Материалдар / Қазақ тілінен емтихан тапсырмалары, 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен емтихан тапсырмалары, 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен аралық емтихан тапсырмалары, 5-сынып, оқыту қазақ тілінде оқитын сыныптарға арналған (Т1) материалдың құрамында оқылым, жазылым, әдеби тілдік талдау тапсырмалары бағдарламаға сәйкес қамтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
612
12 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

І нұсқа

Оқу мақсаты:

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

5. 3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

5.4.4.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;


Оқылым.

Тапсырма. Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақтың аспан әлемін тануы

Қазақ халқы өзінің шаруашылығымен шұғылдана жүріп сол шаруашылығына тығыз қатысты болған табиғат жаратылыс дүниесінің құбылыстарын да, жұлдызды әлем аспанын да, ондағы сан алуан ғажайып өзгерістерді де бақылай жүрді, зер салып, зерттей жүрді. Ауа-райын бақылау арқылы әр күнгі, әр аптадағы, әр айдағы, әр жылдағы төрт маусымның ауа-райын алдын ала болжап, біліп отырды. Кейбір тосын толатын апаттардан сақтана білді. Сол арқылы бүкіл өмір-тіршілігін сақтап келген мал мен егін шаруашылығын көзінің қарашығындай қорғай алды.

Қазақ арасында аспан әлемін зерттеп, ондағы жұлдыздардың орын алмасуын бақылап, арнайы есеп жүргізетін дана сұңғыла адамдар болды. Мұндай көріпкел, дана, әулие адамдарды қазақ «аспан есепшілері»,  не   «ауа-райын болжаушылар»,

Қазақ есепшілері ерінбей, жалықпай жұлдызды аспан әлемін үздіксіз бақылады. Әр жұлдызды сол қойылған атымен атады. Мәселен, Жеті қарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Шолпан, Кіші шолпан, Таңшолпан, Есекқырған, Сүмбіле, Үркер, Таразы, Сары жұлдыз, Босағалық, Құс жолы, Жамбас жұлдыз, Құйрықты жұлдыз, Қырықаяқ, Жарық жұлдыз, Егіз жұлдыз, Ақпа жұлдыз, Қызыл жұлдыз, Арқар жұлдызы, Үш арқар жұлдызы, Шілде жұлдыз, Мүйізді жұлдыз, Шүйде жұлдыз, Маңдай жұлдыз, Төбе жұлдыз, Ай, Күн, т.б. деген тәрізді аспан әлеміндегі көптен көп жұлдыздарға ат қойып, олардың тұрған орнын маусым ауысымы мен жұлдыздың орын ауысымын жақсы білді.

Қазақ есепшілері өздері ат қойған жұлдыздардың қай мезгілде аспанның қай өңірінен қалай туып көрінетінін, таңға жақын қалай бататынын анық білді. Бұл жұлдыздардың орын ауысуына байланысты ауа – райында өзгеріс болатынын ұзақ тәжірибеден өткізді, оны есептеп, хатқа түсіріп, тәжірибе ретінде мұра етіп сақтап қалды. Ай қабағын, Күн дидарын да күзетті. Айдың толу, солуына, Күннің шығу, батуына қарай отырып, ауа – райын жақсы бақылай білді. Күндерді «апта», «жұмаларға» бөлді. Үш айды «бір тоқсанға» балап, бір жылды «төрт мезгілге» немесе «төрт тоқсанға» айырды. Он үш жылды «бір мүшелге» есептеді. Жүз жылды «бір ғасыр» деп тұжырым жасады. Міне, осы аталған уақыттарға түгел қазақы ат қойып, оны күнтізбе кестесіне келтірді.

Болат Бопайұлы Жота Қажы Этнограф, сыншы, зерттеуші

http://kerey.kz/?p=10261


1. Қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылып зерттеу арқылы неге қол жеткізді? (3 жауап)

  • Кейбір тосын толатын апаттардан сақтана білді.

  • Табиғат құбылыстарын тоқтата білді.

  • Мал мен егін шаруашылығын көзінің қарашығындай қорғай алды.

  • Топан су мен тасқындарды бөгеді.

  • Ауа-райын алдын ала болжап, біліп отырды.


2. Аспан әлемін зерттеуші дана сұңғыла адамдар туралы ақпарат қай абзацта берілген?

А) 1-абзац

В) 2-абзац

С) 3-абзац

Д) 4-абзац


3. Қазақша жұлдыз атауларына жатпайтын ұғымдарды табыңыз.

А) Жеті қарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Шолпан, Кіші шолпан, Таңшолпан.

В) Есекқырған, Сүмбіле, Үркер, Таразы, Сары жұлдыз, Босағалық, Құс жолы.

С) Жамбас жұлдыз, Құйрықты жұлдыз, Қырықаяқ, Жарық жұлдыз, Егіз жұлдыз, Ақпа жұлдыз.

Д) Қызыл жұлдыз, Арқар жұлдызы, Үш арқар жұлдызы, Шілде жұлдыз, Мүйізді жұлдыз, Шүйде жұлдыз, Маңдай жұлдыз, Төбе жұлдыз.

Е) Юпитер, Галактика, астроном, Меркурий, Марс, Уран, Нептун,


4. Қазақ күнтізбесіндегі мезгілдерді атауларымен сәйкестендіріңіз.

«апта», «жұма»


Бір жыл

«бір тоқсан»

Он үш жыл

«төрт тоқсан», «төрт мезгіл»

Жүз жыл

«бір мүшел»

7 күн

«бір ғасыр»

Үш ай


Жазылым.

Тапсырма. «Жұлдызды аспанның құпиялары – таңғажайып құбылыс» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп эссе жазыңыз. (100-110 сөз)































Әдеби тіл нормалары.

Тапсырма. Грамматикалық норма бойынша тапсырмаларды орындаңыз.


1-тапсырма. Оқылым мәтінінен берілген сөздердің синонимін тауып жазыңыз.

Сөздер

Синонимі

1

Көк әлемі


2

Ғұмыр


3

Тоқтаусыз



2-тапсырма. Мысалдарды сәйкес келетін тілдік нормалармен сәйкестендіріңіз.

Мысалдар


Тілдік норма

1

Аспан, қазақ, Таразы

Бірыңғай қысаң дауыстылар бар сөздер

2

Бір мүшел, әлемі, есепшілер

Бірінші буында еріндік дауыстылар бар сөздер

3

Темірқазық, табиғат, галактика

Бірыңғай жуан дауыстылар бар сөздер

4

Қызыл, тіршілік, жыл

Бірыңғай жіңішке дауыстылар бар сөздер

5

Күн, Жұлдыз, Үркер

Жуан-жіңішке дауыстылары аралас сөздер


3-тапсырма. Зат есімдердің жасалу жолдарын ажыратыңыз.

Зат есімдер

Мәні бойынша

Танылуы бойынша

Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Жалқы

Жалпы

Деректі

Дерексіз

Негізгі

Туынды

Дара

Күрделі

1

Таңшолпан









2

Таразы









3

уақыт









4

күнтізбе









5

шаруашылық













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!