Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінен бірінші тоқсан бойынша 7-сыныптарға арналған тоқсандық жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсатым: озық тәжірибеммен мұғалімдер арасында бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


7 «__» сынып. Оқушының аты-жөні ______________________________

Оқылым

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап-ақ пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—VІ ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.

Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Өйткені, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар – қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Біздер – осы мұралардың мұрагерлеріміз.

Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмір мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан табиғаттың ерекшеліктері жіті ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттердегі халықпен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.

Ғұндар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ат құлағында ойнаған шабандоз, жауынгер халық болған. Археологиялық қазбалардан табылған сырға, сақина сияқты әшекейлер олардың асқан шеберлігін көрсетеді.

Қаңлылар да қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. Ержүрек, өнерпаз, қаңлылар елдің оңтүстігін – Сырдария, Арыс, Бадам өзендерінің алқаптарында мекендеген.



  1. Қазақ халқы түркі дәуірінен қалған дастандарды неліктен төл дүниесіндей қарсы алды? [1]

А) «Ақ сықын» — «Ақ марал» деген бізге таныс жазулар үшін.
В)
Географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген.
С) Діни-наным, салт-дәстүр халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай.
Д) Жаз жайлауы, қыс қыстауы көрші жатқан мемлекеттермен қарым-қатынас жасаған.



  1. Ежелгі тайпалардың зергерлік бұйымдар жасайтыны туралы мәтіннің қай бөлімінде айтылады? [1]

А) үшінші
В) төртінші
С) бесінші
Д) екінші



  1. Шылауларды мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендір. [3]

А) Септеулік шылау 1) -ақ
В) Жалғаулық шылау 2) сияқты
С) Демеулік шылау 3) өйткені

  1. Мәтіндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жаз. [3]



___________________ ____________________ _______________________


Жазылым

  1. Суретке қарап, саламатты өмір салты бойынша жарнама жаз. Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық». (80 сөз)





_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Оқылым және жазылым тапсырмаларының бағалау критерийі

Жауап


1

С

1

2

В

1


3

А 2

В 3

С 1

1

1

1


4

Мәтіндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздер: өнерпаз, мұрагер, шаруашылығымен.

3

5

Кіріспе сөз

Негізгі бөлім

Қорытынды

Фразеологизм, мақал-мәтел қолданады.

Тақырыптан ауытқымайды.

Өзіндік ойын жүйелі жеткізеді.

Берілген уақыттан асырмайды.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

15



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
3235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12