамдылық, икемділік үшін,
мақсатты түрде жасалатын екінші аталым [вроичная номинация] нəтижесі. Сондықтан оларды саналы түрде жасау,
қалыптастыру үдерісінде ыждағаттылық танытып, бірдей дыбысталатын қысқарған атаулардың қолданысқа еніп кетпеуін жолға
қоюға болады. Əрине, ол үшін тілдегі сөзжасам үдерісін үнемі
қадағалап, жаңа туындап жатқан атаулар мен қолданыстардың
бəрін дер кезінде тіркеп, жиып-теріп, лингвистикалық сараптан өткізіп отыру ісі кəсіби деңгейде жүзеге асып жатуы тиіс.
Егер мұндай жұмыс өз деңгейінде жүзеге асырылатын болса,
тіліміздің сөзжасам жүйесінен орын алып, кейінгі жиырма жыл
көлемінде қарқын ала бастаған қысқарған сөз жасау үдерісіндегі
омонимияның көп орын алмауына, басқа да кемшіліктерге жол
берілмеуіне негіз қаланады. Мысалы, қазір тілімізде Еуропалық
одақ та – ЕО, Еуразиялық одақ та – ЕО түрінде қысқартылып
қолданылып жүр. Сондықтан ЕО қысқарған атауын оқыған
адамда “Бұл қай одақ?” деген сұрақ туындауы табиғи нəрсе. Ендеше, жұртшылық бірден түсінетін қысқарым қалыптастырамыз
десек, Еуроазиялық одақты – ЕО деп қалдырып, ал Еуропалық
одақты – Еуроодақ түрінде қолданысқа енгізген жөн болар еді.
- 15 -

Біздің тілімізде қысқарған сөздердің жасалып, қалыптаса
бастағанына бір ғасырға жуық қана уақыт болғандықтан,
ағылшын, неміс, орыс т.б. тілдерімен салыстырғанда олардың
қоры соншалықты бай емес. Мысалы, орыс тілі қысқарған
сөздерге өте бай тілдердің бірі. Айталық 1984 жылы жарық
көрген «Словарь сокращений русского языка» сөздігінің 4-ші
басылымында 18 000 мыңға жуық қысқарған атау қамтылған.
Соған сəйкес орыс тілінде омоним-қысқарымдар да жиі
ұшырасады. Мəселен, ВП – военный порт, ВП – воздушная подушка, ВП – выжидательная позиция, ВП – вторичное предъявление т.б. Бірақ бұдан біз де қысқарған сөздер қорын мақсатты
түрде орыс тіліндегідей көбейтіп, омоним-қысқарымдарды да
көптеп қалыптастыра беруден қашпайық деген түсінік туындамауы тиіс. Əр тілдің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты бар. Соған
сəйкес қажеттілігіне қарай жасалған қысқарған сөздерімізді
жазу мен айтуға қолайлы, тілдік нормаға сай қалыптастыру
маңызды міндет.
Қазір транслитерацияланбаған қысқарымдардың (нетранслитерированные иноязычные сокращения) тілдік
қолданысымызға ене бастағаны байқалады. Олардың
қолданысын осы кітаптың келесі тармағында берілген мысалдардан көруге болды.
Кеңестік кезеңде тілімізде ТУ–134, ТУ–144, ТУ–154, МИ–8,
ДТ–75, ГАЗ –53, ЗИЛ–130, ЮМЗ –70, К–700 сияқты əріп пен
санның немесе сөзбен санның қосындысынан құралған əріпсан қысқарымдар (инициально-цифровые аббревиатуры)
баспасөзде, жалпыхалықтық тілде жиі қолданылып, көпшілікке
түсінікті болса, қазір қысқарымның бұл түрі арнаулы сала
əдебиеттерінде болмаса, өте сирек кездеседі. Баспасөзде А–20,
АН–24, ЯК– 42 тəрізді бірді-екілі қысқарымдар ғана ұшырасады.
Бірреттік немесе жекелеген мəтін ішінде ғана қолданылатын
- 16 -

қысқарған сөздер түрін окказионал қысқарымдар, мəтіндік
қысқарымдар (окказиональные, текстовые сокращения) деп
жіктеу бар. Баспасөз беттерінен мұндай қысқарымдар түрі көп
ұшырасады. Қолданушылардан басқаларға мүлде таныс емес,
толық нұсқасын қоса көрсетпесе түсініксіз мұндай атауларға
мысал келтіру қажеттілігі бола қояр деп ойламаймыз.
Қысқарған сөздерді тілде белсенді немесе өте сирек
қолданылуына байланысты да жіктеуші ғалымдар бар.
Қысқарған сөздер де тілдегі лексикалық мағынасы бар сөздер
сияқты қоғам өміріндегі тарихи өзгерістерге байланысты
қолданыстан шығып немесе өте сирек қолданылатын көнерген
сөздер қатарына енеді. Белсенді қолданыстан шығып, пассив сөздер қатарына енген ондай қысқарған сөздер – тарихи
қысқарымдар [сокращения-историзмы] деп аталып жүр.
Сондай-ақ күрделі атауларды құрайтын сөздердің төл сөз немесе кірме сөз болуына байланысты қысқарту кезінде солардың
негізінде туындаған қысқарған атаулар да құрамына қарай будан
(гибрид) болып шығады. Біздіңше, оларды будан қысқарымдар
деп атауға болады. Мысалы, ҚазБытХим(Казахстанская
бытовая химия, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, Мемтерминком, Мемономком, Санпедқадағалау (санпеднадзор) жəне т.б.
«ҚазБытХимнің» хош иісті сабындары. («Егемен Қазақстан»,
7 қыркүйек 2012 жыл. №590-591); Бұл туралы кеше
санпедқадағалау комитетінің облыыстық департаменті хабарлады. («Айқын», 23 сəуір 2010 жыл. № 70).
Қысқарған атауларды бұлайша жіктеуді біз лингвистикалық
əдебиеттерден кездестіре алмадық. Қысқарған сөздердің
мұндай түрі қазіргі қолданысымызда жиі ұшырасатын болды.
Сол себепті бұл секілді қысқарымдарды өзінше бөліп қарауға
негіз бар деп білеміз. Тілімізді кірме сөздер мен терминдер
өте көп болғандықтан, кейінгі жылдары солардың қатысуымен
- 17 -

жасалған будан терминдер мен осындай будан қысқарымдар
саны күрт көбейіп келеді. Мұндай үдеріс үздіксіз жалғасып,
кірме дыбыстар мен кірме сөздерді өз тілімізге икемдемей,
түпнұсқа тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдай берсек, соған
сəйкес қазақ сөз құрамының елеулі өзгеріске ұшырайтынын
болжау қиынға соқпайды.
Қысқарған сөздердің осы аталған түрлерімен қатар окказионал қысқарымдар, мəтіндік қысқарымдардан кейбір авторлық
қысқарымдарды бөліп қараған жөн деп санаймыз. Авторлық
қысқарымдар оның авторы тарапынан белгілі бір мақсатты
көздей отырып жасалып, бір емес, бірнеше рет арнайы
қолданатындығы тұрғысынан ерекшеленеді деген пікірдеміз.
Қазіргі баспасөз бен көркем шығармаларда кейбір
авторлық қысқартулар кездеседі. Авторлық қысқартуларды
жиі қолданытындардың бірі – ақын Мұхтар Шаханов. Белгілі
ақын өзінің ауызша сөйлеген сөздерінде, сұхбаттары мен
мақалаларында, өлеңдерінде «ТЖ» – туфли жалағыштар
қысқарымын, «жағымпаздар, жарамсақтар» деген мағынада
қолданады. «ШҚ» – шала қазақтар, «МҒ», «МҒҚ» – мордиясы ғана қазақтар. Автор осы қысқарымдарды бірнеше
мақалаларында, ауызша сөйлеген сөздерінде, өлеңдерінде
мақсатты қолданады.
Ж.Кеттебектің «Қарағаш» əңгімесіндегі мына қысқарымдар
да мақсатты қолданыстар.«ТҚ-ларға» жаққан нəрсе «ҚҚ-ларға»
жақпай, «ҚҚ-ларға» жаққан нəрсе «ТҚ-ларға» жақпай, екі тайпа
бір-бірімен аңдысып, қырық пышақ қырқысып жататын (Жəлел
Кеттебек. Қарағаш. «Жас Алаш», 14 мамыр 2013 жыл. № 37).
Мұндағы ТҚ – Түзу Қалпақтылар, ҚҚ – Қисық Қалпақтылар.
Бұл іспетті қысқарған сөздердің поэзия мен прозада, көркем
шығармалар тілінде қолданылуын да арнайы қарастырған жөн.

- 18 -

3. Қысқарған сөздер қолданысының жайы
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің қай саласын алсақ та,
қысқарған сөздер молынан кездеседі. Еліміз əлемнің көптеген
мемлекеттерімен саяси-экономикалық, дипломатиялық жəне
ғылыми-мəдени байланыстарын қалыптастыруына байланысты қазір қысқарған атаулар бұрынғыдай тек орыс тілінен ғана
алынып отырған жоқ. Халықаралық қатынастардың нығаюы
өзге тілдерден тікелей сөз алмасуға жол аша бастады. Əсіресе,
ағылшын тілінен енген халықаралық сипатқа ие қысқарған
сөздер қатары біршама артып отыр. Бұрын орыс тіліндегі
нұсқасында киррил əріптерімен таңбаланып жүрген бірқатар
атаулар қазір латынша таңбалануы бойынша қолданыла бастады. Қазіргі баспасөз беттерінде латынша транцкрипциясы бойынша жазылатын шетелдік компаниялар мен түрлі
ұйымдардың, мекемелердің күрделі атаулары да көбейіп келеді.
Мəселен, бұрынырақта, дəлірек айтқанда 90-жылдарға дейін
біздің тілімізде орыс тіліндегі қысқартылған нұсқасы бойынша қолданылатын қысқарымдар көп болған болса, қазір еуропа елдерінің тілдері мен ағылшын тіліндегі күрделі атаулардың
қысқарған нұсқаларын да мерзімді баспасөз бен ресми
құжаттардан, түрлі басылымдардан жиі ұшырататын болдық.
Олардың қатарына мына төмендегі ASEAN, АІВА, ЕХРО,
IBA, ISO, IT, ІРО, FILA, FIFA, FIDE, FIAS, NACA, NATO, NTI,
UNESCO, UNICEF, USAID, UNEP, USIA, UNPF, OPEC, WBA,
WBO, WBC, WiMAX, WWF, UBS, VIP, CNN, CARICC, SMS,
TIMSS, G-20, REACH, PNB, РR жəне т.б. сияқты қысқарымдарды
осы қатарға қосуға болады.
Кеңестік кезеңдегі қоғамдық құрылыс, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар атаулары мен қоғамдық саяси лескиканы
құрайтын күрделі сөздердің қысқарған нұсқаларының көпшілігі
- 19 -

елдің тарихи-мəдени, саяси-экономикалық өмірінде болған
елеулі өзгерістерге байланысты белсенді қолданылмай, тіпті
пассив сөздер, көнерген лексика құрамына өтіп жататындығын,
əріге бармай-ақ бергі тарихымыздан да көруге болады. Оған
көз жеткізу үшін ыдырағанына əлі соншалықты көп уақыт өте
қоймаған кешегі КСРО тұсында өте жиі қолданылып, актив
сөздер деп саналған мына төмендегі қысқарымдарды мысалға
келтірсек те жеткілікті болар деп ойлаймыз. Мəселен, БАМ,
ВКП[б], ВЛКСМ, ВЦИК, ВЦСПС, ГОЭЛРО, ДОСААФ, КП,
ЛКСМ, МТС, РСДРП, РСФСР, ТАСС, Горком, Генсек, завферма, местком, райком, обком, партбилет, партком, партбюро,
партком, парторг, комсорг, комсомол, компартия, нарком, рабфак, ревком, совдеп, совнарком сияқты көптеген атаулар бүгінде
қолданыстан шығып, көнерген сөздер, историзмдер қатарынан
орын алды. Осыдан 20-30 жыл бұрын жоғарыда келтірілген
қысқарған атауларды мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан
бастап, əрбір сауаты бар азамат жақсы білетін болса, бүгінгі
оқушылар мен студенттер, кейінгі он бес-жиырма жыл
көлемінде жоғары оқу орнын бітіргендер олардың не мағына
білдіретіндігін біле бермейді. Арада бір жиырма жылдай ғана
уақыт өткенде бұл атаулар кешегі тарих қойнауында қалып
отыр. Сол өткен кезеңнің тарихына қатысты сөз қозғалғанда
болмаса, бүгінгі тілімізде бұл атаулар қолданылмайды.
Қысқарған сөздердің қолданысы жайлы сөз еткенде олардың
ғылым тілінде, баспасөз бен көркем əдебиетте, іс қағаздары
мен ауыз екі сөйлеу тілінде қолданысы туралы жеке-жеке
қарастырып, ерекшеліктері мен ортақ қырларын мейлінше
нақтырақ көрсеткен абзал. Біз төменде жинақталған қолда
бар материалдарға сүйене отырып, қысқарған атаулардың
баспасөз тілі мен ғылым тіліндегі қолданысына қысқаша ғана
тоқталмақпыз.
- 20 -

1.1. Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспасөздегі
қолданысы
Осы басылымға енгізіліп отырған қысқарған сөздер, ғылыми
тұрғыдан сөз қозғауға жеткілікті тілдік материал негізінен қазақ
тіліндегі газеттерден жиналды. Сол себепті қысқарған сөздердің
мерзімді баспасөз тілінде қолданысының басты ерекшеліктерін
анықтап, мейлінше нақтырақ пайымдаулар жасауға негіз бар
деуімізге болады.
Қысқарған
сөздердің
мақала
тақырыбында
қолданылуы. Орыс тілінде шығатын газеттерде қысқарған
сөздердің мақала тақырыбында қолданылуы бұрыннан
қалыпты құбылыс. Мəселен, «ЧП в масштабах МЧС» («Казахстанская правда», 8 октября 2009 года № 239); Как ВРП
наращивает ВВП(«Казахстанская правда», 20 июля 2011 года.
№ 224); От КХЛ до ВХЛ. «Казахстанская правда»,12 сентября 2012 года. № 306-307) сынды мақала тақырыптарын жиі
ұшыратуға болады. Соңғы жылдары қазақ басылымдарында
да қысқарған сөздердің мақала тақырыбы ретінде берілуі жиі
байқалатын болды. Мына мысалға назар аударалық: ҰҚШҰны НАТО-ға балама əскери блок ретінде қарастырған орынды
ма? ( «Алаш айнасы», 2009 жыл 4 тамыз. № 130); БҰҰ-ЕҚЫҰ
форматындағы үнқатысу. («Егемен Қазақстан», 16 қазан 2009
жыл. № 337-339). Бір ғана мақала тақырыбында екі қысқарған
сөз қатар қолданылған. Қазақ газеттерінде мақала тақырыбына
қысқарған сөздердің қос-қостан қолданылуы кейінгі жиырма
жылдың көлемінде көрініс бере бастаған құбылыс. Оған дейін
мақала тақырыбында емес, газет бетінде қысқарған атаулар дəл
қазіргідей көп қолданылмайтын. Мұның негізгі себептерінің
бірі тіліміздегі қысқарған сөздердің санының күрт өсуімен,
өзге тілден дайын күйінде қабылданатын қысқарымдардың
- 21 -

азайып, ұлт тілінде жасалған төл қысқарымдардың артуымен де байланысты. Сондай-ақ қазақ газеттерінде ақпаратты
ықшам түрде, аз сөзбен көп мəлімет беруге, күрделі атауларды
шұбыртпай олардың қысқартылған нұсқасын қолдана отырып,
жұртшылықтың көзін соған үйрету мақсатын көздеген бағыттың
пайда болғанын көруге болады. Сонымен қатар қысқарған
сөздердің қазақ газеттерінде мақала тақырыбы ретінде жиі
қолданылуына орыс газеттері тілінің үлгісі де ықпал еткенін
жоққа шығаруға болмайды.
Газет
мəтінінде
жекелеген
қысқарымдардың
қолданылуы. Мақала тақырыбында ғана емес газет мəтініндегі
сөйлемдер құрамында да қысқарған сөздер жекелеп те, қосқосынан қолданылып жатады. Қазақ газеттерінен алынған
мына сөйлемдер солардың қатарынан. Мысалы: Сөйтіп, ПИК
пен ЖҮК-тер арасындағы жарыста І орынды – Жетісу ауданы,
ІІ орынды – Əуезов ауданы, ІІІ орынды – Медеу ауданы иеленді.
(«Алматы ақшамы», 17 қазан 2009 жыл. № 121); АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға жəне ЖИТС
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!