15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ ұлттық ойындары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
Қазақ
ұлттық ойындары.
4 В сынып
Мақсаты:
Оқушылардың
денсаулығын, ой өрісін, икемділігін,
шапшаңдылығын, ұлттық ойынға қызығушылығын
дамыту.
Міндеттері:А)
Білімділік – Оқушылардың ұлттық ойындар
туралы білімдерін жинақтау, бекіту.Б)
Тәрбиелік – Оқушыларды жауапкершілікке,
ұйымшылдыққа, салауатты өмірге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі
- Жарыс сабақ.
Сабақтың
әдісі
- Түсіндіру, сұрақ - жауап, машықтық,
топпен жұмыс, ойын.
Құрал
- жабдықтар:
ысқырық, уақыт өлшегіш, асықтар, қапшық,
кедергілер.
Өтетін
орны:
Спорт зал.
Сабақтың
жоспары:Кіріспе
дайындық бөлімі (15 мин)
Негізгі бөлім
(20мин)
Қорытынды бөлім (5 мин)
Сабақтың
барысы:1. Кіріспе дайындық бөлімі
1.
Сапқа тұру. Сәлемдесу.Сабақтың мақсатын
түсіндіру.
Саптағы жаттығулар.
Оңға!
Солға! Айнал!(Нұсқау: Оқушылардың
дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу
және қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.)
2.
1 Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а)
қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап
жүру;
ә) қолмен және кеудемен қарапайым
қимыл жасап жүру.;
б) қолмен аяқтың
ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп,
аяқты тура ұстап жүру;
в) қолды сермеп,
алға қарай және бір жақ бүйірге қарай,
кең адымдап жүру.;
(Нұсқау: Басты,
денені, қолды түзу ұстап жүрулерін
қадағалау).
2. 2 Жүгіруде орындалатын
жаттығулар:
а) Бір қалыпты баяу
жүгіру.
ә) әр адымда секіре жүгіру.(бір
аяқпен секіру)
б) артпен шегіншектей
жүгіру.
в) торға екі адым жасай
жүгіру.(ара қашықтық сақтау)
г) қолды
желкеге қойып, оң, сол бүйірмен жүгіру.
ғ)
қолды алдыға созып, тізені алақанға
тигізіп жүгіру.
д) алақанды артқа
ұстап, өкшені артқа лақтыра жүгіру.
е)
жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау:
Денені тік, қолдарын дұрыс қойып
ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).
Жалпы
дамыту жаттығуларын орындау.
Денені
қозғалыс-қимылға келтіру жаттығулары.
Б.Қ аяқ иық тұсында,қол иығымызда
С.1 сол аяқ артқа,қол жоғары.
С.2 бастапқы қалып.
С.3 оң аяқ артқа,қол жоғары.
С.4 б.қ
С.5 сол қол,сол аяқ қапталға.
С.6 б.қ.
С.7 оң қол,оң аяқ қапталға.
С.8 б.қ
Б.Қ аяқ иықтың тұсында, қол белде.
С.1-2 сол қапталға иіліп,оң қол жоғары.
С.3-4 сол қол жоғары,оң қапталға иілу.
С.5-6-7 қол белде,алға иілу.
С.8 б.қ
Б.Қ аяқ иықтың тұсында,қол алда кеуде тұсында саусақтар айқастырылған.
С.1-2 сол қапталға бұрылу.
С.3-4 оң қапталға бұрылу.
С.5-6-7 алға сол аяққа,ортаға,оң аяққа иілу.
С.8 б.қ
Б.Қ негізгі тұрыс .
С.1 қол алда.
С.2 қол қапталға.
С.3 қол жоғары.
С.4 еңкейіп қол ұшын аяққа тигізу.
С.5 еңкейіп жер тіреу.
С.6-7 қос аяқпен секіріп жиналып,қол тұсына жақындау
С.8 б.қ
Б.Қ Қол алда,аяқ иық тұсынан алшақ.
С.1 сол қапталға жартылай отыру.
С.2 б.қ
С.3 оң қапталға жартылай отыру
С.4 б.қ
С.5 сол қапталға толықтай отыру.
С.6 б.қ
С.7 оң қапталға толық отыру.
С.8 б.қ
Б.Қ негізгі тұрыс
С.1-2-3-4 сол аяқпен секіру
С.5-6-7-8 оң аяқпен секіру
С.1-2-3-4 аяқты қосып секіру
С.5-6-7-8 аяқты ашып секіру
С.9 б.қ
Негізгі
бөлімі 20минут.
Сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы
екі топқа бөлу.
«Арқан
тартыс» ойыны.
Команданың
ортасында арнаулы сызық болады. Белгі
бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап
тартысады. Кімнің командасы ортадағы
белгіден асыра сүйреп алса, сол команда
жеңіске жетеді.(Нұсқау: Арқанды ұстағанда
бір – біріне қарама – қарсы тұру
керек.)
Белбеу
(көген) тартыс. Қарсылас
екі оқушы ортада, шеңбер ішінде бір-біріне
арқаларын беріп.Көген кеуде тұсына
киіледі.Белгі берген кезде,шеңберден
қай оқушы қарсыласып сүйреп шығарса
сол оқушының жеңіп шыққаны
Белбеу тастау. Екі ойыншы ортаға шығып,жер- ге тасталған белбеудің екі шетіне арқаларын беріп тұрады.Белгі берілген кезде белбеуді кім бұрын көтерсе,сол ойыншы жеңімпаз атанады.
Қорытынды
бөлім: 5 мин.
Ағзаны
бастапқы қалыпқа келтіруге арналған
тыныс алу жаттығуларын жасау.
Сабақты
қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үй
тапсырмасы:
Ұлттық спорттық ойындарына байланысты
реферат жазып әкелу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген