Материалдар / "Қазақстан - достық мекені"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақстан - достық мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сұрақты дұрыс түсініп,лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу . Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН – достық МЕКЕНІ

          Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізуді ұсынған еді. Бастаманың мақсаты – мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырып, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын насихаттау болатын.

         Біздің де білім ошағымызда, яғни Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №37 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында 11-16 ақпан аралығында аталған іс-шара «Қазақстан-мейірімділік мекені» акциясы өтуде.

         Осы орайда, мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, аталмыш  акцияға өз үлесімді қосып, аз да болса мейірімділік, қамқорлық туралы өз ойымды ортаға салсам деп едім.  

         Мейірімділік дегеніміз не? 

         Мейірімділік - ол адам бойына бітетін өте жақсы қасиет. Мейірімділік адамдарға жақсылық жасау, көмектесу, қамқор болу, адал дос болу деп түсінемін. Мейірімді болу әр адамның қолынан келе бермейді, мейірімді болу үшін адамдар жайлы жаман ойламау керек,әр адамға көмек сұрағанда көмектесу керек, қызғаншақ болмау керек және адамдар тез татуласа білу керек, әділ болу керек, өтірік, өсек айтпау қажет. Мейірімді болған адамның есесі өзіне қайта айналып келеді  . Сондықтан адам əрқашан жақсылық жасаудан, мейірімділік жасаудан тынбауы керек, себебі əрбір адам өзі істеген əр ісі үшін сауап алады. Мейірімділік тек қана адамдар мен адамдар арасында ғана емес, сонымен бірге адамдардың жануарлармен, табиғатпен қарым-қатынасында  да байқалады.  Әр адамның мейірімді де қайырымды болуы оның отбасындағы тәрбиесіне , өскен ортасына байланысты. Қазақ халқы - өте жомарт, мейірімді, кеңпейіл, қайырымды, данышпан халық.Қарт ата-анасын қарттар үйіне тапсырмаған.Тіпті жер бетінде жыбырлаған жәндік екеш жәндікке де қиянат жасамаған.Барлығы Алланың жаратылысы деп қараған, оған қатігездік көрсетуге қорыққан .Осының бәрі келешек ұрпаққа көрсетілген үлгі-өнеге емес пе ? Егер жер бетінде барлық адамдар бір-біріне мейірімді болып, ешкімнің ала жібін аттамаса,қорлық –зомбылық көрсетпесе жер бетін тек жақсылық жайламас па еді.Бұрынғы кезде қазақ халқы жетімдерін жылатпаған, жат елге қаңғыртпаған. Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу дегенді білдіретіндігін осыдан-ақ көруге болады. Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі. Біз қазақ, қандай заман, қандай қиын күндері болсын бір-бірін сүйреген, тастамаған елдің ұрпағымыз. Біз қазақ, қуғын-сүргін кезеңінде де жер ауып келген өзге ұлт өкілдерін бауырымызға басып, тек солар ішсін, солар жесін деп барымызды ауызына тосқан қазақтың ұрпағымыз. Елбасымыздың отбасы да қиын-қыстау заманда басқа мемлекеттен келген отбасыларды қамқорлығына алып, балаларын оқытып, көмек жасағаны соның бір айғағы іспеттес.

       Менің де әкем Бөлебаев Ізтілеу мен анам Таубаева Злиха он баланың ата-анасы бола тұра, жетім-жесір, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жағдайы төмен отбасыларға өмір бойы көмектесіп, балаларын оқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, алғыс алған жандар болатын. Біз де әке-шешемізден алған үлгі-өнегені жалғастырып, қолымыздан келгенше біреуге көмектесіп, қамқорлық жасауға асығып тұрамыз. Өзіміз өсіріп отырған ұл-қызымызға да сол бағытта тәлім-тәрбие беруге тырысамыз.

 «Жаста берген тәрбие,

Жас шыбықты игендей.

Білімді болсын ұл мен қыз,

Пайдасы елге тигендей », демекші шамамыздың келгенінше адал, білімді ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз деп ойлаймын.

      Мейірімділіктің бірден бір көрінісі-адамгершілік қасиет.

     Адамгершілік-сыл қасиеттер: сәлемдесу, әдепті сөйлеу, уәдеге берік болу, досқа адал болу, дінін құрметтеу, тілін ардақтау, адалдық, кешірімді болу, ізеттілік, жайсаңдық, ептілік, кісілік, кішіпейілділік, білімділік, елгезектік деп тізбектеуге болады. Осы қасиеттерді ұштастыра білгенде ғана мейірімділік атты ұлы сезім орнап, жан-жағына адамгершілік пен ізгілік нұрын шашпақ.

    Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойывна сіңірген, жан-жағына үлгілі азамат болу деп қарау қажет. Өйткені адм баласы өзінің адамгершілік қасиеттерімен ардақты.

    Мейірімділіктің жоғалуы – қазақтығымызды жоғалтумен тең дегенді естуіміз бар ғой, солай ма?! Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш, ізгілік , мейірімділік, сүйіспеншілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!