Материалдар / «Қазақша амандасу»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақша амандасу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақша амандасу» атты технологиялық карта мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерін арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2018
1041
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Картотека №1Вариативтік компонент: «Адамгершілік - асыл мұра»Тақырыбы: «Қазақша амандасу»Мақсаы: Балаларды әдептілікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру. Халықтың салт - дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру. Балаларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру. Әдісі: Сұрақ - жауап, рөльдік ойын, топтастыру, әңгімелесу.«Жақсы сөз - жарым ырыс».«Алыстан сәлем береді,Әдепті елдің баласы».«Сәлем - әдептіліктің белгісі».Көп жасаған қарияАқылы теңіз - дария.Көп өнеге сөзі барСөзі соқпақ, өзі нәр.Ата салты - ардақты,Әрбір сөзі - салмақты.Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күні бармақты.1. Ұйымдастыру бөлімі.- Балалар, бүгін сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер?- Бүгін бізге қонақтармыз да келген екен, ал ендеше әуелі амандасып алайық.Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.Бас иеміз, құрметпен,Баршаңызға біз.Бүгін біз ата дәстүріміз, оның ішінде ең адамға керектісі сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән - мағынасын жете ұғынуға талпынатын боламыз.Ендеше балалар, тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы бүгінгі тәрбие сабағынан үйрене алады екенбіз.Алғашқы бөліміміз «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» деп аталадыҚазақ жері - қонақжай төрлер жері.Қазақ жері қос сақтай ерлер жеріЕлі кедей болмаған - жері байтақ.Едігедей, Бабырдай шерлер жері.Қазақ жері көп шеккен қасіретті.Қазақ ері өнерлі, өсиеттіЕгипетті билеген Бейбарыстай,Елі текті, киелі - қасиетті. Мәнге толы қазағымның ғұмыры,Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.Кеше ғана керексіз ғып тастаған,Ғажап екен әдеті мен ғұрпы.Әнге толы қазағымның тірлігі.Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.Әр жүректе бүршік жарып гүлдейдіСезіміңді сергітетін жыр гүлі- Кәне, балалар, тақтаға қарап ондағы билерді атап жіберейікші.- Қаз дауысты Қазыбек.- Төле би.- Әйтеке би.Келесі бөліміміз «Сәлем әдептілік белгісі» деп аталады- Сәлем - әдептілік белгісі.Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.Бақтияр: Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып тәуліктің үш мезгілінде де бір - бірімен ақжарқын амандасуға тиіс. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Сәлемдесудің түрлері.- Сәлеметсіз бе?- Сәлеметте болыңыз!- Аман - саусыз ба?- Аман - сау болыңыз?- Аман - есенсіз бе?- Аман - есен болыңыз?- Бала - шағаңыз, мал - жаныңыз аман ба?Үй - ішіңіз аман ба, дені - қарныңыз сау ма?әсіресе араб тілінен енген:Ассалаумағалейкум!- Уағалайкүмассалам! Қолданылуын түсіндіру - Сәлем беруде кездесушілер бір - біріне «Сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе Еуропа халықтарында кездеседі.Жақсы сөз жанға қуат - деп бекерге айтпаса керек ата - бабаларымыз. Келесі кезекті жан жадыратар нақыл сөздерге берсек- Құрметті қонақтар «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген сөз бар.Арсен: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басып тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.Сіздерді қазір Абзал мен Диас орындауындағы мақал - мәтел айтысын тыңдауға шақырамыз.Абзал- Ассалаумағалейкум!«Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем береді»- демекші қалыңыз қалай?Диас:- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады»- деуші еді, келіңіз төрге шығыңыз қонақ болып кетіңіз.Абзал.:- «Қонағын сыйласа, төрге шық»- дегендей төрге шығайын.Диас:-«Жат асына қарайды, дос басына қарайды»,- деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.Абзал.:- Ойбай - ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».Диас:- «Досыңның тамағын қасыңдай іш»,- демекші ала отырыңыз.Абзал:- Ой рахмет! «досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам»,- демекші, алла риза болсын.Әбдірахман:-«Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше»,- осылай таныс - біліс болу да ғанибет қой, ата.Абзал:- «Мыңның түсіні танығанша, бірдің атын біл»,- есіміңіз кім болады?Диас:- Есімім - Диас «Көрген жерде ауыл бар деп»,- дегендей келіп тұрыңыз.Абзал:-«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ»,- қой қайтайынДиас:- «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал»,- демекші, жолыңыз болсын атай.Абзалү- «Таз таранғанша той тарқар»,- қайтайын.Диас:- «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болын»,- дегендей, келіп тұрыңыз.- Балалар, сендер де шаршаған шығарсыңдар. Келесі кезегімӘн: «Бақытты біздер баламыз»- Жарайсыңдар, балалар! Өркендерің өссін!- Сәлемдесу әдептіліктің белгісі. Адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай сәлемдесу әдебі түрліше болып келеді. Келесі кезегімізді «Сәлем беру мәдениеттілік белгісі» бөліміне берейік Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен кішіге байланысты емес. Халқымыздың ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені - жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу - ата дәстүріміз. Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру амандық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалаптасқан дәстүр. Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айырықша құрметтеп сәлем беретін болған.Диас: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып (көрісіп) құшақтасып амандасады.Қорытынды:- Бүгін сендерге берер өнегесі мен тәлімі мол болды деп ойлаймын. -әрқашан үлкен адамдармен, бір-бірімен амандасып,сәлемдесып жүріңдер.Әдепті бала болыңдар.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!