400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ ұлттық ойындары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырып:Қазақ ұлттық ойындар

Мектеп: № 155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектеп


Уақыты: 22.12.2017ж

Мұғалімнің аты –жөні:Т.Икрамұлы

Сынып: 7а,б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

7.2.7.7 жарыс кезінде адал ойнау патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетудің талқылау және бейімдей білу.

Сабақтың мақсаты


Оқушылар барлығы орындай алады:

Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін түсінеді.

Оқушылардың кқпшілігі орындай алады:

Спорт алаңында қауіпсіздік ережесін сақтай алады.

Қозғалыс ойындары кезінде жаттығуларды жасауға қатысып жеке әрекеттерді жасай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Зейінін шоғырландыра алады.

Қысқа уақытта тез шапшаң ойнай алады.

Тілдік мақсат


Оқушылар спорт алаңындағы мінез –құлық ережелерін,алаңдағы спорт жабдығы мен оның арналымын сипаттап, ұсынылған күрес, асық ату, орындалатын жаттығуларды бейімдей алады.

Пәндік лексика және терминология:

Спорт жабдығы,қауіпсіздік ережесін сақтау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Спортзал менспорт алаңына арналған қандай ортақ қауіпсіздік ережелері бар?

Ұлттық ойындар кезінде мұқият әрекет етпеу қандай тәуекелдерді туғызады?

« Күрес , Мойын арқан, Асық» ойынында қандай қозғалыс-тірек дағдыларын пайдаландыңдар?

Неге екенін айта аласыңдар ма?

Неліктен ойын барысында қозғалған кезде мұқият болу қажет екенін айта аласыңдар ма?


Алдын ала оқыту


Жүрелей және жартылай отырып жүру.

4м арқаны алға қаратып жүру.

Жоспар

Уақыт шеңбері

Жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут






3минут

Сабақтың ортасы


30 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Жылы лебіздерін білдіріп

Оқушыларды спорт алаңымен ,ауада дене шынықтыру сабақтарына арналған спорт киіміне қойылатын талаптармен, ауада дене шынықтыру сабақтарына арналған қауіпсіздік ережесімен таныстырады.

Топқа бөлу

«Ой қозғау»

Күрес

Қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан,ұзақ тарихы бар ойын.Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста жастарды «Күш –атасын танымас » деп қайрайды.Бұл күштілерді дара қылыққа итермелеу емес.Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болсада тайсалмай күресуге тиіс.Қарсыласқысы келгенннен аянбау керек.Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптеген.

Бағалау Әр топ келесі топқа, ұпай беру арқылы бағалайды. Жоғарғы ұпай 3 ұпай ,Жартылай команда ойын көрсетсе 2 ұпай, команда ат салыспаған жағдайда 1 ұпай беріледі.

Мойын арқан

Жекпе-жек күш сынасатын ежелгі халқ ойыны.Жігіттер тойда, жазғы сауықта сайысқа түседі.Көкал алаң таңдалады.Ұзын арқанның екі ұшы тұйықталып түйіледі.Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады.Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең мөлшерде сайыскер тұратын меже белгіленеді.Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі.Сарапшылар олардың шама-шарқын мөлшерлеп теңдесімен тартысқа түседі.Ойында басқарушы тұйықталған арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп,екі саласын қолтықтың астынан өткізеді де, тартысушылар жерге тағандатып қояды.Белгілі бергенде екеуі екі жақа қарай тартуы керек.

Бағалау Әр топ келесі топқа, ұпай беру арқылы бағалайды. Жоғарғы ұпай 3 ұпай ,Жартылай команда ойын көрсетсе 2 ұпай, команда ат салыспаған жағдайда 1 ұпай беріледі.

Асық

Асық ойыны негізінен ер балаларға тән.Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі-сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып,тәйке жақ табанын,шіге жақ бетін тегістеп,оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлы жасайды.Асық ойының жазды күні тақыр жерде ойнайды.Бір-біріне екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін.Ойынның негізгі шарты бір –біріне асық ұту.Асық ойының үштабан және алты атар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған.Үш табан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да,оған әр ойыншы бір-бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың сақаларын біреуі жиіп иіред.Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көнен алысырақ жерге иіреді.Сақасымен тігулі кенейді атып үш табаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем я болмаса сақа кенейге тимей кетсе,ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды.

Бағалау Әр топ келесі топқа, ұпай беру арқылы бағалайды. Жоғарғы ұпай 3 ұпай , Жартылай команда ойын көрсетсе 2ұпай, команда ат салыспаған жағдайда 1 ұпай беріледі.

Кең, бос кеңістік.





Қиынды қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

Төсеніш












Арқан

















Асық

Сабақтың соңы

5 мин





«Тыйым салынған нөмір»

Ойыншылар шеңбер құрып тұрады. Дауыстап айтуға болмайтын,шапалақтап көрсетуге болатын санды таңдайды. Мысалы, «5»санына тыйым салынған.Бірінші оқушы «1-ден бастап «5-ке »дейін сандарды таңдайды- сөздің орнына 5 рет шапалақтау керек.Келесі оқушы «6 »деп жалғастырады.








Қауіпсіздік техникасы ережелері

Егер мен дұрыс пайымдауды (тыйым салынады)айтсам,сендер алақан соғып шапалақтайсыңдар,ал қате пайымдау айтсам,

аяқтарыңмен жер соққылайсыңдар.

Тыйым салынады:

Жолдастарыңды итеруге,аяқтан шалып құлатуға,мұғалімнің сөзін бөлуге;

-шешілген баулармен сабаққа қатысуға;

-өз денсаулығыңды қадағалауға;

-аяқкиім бауын саптан тыс байлауға,

-Сабақта телефон пайдалануға.



Қосымша ақпарат


Саралау -Сіз қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз?

Бағалау - балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай текеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АКТ –мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

Саралау сабақтың өн бойында жүреді .


«Таным »пәнімен байланыс. «Математика»













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі