Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған "Тіл білімі" тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
М.ТӨЛЕГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ырғыз аудандық білім бөлімінің
« » ––––––––––2018 жылғы
№–––––––––– бұйрығымен
Б Е К І Т І Л Д І
«ТІЛ БІЛІМІ»
БАҒДАРЛАМАСЫ
(5 сыныпқа арналған)
Құрастырған: Махметова Мейрамгул Бекмухамбетовна.
Ақши - 2018 ж
1. Бағдарламаның негізі: «Р.Әміров, Ж.Дәулетбекова «Сөз тазалығы- тіл тазалығының алғы шарты», «А.Өобыланова «Қазақ сөз этикасы» , «Н.Төреқұл «Билер сөзі- ақылдың көзі », «М.Есламғалиұлы «Әйтеке би» әдістемелік құралдарын басышылыққа алып құрастырған.
Құрастырған: Махметова Мейрамгул Бекмухамбетовна
«М.Төлегенов атындағы орта мектебі» ұйымының әдістемелік -педагогикалық кеңесі отырысында «Тіл білімі» бағдарламасы талқыланды.
Хаттама № «___ » «_____ » «______________» 2018 жыл
Мектеп директоры: Ғ.Ә.Әжмағанбетов
Аудандық сараптау комиссиясының отырысында «Тіл білімі» бағдарламасы мақұлданды.
Сараптау комиссиясы төрайымы
Ырғыз аудандық білім бөлімінің
әдістеме кабинетінің меңгерушісі: __________________________А.М.Нарегеева
Хаттама № ______ «_____» ______________2018жыл.
М.Төлегенов атындағы орта мектебінде
5-сынып білім алушыларына Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін «Тіл білімі»
тақырыбындағы таңдау курсы жұмысына
Пікір
2018-2019-шы оқу жылында пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асыру мақсатында 5-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен «Тіл білімі» курсының жылдық жұмыс жоспарын құрылған..
Курс бағдарламасы жан-жақты жасалынған,білім алушылардың тіл біліміне деген қызығушылығын оятады. Бұл курстың басты мақсаты қазақ тілінен алған білімдерін кеңейту. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді сөзбен саралау,өнегелі сөздің дидактикалық мәнін,бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту. Тіл білімі саласының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйретуде бұл бағдарламаның қосар үлесі мол деп білемін.
5-сыныпта жүргізілетін «Тіл білімі» курсының бағдарламасы заманында туған елінің бірлігі мен ынтымағы үшін күресіп, жауласқан елді табыстырып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қазақ халқының дана билері мен құс көмей шешендерінің ел аузында қалған, толқынннан-толқынға жалғасып, ұрпақтарының санасының есеюіне ықпалын тигізіп келген ғибратты шешендік сөздерін оқып, танып білуге үйретеді. Шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысады. Таңдау курсының жалпы мазмұны аптасына 1-сағаттан, оқу жылы ішінде 34-сағатқа есептелініп құрылған.
Қоғамдық- гуманитарлық пәндер
бірлестігінің жетекшісі: А.Қ.Қалмағамбетова
М.Төлегенов атындағы орта мектебінде
5-сынып білім алушыларына Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін «Тіл білімі»
тақырыбындағы таңдау курсы жұмысына
Пікір
5-сынып білім алушыларына жүргізілетін «Тіл білімі» курсын оқытуда бойында шешендік сөздер арқылы тілдік білімі мен қарым-қатынас біліктілігін жетілдіру арқылы дара тұлғаның сөз өнері негізінде сөйлеу шеберлігін арттыруды дамытады.
Курстың мақсаты: Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларына мүмкіндік жасау.
Курстың міндеті: – оқушыларды сөз өнерінің құндылықтарын танып білуге; - шешендер сөздеріндегі ақыл-ой байлығы, билік шешімдері,кісілік қасиет туралы ойларын пайымдау;
-оқушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету, оқушы бойындағы талантын танып, бағыт-бағдар беру;
Курстың құрылымы: аптасына бір сағаттан, жылына отыз төрт сағатқа есептелінген.
Таңдау курсының тақырыптық мазмұнында жалпы алты бөлімді қарастырылған:
-бірінші бөлім: «Кіріспе» ( 1 сағат) ,
- екінші бөлім: «Тіл-әдеби қазына». \11-сағат\
-үшінші бөлім: «Сөз құрамы»\11-сағат\
-төртінші бөлім:. «Сөз және Тіл байланысы». \5-сағат\
-бесінші бөлім: «Тіл білімі». \5-сағат\
-алтыншы бөлім «Қорытынды» ( 1 сағат)
Курс мазмұнын игеру барысында теория мен тәжірбиенің байланысы мен бірлігін ескере отырып, білім алушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарды түрлендіре отыру арқылы дидактикалық материалдармен жұмыс жасайды. Бұл әрекеттер : шешендер сөздерінен нақыл сөзге айналған сөздерді табу,шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу тіліне баға бергізу, пікір айтқызу, сахналық көрініс қою тағы басқа әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. .
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Р.Т.Шайқақов
Түсінік хат
Бұл бағдарламада заманында туған елінің бірлігі мен ынтымағы үшін күресіп, жауласқан елді табыстырып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қазақ халқының дана билері мен құс көмей шешендерінің ел аузында қалған, толқынннан-толқынға жалғасып, ұрпақтарының санасының есеюіне ықпалын тигізіп келген ғибратты шешендік сөздерін оқып, танып білуге үйретеді. Онда зерттеушілер арқылы бізге жеткен философия мен әлеуметтік мәнге толы мұраларымен таныса отырып, сонымен қатар әр кездегі заман ағымы жайлы керемет, терең мағыналы мәліметке ие боламыз. Шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысамыз.
Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің қайта жаңғыруы – қоғамдық қажеттілік. Шешендік – болашақтағы қадамдарыңызға жол ашатын, өзіңізді танытуға мүмкіндік беретін, биік белестерге жетелейтін қуатты құралыңыз, пәрменді күшіңіз. Сондықтан бұл курстың мақсаты – шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларыңызға мүмкіндік жасау.
Атақты шешен Цицерон айтқандай «Ақындық - туа бітті өнер болса, шешендік – жүре келе қалыптасатын қасиет». Олай болса сөз өнерін үйренуге талаптану әркімнің тілегіне, рухани қажеттілігіне. Өзектілігі: Шешен-билердің өмірі мен шығармаларын зерттей отырып, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйрету. Білім алушылардың өз бетінше бетінше іздене білуіне, шығармашылықпен айналысуына бағыт беру Бағзы замандардан жинақталған – бүгінгі күн кәдесіне толық жарайтын би-шешендердің сөздерінің қажеттілігін сезіну. Осы курстан үйренгендерін, көкейге түйгендерін, білгендерін оқушы өмірде қолдана ала ма? Курстың мақсаты мен міндеттері:
Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларына мүмкіндік жасау.
Шешендер сөзіндегі өсиеттерге ден қойып, шешенге лайықты қасиеттерді саралау,өнегелі сөздің дидактикалық мәнін,бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту. Би-шешендердің өмірлері мен шығармашылығын таныстыру. Міндет – білім алушыларды сөз өнерінің құндылықтарын танып білуге; - шешендер сөздеріндегі ақыл-ой байлығы, билік шешімдері,кісілік қасиет туралы ойларын пайымдау; оқушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету, білім алушы бойындағы талантын танып, бағыт-бағдар беру; - шешен-билердің сөздерінің эстетикалық мәнін ашу; - әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны көптеген адами қасиеттерге, сөз тереңдігін түсінуге, тіл тазалығын насихаттай отырып, шешендік сөздің мазмұны арқылы тәрбиелеу. Курстың практикалық маңыздылығы:
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Курстың құрылымы: Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған. Сабақтың жүргізу әдістері:
Теория мен тәжірбиенің байланысы мен бірлігін ескере отырып, оқушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарды түрлендіріп отыру арқылы дидактикалық материалдармен жұмыс жасау. Олар: шешендер сөздерінен нақыл сөзге айналған сөздерді табу,шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу тіліне баға бергізу, пікір айтқызу, сахналық көрініс қою және т.б.
Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары: 1. Шешендік сөздерді мұғалімнің ұсынуы бойынша және өз таңдауымен мақамдап оқи білу; 2.Шешен-билер шығармаларын оқу барысында шешендік сөздердің мазмұн-мәнін,әдеби ерекшелігін, көркемдік мұратын танып білуі керек; 3. Шешен сөздері бойынша сахналық көріністер көрсете білу; 4. Білім алушылар өз бетінше ізденуіп және де пікір айта білуі тиіс.
Біліктері: 1. Сөз өнері туралы білім өрісін кеңейту. 2. Білім алушыларды өз бетінше іздене білуге дағдылану. Оқушылардың білімін бағалау: І. Теориялық білімдер бойынша ІІ. Тестілеу
Күтілетін нәтиже:
Сөз өнері курсын оқытуда бойында шешендік сөздер арқылы тілдік білімі мен қарым-қатынас біліктілігін жетілдіру арқылы дара тұлғаның сөз өнері негізінде сөйлеу шеберлігін арттыруды дамытады. Шешендік сөзде бір мақсатты көздей отырып қойылған жағдаяттық сұраққа-жауап беруде өзіндік көзқарасын белсенділік тұрғысынан терең пайымдауда зерделі ойлауға үйретеді. Білім алушылардың адамгершілік-эстетикалық мұраттарын ұлттық сипатта қалыптастыруды мақсат етеді.Білім алушының зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу.
Тақырыптық мазмұны
І.Кіріспе. \1-сағат\
1.Кіріспе. Тәрбие басы-тіл
ІІ.Тіл-әдеби қазына. \11-сағат\
1.Қазақтың әдеби тілі
2.Қазақ тілі-ұлттық мәдени асыл мұра
3.Тіл – рухани қазына
4.Сөз қолданудың негізгі ұстанымдары
5.Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
6.Дұрыс сөйлеу,дұрыс жаза білудің шарттары
7.Cөйлеу мәдениеті
8.Тіл мәдениеті
9.Жазу мәдениеті
10.Тіл ұстарту
11.Тест жұмысы.
ІІІ.Сөз құрамы\11-сағат\
1.Сөз. Сөз құрамы
2.Синоним сөздерді орынды пайдалана білу
3.Тұрақты сөз тіркестерін падалана білу
4.Мақал-сөздің мәйегі
5.Шешендік сөздер туралы ұғым
6.Ұлттық шешендік өнер
7.Тіл – қатынас құралы
8.Шешендер сөздеріндегі адамгершілікті дәріптейтін сөздер
9.Қанатты сөздер
10.«Туған тілім-тұғырым» .Шығарма жазу.
11.Тест жұмысы
ІV.Сөз және Тіл байланысы. \5-сағат\
1.Ойталқы,сөзталас, айтыс.
2.Тура және ауыспалы, көпмағыналы сөздерді орынды пайдалана білу
3.Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдер
4.Тіл ұстарту
5.Тест жұмысы
V.Тіл білімі. \5-сағат\
1.Көңілден шыққан көрікті сөз
2.Тілдің өмір салаларындағы қазіргі көрінісі
3.Шешендер өмірінен
4.Тіл ұстарту
5.Тест жұмысы
VI.Қорытынды. \1-сағат\
1.Өтілген материалдармен жұмыс
Оқу тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың реті |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Білім нәтижесі |
Оқу әдіс-тәсілдері |
Мерзімі |
Ескерту |
|
лекция |
практика |
|||||||
Кіріспе. |
||||||||
1 |
1 |
Кіріспе. Тәрбие басы-тіл |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Баяндау,сұрақ-жауап |
04/09 |
|
Тіл-әдеби қазына |
||||||||
2 |
2 |
Қазақтың әдеби тілі |
1 |
|
Қызығушылығын арттырады |
Баяндау |
11/09 |
|
3 |
3 |
Қазақ тілі-ұлттық мәдени асыл мұра |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Сұрақ-жауап,түсіндіру |
18/09 |
|
4 |
4 |
Тіл – рухани қазына |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Сұрақ-жауап,түсіндіру |
25/09 |
|
5 |
5 |
Сөз қолданудың негізгі ұстанымдары |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Баяндау, сұрақ-жауап |
02/10 |
|
6 |
6 |
Әдеби тілдің грамматикалық нормалары |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Жазбаша жұмыс. |
09/10 |
|
7 |
7 |
Дұрыс сөйлеу,дұрыс жаза білудің шарттары |
1 |
|
Теориялық білімін толықтырады |
Баяндау, сұрақ-жауап |
16/10 |
|
8 |
8 |
Cөйлеу мәдениеті |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Түсіндіру, ауызша сұрау |
23/10 |
|
9 |
9 |
Тіл мәдениеті |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Түсіндіру, ауызша сұрау |
06/11 |
|
10 |
10 |
Жазу мәдениеті |
1 |
|
Қызығушылығын арттырады |
Түсіндіру, ауызша сұрау |
13/11 |
|
11 |
11 |
Тіл ұстарту |
|
1 |
Теориялық білімін толықтырады |
Жазбаша жұмыс. |
20/11 |
|
12 |
12 |
Тест жұмысы. |
|
1 |
Сұрақтармен жұмыс |
Өзіндік жұмыс |
27/11 |
|
Сөз құрамы |
||||||||
13 |
13 |
Сөз. Сөз құрамы |
1 |
|
Теориялық білімін толықтырады |
Жазбаша жұмыс. |
04/12 |
|
14 |
14 |
Синоним сөздерді орынды пайдалана білу |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Баяндау, сұрақ-жауап |
11/12 |
|
15 |
15 |
Тұрақты сөз тіркестерін падалана білу |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Түсіндіру, пікірлесу |
18/12 |
|
16 |
16 |
Мақал-сөздің мәйегі |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Түсіндіру |
25/12 |
|
17 |
17 |
Шешендік сөздер туралы ұғым |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Түсіндіру, сұрақ-жауап |
08/01 |
|
18 |
18 |
Ұлттық шешендік өнер |
1 |
|
Танымын кеңейту |
Түсіндіру, сұрақ-жауап |
15/01 |
|
19 |
19 |
Тіл – қатынас құралы |
1 |
|
Теориялық білімін жетілдіреді |
Түсіндіру, пікірлесу |
22/01 |
|
20 |
20 |
Шешендер сөздеріндегі адамгершілікті дәріптейтін сөздер |
|
1 |
Теориялық білімін кеңейтеді |
Жазбаша жұмыс. |
29/01 |
|
21 |
21 |
Қанатты сөздер |
1 |
|
Теориялық білімін кеңейтеді |
жазбаша |
05/02 |
|
22 |
22 |
«Туған тілім-тұғырым» .Шығарма жазу. |
|
1 |
Қызығушылығын арттырады |
Ауызша түсіндіру, жазбаша |
12/02 |
|
23 |
23 |
Тест жұмысы. |
|
|
|
|
19/02 |
|
Сөз және Тіл байланысы |
||||||||
24 |
24 |
Ойталқы,сөзталас, айтыс |
1 |
|
Қызығушылығын арттырады |
Жазбаша жұмыс. |
26/02 |
|
25 |
25 |
Тура және ауыспалы, көпмағыналы сөздерді орынды пайдалана білу |
1 |
|
Қызығушылығын арттырады |
Жазбаша жұмыс. |
05/03 |
|
26 |
26 |
Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдер |
1 |
|
Қызығушылығын арттырады |
Әңгімелеу, қорыту |
12/03 |
|
27 |
27 |
Тіл ұстарту |
|
1 |
Қызығушылығын арттырады |
Мәтінмен жұмыс |
19/03 |
|
28 |
28 |
Тест жұмысы. |
|
1 |
Сұрақтармен жұмыс |
Өзіндік жұмыс |
09/04 |
|
Тіл білімі |
||||||||
29 |
29 |
Көңілден шыққан көрікті сөз |
1 |
|
Қызығушылығын арттырады |
Рөлге бөліп оқу |
16/04 |
|
30 |
30 |
Тілдің өмір салаларындағы қазіргі көрінісі |
1 |
|
Теориялық білімін қорытады |
Жазбаша жұмыс. |
23/04 |
|
31 |
31 |
Шешендер өмірінен |
1 |
|
Теориялық білімін қорытады |
Жазбаша жұмыс. |
30/04 |
|
32 |
32 |
Тіл ұстарту |
|
1 |
Қызығушылығын арттырады |
Жазбаша жұмыс. |
07/05 |
|
33 |
33 |
Тест жұмысы. |
|
1 |
Сұрақтармен жұмыс |
Өзіндік жұмыс |
14/05 |
|
Қорытынды. |
||||||||
34 |
34 |
Өтілген материалдармен жұмыс. |
1 |
|
Сұрақтармен жұмыс |
Өзіндік жұмыс |
21/05 |
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : М. Б. Махметова
Мұғалім үшін пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
-
А.Леубаева, «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық мәні» (Алматы, 2005ж)
-
С.Негимов «шешендік өнер» (Алматы, «Ана тілі» 1997ж)
-
Қазақ тілі. Шешендік өнер. Дидактикалық материалдар
-
«Қазақтың би-шешендері»
-
Б.Әлменұлы, «Шешендік сөздер» (Алматы, 1993ж)
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті журналы» (2007-2013жж)
-
Қазақ тілі (оқу әдістемелік құрал)
-
Қазақ әдебиеті (оқу әдістемелік құрал)
-
«Қазақ граматикасы» Астана. 2002ж
-
«Қазіргі қазақ тілі» М.Балақаев, Т.Сайранбаев
-
Қазақ тілі («Шың» тесттер жинағы)
-
Қазақ әдебиеті («Шың»тесттер жинағы)
Білім алушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
-
Р.Әміров, Ж.Дәулетбекова «Сөз тазалығы – тіл мәдениетінің алғы шарты» (Алматы 2006ж)
-
І.Есхожин «Шешендік шиырлар»
-
А.Қобыланова «Қазақ сөз этикеті» (Алматы, 1991ж)
-
Н.Төреқұл «Билер сөзі – ақылдың көзі»
-
М.Есләмғалиұлы «Әйтеке би» (Алматы, 2007ж)
-
А.Леубаева, «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық мәні» (Алматы, 2005ж)
-
С.Негимов «шешендік өнер» (Алматы, «Ана тілі» 1997ж)
-
Қазақ тілі. Шешендік өнер. Дидактикалық материалдар
-
«Қазақтың би-шешендері»
-
Б.Әлменұлы, «Шешендік сөздер» (Алматы, 1993ж)
-
«Қазақ граматикасы» Астана. 2002ж
-
Б.Әлменұлы, «Шешендік сөздер» (Алматы, 1993ж)