Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінің сөздік қоры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада сөздік қор мен сөздік құрамның айырмашылығы айқын көрсетілген. Жалпы қазақ тілінің бай көркем екендігіне біршама дәлелдер келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінің сөздік қоры


Сөздік қор дегеніміз – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйытқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Оның басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Қазіргі таңда технологияның дамуына байланысты алуан түрлі терминдер тілімізге күн сайын енуде, қолданысы кеңеюде. Осы сөздерді қазақ тілінің сөздік қорына енді деп айту, әрине жаңсақ пікір болады. Ол терминдер қазіргі таңда қолданыста болғанмен, уақыт өте келе ұмытылып, мүлдем қолданыстан шығып қалуы мүмкін. Сол үшін біз сөздік қор мен сөздік құрам ұғымдарын шатастырмауға тиіспіз. 2019 жылы жарыққа шыққан «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» кітабының кіріспе сөзінде былай делінген: «Қазіргі қазақ тілінің жалпы лексикалық және терминологиялық қорындағы араб, парсы, моңғол, қытай, грек, латын, ағылшын, неміс, француз, орыс тілдерінің сөздері мен ғылыми терминдері сан ғасырлық тілдік байланыстар барысында еніп, сөздік құрамды толықтырады.» Көріп отырғанымыздай кірме сөздер сөздік құрамға жатады. Ал, тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған аз буынды, көп мәнді жалпы халықтық сөздер негізгі сөздік қор деп есептелінеді. Сөздік қордағы сөз саны сөздік құрамға қарағанда әлдеқайда аз болады.

ХІХ ғасырда ресейлік шығыстанушы –түрколог В.В.Радлов былай деп жазған: «Әлем тілдерінің ішінен үш ұлы тілді айтар болсам, олар – орыс, француз және қазақ тілі.» Ал, белгілі шығыстанушы Платон Мелиоранский : «түркі тілдерінің арасындағы ең байы – қазақ тілі,»-деп жазған болатын. 10 томнан тұратын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 2 миллион 550мың сөз енген. Әлем тілдерінің ең бай саналатын ағылшын тіліндегі Шекспир мен Байронның барлық еңбектерінің жалпы сөздік қоры 15 мың болса, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың бір ғана «Абай жолы» романының сөздік қоры 17 мың болған. Осы келтірілген деректерге сүйене отырып, қазақ тілінің қаншалықты бай, көркем екенін мақтанышпен айтуға болады. Сөздік қорымыздағы сөздердің қолданысын кеңейту – әрбір қазақтың міндеті, азаматтық борышы деп білемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2020
1530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12