«Қазақ ұлттық университетінің жетістіктері»
Әрбір өркениетті елді болашаққа бастайтын һәм оның білім деңгейі екені белгілі. Бүгін де біздің еліміз Азияның жүрегінен, Еуразияның кіндігінен орын алатын, дамушы мемлекеттердің бірі. Жыл өткен сайын елімізге білім алуға келетін шетелдіктердің саны артып келеді. Тау асып келетін, өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін таңдайды. Оның басты себебі оқу ордасындағы тілдік тандемінің жоғары болуы деп қарастырсақ болады. Қазақ білімінің қарашаңырағы саналатын оқу ордасына биыл 90 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде ҚазҰУ тек Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдері арасында да, бәсекеге қабілетті оқу орындарының біріне айналды. Әлемдік аренада көшбасшы университеттердің бірі саналатын, ҚазҰУ-дің негізі 1934жылдың 15 қаңтарында қаланды. Алғашында 5 факультеттен ғана құрылған оқу ордасы қазіргі таңда, 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары негізінде, 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Еліміздің дамуына үлес қосып жүрген заңғар тұлғалардың біршама бөлігі – ҚазҰУ-дың түлектері. Осының өзі білім ордасы үшін ең самғау биіктегі жетістіктерінің бірі болар. Жоғары оқу орнында екі мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттар және философия докторлары, ірі академиялардың 100-ден астам академиктері, Қазақстан Республикасының 30-ға жуық еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс жасайды. Мұнда жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алады. Университет бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру, академиялық ұтқырлық арқылы студенттермен алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің жүздеген ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті QS халықаралық рейтингісінде 800 үздік университеттер арасында 150 орынды алады. Салыстырмалы түрде бұл ауыз толтырып айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ ұлттық білім ордасы өзінің жалпы 100 гектарға жуық аумағымен ерекшеленді. Бұл кеңістік ішіндегі инфрақұрлымның құрамына, Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, 14 оқу ғимараты, 4 мұражай, Әл-Фараби кітапханасы, Жастар Интернет орталығы, «Керемет»студенттерге қызмет көрсету орталығы, Спорт сауықтыру кешені, 14 студенттер үйі, Жас ғалымдар үйі кіреді. Университеттің Әл-Фараби атындағы ұлттық кітапханасы Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме болып табылады. Кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітап санына ие. Бұл 2013 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының бастамасымен ашылған. Кітапхана ішінде студенттер үшін сабақ оқуға, интернет қосымшалары мен мобильді құрылғылар арқылы өзіндік жұмыстарын жасауға барлық жағдай жасалған. Әрбір факультет пен мамандықтардың жеке дара өз студенттер үйі бар. Бұл да студенттердің бір-бірімен тіл табысып, ортақ байланыста болуы жолында жасалған мүмкіндіктердің бірі деп қарастырсақ болады. ҚазҰУ басшылығы «боламын,оқимын,жасаймын» деген бойында жалындаған жігері бар студенттерді үнемі шабыттандырып отырады. Осы себептен де болар, студенттер арасында «ҚазҰУ мүмкіндіктер қалашығы» деген сөз олардың ұрандарына айналғандай. Күн сайын өткізілетін конференциялар мен іс-шаралар, факультеттер арасындағы ұйымдар жәрмеңкесі мен мерекелік концерттер әрбір студентті өз қажеттілігіне қарай шыңдауға көмектеседі. Ғылыми салада жүрген студенттер үшін, ғылыми кеңестер мен конференциялар, шығармашыл жастар үшін түрлі ұйымдар мен арнайы ән-би сауықтыру кештері, Жайдарман ойындары секілді әрбір жанды өз бағытына қарай баптайтын мүмкіндіктердің торабы тағы бар. Демек, осы мүмкіндіктердің бәрін жіпке тізіп санағанда, ҚазҰУ-дің көшбасшы деген атаққа әбден лайық екенін тереңірек түсінуге болады. Университетте бакалавриат бөлімінде 87, магистратура бөлімінде 98, докторантура дәрежесінде 83 мамандық оқытылады. Жыл сайын әртүрлі салада мыңдаған мамандарды оқытып шығарады.
ҚазҰУ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де және пәндік рейтингте де табысқа жетіп, үнемі алға жылжып келеді. Сонымен, 2020 жылы QS World University Ranking әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет (ҚазҰУ) әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 165 орынға ие болды. Халықаралық деңгейдегі қандай да болмасын рейтингтер жобасы болмасын, жыл сайын өзгеріп отыратын орындар тізбегін сөз етсек те, Қазақ Ұлттық Университеті үздіктер қатарынан қалыс қалған емес. Бұл талайлардың арманы болған, талай жанды мақсатына жеткізген жүзден жүйрік, тағылымы биік болған, әлемнің екінші ұстазы болған Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің мәртебесі қашан да жоғары. ҚазҰУ болашақта да қанатын кеңге жайып, қырандай көккесамғай береді деп сенеміз! Ұлттың болашағы білімді жастардың қолында екенін еске алсақ, ҚазҰУ-дың бағындырар белесі әлі алда екеніне сенім арта түседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ Ұлттық университеінің жетістіктері

шағым қалдыра аласыз