Қазақ тілінен қысқамерзімді жұмыс жоспары: Негізгі және туынды зат есім 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінен қысқамерзімді жұмыс жоспары: Негізгі және туынды зат есім 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Блум таксономиясы бойынша құрастырылған сабақ жоспары мұғалімге көмек ретінде пайдалануға тиіс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:  Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есімнің түрлері туралы түсінік беру

Сабақтың әдісі: Б.Блум таксономиясы, түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кестелер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

1.Психологиялық дайындық

Өзімізге: сәттілік, қуаныш!

Қонағымызға: жақсы көңіл-күй!

Елімізге: ашық аспан, молшылық!

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

3.Сабақ кезеңдерімен таныстыру

Б. Блум бойынша:

1. Білім

2. Түсінік

3. Қолдану

4. Талдау

5. Жинақтау

6. Бағалау

Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру

ІІ.Негізгі бөлім

Білу

Мақсаты:  оқушылардың зат есім туралы білімдерін  тексеру

Тапсырма: Зат есім туралы не білеміз?

1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

2. Зат есімнің түрлерін ата.

3. Зат есімнің көпше түріне қандай қосымшалар жалғанады?

Түсіну

Мақсаты: Негізгі және туынды зат есім туралы түсіндіру

Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Сызбамен жұмыс

        Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана,жер, көз. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

Тапсырма: -шы, -ші, - лық жұрнақтарын пайдаланып туынды зат есім жаса

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен билеу

Қолдану

Мақсаты: Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасай білуге үйрету

Оқулықпен жұмыс. 22 - жаттығу    

1.Берілген негізгі зат есімдерден жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім жаса

2.Әр сөзге сұрақ қойып, олардың мағыналық айырмашылығын түсіндір

3. Туынды зат есімдерді пайдаланып сөйлемдер құра

Талдау

Мақсаты: Туынды зат есімдерді сөз құрамына талдай білуге үйрету

Тапсырма:

1.Сөздерді көшіріп жаз. Сөз құрамына талда

2.Түбір сөзге сұрақ қойып, олардың қай сөз табына жататынын анықта

3.Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлемдер құра

     Адалдық, астық, ұзындық, көрік, жолдас, сызғыш, қырат, өшіргіш, татулық

Жинақтау

Мақсаты: Негізгі және туынды зат есімнің түрлері туралы білімдерін жинақтау, қорыту

Оқулықпен жұмыс. 23-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз және әңгімеге ат қой




ІІІ.Сабақты қорытындылау:

  1. Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?

  2. Негізгі зат есім дегеніміз не?

  3. Туынды зат есім қалай жасалады?

Бағалау. Ұпай сандарын есептеу.

ІV.Үйге тапсырма

V. Сабақты бекіту







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2021
1078
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі