қазақ тілінен жоспар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қазақ тілінен жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: қазақ тілі


Мұғалімі:


Тақырыбы:

Менің туыстарым

Күні: 7.06.2016ж

II тоқсан

Сынып: 1 Б

Қатысқандар: 12 қатыспағандар 0

Оқу мақсаттары:

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.1.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Қолданыста жүрген сөздердің мағынасын біледі

Оқушылардың көпілігі орындай алады:

Сөздерді екі тілге аудара алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз ойларын білдіреді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тақырып төңірегінде сөйлей алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Туыстық атаулар, жанұя, нағашы, зейнеткер, көзілдірік.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

-отбасы адамға керек пе?

-туыстарыңның көп болғанын қалайсыңдар ма?

Бағалау критерийлер:

1. Сөздердің мағынасын түсінеді.

2. Тақырыптың аясында сөйлей алады.

3. Сұраққа жауап береді.

Алдынғы оқу:

Отбасы мүшелерінің атауларын біледі

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Кіріспе

2 мин




Сабақты үш тілде амандасумен бастау.

  • Сәлеметсіздер ме!

  • Здраствуйте!

  • How do you do?

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға,

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

(оқушылардың қолдарында қағаздан жасалған, күннің көзі болады. Қолдарын көкке көтереді, күннің көзін тақтаға апарып іліп қояды)







Бірлескен жұмыс

3 мин












10 минут

Прожектор әдісі










































































3 мин

1 минут






Сезім құшағында

Балалар кәне мына кілем үстіне отыруларыңды сұраймын.

Ойша сезім құшағына еніп көрейік.

Сендердің отбасыларыңда тамаша мереке өтіп жатыр, үйлеріңнің іші сондай қуанышта, шаттыққа толып кетіпті, отбасы мүшелерінің барлығы мәз – мейрам. Құмыралар гүлге толып тұр. Әдемі түрлі – түсті шарлар әуеде қалықтап жүр. Сендер өз ата- ана, ата – әжелеріңмен қуанып ойнап, би билеп шаттанып жүрсіңдер.

Мен мәтінді оқыған кезде қандай сезімде болғанымызды айталық.


Әңгімелесу.

Балалардың жауаптары

Әңгіме.

- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті іліп қоямыз)

- Бұл суретті қалай атайсыңдар? Неліктен?

(отбасы суреті)


- Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар. Тауып қана қоймай, ол атауларды үш тілде айтып шығамыз.

Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

-Бұл кім? (әже, бабушка, qrantmother)


- Оны қалай білдіңдер?

- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, мұғалім толық жауап беруін талап етеді

Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

- Кім бұл? (ата, дедушка, qrantfather)

- Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары).

Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам..

-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана, мама, mother )

-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)

Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді қайда барам десеңдер де апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.

-Бұл кім? (әке, папа, father)

-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ауыр жұмыстарды орындайды, футбол ойнайды, машина жүргізеді т.б.).

- Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)

- Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды? (егер балалар қиындық көрсе, оларға мұғалім көмектеседі)

-Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды.

-тағы кімдер аталмай қалды деп ойлайсыздар? (іні, младший брат,) (әпке, сестра, sister ) (аға, брат, brother) (сіңлі, қарындас, сестренка, )

Мен оқыған жұмбақта сендерге таныс емес сөздер бар ма?

Сол сөздерді қайталату, оқыту. (сөздер тақтада ілулі тұрады)

Бізге жақын адамдар олар туыстар.

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Онға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз туысың

Айтады, қане кім атын?

(ата, апа, аға, іні, ана)

Сөздіктер, суреттер (әже, ата, ана, әке)








































Топқа бөлу.




Топпен жұмыс.

13 мин

Суреттер: не болды?



Әр кім бір қима қағаздан таңдап алады. Қандай сан түсті сол сан бойынша жиналып, бір топ болып отырады. (1,2,3)

  1. Тапсырма

Суреттер таратылады. Алдарыңда жатқан суреттерден бір отбасын құрап. Құрастырған суреттеріңнің негізінде өз туыстарың туралы әңгімелеңдер. (әкелген фото,видео материалдарды пайдалану)


Сергіту сәті

2мин

Бас бармағым -атам,

Балан үйрек- әжем,

Ортан терек -әкем,

Шылдыр шүмек анам,

Кішкентай бөбек -мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Мәтінмен жұмыс.

10 мин

Ауызша кері байланыс

Мәтінді мұғалім оқиды және топқа таратып береді. Мәтін оқушылардың алдарында жатады.

Аслан, Әділ, Аружан бір сыныпта оқиды, әрі жақсы достар. Асланның отбасында әкесі, анасы, атасы және інісі бар. Әділдің отбасында әкесі, анасы, нағашы әжесі бар. Ал, Аружанның отбасында әкесі, анасы, ағасы, әпкесі және сіңлісі бар. Асланның атасы мен Әділдің нағашы әжесі зейнеткерлер. Олар туыстарымен тату тұрады.

  • Сендерге таныс емес сөздер бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

(нағашы, зейнеткер)

  • Әр үйде неше адамнан тұрады екен?

(бес, пять,five . төрт, четыре, four . алты, шесть, six)

  • Сендердің құрастырған суреттерің мен мәтіннің арасында байланыс бар ма?


Дескриптор

  • Ойын еркін жеткізеді.

  • Кей сөздерді үш тілде аударып айта алады.

  • Қойылған сұрақтарға еркін жауап береді.


Бағалау

2 мин


Әр оқушының жауабына байланысты жұлдызшалар беру.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге

Сабаққа дейінгі рефлексия: Оқушылардың балабақшада, даярлық тобында және алдынғы сабақта алған білімдерін байқаймын: сөздерді қаншалықты дұрыс айта алады, қазақ әріптерімен қаншалықты таныс екендігі, оқи алуы (неше оқушы екі тілді меңгерген.) Сабаққа белсене қатысуларына көмек беремін.


Сабақтан кейінгі рефлексия: сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Үш тілдегі сәлемдесті, әрі туыстық атауларды үш тілде айтты. Сабақ белсенді өтті. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды Тапсырмаларды анықталған білімдері негізінде қисынды етіп түрлендіру керек. Сабақ уақыт бойынша жүргізілді.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (айтылым мен тыңдалымға қатысты)

1: шаттық шеңбері (күннің көзі) арқылы сабақты бастау тиімді болып өтті, айтылым дағдылары дамыды, жылы орта пайда болды

2: Үш тілде сәлемдесу мен туыстық атауларды үш тілде айту түрлері қабылдауға тиімді болды

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (айтылым мен тыңдалымға қатысты)?

1: ойша елестету «сезім құшағында» шеңбері тиімді болды.

2: отбасына байланысты фото, видео материалдар тиімді болды.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Бірнеше оқушы әріптерді біледі, дыбыстарды айта алады.

2: Кейбір оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу. Олардың ашылуына арнайы жұмыс дайындау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі