Материалдар / Қазақ тілінен 9 сынып оқушыларына фунционалдық сауаттылығын арттыруға арналған мәтіндер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен 9 сынып оқушыларына фунционалдық сауаттылығын арттыруға арналған мәтіндер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тапсырмалар 9 сынып оқушыларына тыңдалым, оқылым бойынша жүйеленді. Тақырыптың ерекшелігіне қарай тыңдалым, оқылым әрекетінің түрлерін кешенді түрде қолдану міндеттеледі. Тыңдалым, оқылымды алып отырған себебіміз,9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға, мемлекеттік емтиханға дайындау мақсатымен құрастырылған. Көмекші құралдың тапсырмалары қазақ тілі сабақтарында меңгерген материалын қайталау арқылы, есте сақтауына, оны жете меңгеруіне көмектеседі. Тыңдалым, оқылым әрекетіне байланысты оқушылар мәтіндерді түсініп сұрақтардың дұрыс жауабын белгілейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
9961
48 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» ММ





Қазақ тілінен 9 сынып оқушыларына фунционалдық сауаттылығын арттыруға арналған мәтіндер.

(Оқу – әдістемелік құрал)

Авторлары:қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Б Бердыгужинова Ақмарал Кенжебекқызы,

Оспанова Анара Асановна,

Доскеева Жанар Мәулетовна.


Қостанай,2018




1.Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Біз бесінші сыныпты бастаған жылы жағрапия пәнінен мектеп директорының тәртіп жөніндегі орынбасары сабақ беретінін естіп қорқып қалдық. Өйткені біздің сынып оқушылары үшін «тәртіп» деген сөз онша ұнамайтын. Сыныпта бар болғаны төрт-ақ ұл. Бірақ тәртіп бұзатын ұлдар емес, қалған он алты қыз еді. Қыздар көп болғандықтан да, ұлдар тыныш жүретін, ал қыздар ұлдар сияқты небір ойға келмейтін оқиғалар ойлап табатын. Біз аз уақыттың ішінде осындай еркіндіктен айырылып қаламыз деп ойламаған едік.
Зағипа апай «тәртіп» деген жалғамасы болса да қатал емес екен. Сабақта ұрыспақ түгілі дауыс көтермейді де. Бірақ ол кісінің жәй айтқан әрбір сөзі біздің жүрегімізге сіңе берді.
«Жағрапия – ең бірінші картамен жұмыс істей білу. Сендер ер жеткен кездеріңде әлемге жол ашылады, еш кедергісіз жер шарының түкпір-түкпіріне баратын боласыңдар. Сол кездерде әрине мені ұмытарсыңдар, бірақ әрбір елдің жағрапиялық жағдайын, табиғи ерекшеліктерін, тіпті астанасы мен қала аттарын, өзен-көлдерін біліп тұрсаңдар, менің еңбегімнің босқа кетпегені» деп жиі айтатын. Ол кез-келген уақытта, кез-келген сұрағымызға қуана да сүйсіне жауап беретін. Жағрапия оқулығы аз уақыттың ішінде біздің бас көтермей оқитын пәнімізге айналды. Зағипа апайдың жағрапиясы біздің басқа пәндерді де қызыға оқуымызға септігін тигізді.
1. Мәтін тақырыбы ... туралы.
А) жағрапия (география) пәні
В) мұғалім
С) тәртіп
D) оқушылар
2. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Жағрапия оқулығы аз уақыттың ішінде біздің
бас көтермей оқитын пәнімізге айналды.
А) жақсы
В) сүйікті
С) қиын
D) керекті
3. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Зағипа апайдың жағрапиясы біздің басқа пәндерді де қызыға оқуымызға
септігін тигізді.
А) жақсылығын
В) көмегін
С) мақсатын
D) жақсы жағын
4. Әңгіменің қорытындысы бойынша оқушылар
А) жағрапия пәнін оқымады
В) жағрапия пәнін жақсы көріп кетті
С) жағрапия қызықты пән деді
D) жағрапия керек деді






2.Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

«Солтүстік Тянь-Шаньның маржандары» аталатын «Көлсай көлдері» Күнгей Алатауында 1887 және 1911 жылдары болған жер сілкінісі салдарынан пайда болған екен. Ал енді «Көлсай көлдері» деген атауға келсек, көрікті көлсай көлінің өзі – Жоғары, Ортаңғы және төменгі Көлсай деп аталатын үш көлден тұрады. Және де әр көлдің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Жоғары Көлсай – 1800 метр биіктікке орналасқан. Тіпті осы үш көлдің тереңдігі де әр түрлі, жағадағы көлсайдың терең жері – 24 метр екен. Ортаңғы Көлсайдың ұзындығы – 1150 метр, тереңдігі – 57 метр, ол өзіміз суретін Алматының Арбатынан тамашалап жүрген төменгі Көлсайдың тереңдігі орта есеппен 60-85 метр көрінеді. Табиғаттың берген тағы бір сыйы, Көлсай Көлдерінің барлығында дерлік патша балық еркін ойнақ салып жүр. Әрине, аулауға қатаң тыйым салынған. Бұған қоса, осындағы Қайынды көлі де – туристерді тартуға болатын көрікті де табиғаты әсем көлдердің бірі. Қайыңды көлінің суы алуан түрлі тамақ ауруларына мың да бір шипа екен. Мұны жергілікті тұрғындар жыр ғып айтады.
1). Мәтін мазмұны ... туралы.
А) Көлсай көлдері
В) жоғарғы Көлсай
С) ортаңғы Көлсай
D) төменгі көлсай
2). Сөйлемді жалғастырыңыз.
Көлсай көлдері 1887 және 1911 жылы пайда болған себебі ...
А) Алатауда қар көп
В) Алатау мұздары еріген
С) жер сілкінген
D) жаңбыр көп жауған
3). Сәйкес сөйлемді табыңыз.
Көлсай көлдерінің барлығында дерлік патша балық еркін ойнақ салып жүр.
А) көлдерде балық көп
В) балықтың түрлері де көп
С) үш көлде де патша балық жүзіп жүр
D) Патша балықтар еркін жүзіп жүр
4). Сөйлемді жалғастырыңыз.
Патша балықты аулауға болмайды, себебі ...
А) олар аз
В) қызыл кітапқа енгізілген
С) қатаң тыйым салынған
D) балықтарды көбейту керек

3.
Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Отбасында берілетін бата.

Бата – біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз. Батаны жасы үлкен адамдар береді.

Бата жастарды әдепті, сабырлы, білімді, адал, дәулетті, бақытты, кешірімді болуға, жерін, елін қорғауға шақырады.

Бата отбасының бірлігін, адамгершілігін сақтауға ерекше қызмет атқарады.

Бата тұрмыстағы әртүрлі оқиғаларға байланысты айтылады: сәбиді бесікке салғанда, жүре бастағанда, атқа алғаш мінгенде, сапарға шығар алдында, үйлегенде, т.б.

Сондай-ақ әртүрлі мерекелерде, дастарқан басында тамақ ішкенде, т.б. жағдайларда бата береді. Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді деп есептеледі. Сондықтан бата алу үшін адамдар отбасында әдәпті, қонақжай болуға тырысады. Бата үйдегі адамдарды сыйластыққа тәрбиелейді.

1. Біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз не?

А) бата

В) бақыт

С) әдепті

D) сабырлы

Е) адал

2. Батаны кімдер береді?

А) жастар

В) жасы үлкен адамдар

С) балалар

D) сәбилер

Е)адамдар

3. Жастарды не әдепті, сабырлы болуға шақырады?

А) бата

В) бақыт

С) әдепті

D) сабырлы

Е) адал

4. Бата ненің бірлігін, адамгершілігін сақтауға қызмет атқарады?

А) достықтың

В) бақыттың

С) отбасының

D) адамның

Е) мемлекеттің

5. Сапарға шығар алдында не айтылады?

А) сапар

В) бақыт

С) оқиға

D) тұрмыс

Е) бата

4. Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Шоқан Уәлиханов.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедқанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы аға сұлтан болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі.

Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы жайлауда өткен. Ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Оған тәрбие беруде әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні білімімен танысты. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды

1. Шоқанның арғы атасы кім?

А) Шыңғыс

В) Уәли

С) Абылай

Д) Құсмұрын

Е) Қанафия

2. Әжесі Мұхаммедқанафияны кім деп еркелеткен?

А) Шыңғысым

В) Уәлиім

С) Абылайым

Д) Шоқаным

Е) Қанафиям

3.Оны кім тәрбиелеген?

А) әжесі

В) атасы

С) әкесі

Д) анасы

Е) ұлы атасы

4. Шоқан қандай тілдерді білген?

А) ағылшын, неміс, француз

В) парсы, шағатай, қытай

С) шағатай, парсы, араб

Д) испан, украйн, араб

Е) шағатай, орыс, монғол

5.Атасы Уәли қай жүздің ханы болған?

А) орта

В) ұлы

С) хан болмағн

Д) кіші

Е) дара



5.Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.


Сұлтан Баймағамбетовтың соғыстағы екі жылы ұрыстың от-жалыны ішінде өтті. Осы уақыт ішінде он төрт рет жараланды, бірақ госпитальда ұзақ жатпады.

Ленинград майданының Синявино-Минск участогіндегі Сұлтан қызмет атқарып жүрген бөлімше шабуылға шығу жөнінде бұйрық алды. Фашистер пулеметтен күшті оқ жаудырып, біздің шабуылымызды кідіріп қалды. Осы кезде аға сержант Баймағамбетов дзотқа қарай еңбектей жөнелді. Ол дзотқа еңбектеп барып, кенет ұшып түрегелді де өзінің денесімен амбразураның аузын жауып,1943 жылы шілденің 25-і күні Ленинград облысы Киров ауданы Синявино елді мекенінде қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 21 ақпандағы Жарлығымен қолбасшылық тапсырмаларын үлгілі орындағаны және неміс-фашист басқыншыларымен ұрыстарда ерлік пен батырлық көрсеткені үшін аға сержант Сұлтан Баймағамбетовке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол жылы Қостанайдағы Красный Пахарь көшесі Сұлтан Баймағамбетовтің есімімен аталды.



I-нұсқа

1.Сұлтан Баймағамбетов кім ?

А.Кеңес Одағының Батыры, пулеметші

В.Ұшқыш- ардагер

С.Неміс-фашист басқыншылары

Д.Жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры

Е. Красный Пахарь

2.Ол қанша рет жараланды?

А.он төртінші

В.он төрт

С.төртеу

Д.екі

Е.бірнеше

3.Қаламызда оның есімімен көшені қай жылы атады?

А. 1943 жылы

В.1942 жылы

С.1941 жылы

Д.1945 жылы

Е.1944 жылы

4. Ленинград майданында қандай қызмет атқарып жүрген?

А. аға сержант

В. бөлімше шабуылға шығу жөнінде

С. өзінің денесімен

Д. госпитальда ұзақ жатпады

Е. он төрт рет жараланды



6. ОҚЫЛЫМ. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.


Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Ағайын арасында берекесі бар адамдар- аталар мен әжелер болып есептелген.

Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.

Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.

Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған.

1. Қазақ отбасының әулет басшысы?

А) Бала

В) Қыз бала

С) Ұл бала

D) Әке

Е) Ана

2. Қазақ отбасы неше ұрпақтан тұрады?

А) Бір

В) Екі

С) Үш

D) Төрт

Е) Алты

3. Ағайын арасының берекесі кімдер?

А) Туыс-туған

В) Жамағат

С) Көрші-көлем

D) Аталар мен әжелер

Е) Ауыл-аймақ

4. Негізгі туыстық қарым-қатынас

А) Ерлер жағынан

В) Әйелдер жағынан

С) Нағашы жұрт жағынан

D) Қайын жұрт жағынан

Е) Құдалар жағынан

5. Ежелгі дәстүр бойынша тұңғыш немерені кімдер тәрбиелеген?

А) Әке-шешесі

В) Нағашылары

С) Туыстары

D) Қайын жұрты

Е) Ата-әжесі



7. Оқылым

Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.

1

Б

2


3


4


5


6


Ең қымбат жеміс

Бір адамның үш ұлы болыпты. Бір күні ол балаларын шақырып алады да:

Мен сендердің әрқайсыңа бір - бір қап алтын беремін. Жолға шығыңдар да, ел кезіп, ең қымбат деген жемісті тауып әкеліңдер. Кімде-кім жеміс асылын алып келсе, мен байлығымды соған беремін, – дейді.

Үш ұлы алтын салынған үш қапшықты арқалап алып, ең қымбат жемісті іздеуге аттанып кетеді.

Үш жылдан соң үшеуі де әкесіне оралады.

Кәне, ең қымбат жемісті таптың ба? – деп әкесі үлкен ұлына қарайды.

  • Әкелдім, әке, бұл шынында да ең асыл, ең дәмді жеміс. Мен саған жүзім әкелдім. Жер бетінде өсетін жемістердің ең асылы – жүзім.

Жақсы жеміс әкеліпсің, ұлым, - дейді әкесі. – Ал сен қандай жеміс әкелдің? – деп, ортаншы баласына қарайды.

Әке, мен де өзімше ең қымбат, ең сирек кездесетін жеміс таптым деп ойлаймын. Оңтүстік елдерге барып, біздің жақта өспейтін әрі сирек кездесетін жемістер сатып алдым. Мен саған кокос жаңғағын, шабдалы, құрма шырынын, тағы басқа жеміс түрлерін алып келдім. Ұнағанын таңдап жеңіз, – деп әкесіне ұсынады.

Ал сен не жеміс әкелдің? Қолыңда еш нәрсе көрінбейді ғой.

Дұрыс айтасың, әке, мен құр қол қайттым. Өзің берген ақшаңды қымбат жемістер сатып алуға жұмсамадым. Мен оқуға түстім, онда оқытушылар мен кітаптардан үш жыл сабақ алдым. Бірақ мен жинаған жемістер көзге көрінбейді, неге десеңіз, олар жүрегім мен ойыма ұялады. Ең қымбат жеміс осы ғой деген тиянақты тұжырымға келдім, әке, - дейді.

Сен дұрыс істепсің, ұлым, мұның бәрі жақсы жемістер. Ішінен бірін таңдап алармын, -дейді әкесі. Енді ол кенже ұлына бұрылып:

Бұл сөзді естігенде, әкесінің қуанышы қойнына сыймайды.

  • Сен маған ең қымбат жеміс әкелдің, ұлым! Сенімімді ақтап, өзіңді сыйлауға тұрарлық балам болдың. Жер бетінде білімнен асыл жеміс жоқ, - дейді оған.

 1. Балалардың қайсысы құр қол қайтты?

а) біріншісі

ә) екіншісі

б) бәрі

в) үшіншісі

2. Мәтін ненің пайдасы туралы?

а) жемістердің

ә) саяхаттың

б) білімнің

в) шындықтың

3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Алтын алма, білім ал.

ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

б) Ерінбеген елге жетеді.

в) Әділ айтқан жеңер.

4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

а) Алтын, қап, ұл, қымбат

ә) Өмір, дәмді, жеміс, асыл

б) Жүзім, шабдалы, құрма, байлық

в) Асыл жеміс, оқу, білім, сенім.

5. Мәтінде жауабы бар сұрақты көрсетіңіз.

а) Жүзімнің пайдасы неде?

ә) Ең қымбат жеміс не?

б) Балалардың алтыны қалды ма?

в) Балалар қай елдерге барды?


8 . Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып:

- Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара.

Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 1. Құмырсқа қандай қателік жасады?

а) достарын сатып кетті

ә) ескі достарымен бірге болды

б) үйінен алысқа кетіп қалды

в) жазда дән жинамады

2. Мәтінде қандай антонимдер бар?

а) қоңыз, ара

ә) жаңа, ескі

б) көмек, жұмыс

в) сұрау, айту

3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Нағыз дос дұшпан болмас

ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

б) Күлме досыңа, келер басыңа.

в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 

4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?

а) Бірге көтерген жүк жеңіл.

ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!

б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?

в) Жолдасын тастаған жолда қалар.

5. «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?

а) құстар

ә) балықтар

б) жәндіктер

в) аңдар








9. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Ертеде бір хан жауқазын гүлінің көктемде қалай ашылатынын көрсете алған адамға жарты патшалығын бермек болып, жар салдырыпты.

Адамдар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылыпты.Ешкім де жауқазын гүлінің балбырап ашылған сәтін көрсете алмапты.

Хан патшалығында жас жұбайлар кішкентай сәбиін көтеріп, көздің жауын алып, қып – қызыл, сап – сары болып тауда өсіп тұрған гүлдердің жанына барыпты. Бала келген бетте – ақ құлпырған алқапты көріп, таңғы шықтай мөлдір күлкісімен рахаттана күліпті.

Сәби күлкісінен жауқазын гүлдері әп – сәтте түп – түгел жайқала ашылып, төңіректі кілемдей құлпыртып жіберіпті.

1. «жауқазын» сөзінің аудармасын табыңыз.

а) роза

ә) подснежник

б) шафран

в) гвоздика

2. Баланың мінезі қандай болады?

а) ашық, өткір, қатал, сараң

ә) ашық, ерке, пәк, ойнақы

б) шығармашыл, кәсіпкер, мейірімді, ұқыпты

в) іскер, жауапты, адал, еңбекқор

3.Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

ә) Бала тілі бал.

б) Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

в) Ойнақтаған бала от басады.

4. Мәтіндегі негізгі ойды көрсетіңіз.

а) Гүлдер өмірдің сәні.

ә) Бала күлкісінің құдіреті мол.

б) Күлкі өмір ұзартады.

в) Күлме досыңа, келер басыңа.

5. Мәтінде қазақтың қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?

а) еңбекқорлық

ә) балажандылық

б) кеңпейілділік

в) бауырмалдық












10. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Қазақ - қонақжай халық.

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу-ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек.

Қонақ күту-қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды.

І-нұсқа


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

1. Қазақ халқы қандай адамды қарсы алған?

А) «қырсық қонақпын»

В) «құдайы қонақпын»

С) «құдайсыз қонақпын»

Д) «жаман қонақпын»

Е) «жабайы қонақпын»

2. Қонақ күту қандай іс?

А) өтірік іс

В) жауапсыз іс

С) жалған іс

Д) жауапты іс

Е) айлакер іс

3.Ең алдымен қонақтарға не беріледі?

А) су, айран

В) шұбат, су

С) шай, қымыз

Д) қымыз, сорпа

Е) қымыз, шұбат

4. Қазақ халқы үшін не істемеу ұят болады?

А) қонақты алдау, өтірік айту

В) қонақты қарсы алмау, жалған сөйлеу

С) қонақты қарсы алмау, күтпеу

Д) қонақты ұру, күтпеу

Е) қонақты күтпеу, қуу

5.Қазақ халқы неге мән көп берген?

А) шығарып салуға, қарсы алуға

В) қуып жіберуге, қарсы алуға

С) қарсы алуға, күтпеуге

Д) шығарып салуға, жалған сөйлеуге

Е) шығарып салуға, қарсы алмауға







ТЫҢДАЛЫМ

1. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Менің атым Қожа, фамилиям Қадыров. Бір кезде Қадырұлы деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда мұным жарамас дедім де, Қадыровқа қайтып келдім. Қадыр – менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда жүрегім қарс айырыла жаздайды - ау! Қандай жақын, қандай ыстық! Балалар менің әкем үйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады. Ех, қайран әкем, егер сен тірі болсаң, мүмкін мен әлемді шулатып жүрген сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар ма едім?!.
(Б.Соқпақбаев, 117 сөз)

1). Мәтін мазмұны ... туралы.
А) Қожа
В) Қадыров
С) Қожаның әкесі
D) балалар және әке
2). Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Сол кеткеннен абзал әкем
мол кетті.
А) кетті
В) кететін болды
С) қайтпады
D) келіп кетті
3). Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар ма едім?!
А) тәртіпті
В) тәрбиелі
С) бұзық
D) ерке
4). Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Мұным жарамас дедім де,
Қадыровқа қайтып келдім.
А) Қадыров болып жазылдым
В) Қадыровқа айттым
С) Қадырұлы болдым
D) Қадырұлымын



2.Тыңдалым.Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Театр өнері.

«Театр» - көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді.

Қазақ театрының тарихы 1914-1915 жылдарынан басталады. Сол жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-1924 жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген драмалық үйірмелер ұйымдастырылды. Ал тұнғыш кәсіби театрымыз 1925 жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана – Алматыға қоныс аударып, Қазақтың мемлекеттік драма театры атанды.

1. Театр ана тілімізге аударсақ қандай мағына береді?

А) қарапайым

В) көретін орын

С) деген

D) театр

Е) көне

2. Қазақ театрының тарихы қашаннан бері басталады?

А) 1918-1924

В) 1917

С) 1925

D) 1914-1915

Е) 1928

3. Қай жылы өнер ордасы Қазақтың мемлекеттік драма театры деп атанды?

А) 1918-1924

В) 1917

С) 1925

D) 1914-1915

Е) 1928

4. Тұнғыш кәсіби театрымыз қай жылы ашылды?

А) 1918-1924

В) 1917

С) 1925

D) 1914-1915

Е) 1928

5. Тұнғыш кәсіби театрымыз қай қалада ашылды?

А) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы

В) Алматы

С) Қызылорда

D) Шымкент

Е) Орынбор



3.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Емтихан.

Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. 1703 жылы Мәскеуде тұңғыш рет Глюктің мектебі мен Санкт-Петербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда 1726 жылы шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 жылы халық училищелерінде көпшілік алдында жазда, қыста емтихан тапсыру тәртібі енгізілді. 1837 жылы «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сыныақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет жылына 2 рет Алтынсарин мектептерінде қолданылады.

Қазіргі кезде оқу орындарында қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі.

І-нұсқа

1. Емтихан тапсыруда неше балдық жүйе қолданылды?

А) 5

В) 4

С) 3

Д) 10

Е) 7

2. Емтихан тапсыру алғаш рет қай ғасырда қолданылған?

А) соңғы ғасырда

В) ғасырдың басында

С) орта ғасырда

Д) жылдың соңында

Е) жылдың ортасында

3. Глюктің мектебінде емтихан қашан қабылданды?

А) 1726

В) 1786

С) 1837

Д) 1703

Е) 1756

4. Жылына неше рет көпшілік алдында емтихан тапсыру тәртібі енгізілді?

А) 2 рет

В) 3 рет

С) 1 рет

Д) тапсырмайды

Е) 4 рет

5. Қай жыл мезгілдерінде емтихан қабылданған?

А) қыс пен жазда

В) жаз бен көктемде

С)көктем мен күзде

Д) қыс пен күзде

Е) көктем мен күзде

4.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған.

Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме–дүкен құрып, қонақпен бірге отырады.

Тест. I-нұсқа

1.Қонақты кім қарсы алады?

А.көрші

В.әйелі

С.қонақ өзі

Д.үй иесі

Е.бойжеткен

2.Қонаққа есікті кім ашады?

А.ұл баласы

В.қыз бала

С.атасы

Д.әжесі

Е.үй иесі

3. Ал қонақты шығарып саларда, есікті кім жабады?

А.қонақ өзі

В.үй иесі

С.келін

Д.құда

Е.немере

4. Қазақ халқы қонақтарды қалай бөлген?

А.сұрама, арнайы

В.құдайы, құдалық

С.арнайы,құдайы, қыдырма

Д.келетін,шақыру

Е.қыдырма,шақырусыз

5. Ең алдымен қонақтарға не берген?

А.қымыз, шұбат

В.шай,май, бауырсақ

С.сүт, кәмпит

Д.сорпа,бауырсақ

Е.бесбармақ, сорпа




5.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Жер жаннаты — Жетісу

Жетісу — қазақ даласының баға жетпес бір мекені. Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері бар өңір «Жетісу» деп аталып кеткен.

Алматы облысы Жетісу жерін қамтиды. Жетісу жерінде 1 519 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Атап айтқанда, 1 250 археологиялық, 262 сәулет ғимараты және 7 табиғи

ескерткіш бар.

«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрі бар. Олардың

21 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Жануарлар әлемі бойынша саябақтың аумағындағы 56 түрлі жануар Қазақстанның Қызыл Кітабына енген.

«Ақсу Жабағылы» — Қазақстанның ең көне қорығы. Ол — Орталық Азиядағы

ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық.

«Іле-Алатауы» ұлттық табиғи саябағында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар. Бұл

өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.

Есік өзенінің маңынан ХХ ғасырдың 70 жылдары алтын киімді сақ жауынгері

табылған. Жауынгердің басына күн құдайының символы қанатты аттар бейнелен-

ген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Ұзын қылышы мен қысқа

қанжары бар. Жауынгердің жанына саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз,

кесек-кесек ет салынған асаяқтар, күміс пен қоладан жасалған қымбат құтылар

қойылған.

Антропологтардың анықтамасы бойынша, Есік қорғанында жерленген адамның

жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген.

1. Қандай өзендері бар өңір «Жетісу» деп аталып кеткен?

A) Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу

B) Лепсі, Басқан,Ақсу, Бүйен, Қаратал ,Көксу

C) Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу, Қаратал және Көксу

D) Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал ,Көксу

E) Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу, Бүйен, Есіл, Ертіс

2. Қазақстанның ең көне қорығы?

A) «Ақсу Жабағылы»

B) «Алтынемел»

C) «Жетісу»

D) «Наурызым»

E) «Қорғалжын»

3. Жетісу жерінде тарихи-мәдени қанша ескерткіш бар?

A)1520.

B)1 519

C)1518 .

D)1517.

E)1516.

4.Қай ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрі бар?

A) «Ақсу Жабағылы»

B) «Алтынемел»

C) «Жетісу»

D) «Наурызым»

E) «Қорғалжын»

5. Қай ұлттық табиғи саябағында өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген?

A) «Іле-Алатауы».

B) «Алтынемел»

C) «Жетісу»

D) «Наурызым»

E) «Қорғалжын»





6. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Қазақ отбасындағы бірінші талап.

Қазақ отбасында бірінші әке, содан кейін шеше, бұлар - отбасы мектебінің ұстаздары десек болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең басты талап-тілегі – «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ отбасы үнемі: «Әдепті бол, тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие бастауы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе сыпайылық танытуды үйреткен.

1.Қазақ отбасында баласын неге баулыған?

А) мейірімсіздікке, ақылсыздыққа

В) имансыздыққа, мейірімділікке

С) мейірімділікке, имандылыққа

Д) имандылыққа, ақылдылыққа

Е) жауыздыққа, имандылыққа

2. Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер?

А) іні-сіңілі

В) қыз-келіншек

С) оқушы, бала

Д) әке-шеше

Е) әке, аға

3.Ата-анасы баласын әуелі неге үйреткен?

А) өздерін сыйлап-құрметтеуді

В) өздерін ұялтуды

С) өздерін аяламауды

Д) өздерін сыйлап-құрметтемеуді

Е) өздерін алдауды

4.Қандай сөздерді құлағына құйып өсірген?

А) тәрбиесіздік жаса, көргенсіз бол

В) ақылсыз бол, көргенсіз болма

С) имансыз бол, тәрбиелі бол

Д) тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма

Е) тәрбиесіздік жасама, мейірімсіз бол

5.Тәрбие бастауы не?

А) әдепсіздік

В) әдептілік

С) ақылсыздық

Д) тәрбиесіздік

Е) ұқыпсыздық








7. Тыңдалым.

Балалық шақ

Менің туған жанұям – кәдімгі жанұялардың бірі. Оның басқа жанұялардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді.Сондықтан ол – ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Колхозымыз жақсы болып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам Зоя Мамыр мейрамы күні мені мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып,тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады.Содан былай мен мектепке баруды арманеттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келеді. (90 сөз)

1.Менің туған жанұям қандай?

А) қарапайым

В) кедей

С) бай

D) жай

Е) кәдімгі

2. Әкем шыққан отбасы?

А) жұмысшы

В) бай

С) әнші

D) кедей шаруа

Е) колхозшы

3. Ауылдың шетінде ... тұрған.

А) біздің мектебіміз

В) үй

С) біздің үйіміз

D) үлкен бақша

Е)оқушылардың үйі

4. Анам кім болған?

А) сатушы

В) сауыншы

С) саудагер

D) ұстаз

Е) дәрігер

5. Кішкене бақшамызда нелер өсетін?

А) алма, алмұрт, шие

В) қарақат, қауын, алма

С) алша, қарақат, шие

D) жемис-жидектер, алмұрт, алша

Е) алша, қарақат, алма








8. Тыңдалым. Сұхбат

Балам, келесі жылы мектепті бітіресің. Қандай мамандықты таңдамақсың?

Мұғалім болмақ ойым бар.

Жақсы мамандықты таңдадың. Мектепте дұрыс тәрбие беруге көп мән бер. Ұмытпа: білім беру басқа, тәрбие беру басқа.

Ол үшін не істеу керек?

Адам әулі өзін түзету керек. Өзінің ішкі жан дүниесін жек көру, қызғану, алдау сияқты жаман қылықтардан тазалау керек. Сырты қандай таза болса, іші де сондай таза болу керек. Өзін тәрбиелей алмаған адам басқаны тәрбиелей алмайды. Адам өзін жас кезінен бастап тәрбиелеу керек. Үлкен ағаштың қисығын түзете алмайсың, сынып кетеді. Ал жас шыбықты түзету оңай, сондықтан жас кезіңнен білімді, тәрбиелі бол.

1. Марат нешінші сыныпта оқиды?

А) бастауыш сыныпта

В) соңғы сыныпта

С) сегізінші сыныпта

D) бітірген

Е) жоғары сыныпта

2. Марат қандай мамандықты таңдаған?

А) тәрбиеші

В) заңгер

С) құрылысшы

D) мұғалім

Е) дәрігер

3. Білім мен тәрбие бір нәрсе ме?

А) Иә, бірдей.

В) Иә, бір-біріне ұқсайды.

С) Жоқ, бірдей емес.

D) Иә

Е) Дұрыс жауап жоқ.

4. Жаман қылықтардың бірі.

А) тәртіпті

В) адамгершілік

С) өнегелі

D) қызғану

Е)сыпайы

5. Жас шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағашты түзету қиын» деген сөйлемнен қандай мағына шығады?

А) Жас кезде ойнап-күлу керек, тәрбиені үлкейгенде алуға болады.

В) Тәрбиені жас кезде алу керек, үлкейгенде кеш болады.

С) Жас кезде не үйренсең, үлкейгенде соның жемісін көресің.

D) Тәрбиені үлкейгенде алуға болады.

Е) Жас кезінен оқу керек.






9. Тыңдалым. Маған спорттық киім ұнайды

Әр адам әдемі , ұқыпты көрінгенді қалайды. Жарасымды киінген адам сүйкімді көрінеді. Киім кию стилі адамның өзіндік ерекшелігін, талғамын білдіреді.Киім таңдағанда дене бітімін ескеру қажет.

Мен көбіне спорт стилінде киінгенді ұнатамын. Спорттық киім жүріс- тұрысқа ыңғайлы, өзіңді еркін сезінесің. Спорттық киім денеңді қыспайды, кимылыңды шектемейді.Спорттық киімдер жоғары технологиялы материалдардан жасалады. Олар денеге ауа жібереді. ылғал тигізбейді. Бұл киімдер спортпен шұғылдансаң да, жай қыдыруға кисең де ыңғайлы. Спорттық киімдер көбіне қанық ашық түсті болады. Ашық түстер менің көңіл күйімді көтереді.

Қазақстан құрамысының спорттық киімі көк түсті. Маған қатты ұнайды. Аспан түстес көк бірден көңіліңді көтереді. Бірақ олардың дизайны өзгеріп отырады. Ол дизайнды өз талғамына қарай таңдауға мүмкіндік береді.(111 сөз)

1.Әдемі киінген адам қандай көрінеді?

A) Жарасымды.

B) Жарасымсыз.

C)Жалқау.

D) Ақылды.

E) Оқымысты.

2. Киім кию стилі нені білдіреді?

A)Aдамның өзіндік жарасымды болғанын.

B) Aдамның өзіндік сүлулығын.

C)Aдамның көркін.

D) Aдамның жүріс- тұрысын.

E)Aдамның өзіндік ерекшелігін.

3.Мен көбіне қандай киім кигенді ұнатамын?

A) Cән стилінде .

B)Әдемі стилінде.

C) Cпорт стилінде

.D) Бай стилінде.

E)Cоңғы стилінде.

4.Спорттық киім жүріс- тұрысқа қандай?

A) Ыңғайлы

B) Ыңғайсыз.

C) Жылы

.D) Тар.

E) Денені қысады.

5. Спорттық киім ыңғайлығы неде?

A) Ыңғайсыз .

B)Денеңді қыспайды.

C) Денеңді қысады.

D) Тарын.

E) Үлкен.









10.Тыңдалым.

Бөгде қонақтар

Кішкентай күнінен ертек -әңгімені көп сүйетін бала осы жазда , тіпті , көп естіп, көп біліп алған сияқты.

Сондай шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі богде қонақ келіп қонды. Бірі - қартаң , бірі - жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп , осы үйде үш күндей жатып , "Қозы - Көрпеш - Баянды " жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды.

Қонақтармен жай сұрасып , амандасып болған соң, Ұлжан Абайға қарап жымиып:

-Ал, балам, әжең екеуімізді қажай беруші едің , әңгіме - жырдың дүкені, міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын!- деді.

Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.

Үй іші тегіс хош алған соң , екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге дейін Барлас "Қобыланды батыр" жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да , кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу , ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді.(М.Әуезов. "Абай жолы")

1. Абай кішкентай кезінен нені жақсы көретін?

А) Ертек- әңгімені

В)мақалды,

С) әңгімені

D ) жұмбақты

Е)мәтелді

2. Үйге кімдер келетін?

А) таныс конақтар

В) бөгде қонақтар

С) қарттар

D ) жастар

Е)балалар

3. Қонақтар келгенде , Абай неге қуанды?

А) жас қонақты таныды

В) жас қонақты таныған жоқ

С) жас қонақты таныған емес

D ) жас қонақты танымаған

E жас қонақты тануға болмайды

4. Жас қонақ кім еді?

А) Мұқтар

В) Қобыланды

С) Байкөкше

D) Абай

E) Барлас

5. Барлас қандай адам?

А)жаман

В) көп сөйлейді

С) көп сөлемейтін

D) ашық емес

E)жарқылдақ,ашық



Тест жауаптары



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Оқылым

1-A

2-B

3-B

4-B

1-A

2-C

3-B

4-C

1-A

2-B

3-A

4-C

5-E

1-C

2-D

3-A

4-C

5-A

1-D

2-B

3-E

4-E

5-A

1-D

2-C

3-D

4-A

5-E

1-B

2-Б

3-A

4-В

5-Ә

1-A

2-Ә

3-В

4-Б

5-Б

1-В

2-Д

3-А

4-Ә

5-Ә

1-В

2-D

3-E

4-C

5-A

Тыңдалым

1-А

2-А

3-С

4-А

1-B

2-D

3-E

4-C

5-C

1-A

2-C

3-D

4-A

5-A

1-D

2-E

3-B

4-C

5-A

1-A

2-A

3-B

4-B

5-A

1-C

2-D

3-A

4-D

5-B

1-E

2-D

3-C

4-B

5-E

1-B

2-D

3-C

4-D

5-B

1-A

2-E

3-C

4-A

5-B

1-A

2-B

3-A

4-C

5-E





Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.А., 1978.

  2. Оразов М. Сөз теориясы.А., 1996.

  3. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1976.

  4. Әлімбаев М. Маржан сөз. А., 1978.

  5. ҚұлмағамбетоваБ.Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988.

  6. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. А., 1995.

  7. Баспасөз беттер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!