Қазақ тілінен ережелер жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінен ережелер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларына арналған ережелер жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп











Қазақ тілі пәнінен ережелер жинағы

2 сыныпқа арналған





Аққу ауылы, 2018 жыл

Қазақ тілі пәнінен ережелер жинағы Алматы «Атамұра» 2017 оқулығы бойынша дайындалды.



































Дайындаған: Тұрсынбаева Гүлбаршын Нұртазаевна





Кіріспе

Бұл қазақ тілі пәнінен құрастырылған ережелер жинағы жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалған теориялық құрал. Құрастыру барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілді. Ережелер оқулыққа сүйене отырып, толықтырылып жазылған. Ережені жақсы меңгерген оқушылар білімдерін практикамен ұштастырып, оқу сапасын арттыруға көмектеседі. Оқушының өздігінен жұмыс істеуіне, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік алады.





































Мазмұны

  1. Сөйлеу не үшін қажет?

Ауызекі сөйлеу

Жазбаша сөйлеу

  1. Монолог. Диолог

  2. У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

У дыбысының жазылуы

И, й әріптерінің жазылуы

Я әрпінің жазылуы

Ю әрпінің жазылуы

  1. Дауыссыз дыбыстар түрлері

Дауыссыз п мен б

Дауыссыз қ мен ғ

Дауыссыз к мен г

Дауыссыз л мен р

  1. Мәтін дегеніміз не?

Мәтін және оның түрлері

  1. Сөйлем дегеніміз не?

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем

  1. Сөз және оның мағынасы

Антоним

Синоним

Омоним

  1. Сөз құрамы

Түбір

Жұрнақ пен жалғау

  1. Сөз таптары

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім









Сөйлеу не үшін қажет?

Сөйлеу сұрақ, жауап, әңгімелеуден тұрады.

Ерте заманда адамдар әріптерді білмеген. Олар сөзді сурет және басқа белгілермен беруге тырысқан.

Ауызекі тіл және жазбаша тіл

Ауызекі тіл –бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы.

Жазбаша тіл-адамдардың хабарды жазып беруі.



Диалог. Монолог

Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі диалог деп аталады.

Өзіне немесе тыңдаушыға қарап айтылған бір ғана адамның сөйлеуі монолог деп аталады.

У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуежай, уақыт, Сәуле.

Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сусын, елу, улап-шулап.

У дыбысының жазылуы

Ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у дыбысы қосылса, ы, і дыбыстары түсіп қалады: тасы-тасу, оқы-оқу, торы-тору.



-1-

Дәлелдеу үлгісі:

Бұл-дауысты у дыбысы, өйткені ол дауыссыз дыбыстан кейін тұр (немесе ол сөз басында дауыссыз дыбыстан бұрын тұр).

Бұл –дауыссыз у дыбысы, өйткені ол дауыстыдан соң тұр(немесе сөз басында дауыстыдан бұрын тұр).



И, й әріптерінің жазылуы

И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: киім, қиын, жиын.



Сый, тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жазылады: сый, сыйлық; тый, тыйым.

Я әрпінің жазылуы

Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, сая, таяқ.



Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, я жазылады: мия, тақия, Әлия.

Ю әрпінің жазылу

Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады: аю, көркею.



Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию, жию.

-2-

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыз дыбыстар

Үнді дауыссыздар

Ұяң дауыссыздар

Қатаң дауыссыздар

л,м,н,ң,р,й, (у)

б,в,г,ғ,д,ж,з

к,қ,п,с,т,ф,х, һ,ц,ч,ш,щ



Дауыссыз б мен п

Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: мектеп, кітап, доп,қап.

Клуб, штаб, куб, араб тәрізді кейбір сөздердің соңына б әрпі жазылады.

П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: кітап-кітабы, талап-талабы.



Дауыссыз қ мен ғ

Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: достық-достығы, атақ-атағы, құшақ-құшағы.

Дауыссыз к мен г

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек-түлегі, серік-серігі, жүрек-жүрегі.

Дауыссыз л мен р

Сөз басындағы л,р әріптерінің алдынан ы,і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас.



-3-

Мәтін дегеніміз не?

Мәтін мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді.



Тақырып- мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.

Мәтіндегі негізгі ой-автор айтқысы келген басты пікір.

Мәтіннің басы оқырманды оқуға даярлайды. Негізгі бөлікте автор айтқысы келген басты пікірін білдіреді. Мәтінді соңғы бөлік аяқтайды.

Мәтіннің әрбір бөлігі азат жолдан басталып жазылады.

Мәтін және оның түрлері

Әңгімелеу мәтіні

Сипаттау мәтіні


Пайымдау мәтіні

Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтініне не болды? не істеді? сұрақтары қойылады.


Заттың немесе құбылыстың сын-сипаты берілген мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау мәтініне кандай? сұрағы қойылады.

Пайымдау мәтініне неліктен ? сұрағы қойылады. Пайымдау мәтінінде түсіндіру, дәлелдеуді қажет ететін пікір айтылады. Өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, демек т.б. сөздер қолданылады.




-4-

Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем соңына не нүкте (.), не сұрау белгісі (?) , не леп белгісі (!) қойылады.



Сөйлем түрлері

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем

Бірдененің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.


Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің досың кім?


Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме, ба, бе, па, пе өзінің алдындағы сөзден бөлек жазылады: Айгүл келді ме? Жауын басылып па?


Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады: Қандай әдемі гүл!








-5-

Сөз және оның мағынасы



Сөз –заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы.

Мысалы: ай, үй, ақын; тұнық, әдемі; оқы, бар; алты, он.

Сөз мағынасына қарай 3 ке бөлінеді.

  1. Антоним

  2. Синоним

  3. Омоним



Тілімізде мағынасы қарама-қарсы сөздер кездеседі. Мұндай сөздерді антоним сөздер деп атаймыз.

Мысалы: ақ-қара, арзан-қымбат.

__________________________________________________________

Тілімізде білдіретін мағынасы бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр басқа сөздер кездеседі. Мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайды.

Мысалы: әдемі, көрікті; алыс, шалғай.

__________________________________________________________

Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздер омоним сөздер деп аталады.

Мысалы: алма-жеміс, алма-қимыл атауы: сен оны алма.







-6-

Сөз құрамы

Түбір мен қосымша

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейді: күн, жыл, спорт, палуан.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді: күні, жылдар, спортшы, палуандар

Түбірдің белгісі - : күйші.



Жұрнақ пен жалғау

Қосымша



Жұрнақ

Жалғау


СShape3 Shape4 өз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Жұрнақтың белгісі –


МShape10 Shape7 Shape8 Shape6 ысалы: футболшы, оқулық.


СShape11 өз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді. Жалғаудың белгісі-

МShape20 Shape21 Shape16 Shape15 Shape14 ысалы: футболды, оқуға.




Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан кейін жалғанады:

Хоккей+ші+ге

Оқу+лық+тар

Ұш+қыш+тар

-7-

Сөз таптары

Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім-сөз таптары.

Зат есім

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: адам, көгершін, жазушылар, құлындар.

Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер ? заттар мен жануарларға не?нелер? деген сұрақтар қойылады.

Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім


Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады.

Мысалы: Әсел, Астана, Іле, Құтжол.

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер деп атайды. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Мысалы: ауыл, әже, құс, көше, қала.


Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Жекеше түрі

Көпше түрі


Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады. Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі деп атайды: әке, үй, құс.


Кімдер ?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі деп атайды: әкелер, үйлер, құстар.




-8-

Зат есім

Дара зат есім

Күрделі зат есім


Дара зат есім бір сөзден тұрады: қойшы, мал, түйе.


Күрделі зат есім екі не одан да көп сөздерден тұрады: тасбақа, аққу, ата-ана, Жетісу.








Етістік

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: өсті, ойнады, сайрайды.



Етістік дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара етістік

Күрделі етістік


Дара етістік бір сөзден тұрады.

Мысалы: жазды, көрді, ұшады.


Күрделі етістік екі немесе үш сөзден тұрады.

Мысалы: жазып отыр, көріп жүр, ұшып бара жатыр.







-9-

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атайды. Сын есімдерге қандай?қай? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: сұлу, жақсы, жасыл, аласа.

Дара және күрделі сын есім

Дара сын есім

Күрделі сын есім


Дара сын есім бір сөзден тұрады.

Мысалы: көк, қою.


Күрделі сын есім екі немесе одан да көп сөзден тұрады.

Мысалы: ақ сары, көк ала. Күрделі сын есім құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.




Сан есім

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім деп атайды. Сан есімдерге қанша?неше?нешінші?деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бес, жеті, тоғызыншы.

Дара сан есім

Күрделі сан есім


Дара сан есім бір сөзден құралады.

Мысалы: алты, төрт, жиырмасыншы.

Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

Мысалы: он тоғыз, жүз он алты.




-10-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1063
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі