Қазақ тілі пәнінен 8–сынып
оқушыларына арналған аралық аттестаттау
тапсырмалары
І
нұсқа
8.2.6.1 оқылым стратегияларын
қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап
оқу
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму
желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті
эссе)
8. 4. 1. 1 тақырып бойынша бас
әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға
сай жазу
8. 4. 4. 1 сөз тіркесінің
байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін
ажырату, қолдану;
8. 4. 4. 2 тұрлаулы және
тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын,
қызметін түсініп қолдану;
Оқылым.
Тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларды
орындаңыз.
Энергетикалық ресурстар және
оның қоршаған ортаға әсері
Қазақстанның энергетика
жүйесі — электр және
жылу энергиясы мен қуатын өндіру жэне электрмен жабдықтау жүйесі;
ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы
маңызды сала, әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты
базасы.
Қазақстанда қазір
энергетикалық өнімнің 90%-ға жуығы ЖЭС-та, қалған бөлігі СЭС-та
өндіріледі. Энергетика — жылдам қарқынмен дамып келе жатқан сала.
Егер қазіргі заманғы демографиялық жарылыс жағдайларында халық саны
40-50 жылда екі есе өссе, өндіріс пен энергияны тұтынуда бұл әр
12-15 жыл сайын екі еселенеді.
Әлемдік энергетика дамуын
сараптауда қазіргі негізгі проблема — негізгі энергетика
салаларының қоршаған ортаға, халық тіршілігі мен денсаулығына
келтіретін әсерінің салдарын жан-жақты мүмкіндігінше бағалау жағына
көбірек ауысқанын дәлелдейді.
Тәжірибе жүзінде сандық мәні
ескерілмеген энергетика нысандары, басқа да көптеген өнеркәсіп
салалары сияқты, халық пен қоршаған орта үшін қауіпті болып
табылады.
Энергетикалық объектілер
(әсіресе отынмен жүмыс жасайтын энергетикалық нысандар, кешендер)
қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша биосфераға ең қауіпті
әсер етушілер қатарына жатады.
Қазіргі уақытта энергетикалық
қажеттілік негізінде үш түрлі энергия қорлары арқасында қамтамасыз
етіледі: органикалық отын, су және атом ядросы. Адам су мен
атом энергиясын олар электр энергиясына айналдырып пайдаланады.
Сонымен бірге органикалық отындағы энергияның орасан көлемі жылу
энергиясы және тек кішкентай бөлігі ғана электр энергиясы ретінде
қолданылады. Алайда бұл екі жағдайда да органикалық отынан энергия
алу оны жағумен байланысты, ал бұл қоршаған ортаға жану өнімдері
түседі деген сөз.
Энергетиканың қоршаған ортаға
кері әсерінің салдарын кейбір шағын деңгейде, мысалы, әлеуметтік
мүмкіндік дәрежесімен шектеп отыру қажет. Мекен ететін орта сапасы
мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеп отыратын
экономикалық тетіктер қолданылуы қажет.
Осындай мәселелерді жылу
энергетика нысандарының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына
анықтама бергенде есте сақтау керек: қоршаған ортаға жылу және
химиялық, суытқыштар әсерін есептеу және т.б. Одан басқа қатты
отын қолданатын (жанатын тақтатас, шымтезек) ЖЭС үшін берік және
қауіпсіз күлжинақтаушы проблемасы
туындайды.
Энергетика — барлық өнеркәсіп
салаларының, транспорттың, коммуналдық және ауыл шаруашылығы
дамуының негізгі қозғаушы факторы, еңбек өнімділігі мен халық
ахуалының өсу базасы. Энергетика кәсіпорындарының құрамында зиянды
қоспалары бар органикалық отын түрлерінің жану өнімдерінің қоршаған
ортаны ластау үлесі жоғары. Олардың қоршаған ортаға әсері де
энергия құралдарының түріне байланысты.
https://ikaz.info/energetikaly-resurstar-zh-ne-ony-orsha-an-orta-a-seri/
-
Мәтін мазмұны бойынша
ақпараттарды
сәйкестендіріңіз.
Қазақстанның
энергетика жүйесі –
|
|
биосфераға ең қауіпті әсер
етушілер
|
Қазақстанда энергетикалық
өнім
|
90%-ға жуығы ЖЭС-та
өндіріледі.
|
Әлемдік энергетика дамуын
сараптауда қазіргі негізгі проблема —
|
өнеркәсіптің басқа салаларын
дамытудың басты базасы.
|
Энергетикалық
объектілер
|
жанатын тақтатас,
шымтезек
|
Басқа қатты
отындар
|
қоршаған ортаға, халық
тіршілігі мен денсаулығына келтіретін
әсері
|
-
Мәтін бойынша нақты
ақпараттарға комментарий
жасаңыз.
1
|
Мәтін мазмұны бойынша екі
сұрақ құрастырыңыз.
|
|
|
2
|
Мәтінде қоршаған орта туралы
қандай нақты ақпараттар
қамтылған?
|
|
|
|
3
|
Мәтін идеясы туралы өз
пікіріңізді үш сөйлеммен
қорытындылаңыз.
|
|
|
|
Жазылым.
Тапсырма.
«Қоршаған ортаны қорғау –
игілікті іс» эссе құрылымы мен даму желісін
сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік
тұстарын салыстыра отырып, өз ойыңызды дәлелдеп
аргументативті эссе
жазыңыз. (Сөз саны
130-140)
«Қоршаған ортаны қорғау –
игілікті іс»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әдеби тіл
нормалары.
Тапсырма. Грамматикалық норма бойынша
тапсырмаларды орындаңыз.
1-тапсырма. Берілген сөздердің жасалу
жолдарын көрсетіп белгілеңіз.
№
|
Мысалдар
|
Түбір сөз
|
Жұрнақ арқылы
|
Бірігу арқылы
|
Қосарлану арқылы
|
Тіркесу арқылы
|
Қысқарған
сөздер
|
1
|
медбике
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Жасұлан
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Сай-саланы
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Күні бойы
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Қыстау
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Амандық
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Үйрек
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Жеке-дара
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Сымбатты
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Жаңғақ ағашы
|
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма. Мысалдарды сәйкес келетін
тілдік нормалармен сәйкестендіріңіз.
№
|
Мысалдар
|
|
Тілдік
норма
|
1
|
Достардың кеңесі, мектепке
келу
|
Жалғау арқылы
байланысу
|
2
|
Досым үшін ұялдым, күн сайын
жаттықты
|
Интонация арқылы
байланысу
|
3
|
Ашық мінез, жапырақты
ағаш
|
Орын тәртібі арқылы
байланысу
|
4
|
Мектеп – кеме, білім –
теңіз
|
Шылау арқылы
байланысу
|
3-тапсырма. Сөйлемді сөйлем мүшесіне
талдаңыз.
Энергетика — жылдам
қарқынмен дамып келе жатқан
сала.
|
|
|
|
|
|