Қазақ тілінің дыбыс құрамы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінің дыбыс құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінің дыбыс құрамы

Қазақ тілінің дыбыс құрамы жайлы ғылыми әдебиетке шолу жасағанда оларды негізінен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтағы еңбектер қазақ тілінің дыбыс құрамын әліпбилік дыбыстар деңгейінде қараған. Басқаша айтқанда, әліпби тізімге қандай дыбыстар енсе, сол дыбыстардың талдауына көңіл бөлінеді. Осы топтағы еңбектердің өзін тағы іштей тағы екі топқа бөлуге болады. Оның бірі қазақ тілінің төл және ертеде енген дыбыстарды қамтыған еңбектер болса, екіншісі – кейінгі кезде «қазіргі қазақ тілі» деген атпен шығып, бүгінгі жазуымыздағы барлық төл және кірме дыбыстарды түгел қамтып отырған жұмыстар. Сонда талданып отырған дыбыстардың саны қырық әріптен аспайды және әр дыбысқа олардың түрленімі ескерілмегендіктен бір түрлі ғана артикуляциялық анықтама беріліп отырады.

Еңбекші топтағы еңбектер қазақ тілінің төл дыбыстарын бөліп қарастырады да, кірме әріптер мен кірме дыбыстарды шығарып тастайды. Соның бір көрнекі үлгісі ретінде соңғы шыққан «Қазақ грамматикасын» алуға болады. («Ел орда», Алматы, 2002. 781б.). Және бұл бағыттағы еңбектерде төл «әліпби» дыбыстардың құрамынан артық болып шығады. Өйткені бір дыбыстың бірнеше әуез түрленімі қамтылады, сөйтіп дыбыс санының мөлшері дәстүрлі зерттеулер нәтижесінен артық болып шығады. Мысалы, А. Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарының құрамын 5 дауысты және 17 дауыссыз деп алып, олардың жуан-жіңішке үндесім варианттарын есепке алып, қазақ тілінде 43 дыбыс бар деп қорытындылайды. Бұл жерде А. Байтұрсынұлы айтқан 43 дыбыс пен қазіргі 42 әріпті сан жақындығына қарап өзара шатастырмау керек. Бұлар бір-біріне жақындамайтын, басқа-басқа мәселелер. Бұл – қазақ тілінің жуан-жіңішке үндесім әуезін есепке алғандағы сан құрамы.

Егер Ә. Жүнісбек ұсынған жолмен қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтайтын болсақ, онда қазақ тіліндегі негізгі дауыстылар 3 (ашық дауысты, қысаң дауысты және құранды дауысты) дыбыс, ал дауыссыздар 17 дыбыс, барлығы20 дыбыс болып шығады. Енді ғалым қазақ тіліндегі төрт үндесім әуезді есепке алады, сонда 9 дауысты дыбыс, 66 дауыссыз дыбыс, барлығы 75 дыбыс болып шығады. Сонда қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың үйлесім, шеп, т.б. түрленім ретін саралап шығатын болсақ, онда дыбыс варианттары тағы да көбейіп кете береді.

Қазақ тіліндегі дыбыс варианттарын түгелдеу теориялық фонетиканың мақсаты мен міндеті болып табылады. Осыған орай өзге тілдерге байланысты қандай нәтижелер бар дейтін болсақ, онда түркі тілдеріне қатысты мәлімет табу қиын. Әзірге өзге түркі тілдерінде бұл мәселе әлі қолға алынбай жатқан сияқты, өйткені ғылыми әдебиеттен мәлімет кездестіре алмадық. Ал қазақ тіліне қатысты үндесім түрленімінің дыбыс құрамы толық анықталды.

Лингвистикалық зерттеу әдістері теория-практикалық тұрғыдан жолға қойылған үнді-европа тіл білімін алатын болсақ, ағылшын және орыс тіліндегі дыбыс түрленімі жайлы жеткілікті мәлімет табылды. Г. П. Торсуев (Фонетическая система русском языке. Москва, 1975,14стр) ағылшын тілінің дыбыс түрленімі жайлы бірнеше еңбек жариялаған, ал Аванесов (Русское литературное произношение. «Посвещение», Москва, 1972. 415стр) Орыс тілінің дыбыс түрленімі жайлы үлкенмонография беріп отыр. Мысалы, ағылшын тілінің бір дауыссыз дыбысының ондаған ассимилятив варианттары, орыс тілінің бір дауысты дыбысының ондаған ассимилятив варианттары айтылым деңгейінде кездеседі екен.

Ендеше, теориялық тұрғыдан басшылыққа алатын, әдістемелік тұрғыдан үйренетін еңбектер жалпы тіл білімінде бар.

Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтаудың тарихи желісінің негізгі сәттерін тізіп көрсетейік.

В. В. Радлов нұсқасы (XIXғ.)

А,ә,е,о,ө,ы,і,ұ,ү; к.қ,х,ғ,г,ж,дж,з,й,л,і,м,н,ң,р,с,т,б,у,п,ш,д

А. Байтұрсынұлы нұсқасы (XXғ. басы):

А, ә,ы,і,о,ө,ұ,ү; б,д,ғ,г,ж,з,қ,к,п,т,с,ш,м,н,ң,л,р,й,у,х,һ

І Кеңесбаев (С. Мырзабеков) нұсқасы (XXғ. екінші жартысы):

А,ә,е,э,ы,і,о,ө,ұ,ү,и,у,я,ю,е; б,д,ғ,г,ж,з,п,т,қ,к,с,ш,м,н,ң,л,й,р,у,в,ф,х,ц,ч,щ,һ

Ә. Жүнісбек нұсқасы: а,ә,п,б,м

Ы,і,т,д,н

Е, қ(к), ғ(г), ң

Ұ,ү,с,з,р

О,ө,ш,ж,л

У(w)

Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтауда кірме дыбыстар мен кірме әріптердіңәсері мол болғанын көреміз. Ұяң дауыссыздарды бөліп қарайтын болсақ, онда оның құрамында африкат дж дыбысының XIXғ. кезінде арнайы бөлектенгенін көреміз. Бертін келе ж дауыссызының африкат айтылымы еске алынбаған, сондықтан да оны арнайы белгілеудің де жолы қарастырылмаған. Дауыссыздың африкат айтылымы үйлесім түрленімге жатпайтын болғандықтан, оны зерттеу нысаны ретінде қарасырмадық.

Қазақ сөзінің үндесім айтылуына сол тұстағы қазақ зерттеушілердің бәрі көңіл аударған. Х. Досмұхамедұлы «Бір сөздің жуан, я жіңішке болып екі түрлі айтылуы қазақ-қырғыз тіліндегі әр дыбыстың біресе жуан, біресе жіңішке болып қос айтылуынан» деп түйіндейді. Х. Досмұхамедұлы жуан және жіңішке айтылымның артикулияциялық себебін де түсіндіріп өткен: «Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып, тамақтан (көмейден) шыққандай блып сезіледі; сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі». Әрине, ол кезде қазіргідей қалыптасқан артикулияциялық ғылыми аппарат болған жоқ, сондықтан да анықтама қарапайым тілмен түсіндіріліп отыр. Ғалым «сол дыбыс» деп әңгіме тек бір дыбыстың екі үндесім варианты жайлы айтып отырғандығын баса көрсетеді. Оны қазіргі фонетикалық тілмен айтсақ, дыбыстың «үндесім аллофоны немесе варианты» болып шығады.

Қазақ тілінің дәстүрлі фонетикасында дыбыс үйлесімі арнайы зерттеу нысаны болмағандықтан, дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы дыбыстардың негізгі белгілерін анықтаумен аяқталып отырды. Мысалы, дауыстылар үшін олардың жасалу орыны, жақ қатысы мен ерін қатысы жеткілікті болса, дауыссыздар үшін олардың жасалу орыны, жасалу тәсілі мен дауыс қатысы жеткілікті болды.Алайда бұл белгілер дыбыстарды жалпылама сипаттауға жеткіліксіз еді. Сондықтан да қазіргі қазақ фонеткасында, жалпы лингвистикадағыдай, негізгі және үстеме артикуляциялық белгілер құрамы ендірілді. Оның қазіргі үлгісін «Қазақ фонетикасының» сингармонизмге арналған бөлімінен көруге болады. Онда қазақ дыбыстарының үндесім әуезіне байланысты, мысалы, жуан-жіңішке әуезді ұғымды беру үшін ілгерінді-кейінді атауы ендірілді.

Сонан соң дәстүрлі фонетикадағы басы ажыратылмай келген, сондықтан дыбыс анықтамасында араласып жүрген жасалым, айтылым және естілім атаулар жіктеліп берілетін болды. Мысалы, артикуляциялық «тіл арты» атауы мен естілім «жуан» атауы бір дыбыстың анықтамасында қатар кездесе береді. Кейде артикуляциялық атаудың орнына естілім атау қолданыла береді. Дыбыс сипаттамасының жүйеге түскен түрі артикуляциялық анықтама (тек артикуляциялық атаулар пайдаланылады), акустикалық анықтама (тек акустикалық атаулар пайдаланылады), естілім анықтама (тек естілім анықтама пайдаланылады) болып шығады.

Қазақ тілі дыбыстарының үйлесім түрленімі өте күрделі құбылыс болып табылады. Оның үстіне үйлесім түрленіміне арналған зерттеулер өте аз, бірлі-жарым ғана.



























Баяндама



Тақырыбы: «Қазақ тілінің дыбыс құрамы»

Орындаған: Ерқожаева А. Ж





















Қазалы қаласы, 2017ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
2189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі