жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілінен тесттар жинағы. 3сынып
Қазақ тілі 3 сынып Тест 001 нұсқа
-
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
А) Сөйлемдегі мағынасыз мүшені сөйлем мүшесі дейміз.
В) Бас әріппен жазылған сөзді сөйлем мүшесі дейміз.
С) Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
2. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
А) Тұрлаусыз мүшелері.
Ә) Тұрлаулы мүшелері.
Б) Анықтауыш мүшелері.
3. Бастауыштың сұрақтарын тап?
А) Кім? Не?
В) Кімге? Неге? Қайда?
С) Не істеді? Не қылды? Қайтті?
4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4
5. Баяндауыш дегеніміз не?
А) Кімге? Неге? Қайда? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді баяндауыш дейміз.
В) Сөйлемнің негізгі мүшесін баяндауыш дейміз.
С) Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.
6. жалаң сөйлемді тап:
А) Оқушыларды қызықты сапарға аттандырды.
В) Осымен үшінші рет келді.
С) Қонақтар кірді.
7. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені көрсет.
А) Құстар тоғайға қонды.
В) Қонды.
С) Тоғайға.
8. Қай бағандағы жалғауларды көп нүктенің орнына қойып сөзді аяқтауға болады?
Қуыршақ... , өсімдік... , шағала.... .
А) дар В) тар С) тер
дер тер дер
лер лар дар
9. Туынды сөзді көрсет.
А) татулық Б) дойбы С) қызмет
10. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғаулы сөздерді қой.
Менің .... сенің .... оның ....
А) Дәптер, дәптерің, дәптері.
В) Дәптерім, дәптерің, дәптері.
С) Дәптерім, дәптерің, дәптерлері.
11. Етістікті көрсет.
А) Ораза, айт.
В) Сөз, тіл.
С) Айт, сөйле.
12. Қай сызбада сын есім мен зат есім дұрыс байланысып тұр?
А)асыл бұйым В) бәйтерек қысқы С) сандық
толы
13. сын есімді көрсет.
А) білгіш, айтқыш, байқағыш.
В) өнерлі, таза, әдемі.
С) үлкендеу, ақыл, айна.
14. Сан есімнің сұақтарын көрсет.
А) Қанша? Қайда? Неше?
В) Қанша? Неше? Нешінші?
С) Неше? Нешінші? Қанша? Қашан?
15. Сан есім нешеге бөлінеді?
А) есептік, реттік, қатарлық.
В) қатарлық, есептік, кезектік.
С) есептік, реттік.
16. Сан есімді көрсет.
А) бес, сана, ұйықта.
В) елу бес, жас, кәрі.
С) қырық, елу, жүз.
17. Сұраулы сөйлемді тап.
А) Сен кет
В) Тағы келдің бе
С) Асан жүрді
18. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап.
... бауырында шырша көп өседі.
А) Алатау В) Алатаудың С) Алатауда
19 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсет.
А) Алтыбақан ойыны ұнады баршамызға.
В) Алтыбақан ойыны баршамызға ұнады.
С) Баршамызға ұнады алтыбақан ойыны.
20. Сөйлем неден құралады?
А) әріптен
В) дыбыстан
С) сөзден
Қазақ тілі 3-сынып 002 нұсқа
1. Дауысты дыбыстан басталып жазылған сөзді тап:
а) халық в) ірімшік с) шөп д) уақыт
2.Қате жазылған сөзді тап:
а) аспапшы в) Досжан с) теңізші д) аспазшы
3. Дұрыс тасымалданған сөзді белгіле:
а) сәрс-енбі в) с-әрсенбі с) сәрсе-нбі д) сәр-сенбі
4. Көп нүктенің орнына қойылатын тиісті әріпті тап: а....з , қари... , тұ...қ
а) ю в) у с) и д) я
5. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап:
а) пісірді в) Асқар с) Түн д) өсімдіктер
6. Сөзде неше әріп, неше дыбыс бар: ӘЛІППЕ
а) 6 әріп , 4 дыбыс в) 6 әріп , 6 дыбыс
с) 6 әріп , 5 дыбыс д) 6 әріп , 7 дыбыс
7. И дыбысы жуан естілетін сөзді тап:
а) ине в) жидек с) иық д) биші
8. Қазақ тіліне тән әріптерді анықта: Балалар мұзда коньки тепті
а) ұ,і в) т,п с) ь д) з,р
9. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін .......................... дейміз.
а) түбір в) қосымша с) жұрнақ д) жалғау
10. Жайылма сөйлемді тап:
а) Қыс түсті. в) Біз атқа мініп ,қой бақтық.
с) Түн ұзарды д) Арық ағып жатыр.
11. Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
а) қатаң,ұяң,үнді в) жуан,жіңішке
д) жуан,жіңішке,ұяң с) қатаң,жуан,үнді
12. Жалаң сөйлемді тап:
а) Адамдар жылы киінді в) Қар еріді
с) Ол жақсы билейді д) Өзіңен кішіні ренжітпе
13. Кім? сұрағына жауап беретін қатарды тап:
а) Әсем , Дархан ә) мал ,тау ,су
с) Балқаш ,Түркістан д) оқушылар,ойыншықтар
14. Мына сөздерге қандай сұрақ қойылады: барады, оқиды, жүзеді.
а) не істеді ? в) неғылды ?
с) не істейді? д не қылды?
15. «Сөйлеу» не арқылы жүзеге асады?
а) тіл в) ауа с) тіс д) ауыз
16. Жалқы есімді белгіле:
а) ақ в) Ақжайық
с) нағашы д) әкем
17.Берілген сөздердің ішінен түбірлес сөздерді анықта:
а) қорқақ, қорлық, қорған в) сусын,қымыз, шұбат
с) баспана,үй,пәтер д) түс,тымақ,төбет
18. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сөздерді анықта:
а) Сырт киімі-бешпент пен шалбар
в) Ертең келермін
с) Тұқым құнарлы жерге егіледі
д) Келем деушілерге есік ашық
19. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем:
а) 1945 жыл
в) Ура, апам келді!
с) Дәрігер сырқатын айқындап,оны емдей бастады.
д) Жу,бетінді!
20. Болымсыз етістікті тап:
а) үз в) сұра с) үрлеме д) тарт
21. Жекеше түрдегі ІІ жақтағы тәуелді сөзді тап:
а) ойыншығым в) ойыншығы
с) ойыншығың д) ойыншықтарың
22. Жалғаулардың қызметі-
а) жаңа сөз жасайды
в) сөйлемді өзгертеді
с) сөзбен сөзді байланыстырады
д) сөздерді түрлендіреді
23. Мәтін дегеніміз не?
а) Бір-біріне қарама – қарсы сөздер
в) Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем
с) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі
д) Сөз тіркесі
24. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді тап:
а) хабарлы
в) бұйрықты
с) сұраулы
д) лепті
Қазақ тілі тест жұмысы 003 нұсқа
1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті. В) * Әдемі. С) Сыпайы. D) Мықты.
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) * Тұйық. В) Жалғау. С) Жалаң. D) Буын. Е) Тасымал.
3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік. В) Жіктік. D) Көптік. C) * Тәуелдік.
4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) * "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні.
В) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D) * Республика күні.
Е) Жеңіс күні.
6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана. В) * Орал. С) Ақтау. D) Отырар. Е) Атбасар.
7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қалам.
D) * Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
А) Шахмат. В) Дойбы.
С) Баскетбол. D) * Тоғызқұмалақ.
9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта. B) * Қыс. С) Жаз. D) Күз. Е) Көктем.
10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A) * Қорқақ. В) Әлсіз. С) Салмақты. D) Батыр.
11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B) * Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар. В) Көйлектер. С) Қонақтар. D) * Қайындар.
13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар. В) * Айман. С) Алпыс. Б) Азат.
14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау.
В) * Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.
15. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D) * Бір көрсем, арманым болмас еді.
16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) * Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.
17. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D) * Ұшып кетеді.
Е) Жакқа.
18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар.
В) Мәншүк.
С) Бауыржан.
D) * Райымбек.
Е) Талғат.
19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш.
В) Кірпіш үй.
С) * Киіз үй.
D) Саман үй.
Е) Коттедж.
20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) * Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
D) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кет, аса.
21. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) * Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.
22. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
В) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
С) Заттың санын топтап көрсетеді.
D) * Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.
23. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) - шы.
B) * - лық.
С) - тың.
В) - лік.
Е) - ші.
24. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A) * Қашанға дейін?
В) Не себепті?
С) Неге?
В) Неліктен?
Е) Не мақсатпен?
25. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген - ай.
В) Беу.
С) * Тәйт.
D Рахмет.
26. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Бас, аяқ.
В) Мұғалім, оқушы.
С) Бас, жақ.
D) * Әдемі, сұлу.
Е) Үлкен, кіші.
27. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) * Серт. В) Уәде. С) Болжам. Б) Қағида. Е) Ереже.
28. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) * Кім, не.
В) Ешкім, ештеңе.
С) Ешқашан, ешбір.
D) Олар, сендер.
Е) Анау, мынау.
29. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз
A) * 5 .B) 4 С) 3. D) 2. Е) 6.
30. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз.
А) Мұзафар Әлімбаев.
В) Шотаман Уәлиханов.
С) * Шәкен Ниязбеков.
D) Қадыр Мырза - Әлі.
Е) Жандарбек Мәлібекұлы.
31. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні.
B) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D) * Республика күні.
Е) Жеңіс күні.
32. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) * Кітап, дәптер, қапам.
D) шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын.
33. Әбунасыр Әл - Фарабидің туған қаласын көрсетіңіз.
А) Дамаск. B) Самарқанд. С) Тараз. D) * Отырар.
34. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта. В) * Қыс. С) Жаз. D) Күз. Е) Көктем.
35. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3. В) У, X. С) * Ң, Й. D) Л, Р. Е) Ғ, Г.
36. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Терезелер.
B) Баласыңдар.
С) * Қызға.
D) Доптың.
Е) Жастығымыз.
37. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) * Ақ.
В) Қара ала.
С) Қара көк.
D) Қызыл сары.
Е) Ақ ала.
38. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бір.
В) Он - он бес.
С) Екі бүтін оннан үш.
D) * Он бірінші.
39. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол.
В) * Тазалық.
С) Сынып.
D) Жаңа.
Е) Бол.
40. Туынды зат есімді анықтаңыз.
А) * Оқытушы.
В) Ғалым.
С) Ел.
D) Жол.
Е) Қыз.
41. Қалау райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
А) - а, - е, - й.
В) - са, - се.
С) - мын, - мін.
D) * - ғы, - п.
Е) - ның, - нің.
42. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) * Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.
43. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз.
A) * Қыстырма сөз, қаратпа сез, одағай.
В) Шылау, үстеу.
С) Жалғаулықтар, демеуліктер.
D) Жұрнақтар, септіктер.
Е) Қыстырма сөз, қос сез.
44. Арал теңізінің солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан қорықты көрсетіңіз. А) Қорғалжын.
В) Ақсу - Жабағалы.
C) * Барсакелмес.
Б) Наурызым.
Е) Алматы.
45. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Суық сөз.
В) Ыстық ықылас.
С) Ақ ниетті.
D) * Жақсы адам.
Е) Терең ойлы.
46. Антоним сөздерді табыңыз:
А) * Биік, аласа.
В) Кілтпен ашты.
С) Әдепті бала.
D) Әдейі, арнайы.
Е) Қалаға барды.
47. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.
А) * Жуан, жіңішке.
В) Қатаң, ұяң.
C) Езулік, еріндік.
D) Үнді, қатаң.
Е) Ашық, қысаң.
48. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
А) Қорықта көптеген орман - тоғайлар бар.
В) Марқакөлдің суы таза, тұщы.
С) Бүгінгі Түркістан - үлкен, әсем қала.
D) * Анасын баладан айыруға болмайды.
E) Арқалықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.
49. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз. Ол жақсы
оқыса, университетке түседі.
А) Қарсылықты.
B) * Шартты.
С) Себеп.
D) Мақсат.
Е) Мезгіл.
50. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.
В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.
С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.
D) * Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?
Е) Билл Гейтс - қазір дүниедегі ең бай адам.
51. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) * Зор, үлкен.
В) Бай, кедей.
С) Пайдалы, зиян.
D) Туған, қайтыс болған.
Е) Кең, тар.
52. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
A) * Наным.
В) Жаға.
С) Отбасы.
Б) Көкжиек.
Е) Бастық.
53. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) * Ң, Р, Л, М...
В) С, У, Ш, Ң...
C) K, Л, М, Н...
D) И, Ң, В, Г...
54. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Марал, қант.
В) Өрт, ас.
C) * Бұғы, ұлт.
D) Жоқ, от.
Е) Арқа, көңілге.
55. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала. B) Менің әжем. С) Алты адам.
D) * Әдемі қыз. Е) Жеті қыз.
56. Пысықтауышты табыңыз.
"Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлады.
А) Тойлады
В) Қазақстан
C) Тәуелсіздігінің
D) * Биыл
E) 16 жылдығын
57. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?
A) * 1995 ж.
В) 1998 ж.
С) 2001 ж.
D) 2003 ж.
Е) 1994ж.
58. Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз ... - ормансыз бұлбұл»
А) аспан.
B) ер
С) * адам.
59. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.
А) Ғалым.
B) * Суретші.
С) Қоғам қайраткері.
D) Жазушы.
60. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) * Туылу, дүниеге келу.
В) Терең, саяз.
C) Жүрек, сезім.
D) Ортаншы, кіші.
Е) Таразы, тартылу.
61. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жіңішке дауысты.
В) Езулік дауысты.
С) Сөздің кез келген буынын талғамайды.
D) * Ашық дауысты,
Е) Қысаң дауысты.
62. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте.
В) Мемлекеті,
C) * Мемлекеттік.
D) Мемлекеттің.
Е) Мемлекетім.
63. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір.
B) * Ешкім, ешқайсысы.
C) Бірдеме, біреу.
D) Өзің, өздері.
Е) Түгел, тегіс.
64. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.
А) * Айтқым келеді.
В) Айтуға болады.
С) Айтқан.
D) Айтса.
Е) Айтып отыр.
65. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A) Далада қар бар.
B) * Бұлар қыста келіп кеткен.
С) Бостандық өздігімен келмейді.
D) Ауыл жастар мұндай затқа қызықпайды.
Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.
66. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен әлі отырмын.
В) * Көктем.
С) Мен ояумын.
D) Таң атып келеді.
E) Айнала жап - жасыл екен
67. Б. Момышұлы кім екенін көрсетіңіз.
А) Сазгер.
B) Суретші.
C) * Жауынгер - жазушы.
D) Әнші.
Е) Қайраткер.
68. Қазақтың ұш жүзінің басын қосқан ханды анықтаңыз.
А) Кенесары хан.
В) Әбілхайыр хан.
С) Қасым хан.
D) * Абылай хан.
Е) Тәуекел хан.
69. Мектепті бітіргенде оқушы қандай білім алатынын анықтаңыз.
А) Кәсіби білім.
В) Арнайы орта.
С) Жоғары білім.
D) * Орта білім.
E) Бастауыш білім.
70. "Білім кілті - тіл" дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
A) Знание - сила
В) 3нание ключ к языку.
С) Язык и знания сила
D) * язык ключ к знаниям
E) Люби и береги свой язык.
71. ЕсептІк сан есімді табыңыз.
A) Төртінші.
B) Сегізінші.
С) * Он.
D) Үш - үштен.
Е) Алтау.
72. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ой.
В) * Мүмкін.
С) Әкем.
D) Сары.
E) Тоғыз.
73. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) * Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.
В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.
С) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.
74. Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз. Бәрекелді, әжем базарлық әкелді!
А) Бұйыру.
В) Жекіру.
С) Шақыру.
D) * Көңіл - күй.
Е) Қайталау.
75. Қазақстанмен шектескен мемлекеттерді көрсетіңіз.
А) Әзірбайжан, Ресей, Литва, Иран, Ауғанстан
B) * Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
С) Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан.
D) Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан.
Е) Қытай, Ресей, Ирак, Ауғанстан.
Қазақ тілі пәнінен 4-сыныптарға арналған тест тапсырмалары
1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) өз-ен
В) ө-зен
С) ө-зе-н
2 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 22
В) 42
С) 30
3.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата:
А) жуан,ұяң,қысаң
В) қатаң,ашық,үнді
С)қатаң,ұяң,үнді
4. «Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, «қ» дыбысы қандай дыбысқа айналады?
А) «Р»
В) «Х»
С) «Ғ»
5. Мәтін дегеніміз не?
А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді мәтін дейміз
В) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз
С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз
6.Берілген сөйлемнің қайсысы хабарлы сөйлем?
А) Көшеге кім шықты
В) Ертең демалыс
С) Мерекелеріңізбен достар
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
А) 3
В) 2
С)Қосымша бөлінбейді
8.Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды?
А) Етістік
В) Есімдік
С) Зат есім
9.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Не істеді?неғылды?қайтті?
В) қандай?
С) қашан?
10.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?
А) тұрлаусыз
В) тұрлаулы
С) анықтауыш
11. Сөйлемдегі пысықтауышты көрсет: Құстар тоғайға қонды.
А) Құстар
В) қонды
С) тоғайға
12.Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғаулы сөздерді қой.
Менің------------ Сенің---------- Оның-------------
А) дәптер, дәптерің, дәптері
В) дәптерім, дәптерің, дәптері
С) дәптерім, дәптерің, дәптерлері
13. Етістікті көрсет:
А) Ораза, айт
В) Сөз, тіл
С) Айт, сөйле
14. Есімдікті көрсет:
А) біз, біздер
В) біз, ине
С) жүр, тұр
15.Туынды сын есімді көрсет
А) білгіш, айтқыш, байқағыш В) өнерлі, таза, әдемі
С) үлкендеу,ақыл, айна
Тест тапсырмалары №2
1.Қате жазылған сөзді тап.
а) аспазшы
в) аспашшы
с) теңізші
д) үйірме
2. Бір сөзбен қалай аталады? "Төбе шашы тік тұрды"
а) Береген
в) Ұялу
с) ұрланды
д) қорқу
3. "Ағамыз" деген сөздің қайсысы етістік?
а) Ескек ескен ағамыз
в) Ескелді айдынында ағамыз
с) Асау ертіс айдынында ағамыз
д) Ескелді ағамыз
4. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап.
а) Әсел билейді
в) жылады
с) жануарлардың
д) Түн
5. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап
а) Екі бала
в) Тұнық су
с) сегіз жыл
д) тез оқу
6. Қарсы мәндес сөздерді табыңыз
а) ағаш,бұта
в) терең-таяз,күн-түн
с) жол-жол
д) ажарлы,әдемі
7. Мына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз?
"Қуанышы қойнына сыймады"
а) армандады
в) қатты қуанды
с) жылады
д) ойлады
8. Қай сөзде "Ң" әрпі жазылады?
а) Досжа...
в) жа...бады
с) са...а
д) жа...ғақ
9. "Өжет" сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
а) Батыл
в) Өнерлі
с) Әлсіз
д) қорқақ
10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз?
а) көңілді
в) зеңгібаба
с) қызғалдақ
д) жияды
11. Қысқарған сөздерге қосымшалар қалай жалғанады?
а)үтір арқылы
в)бөлек жазылады
с)бірге жазылады
д)сызықша арқылы
12. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз?
а) Бөлмем
в) Дәрігермін
с) Ұшаққа
д) Бейбітшілікті
13. Есептік сан есімді табыңыз?
а) Төртінші
в)Екі мың бірінші
с) Алты
д) Бесеу
14. Жалаң сөйлемді тап.
а) Өзеннің суы тұйық
в) Мысық иттен қашты
с) күн күркіреді
д) Сәуле сурет салды
15. Ілік септігіндегі сөзді белгіле.
а) Айгүл,итке
в) гүлдің,гүлде
с) күнге,күннен
д) гүлдің,айдың
Тест тапсырмалары №3
1.«Альпинист» сөздегі әріп пен дыбыстың санын анықта:
а) 9 әріп, 8 дыбыс
в) 9 әріп,9 дыбыс
с) 8дыбыс, 8 әріп
д) 9дыбыс, 8әріп
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 5 в) 4 с) 3 д) 2
3. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап:
а) к,қ,п,т,с,ф в) б,в,л,м,н,ң, с) л,м,н,ң,р,п
д) б,в,г,ғ,д,ж,з
4. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөздер қатарын тап:
а) ғалыммын
в) тарағың
с) дәрігерсің
д) ұшқышпын
а) 3 в) 4 с) 5 д) 2
6. Тұрлаусыз мүшелердің сұрағын белгіле:
а) кім?кімдер?
в) не істеді?қайтті?
с) не?нелер?
д) қандай?нені?
7. Тұрлаулы мүше нешеге бөлінеді?
а) 3 в) 2 с) 4 д)5
8. Сөйлемдегі баяндауышты тап: Тек мектептің терезесінде ғана шам жанып тұр.
а) терезесінде ғана
в) шам жанып тұр
с) жанып тұр
д) тек
9. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап:
а) сирек-сирек
в) төбе-төбе
с) сымбатты
д) жолдас-дұшпан
10. Туынды түбір сөзді анықта:
а) күріш
в) күрек
с) кезекші
д)көйлек
11. Жалқы есімді тап
а) партизандар
в) панфиловшылар
с) Жаяу Мұса
д) солтүстік
12. III жақтағы тәуелдеулі сөзді тап:
а) қағазың
в) қағазым
с) қағазыңыз
д) қағазы
13. Болымсыз етістікті тап:
а) ойлан
в) шалынба
с) сындыр
д) көтеріп алды
14. Бір түбірдегі бірнеше туынды сөз жасалатын сөздер қалай аталады?
а) түбір сөз
в) негізгі түбір сөз
с) түбірлес сөз
д) туынды сөз
15. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді анықта:
а) көзқарас
в) бұлақ
с) күміс
д) әдісқой
Тест тапсырмалары №4
1. Рет-ретімен,белгілі тәртіппен орналасқан әріптер жиынтығы
А) сөз
В) сөйлем
С) сөз тіркесі
Д) әліпби немесе алфавит
2. Алфавитте 3-ші орналасқан әріп
А) ә
В)б
С) в
Д) я
3. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз
А) бор
В) құлақ
С) қасық
Д) шаң
4. Қатты сөзінің антонимін (қарсы мәндес сөз) табыңыз
А) қатаң В) жеңіл
С) жұмсақ Д) жұқа
5. Сөздің одан әрі өзгертуге келмейтін мағынасы бар бөлігі
А) қосымша В) жалғау С) түбір Д) жұрнақ
6. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 9
В) 5
С) 6
Д) 7
7. Шығыс сетігінде тұрған сөзді табыңыз
А) аспан
В) матамен
С) топырақтан
Д) Әйгерімді
8. ІІ жақта тәуелденген сөзді тап
А) кітабы
В) дәптерім
С) қобызың
Д) гүлдер
9. Көптік жалғауын табыңыз
А) ды,ді
В) лар,лер
С) ым,ім
Д) дан,ден
10. Біріккен сөзді табыңыз
А) тасбақа
В) тап-таза
С) кг
Д) қызыл ала
11. Күрделі сөздің қайсысына жататынын анықта: Марат Омаров
А) қос сөз
В) біріккен сөз
С) қысқарған сөз
Д) сөз тіркесі
12. Жалаң сөйлемді табыңыз
А) Бала сабақ оқыды. В) Балалар жүгіріп жүр.
С) Балапан жем теріп жүр. Д) Бала далаға шықты.
13. Жалқы есімді табыңыз
А) қала
В) Астана
С) астана
Д) жер
14. Негізгі зат есімді табыңыз
А) терезе
В) көлшік
С) тазалық
Д) бірлік
15. Туынды сын есімді табыңыз
А) әдемі
В) көрікті
С) таза
Д) ақ
Тест тапсырмалары №5
1. Құлаққа естілмейтін,көзге көрінетін, дыбыстардың таңбасы
А) сөз
В) әріп
С) сөйлем
Д) дыбыс
2. Алфавиттегі 41-ші әріп
А) я В) ю С) э Д) а
3. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөз
А) мұрын В) балық С) тас Д) сорпа
4. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз
А) өнерлі В) өнерпаз С) Саматқа Д) гүлдер
5. Қорқақ сөзінің синонимін (мәндес сөзді) табыңыз
А) ержүрек В) сужүрек С) батыр Д) қоян
6. Түбірге жалғанған бөлік
А) түбір В) қосымша
С) сөз тіркесі Д) сөйлем
7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1
8. Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) балапанды В) сауда
С) қоңырауда Д) гүлден
9. ІІІ жақта тәуелденген сөзді табыңыз
А) сызғышта В) сызғыштар
С) сызғышымыз Д) сызғышы
10. Жіктік жалғауын табыңыз
А) ым,ім,м В) дар,дер
С) қа,ке,ға Д) сың,сің
11. Қос сөзді табыңыз
А) бүлдірген В) ТМД
С) алабота Д) тарс-тұрс
12. ТМД қысқарған сөзінің толық жазылуын көрсет
А) Тәуелсіз Мекендер Достығы
В) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
13. Сөз тіркесін табыңыз
А)Күн ашылды.
В)бау-бақша
С)Абай Құнанбаев
Д)Талдықорған
14. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) толықтауыш,анықтауыш
Д) бастауыш,баяндауыш
15. Жайылма сөйлемді табыңыз
А) Қыс келді.
В) Күн салқындады.
С) Қыс келгесін қар жауды.
Д) Қар жауды.
Жауаптары
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
1 В В С С А В В С А В С В С А А
2 В Д С А В В В Д А С Д В С С Д
3 А С Д С А Д В С Д С С Д В С Д
4 Д В С С С Д С С В А Д В В А В
5 В В А В В В С С Д Д Д В С Д С
Әдебиеттік оқу. Тест жұмысы№3
1.Тығыздалып қалған қатты қар?
А) омбы қар ә) күртік қар б) қасат қар
2. Көкек айын басқаша қалай атайды?
а) мамыр ә) сәуір б) қаңтар
3. Құмырсқа аулағыш аю қайсысы?
А) қоңыр аю ә) бамбук аю б) сүйір ерінді аю
4.«Құмдағы құпия» әңгімесі не жайында?
а) Темір бозторғайға қамқорлық жасамақ болды
ә) таулы жерге саяхат
б) құмдағы тастар жайында
5. Майлыаяқ туралы мәтін?
А) «Көшер кезде» ә) «Құмдағы құпия» б) «Аманат»
6. «Менің анам» өлеңінің авторы?
А) Бекмырза Баймаханов ә) Сағи Жиенбаев б) С Турдалиев
7. «Қазақтың мифтік әңгімелері» кітабынан алынған мәтін?
А) «Ит пен мысық адамға қалай үйренді?» ә) «Дуадақ» б) «Аюдың әулеті
8. «Қиянат ету» сөз тіркесінің мағынасы?
А) сазайын тартқызу ә) жақсылық жасау б) жамандық жасау
9. «Көктемде тіршілік атауы оянады» деп неге айтқан?
а) Бүршік атады, күн жылынады
ә) Күн суытады
б) Құстар ұшып кетеді
10. Наурызкөжені тап
а) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ер, арпа
ә) ет, алма, тұз, су, май, айран, бидай
б) бидай, тұз, жусан, мейіз, сүт, айран
11.Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін қалай атайды?
А)Монолог Ә)Әңгіме б)Диалог
12.«Менің атым Қожа» повесінің авторы:
А)Зейін Шашкин. Ә)Бердібек Соқпақбаев. Б) Бейімбет Майлин
13.«Ақыл мен Бақыт» атты түрікмен ертегісінде қайсысы жеңеді?
А)Хан ә)Ақыл б)Бақыт
14.Қазақстанда бозторғайдың неше түрі мекендейді?
А)15 түрі ә)18 түрі б)13 түрі
15.Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша Халықаралық Құстар күні болып белгіленген күн:
А)1 наурыз ә)1 сәуір б)1 мамыр
Әдебиеттік оқу. Тест жұмысы№3
1.Тығыздалып қалған қатты қар?
А) омбы қар ә) күртік қар б) қасат қар
2. Көкек айын басқаша қалай атайды?
а) мамыр ә) сәуір б) қаңтар
3. Құмырсқа аулағыш аю қайсысы?
А) қоңыр аю ә) бамбук аю б) сүйір ерінді аю
4.«Құмдағы құпия» әңгімесі не жайында?
а) Темір бозторғайға қамқорлық жасамақ болды
ә) таулы жерге саяхат
б) құмдағы тастар жайында
5. Майлыаяқ туралы мәтін?
А) «Көшер кезде» ә) «Құмдағы құпия» б) «Аманат»
6. «Менің анам» өлеңінің авторы?
А) Бекмырза Баймаханов ә) Сағи Жиенбаев б) С Турдалиев
7. «Қазақтың мифтік әңгімелері» кітабынан алынған мәтін?
А) «Ит пен мысық адамға қалай үйренді?» ә) «Дуадақ» б) «Аюдың әулеті
8. «Қиянат ету» сөз тіркесінің мағынасы?
А) сазайын тартқызу ә) жақсылық жасау б) жамандық жасау
9. «Көктемде тіршілік атауы оянады» деп неге айтқан?
а) Бүршік атады, күн жылынады
ә) Күн суытады
б) Құстар ұшып кетеді
10. Наурызкөжені тап
а) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ер, арпа
ә) ет, алма, тұз, су, май, айран, бидай
б) бидай, тұз, жусан, мейіз, сүт, айран
11.Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін қалай атайды?
А)Монолог Ә)Әңгіме б)Диалог
12.«Менің атым Қожа» повесінің авторы:
А)Зейін Шашкин. Ә)Бердібек Соқпақбаев. Б) Бейімбет Майлин
13.«Ақыл мен Бақыт» атты түрікмен ертегісінде қайсысы жеңеді?
А)Хан ә)Ақыл б)Бақыт
14.Қазақстанда бозторғайдың неше түрі мекендейді?
А)15 түрі ә)18 түрі б)13 түрі
15.Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша Халықаралық Құстар күні болып белгіленген күн:
А)1 наурыз ә)1 сәуір б)1 мамыр

