400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ ұлттық ойындары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындары.

Мектеп: «№4 ЖОББ»КММ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кутуева Ш.С.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қазақ ұлттық ойындарымен танысу. «Бәйге» ойыны.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату.


Сабақ мақсаттары

Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру, қазақ ұлттық ойындарында бірлескен қимыл-қозғалыстар арқылы көшбасшылық қасиеттерді таныту.

Бағалау критерийі

Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату,

ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау.

Тілдік мақсаттар


Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету оқушыларда біраз жауапкершілік бар жағдайларда нұсқау беру үшін тілді қолдану, мысалы: көшбасшылық тапсырмалары.

Құндылықтарды дарыту


Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу. Өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Бастапқы білім


Оқушыларда 1 сыныптағы алдыңғы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс кезде алынған ұлттық қазақстандық ойындар туралы бастапқы білімі болады деп күтіледі.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.


Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар





Сабақтың басы


Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау. Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.







Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш.







Сабақтың ортасы


Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Қазіргі кезде қазақтың қимыл – қозғалыс, тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой - қиял ұшқырлығына, бірлесіп атқаратын қимылдар үйлестігіне баулитын ойындары тәрбие жүйесіне енгізілген. Олар тек дене шынықтыруға ғана емес, жас ұрпақтың туған халқының өткен жолын, тарихын, тілін, әдет - ғұрпын жақынырақ білуге де жақсы көмектеседі.

Ат жарысы көшпелі халықтың мәдени-дәстүріне енген ат ойындарының негізгі түрі, әрі атбегілердің білімі мен шеберлігі сынға түсетін үлкен оқиға. Қазақ танымында ат жарыстың көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: аламан бәйге, үдемелі бәйге, айғыр, тай, құнан, жорға жарыс, т.б.

Бәйге. Мақсаты: тездікке, ептілікке, жылдам жүгіруге тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Тәрбиеші сылдырмақпен белгі берген соң, балалар белгілі жерге жүгіріп (не атта шапқандай секіріп жүріп) барып, қайта қайтуы қажет. Бірінші келген бала жеңімпаз болады.

(К) «Бәйге» - екі компанда анықталған қашықтықта бір-бірімен жарысып атпен шабады.

Оқушылар гимнастикалық таяқтарды қолданып, атпен шауып келе жатқандай болады.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырғыш, гинастикалық таяқшалар, шарттарын белгілейтін кеглилер.








Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім ұлттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі