«Қостанай
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
М.Хәкімжанова
атындағы № 20 орта мектебі»ММ
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Маликова
Акмарал Мугайдаевна
Қазақ
тілінің болашағы латын қарпінде
Қазақ
тілінің латын әліпбиіне көшуі дұрыс.
Себебі қазіргі кезде Латын әліпбиін
дүниежүзі бойынша мемлекеттердің сексен
пайызы қолданады. Ал кирилицаны 12
мемлекет қана қолданады. Тарихи жағынан
алсақ, латын әліпбиіне қайта көшу
дегеніміз дұрыс. Өйткені, бізде латын
әліпбиі бұрын болған. Алғашында кеңес
үкіметі қалыптасқан уақытта түркі
халықтары араб әліпбиін қолданды.
Большевиктер билікке келген соң, мемлекет
тек бір тілді қолдану керек деп есептелді.
Ол кездері халықтың көпшілігі араб және
кирилицаны қолданды. Революциялық
аудармашы Анатолий Луначарский латын
тілін енгізуді ұсынды және соған қоса
қазақтың қоғам қайраткері Ахмет
Байтұрсынов бұл ұсынысты қолдады. Латын
тіліне аудару, араб алфавитінен басталды.
Бірақ бұл процесс ұзақ созылды. Ал
мемлекет басшылығына Сталин келгенде,
латын тіліне аударуды мүлде тоқтатты.
Сол себепті қазақ тілі латын әліпбиін
енгізуде қайта қадам жасауда.
Біздің
аталарымыз да сонау Ұлы Отан соғысы
жылдарында, майдан даласында жүріп,
елге латын әліпбиімен хат жазды. Ертедегі
романдардың, пьесалардың алғашқы
нұсқалары латын әліпбиімен жазылған.
Бұл қазақ мәдениеті үшін жат емес.
Латыншаның ендігі бір артықшылығы
–қазақ тілінің фонетикасына әсер етуі.
Соңғы елу жылдың ішінде көптеген артық
дыбыстар қазақ тіліне еніп кетті.
Жазылған мәтіндерде «завод», «революция»
ресми түрде енгізілді. Бүгін қазақ тілін
фонетикалық жағынан сақтап қалу үшін
латын әліпбиіне көшу керек. Бұл таза
филологиялық жағынан алғандағы түсінік.
Экономикалық жағынан қарасақ та, қазір
ақпараттық технологиялар саласының
көбі ілгері. Әлемде біз білмейтін қаншама
компьютерлік бағдарламалар бар. Ондай
заманауи бағдарламалардың дені латын
әліпбиіне негізделіп жасалған және тіл
арқылы көршілес елдермен жаңа бастама
жасауға зор мүмкіндіктер туады. Осындай
зор ауқымды мұрсат арқылы латын тілін
меңгеру біз үшін тиімді жолдың бірі.
Осы ұтымды жолды қолдаймын.
Әрбір
ұлттың ұлттық мәдениетінің ең маңызды
бөлігі – әліпби мен жазу жүйесі. Кемелді
алфавит негізінде дамып келе жатқан
жазу жүйесі халықтың материалдық және
мәдени жетістіктерін жасауда,
қалыптастыруда және дамытуда маңызды
рөл атқарады, қызмет етудің салаларында
тиімді қолданылады.
Латын
әліпбиі әлемдегі көптеген елдер
тілдерінде жазуға негіз болып табылады.
Ол әлемнің әр түрлі бөліктерінде әр
түрлі 26 хатты қамтиды. Сондай-ақ, латын
әліпбиі халықаралық байланыс кездерінің
бірі болып табылады.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: « Мұнда
қандай да бір саяси негізді іздестірудің
қажеті жоқ, себебі бұл әлеуметтік-мәдени
мәселе және тек қазақ тілін одан әрі
дамытуға қатысты».
Қорытындылай
келе, мен өз елімнің патриоты ретінде
қазақ тілінің келешегі үшін қобалжимын.
Егер де біз бұрыс жолды таңдасақ, бұл
қазақ тіліне ғана емес, оның келешегіне
де нұқсан келтіреді. Халықтың асыл
мұрасы-тіл. Оған қоса қазақта: «Тілі
өлген ел, тірі өлген ел»-дегендей,
тілімізді, ділімізді асқақтата жүрейік!
Пайдаланған
әдебиетттер:
А.Байтұрсынов
Тіл тағылымы. –Алматы:Ана тілі, 1192.-46.6
«Ана
тілі» газеті 14,қыркүйек,2017 ж