«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен ондағы жарық көрген мақалалар
Ғылыми жетекшісі:Сениор лектор-Ауезов Э.Ж.
«Тұран»университеті 6B03201-Журналистика ББ
1-курс студенті - Андалиева А.М.
Аңдатпа. «Қазақ» газеті (1913-1918) - А.Байтұрсынұлы, О.Бөкейхан, М.Дулатұлы негізін қалаған ұлттык-демократиялық басылым.Қазақ, халқының саяси, әлеуметтік, мәдени маселелерін көтеріп, Алаш қозғалысының үнжариясы болды.
История выхода газеты «Казак» и опубликованные в ней статьи
Анотация.Газета «Казак» (1913-1918) - национально-демократическое издание, основанное A.Байтурсынулы, А. Бокейханом и М. Дулатулы. Поднимала политические, социальные и культурные вопросы казахского народа, став рупором движения «Алаш».
The History of the "Qazaq" Newspaper and Its Published Articles
Abstract.The "Qazad" newspaper (1913-1918) was a national-democratic publication founded by A. Baitursynuly, Ä. Bokeikhan, and M. Dulatuly. It addressed political, social, and cultural issues of the Kazakh people, becoming the voice of the Alash movement.
Kipicпe.
ХХ-ғасыр басындағы әлеуметтік ортада ресми іс жүргізу тілінде қазақ ұлтының атадан балаға мирас болған өз атауы қасақана аталмай, «қырғыз» аталып келгендігі қазақ оқығандарының жанын жаралауы заңды да еді. Сол себепті де туған халқының төл атын қайта жаңғырту мақсатында, олар ұлт баспасөзін «Қазақ» деп атады. Бұл жөніндегі толғақты ойын Ахмет отандастарына: «…Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың әруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық…» дейді үнпарақтың беташарына берген үндеу-мақаласында [1]. Газеттің қоғам өмірінде атқарар айрықша қызметі мен зор мәнін атап көрсетті.
Ол әлеуметке газеттің ең зәру межелі мақсаттарына тоқталып, қалың бұқараға басылымның қаншалықты қажетті екендігін саралап талдап береді: «…Әуелі, газета халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бастайды арнау сөзін күрескер көсемсөзші [1]. Онан әрі бұқаралық ақпарат құралының әлеуметтік маңызын шегелей түседі: «…Бүтін дүниа жүзіндегі халықтар… газета арқылы …дүниада болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер кімге пайдалы, кімге зарарлы екендігін күні-бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, зарарлы болса сақтанып тұрады. Екінші, газета жұрттың ылақбасына қызмет ететін нәрсе. …жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, …газета арқылы жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады. Үшінші, газета …білім таратушы. Газетадан жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші. Төртінші, газета халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газета арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады» деп, толып жатқан ел үшін атқарылатын негізгі міндеттерді айқындап көрсетеді [1]. Міне, «соқырға шам ұстатқандай», сауаты бар жанның ешкімге соқтықпай, қоғамнан өз орнын, тиісті үлесін алатынын айтады. Әлбетте, газет енді отырықшылыққа бет бұрған қазақ жұрты үшін ауадай қажет аса маңызды басылым еді.
«Қазақ» газеті өмірге келгенге дейін де қазақ жұртшылығының қажетін өтеген бірлі-жарым ескі жазумен шығатын мерзімді басылымдар болды. Атап айтсақ, «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Айқап» журналы (1911-1915), «Қазақстан» (1911-1913) және т.б. Бұл басылымдардың кейбірі орыс патшалығы үкіметінің тарапынан арнайы шығарылғандықтан, үнпарақтың мақсаты билеушілердің ел басқарудағы түрлі заңдарын, әкімшілік ережелерін бұқараға жеткізумен шектелді. Дегенмен, әкімшілік басылым беттерінде аракідік халық ауыз әдебиетінің нұсқалары, әлеуметтік мәні бар мақалалар жарияланып отырған. Бірақ, бұл газеттер орыс билігі боданындағы қазақ елінің «қарапайым бұқара жұртшылығының жоқшысы, іздеушісі» дәрежесіне көтеріле алмайды. Сондықтан да, қазақ елінің қарапайым жұртшылығы өзін қолдайтын әрі қорғайтын, керек кезінде ақылшы боларлық газетке сусаулы еді. «Іздегенге – сұраған» дегендей, басылым дер кезінде дөп түсіп, елдің көзайымына айналды. Тіпті, сусаған елдің шөлбасары «Қазақ» басылымы болды. Бір ғажабы, сол тұста ақпарат құралдарының таратылу жылдамдығы қазіргідей пошталық құралдармен жабдықталмаған болса-дағы, газет қолдан-қолға, елден-елге тізбектеліп, ұшқан құстай тез тарап отырды.
Осылайша, дала мен қала арасында өзінше байланыс орнап, қарым-қатынаста болды. Қала өмірі арқылы отырықшылықтың не екенін түсіне бастаған дала адамдары, енді қаланың басында болып жатқан қандай да жаңалықтарға құлақтарын түріп, елеңдеуді әдеттеріне айналдыра бастады. Ал, қыр даласына сағындырып жеткен «Қазақты» ауылдағы бірлі-жарым сауаты бар қазақ шұқшия, бар өнерін салып мәнерлеп оқыса, қалғандары «құлаққа ұрған танадай» тапжылмастан, тыңдайтын еді. Онан соң естігендерін бірімен-бірі жарыса ауылдан-ауылға бетті өпкен самал желдей тарататын.
Қырғыз атанған ұлтының төл атауы «қазақ» қайта жаңғырып, қырдағы елдің ішін кезген «Қазақ» газетінің бетінде көтерілген өзекті мәселелерге разы болған данышпан ақын Абай Құнанбайұлының немере інісі әрі рухани қаламдас шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы басылымға жетекшілік еткен Ахметке ағалық қамқорлығын білдіріп, ақ батасын өлең арқылы жолдайды:
«Дүниеге келді бізден бір талапты
ұл,
Ер жетсе, бар қазақтың басшысы
бұл.
Бөгеттен,
ауру-сырқау аман
сақтап,
А, Құдай!
Құтты,
өмірлі, бақытты
қыл!
Үмітті Орынбордан бала туды,
Қолына жарық сәуле ала туды.
Мақсаты қараңғыда жүрген халқын,
Ойлайды тура жолға қаратуды.
Күтіп ем,
туа ма деп көзім сүзіп,
Бұл кезде кетіп едім күдер үзіп.
Хабарын «Уақыт»-тан білгеннен соң,
Тірілді өлген үміт қаным қызып.
Көп қайғы болды бүгін ұмытылғандай,
Бейнеттен бір зор ауыр құтылғандай.
Жақындап жан шығарға шөлдегенде,
Құмартқан сусын бейне жұтылғандай.
Қайғысыз жас жігіттей бола қалдым,
5-6 подписшикті тауып
алдым.
Бір тамшы қарлығаштың суындай ғып,
Алуға жылдық «Қазақ» ақша салдым.
Табармын шамам келсе тағы жолдас,
Қам қылмай, қартайдым деп жатып
болмас.
Үмітті жаңа туған жас баланы,
Ағайын, қырғыз-қазақ, түгел қолдас!
Ойлама, газет бізге не керек
деп,
Газетсіз ел жаны жоқ,
өлгенге есеп!
Көл болар көп түкірсе деген пәни,
Кетпей ме бір тоқтыны қасқыр да жеп?..»
[1,
27-б.].
Міне, осылайша қазақ елінің шығысы мен батысына, солтүстігі мен оңтүстігіне тараған газеттің жанашырлары мен жанкүйерлері табылды. Ел ішіндегі ағайын-туғандар, жегжат-жұражаттар қуана қолпаштап, жаңа ұшқан «Қазақтың» қолтығынан демеп, бойына күш-қуат берді. «Қолына жарық сәуле ала туған» Ахмет, Әлихан, Міржақыптар ел ағаларының үмітін ақтады.
Өткен тарихты білу – ұрпақтың міндеті. «Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – келешек жоқ» деген бабадан қалған қағиданы адамзат тіршілігіндегі шартты ұстанымдардың бірі деп қарау қажет. Жұртымыздың ұлт болып қалыптасқан күнінен бастап, «қазақ» деген атаудың қайдан шыққаны ғасырлар бойы зерттелуде… Бұл туралы түрлі пікірлер мен қилы тұжырымдар айтылып келеді. Ұлттың атын айшықтайтын, әлқиссадан келе жатқан осы «қазақ» атты атауымыздың ғасыр басында қасақана бұрмаланып, «қырғыз» атанғанын, ал қырғыз ұлтының «қара қырғыз» аталғанын мұрағаттардағы деректерден біліп, «қысастықтардың» қыртыс-қатпарына ұрпақтардың қай-қайсысы да үңілген…
Міне, сондай кезеңде Ресей патшалығының, нақтырақ, орыс шовинистерінің бұратана халыққа жасаған саясатынан тайсалмаған ерен ұлдары: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы сынды ақиық перзенттері тірліктің тарих атты күрделі сахнасына қасқайып қарсы шығып, ұлт мүддесі үшін күресуде үлкен табандылық танытты.
Күрескер-ағартушы: «…сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих. Тарихтың қызметі – бүтін адам баласының, йаки бүтін бір жұрттың, иә бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту», – дейді. Осы қағиданы ұстанғандықтан олар «Қазақ» газетін жеке бастарына түскен қандай қиын-қыстау заман болса да «жоқтан бар жасап» шығарды. Бұл олардың әу бастағы шыққан тегі, түп қазығы – бабалар жолын ұлықтаған ұрпағының тарихи төл атын қайтарудағы тұңғыш жемісті қадамдары еді! Осындай жанкештіліктің нәтижесінде «ұлы жұрттың» өңешіне жұтылмай, сол уақыттан-ақ, қазақ өз алдына ұлт екендігін көрсетіп, төңірегіне таныла бастады. Қазақ ұлтының тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы үшін ұлттың керегін жоқтаған қазақтың зиялылары «жер, тіл, діл, дін» үшін қарақан басының қамын ұмытып, қасық қанын да сол ұлт мүддесі үшін пида етті. Бірде «Алаш» атанған, бірде «Қазақ» атанған ұлтымыздың төл атауының ұрпақтан-ұрпаққа ұласуы үшін қаншама күш жегіліп, қаншама қан төгілгеніне тарих бетіндегі «қаралы күндер» куә…Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін шығаруға 1913 жылдың 5 қантарында Орынбор генерал-губернаторының руқсатын алды.Газеттің, алғашқы нөмірі сол жылы 2 ақпанда Орынбордағы «Кәрімов, Хусайыновтар баспаханасында» басылып шықты. Газеттің бір жыл болуына орай жарияланған «2-нші феурал» деген бас мақалада тәуекел деп газет шығаруды бастағанда небәрі 750 сом ғана қаражат болғанын, жабылуға шақ қалғанда жұрт болып жабылып көтермелеп басылымның жабылып қалмауына жәрдем бергенін, одан әрі халық, игілігіне қызмет етуге жол ашқандығын айта келе:«Жұрт азаматтарының бір сыпыралары пұл жағынан, бір сыпыралары қаламмен білім жағынан, бір сыпыралары екі жағынан да жәрдем етті» деп, «Қазақ» атынан алғыс білдірген. "Қазақ" газеті апталық, басылым болып шыкты. 1913 жылгы Ақпаннан 1918 жылғы Қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық, көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. "А. Байтурсыновтын шебер басшылығы мен жанқиярлық енбегінің арқасында -деп жазды М.Дулатов,-жоқтан барды жасаған деуге болатын және патшалық полицейлік режимнің ауыр жағдайларында тіршілік еткен газеттің жабылар алдында өз баспаханасы,қағаздың үлкен қоры,шағын кітапханасы болды,таралымы 8000-нан асты» Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45- нөмірінде газетті 10 облыстық қазақтары жаздырып алатындығын хабарлаған.Бұған қосы оны Орынбор,Уфа,Қазан,Петербург,Мәскеу,Томск қалаларындағы,басқа да бірқатар қалалардағы,сонымен катар Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып отырды. «Қазақ» газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген сол кезге қарай ағартушылық қазғалыстың танымал көшбасшысы болған,аса көрнекті ақын,көсемсөзші,түркі тілінің маманы М.Дулатовтың айтуы бойынша, «Қазақ әдеби тілінің мектебін жасаушы»,бірақ ең алдымен ой-өрісі аса кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері А.Байтұрсынов болды.1914 жылы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңесі М.дулатовқа Қазақ газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті.Құлшынған қызба қанды,әсте ымрасыз,жалынды көсемсөзші М.Дулатов өзінің ерлі және қайғылы тағдырмен көп жағынан ХІХ ғасырдағы Махамбет Өтемісұлын еске салатын. «Қазақ» газеті 1918. Жылы ( Nº 261-265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты.Шындығында, Ресейдің отаршылдық жүйесі дәуірінде өмірге келген «Қазақ» басылымының көтерген жүгі – өте жауапты һәм ауыр болды. Таралымы бірде күрт өсіп, енді бірде қаражаттың тапшылығына байланысты төмен құлдыраса да, газет бетінде ең өзекті мәселелерді көтеріп отырды. Мәселен, патшалық Ресейдің аграрлық саясаты мен олардың қазақтың жеріне қоныс аудару қозғалысындағы көздеген мақсаттары жөнінде, орыстың шетел мемлекеттерімен қарым-қатынасындағы өз елінің әл-ауқатын көтеру үшін дамыған елдердің жаңалығын жатсынбай қабыл алуы туралы ақпараттық мәліметтер жариялайды. Қазақтың шұрайлы жерлеріне орыс мұжықтарының қасақана қоныстандырылып отырғанын аңқау елге аңдату мақсатында «Жер мәселесі» (№10, 12 сәуір, 1913 ж.), «Жер жалдау жайынан» (№34, 16 қазан, 1913 ж.), «Көшпелі һәм отырықшылық норма» (№20, 29 маусым, 1913 ж.), «Қазақ һәм жер мәселесі» (№54, 16 наурыз, 1914 ж.), «Жер сату» (№188, 8 шілде, 1916 ж.), «Жер турасындағы телеғырам» (№227, 26 сәуір, 1917 ж.), «Жерді қалай бөлу?» (№228, 3 мамыр, 1917 ж.), «Жер комитеттерін жасау керек» (№231, 27 мамыр, 1917 ж.) және тағы-тағы осы сынды өзекті мақалаларды елге жеткізуде «масаша» ызыңдап, қажымай еңбек етеді.[2]
Мұрағат деректеріне сүйенсек, сол тұстағы Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарманың графы Сергей Сергеевич Татищев жан-жаққа құпия өкімдер мен бұйрықтар беріп, «Қазақ» газетінде жарияланған саяси ахуалға қатысты мақаланы мұқият тексеріп отыруды, өз «жансыздарына» жүктеп те үлгереді [2]. Граф Татищевке «тыңшылықты» тыңғылықты атқаруды қатаң тапсырған Орынбор Ішкі істер министрлігінің губернаторы, генерал-лейтенант А.Сухомлинов болатын [2]. Мұндай жымысқы жұмысты жүргізу Торғай облыстық басқармасының тілмашы, татар тіліндегі мерзімді баспасөздерді бақылаушы Мұхамедияр Тұңғаншин мен Ғабдулрахман Машиев сынды өз ішімізден шыққан «қандас-көсеулерге» жүктеледі [4]. Йағни, орталықта отырып-ақ, айналасын отап, басуға әбден төселген билік, тіміскілеуді қиындықсыз «берген лауазымын пұлдап», ақша десе «арын сататындар» арқылы іске асырып отырған.
Газеттің 1914 жылы 75-80-ші нөмірінде жарияланған жалғасты материал «Закон жобасының баяндамасы» деген мақаланы орысшаға аударып, оның жанына түсініктемелік жазбасын қоса тоғытқан Тұңғаншин таудай істі тындырғандай «ас-суын ішкен құдығына түкіріп» орыс шенеуніктерінің «шапағатына» бөленеді [5]. Ал, «іштен шыққан жау жаман» демекші, араларында жүрген арамзаны аңдамаған ақкөңіл Ахметтерге осы бас мақала үшін «1 500 сом айыппұл немесе үш ай түрмеге жабуға» үкім кесіліп, «істі» болып шығады [6]. Жарық көргендеріне жыл асса да, буыны беки қоймаған басылымның ахуалы мұндай қаражатты өтеуге мүмкіншілігі болмайды. Айыппұлды төлемеген Ахметті қазанның 20-сы күні кешкі сағат он шамасында абақтыға отырғызады. Самарада жүріп суыт хабарды естіген Әлихан Бөкейхан орайын тауып, Ахметті абақтыдан шығарып алады. Бірақ, ел арасындағы «опасыз сатқындардың» салдарынан мұндай жағдайлар жиі қайталанып отырады. Ахметтей ел ағасының басына түскен абақтысының азабын ұмыттырып, қолдау көрсету мақсатында жас ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлы мынадай өлең арнайды:
«…Бағаң жоқ көр соқырдың көз
алдында,
Мұңыңды жылап шақшы өз
алдыма:
Гауһар
тұрсын, айырып
алтыныңды,
Аузына керек тас деп бір алды
ма?
Өткірсің наркескеннің
алмасындай,
Жүйріксің «полный ходтың»
арбасындай.
Сен
сұңқар, көңілі соқыр, сенімен қас,
Өзінің болмады деп
қарғасындай.
Сен
сонда сүйкімдісің қарқылдасаң,
Қарқылды қарғалықпен ар
қылмасаң.
Оларға сенен жексұрын ешнәрсе
жоқ,
Сұңқардай көктен шүйгіп
жарқылдасаң.
Мақтасаң қарғалардың жеген
боғын,
Кешегі өлексемен қарны
тоғын.
Мінеки сөз мынау да ен мынау
деп,
Тартып алар кезеніп тұрған
оғын» [7,
14-б., Б.
88-89].
Сұлтанмахмұттың ел ағалары бастаған үнпараққа қуанышын білдіріп, құтты болсын айтқан өлеңі, сондай-ақ ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтерген мақалалары да осы ұлт басылымында жарияланады. Мәселен, «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 4-санында оның «Міне, алақай!» дегені өлеңі басылады. Бұл үнпарақты шығарған үш арысқа деген құрметі мен елдің үміт артқанын білдіруі болатын:
«Қараңғы,
тұман түн еді
Қара қазақ
баласы.
Ай мен күн һәм жұлдыз
жоқ,
Жым-жырт сахара
даласы.
Дау мен
жанжал, партиа
Болған еді арасы.
Жасытып еді
бұларды
Қараңғы түннің
қарасы.
Жиырмасыншы ғасыр
басында,
Міне, Алланың
панасы!
Бір
жағынан «Ай» туып,
Бір
жағынан «Күн» туып,
Жарық көрді Алашы.
«Шолпан»-нан үміт тағы да,
Біріксе елдің данасы.
Бұл
үшеуі тізілсе,
Бейне қолдың
саласы.
Көңіл менен көзді ашып,
Алға сүйреп
барады.
Бұл жарықтар
барында,
Кім адасып
қалады?».
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармалары ішінде Алаш зиялыларын мадақ тұтып жазған, мұнан бөлек 140 шумақтан тұратын «Таныстыру» поэмасының ұлттық әдебиеттану ғылымында алатын мәні зор. Қара қазақ пен оқығанды бірі-біріне сауал қойдыру арқылы өрбітетін бұл туындының тағылымы мол.
Мәселен, халықты соңынан ерткен ел адамдарын қара қазақтың танымымен сипаттап, таныстыруы, бұқараның көш бастаған ерлеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігінің шынайылығын паш еткендей. «Туғанда Құдай иіп мұндай заман» деп басталатын жыр жолдарында Алаш арыстарының игі істерінен хабар беретін мынадай иірімдер бар:
«…Басында ол қарағым тұр ғой
дайын,
Тек
ұзақ өмір берсін бір Құдайым.
Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,
Білемін бұл үш ердің айтпай
жайын.
Кешегі қара күнде болмап па
еді,
Бірі – күн, бірі – шолпан, бірі –
айым.
Солардан басқа кеше кім бар
еді,
Қазақ үшін шам қылған жүрек
майын».
Сұлтанмахмұттың мұқым жұртқа тұлғаларды таныстыруды осы үш ЕРден бастауының өзіндік сыры, тарихи негізі бар еді. Бұл өлең 1917 жылы Абай елінде Әлихан бастаған Ахмет, Міржақыптар Семейге «Алаш-Орда» сиезіне барғанда қазақ оқығандарына арналып жазылып, 1918 жылы «Сарыарқа» газетінде жарияланады [8].
«Қазақ» газетін нақақтан қаралаған негізсіз жалалар Ахметтердің ыза-ашуын тудырады. Ол шұғыл түрде Орынбор губернаторына, Ішкі істер министріне, Сенатқа газетке жасалған қысастықтың жалған екенін айтып сауал хат жолдайды [9]. «Үмітсіз – шайтан» демекші, сауалы еленіп, ол айыппұл төлеуден босатылады. Ал, кейбір тұстарда мұндай келеңсіздіктерден құлағдар оқырмандар газетке салынған айыппұлдарды «ел ішінен жабыла сауын жинап», әйтеуір басылымның орта жолдан үзілмеуіне бар жағдайды жасайды. Мәселен, газеттің 91-санындағы «Бұ қалай?» деген өзекті мақала үшін «А.Байтұрсынұлын екі ай түрмеге отыруға немесе 50 сом айыппұл төлеуге» үкімет тағы өкімін шығарса, 1916 жылғы ақпан айының 9-ы күнгі 168-санында газетте басылған «Жер мәселесі» туралы Ахмет Байтұрсынұлына 1 500 сом айыппұл төлету өкімі, бұған наразылығын білдірген редактордың Сенатқа арыз беруі туралы «Қазақ» ісі сенатта» деген мақала жарияланады. Кезекті нөмірдің бірінде М.Дулатұлы «Сенатта бұзылған үкім» мақаласын ішкі хабарлар айдарымен жариялайды. Онда А.Байтұрсынұлына 50 сом айыппұл төлеу бұйрығын сенатта қайта қарап, бұзғаны жазылған [10].
Басылым бетінде жарияланған мақалалардың басым көпшілігі сол тұстағы қазақ зиялыларының көшбасшылары – Әлихан, Ахмет, Міржақыптар бастаған: Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабай, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгірұлы, М.Оразаев, С.Дөнентаев, С.Торайғырұлы, А.Баржақсин, Қ.Болғанбаев, С.Шорманов, Қ.Қоңыратбаев, Б.Серкебаев, М.Тынышбаев, М.Сералин, Ж.Сейдалин, М.Шоқаев, Ғ.Қарашев, Р.Мәрсеков, Ә.Ермеков, Жаһанша мен Халел Досмұхаметовтар, О.Әлжанов, С.Кенжин, Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар, Х.Ғаббасов, Қ.Жұбанов, И.Әлімбеков, М.Әуезов, Ж.Тілеулин, Н.Төреқұлов, Ж.Жәнібековтей таланттардың қарымды қаламдарының қарқыны болатын.
Тарихшы-ғалым К.Нұрпейістің айтуынша, 1917 жылы өмірге келген ұлттық-демократиялық партияның қалыптасуына «Қазақ» газеті мен оның басшыларының ықпалы зор болған. Осы жылы шілденің 21-26-сы аралығында өткізілген «Жалпы қазақ сиезіне» Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының өкілдері шақырылып, онда күн тәртібіне 14 мәселе қойған. Сиезге Халел Досмұхамедов төраға болып сайланып, төрағалық серіктеріне: А.Байтұрсынұлы мен А.Көтібаров, хатшылығына: М.Дулатұлы мен А.Сейітов тағайындалады. Жиында Мемлекет билеу түрі, Қазақ облыстарына автономия, Жер мәселесі, Халық милициясы, Земство, Оқу, Сот, Дін, Әйел мәселелері, Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар сайлау, Бүкіл Ресей мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам), Қазақ саяси партиясы, Жетісу облысының уақиғасы, Киевте өтетін бүкіл Ресей федералистерінің сиезіне һәм Петерборда болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберудің міндеттері тұжырымдалып, осы мәселелер бойынша қаулы етеді. Бүкіл қазақ бас қосқан жиында 12-ші болып қаралған мәселе – Қазақ саяси партиясын құру болатын. Жиналған жұртшылық бұратаналықтың зары өткен уақыттың қайтарымы үшін бабалар ұранын жаңғыртып, «Алаш» деп ұрандап, ат қояды. Партия бағдарламасын жасау Ахмет, Міржақыптарға жүктеледі. Алаш партиясы атынан депутаттар да іріктеледі. Торғайдан Ахмет Байтұрсынұлы бастаған жиыны – 7 адам, Семей һәм Ақмоладан басы Әлихан Бөкейхан болып – 20 адам, Оралдан Халел Досмұхамедов бастаған – 7 адам сайланады.