Материалдар / Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған "Абай әлемі" тақырыбындағы авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған "Абай әлемі" тақырыбындағы авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
943
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚҰМТОҒАЙ ОРТА МЕКТЕБІ






Ырғыз аудандық білім бөлімінің


« » ––––––––––2017 жылғы

№–––––––––– бұйрығымен

Б Е К І Т І Л Д І







«АБАЙ ӘЛЕМІ»


БАҒДАРЛАМАСЫ

(6 сыныпқа арналған)






Құрастырғандар: Ғ.Ә.Әжмағанбетов,

Л.М.Төлеуова.












Құмтоғай - 2017 ж

1. Бағдарламаның негізі: «З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі», «Ғ.Есім «Хакім Абай» , «Қ.Мүхамеджанов «Абайдың ақын шәкірттері», «М.Мырзахметов «Абай және Шығыс», «Ұлттық энциклопедия» әдістемелік құралдарын басышылыққа алып құрастырған.




Құрастырғандар: Ғ.Ә.Әжмағанбетов, Л.М.Төлеуова.




«Құмтоғай орта мектебі» ұйымының әдістемелік -педагогикалық кеңесі

отырысында «Абай әлемі» бағдарламасы талқыланды.


Хаттама № 1 « 28 » тамыз 2017 жыл.




Мектеп директоры: Ғ.Ә.Әжмағанбетов









Аудандық сараптау комиссиясының отырысында «Абай әлемі» бағдарламасы мақұлданды.








Сараптау комиссиясы төрайымы __________________________________




Хаттама № ______ «_____» ______________2017жыл



Түсінік хат

Қазіргі таңдағы білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалпыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушылардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

6-класта қазақ әдебиеті пәнінен жасалынған «Абай әлемі» курсынан жыл бойына жасалынған жоспары қазақ әдебиетіндегі бас ақынымыз, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналады. Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.Оқушыларды көркемдік әлеміндегі тұтастықты, қоршаған ортадағы үйлесім мен жарастықты және адамзат баласына тән ізгі қасиеттерді оқушы бойына ұялату, ана тілімен дарыған құныдылықтарымызды бойларына сіңіру. Өзектілігі: Оқушылардың өз бетінше бетінше іздене білуіне, шығармашылықпен айналысуына бағыт беру.Ақын өмірі мен шығармаларын зерттеу, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйрету. Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.Оқушыларды көркемдік әлеміндегі тұтастықты, қоршаған ортадағы үйлесім мен жарастықты және адамзат баласына тән ізгі қасиеттерді оқушы бойына ұялату. Оқушылардың қызығушылығы мен талғамына, ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты оқушының оқылатын шығармаларды таңдау мүмкіндіктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту жағы көзделген. Курстың мақсаты мен міндеттері:

Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға жаңаша қырынан тереңдете меңгерту, ақын өмірінің бізге беймәлім тұстарын зерттеу жүргізу. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Осы мақсаттардан туындайтын міндеттер: -оқушылардың Абай өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін сезіндіру, туған елін Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету. -халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері, әндері, қарасөздері мен поэмаларының таралуын насихаттау.





Курстың практикалық маңыздылығы:

Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде шығармашылықпен, жан-жақты ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Курстың құрылымы: Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған.: Сабақтың жүргізу әдістері:

Қосымша материалдармен жұмыс: өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу , ақын шығармаларынан диалогы мол үзінділерді рөлге бөліп жаттау, көркем шығармалардағы көріністі сахнада қою, көркем шығармаларды мәнерлеп, оқу, теориялық, практикалық сабақтар. Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары: - қара өлеңнің құдіретін түсіне білуге үйрету, ақынның өзіне тән ерекшеліктерін айқындау. - ақын шығармаларының мәнін жете түсіне білуге, шығармаларындағы құндылықтарды есіне сақтай білуге үйрету. - көркем шығарманы нақышына келтіріп тыңдаушыға жеткізу, тыңдаушының ой-қиялын баурап алу. Біліктері: - оқушыларды өз бетінш іздене білуге дағдыландыру. -әдеби білім өрісін кеңейту. - Абай шығармаларын терең меңгеру. - шығармаларды мәнерлеп оқудың ерекшелігін анықтау. - оқушының материалмен өз бетінше жұмыс жасауы; - алған білімдерін практика жүзінде көрсете алуы; - көркем шығармаларды талдай білу; Оқушылардың білімін бағалау: І. Теориялық білімдер бойынша 1. Кіріспе бөлімі. Ақын өмірі 2. Абайдың шәкірттік кезеңі,ел билеу ісіне араласуы 3. Абай мұрасының рухани көздері, ақындық жолға бет бұруы. Абайдың білім маңызын насихаттауы,сөз өнерін бағалауы 4. Абай шығармалары, әндері,поэмалары. Абай қара сөздері,аудармалары ІІ. Тестілеу 1. Ақын өмірі 2. Абай шығармалары, әндері,поэмалары. Абай қара сөздері,аудармалары 3. Курсқа қорытынды Күтілетін нәтиже:

Ақын өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат алу. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.Көркемдеп,мәнерлеп сөйлеудің амал-тәсілдерін, сөз саптау ой өткірлігі мен сезім ширақтығына негізделетінін, сөйлей және мәнерлеп оқи білудің қалыптасқан жүйесін, көркем шығармадан диалогы мол үзінділерді рөлге бөліп жаттау, қара сөзді келістіре оқудың қыр-сырын ұғынуы тиіс. Оқушының зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу.

Құмтоғай орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі Әжмағанбетов Ғабит

Әбілұлының 6-класқа арналған «Абай әлемі»

бейімделген курсынан жасалынған бағдарламасына


Пікір

2017-2018 оқу жылында пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асыру мақсатында 6-класта қазақ әдебиетінен «Абай әлемі» курсының жылдық жұмыс жоспары жан-жақты құрылған.

Курс бағдарламасы жан-жақты жасалған,оқушының әдебиетке деген қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Бұл курстың басты мақсаты ақын өмір мен шығармаларын, ол туралы беймәлім мәліметтермен таныстыру. Бағдарлама материалдары жеке тұлғаның қабілетін, сауатын және көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, оны тыңдаушыға жеткізуде қосар үлесі мол. Ақын өмірі мен шығармаларын зерттеу, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйретуде бұл бағдарламаның қажеттілігі бар деген пікірдемін.







Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі: Мукаева З.А.



















Тақырыптың мазмұны

«Абай әлемі» курсы – 34 сағат

6 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Кіріспе ( 2 сағат) Кіріспе. Абайдың шыққан тегі,балалық шағы.



Абайдың шәкірттік кезеңі (3 сағат)

Алғашқы сауатты ауыл молдасынан ашуы. Абайыдң әкесінің Семейге оқуға жіберуі. Ахмет-Риза медресесі. Семейдегі «Приходская школада» оқуы. Абайдың ел билеу ісіне араласуы.

Абай мұрасының рухани көздері (6 сағат) Абай мұрасының рухани көздері. Абайдың ақындық жолға бет бұруы. Абайдың білім маңызын насихаттауы. Абайдың сөз өнерін бағалауы.

Абай шығармалары ( 10 сағат) Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасы. Абайдың философиялық лирикасы. Абайдың ән-күй қазынасы. Абайдың поэмалары («Масғұт», «Ескендір»). Абайдың аудармалары. Абайдың қарасөздері (оқу,ғылым жөнінде). .



Шығармашылық жұмыстар (6 сағат) Ақын өмірі,шығармашылығы. Абай мұрасының рухани көздері. Абай – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы. Шығарма жұмыстарын жазу.



Тест жұмыстары ( 4 сағат) .

Ақын өмірі,шығармашылығы. Абайдың лирикасы. Абайдың ән-күй қазынасы. Абайдың поэмалары («Масғұт», «Ескендір»). Абайдың аудармалары.

Қорытынды ( 3 сағат) .

Қорытынды. Абай – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы. «Абай – тұтас бір әлем»













Оқу тақырыптық жоспары

6-класс (аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат)

Сабақтың реті

Тақырыбы

Сағат саны

Білім нәтижесі

Оқу әдіс-тәсілдері

Ескерту

лекция

практика

1

1,2

Абайдың шыққан тегі,балалық шағы

2


Танымын кеңейту

Баяндау, сұрақ-жауап


2

3,4

Абайдың шәкірттік кезеңі

2


Қызығушылығын арттырады

Баяндау


3

5

Абайдың ел билеу ісіне араласуы

1


Танымын кеңейту

Сұрақ-жауап,түсіндіру


4

6,7

Абай мұрасының рухани көздері

2


Танымын кеңейту

Сұрақ-жауап,түсіндіру


5

8

Шығармашылық жұмыс.


1

Теориялық білімін толықтырады

шығарма


6

9

Тест


1

Теориялық білімін толықтырады

жазбаша


7

10,11

Абайдың ақындық жолға бет бұруы

2


Танымын кеңейтеді

Баяндау,сұрақ-жауап


8

12

Абайдың білім маңызын насихаттауы

1


Танымын кеңейту

Түсіндіру, ауызша сұрау


9

13

Абайдың сөз өнерін бағалауы

1


Танымын кеңейту

Сұрақ-жауап


10

14,15

Шығармашылық жұмыстар.


2

Қызығушылығын арттырады

Пікірлесу,жазбаша (шығарма)


11

16

Тест


1

Теориялық білімін толықтырады

жазбаша


12

17

Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасы

1


Танымын кеңейту

Түсіндіру, жұптық жұмыс


13

18

Абайдың философиялық лирикасы

1


Танымын кеңейту

Түсіндіру,пікірлесу


14

19,20

Абайдың ән-күй қазынасы

2


Танымын кеңейту

Түсіндіру, ауызша


15

21,22

Абайдың қарасөздері (оқу,ғылым жөнінде)

2


Қызығушылығын арттырады

Түсіндіру, сұрақ-жауап


16

23,24

Абайдың поэмалары («Масғұт», «Ескендір»)

2


Дүниетанымын кеңйтеді

Түсіндіру, ауызша


17

25

Шығармашылық жұмыстар.


1

Теориялық білімін жетілдіреді

жазбаша


18

26

Тест жұмысы


1

Теориялық білімін кеңейтеді

жазбаша


19

27,28

Абайдың аудармалары

2


Теориялық білімін кеңейтеді

Ауызша түсіндіру


20

29,30

Абай – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы

2


Қызығушылығын арттырады

Ауызша түсіндіру


21

31

Қорытынды. «Абай – тұтас бір әлем»

1


Қызығушылығын арттырады

Пікірлесу, сұрақ-жауап


22

32,33

Шығармашылық жұмыс. Сынақ.


2

Қызығушылығын арттырады

Жазбаша


23

34

Тест тапсырмалары.


1

Теориялық білімін қорытады

Жазбаша


























Әдебиеттер:



Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» (Алматы, 1995ж)

  2. Ғ.Есім «Хакім Абай» (Алматы 1995ж)

  3. Қ.Мұхамедқанов «Абайдың ақын шәкірттері» (Алматы, 1993ж)

  4. М.Мырзахметов «Абай және Шығыс» ((Алматы, 1995ж)

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы «Алматы, 2004ж №2,5,8,9

  6. Ұлттық энциклопедия, алматы, 1999ж №1

  7. М.Мырзахмедов «Абайдың адамгершілік мұраттары» (Алматы, 1993ж)





Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



  1. А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы,1-2 томдары,Алматы,1995ж

  2. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-2 том

  3. М.Әуезов «Абай Құнанбаев» (Алматы, 1995ж)

  4. М.Мырзахмедов «Абайды оқы, таңырқа» (Алматы, 1995ж)

  5. «Абай» шығарамалар жинағы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!