«Қазақ» газеті Қазан төңкерісіне дейінгі ұлт баспасөзі тарихында ең шоқтығы биік басылым болды. Сонымен қатар, таралымы мен таралу ауқымының көп болуы газеттің құндылығын арттырды. Алаштың арыстары Әлихан-Ахмет-Міржақыптардың қазақ тілінде ұйымдастырып ашқан газеті ұлт баспасөзінің негізін қалады.Ақиқатында, бұл басылым тұңғыш жалпыұлттық саяси-қоғамдық газетке айналды. Шын мәніндегі қазақ халқының жанашыры болып, үнпарақ арқылы ұлт тәуелсіздігінің саяси іргетасы қалыптасты. Газет оянған сананың іс-қимылын түзу жолға салып отыратын руханиятқа айналды. Бүгінгі күні ғалымдар «Қазақ» газеті ұлттық баспасөздің көшбасшысы болғандығын мақтанышпен айтады әрі мұны ғылыми тұрғыда дәлелдеп шыққан бірнеше зерттеу еңбектер қорғалды. Атап айтсақ, Ө.Әбдиманов «Қазақ газеті» [11], Б.Момынова «Қазақ газетіндегі қоғамдық-саяси лексика» [12], Қ.Сақов «Қазақ» газетіндегі ұлттық саяси мәселелердің жазылуы» [13], Қ.Атабаев «Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)» [14], Ж.Байтелесова «Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөзі», «Роль публицистики Ахмета Байтурсынова в формировании общественного сознания» [15], Ш.Ерназарова «Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі» [16], Х.Айтжанов «Қазақ» газетіндегі әдебиет мәселелері» [19] атты монографиялар жарық көрді.
Пайдаланылған дереккөздер:
1.Құрметті оқушылар // Қазақ, №5, 9 наурыз, 1913.; «Қазақ» газеті (Құраст.: Субханбердина Ү., Дәуітов С., Сахов Қ). – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998. – 560 б., 27 б.
2.Ішкі істер министрлігі Орал облыстық Баспа ісі басқармасы №13248. 26/09.1913.
3.ІІМ Орынбор губернаторының кеңсесі №6102. 17.10.1913. Ленинград Орталық Мемлекеттік мұрағаты. (Бұдан әрі – ЛОММ). 776-21-16.
4.Ғабдылрахман Ғ. Орынборда шығатын «Қазақ» туралы // Айқап, №2, Б.41-43, 1913.
5.ІІМ ОГК №6450. 03.10.1914. ЛОММ. 776-21-16.
6.ІІМ ОГК №6450. 03.10.1914. ЛОММ. 776-21-16.
7.Торайғырұлы С. Шығармалар жинағы. – Қызылорда, 1933. – 344 б.,14-б., 163-182; Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – 280 б., Б.88-89, 146-164.
8.Торайғырұлы С. Ғалиханның Семейге келуі // Сары арқа №18, 13 қараша, 1917.
9.А.Байтұрсынұлының Үкімет Сенатына шағымы. 20/10.1914. ЛОММ. 776-21-1 6
10.Дулатұлы М. Сенатта бұзылған үкім // Қазақ №220, 1 наурыз, 1917.
11.Әбдиманов Ө. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 168 б.
12.Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы: Арыс, 1998. – 110 б.
13.Сақов Қ. «Қазақ» газетіндегі ұлттық саяси мәселелердің жазылуы. – Алматы,1998.
14.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 358 б.
15.Байтелесова Ж. Публицистика Ахмета Байтурсынова. – Алматы: Санат, 1998.-74 с.; Роль публицистики Ахмета Байтурсынова в формировании общественного сознания. – Алматы, 2002. – 132 б.
16.Ерназарова Ш. Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі. 2004. – 120 б.
17.Айтжанов Х. «Қазақ» газетіндегі әдебиет мәселелері. – Алматы, 2008. – 128 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Қазақ”газетінің шығу тарихы мен ондағы жарияланған мақалалар

шағым қалдыра аласыз