Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстан- біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Қазақстан- біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек
Мақсаты:
1.
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін
салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын
қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын
ояту.
2.Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға
екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға
дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі
мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік
сезімдерін ояту.
3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен
тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Әдісі:Баяндау,түсіндіру.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің
суреттері, нақыл сөздер, тірек-сызбалар
Барысы: Амандасу,түгелдеу.
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе. Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған
мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне,
биыл 27 жыл толып отыр! Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ
мемлекеті. Қазіргі күнде мемлекетіміздің дүние жүзіндегі ең
ірі мемлекеттермен терезесі тең. Ешкімге жалтақтап жатқанымыз
жоқ.Осынау жылдар ішінде елімізді ғаламға танытқан көптеген игі
істер атқарылуда. Қазақстанның көк аспанында көк туымыз
желбіреп, Қазақстан деген елдің бар екенін әлем жұртшылығы
мойындағалы қашан. Бүгінгі таңда әлем назарын өзіне аударып отырған
қазақ елінің әр күні, айы, жылы жағымды жаңалықтарға толы. Иә,
елімізде бейбітшілік пен тыныштық заман.«Қазақстан - біртұтас жер,
біртұтас халық және ортақ келешек»- деп Елбасымыз айтқандай,
бүгінгі таңда еліміз түрлі ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында
ынтымағы ырысты,бірлігі бекем болып, бір үйдің баласындай жарасты
ғұмыр кешіп, еліміздің толағай табыстарын арттыруға өз үлестерін
қосуда.Осы өткен
жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті
бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін
көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
Осыған орай «Қазақстан- біртұтас
жер, біртұтас халық және ортақ келешек» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Сынып сағаты
алты бөлімнен тұрады
1- бөлім «Жұмбақ- сұрақ» деп аталады
1.Танытып айбын өр
үнін
ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН ЖЕР
ЖҮЗІН
Кім айтар қазақ
елінің
Егемен алған
мерзімін?1991ж.16-желтоқсан.
2.Нұрын төккен арай
көк
Иесі ұлы
төріңнің.
Аталады қалай
деп
Мемлекеті еліңнің? Қазақстан
Республикасы.
3.Қол жетпей келген ең
басты
Сырын ашқан
ғажаптың
Кім айтады
алғашқы
Ғарышкерін қазақтың?/Тоқтар
Әубәкіров/
4.Халқы үшін мынау
өмірдің
Татқан
тұщы,ащысын
Кім айтады елімнің Мемлекеттік басшысын?/Н.
Назарбаев./
5.Аталды кеше
дүркіреп
Болды мереке,ғажап
күн.
Кім айтады қай
күні
Президент күні қазақтың?1
желтоқсан.
2- бөлім «Сандар мен жылдар сөйлейді» деп аталады
Біздің Отанымыз осы 27 жылда көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерін бастыларын атап өтсек:
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды
1991 жылы 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
3- бөлім «Астана» деп аталады
Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )
Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.
4- бөлім
«Мемлекеттік
рәміздер» деп
аталады
«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»,- деді Н.Ә.Назарбаев.
1. Тыныштық
пен байлықтың белгісі. (күн)
2. Айбындылық, еркіндік, дархандық, қырандылықтың
белгісі. (қыран, бүркіт)
3. Мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан
секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани
байлығының белгісі. (Қанатты пырақ)
4. Әлемнің біртұтас, мемлекет бастауы – отбасы
ошағының белгісі. (Шаңырақ)
5. Қазақ халқының ұлттық мәдиниетінің белгісі.
(Ою – өрнек)
5- бөлім
«Мақал-
мәтел» деп
аталады
«Жалғасын тап»
1. Отансыз адам – ......?
(Ормансыз бұлбұл)
2. Туған жерге .....? (туынды тік)
3. Туған жер тұғырың. ...?
(Туған ел қыдырың.)
4. Опасызда ....? (Отан жоқ)
5. Туған жердің қадірін?
(Шетте жүрсең білесің)
6. Отан ..... (Оттан да ыстық)
7. Ер жігіт ел үшін туады,
(Ел үшін өледі)
8. Батыр туса – ел ырысы
(Жаңбыр жауса – жер ырысы)
6- бөлім «Сұрақ- жауап» деп аталады
1. Қазақстан Республикасы
қандай мемлекет? (Егеменді)
2. Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран,
ту, елтаңба)
3. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
(Н.Ә. Назарбаев)
4. Республика күні.(25
қазан)
5. Қазақстан Республикасының
астанасы қай қала? (Астана)
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
(қазақ тілі)
7. «Ата заң» қашан қабылданды (28 қаңтар 1995
жыл)
8. Астана қаласының
20
жылдығы қашан тойланды?
(2018 жылы)
9. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік
күні)
10. Әнұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев.
Ж. Нәжмединов
11. Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды?
(30 тамыз 1995 жыл)
12. Қазақстан тәуелсіздігін қашан
алды? (1991 жыл)
13. Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы
көшірілді? (1997 жылы)
14. Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді?
( 1998 жыл)
15. Төл теңгеміз айналымға енгізілген уақыт? (15
қараша 1993 жыл)
Қорытынды.
Сынып сағатын елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзімен қорытындыласақ,
Елдің тұтастығы мен бірлігі,
татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша
табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде
бүкіл әлемге үлгі.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық
жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына
аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей
өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге
байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ
даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз
Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді
мұрат қылдық.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. ҚР президенті Н.Назарбаев ұлтаралық бірліктің баға жетпес құндылық екенін үнемі айтуда.Қазақстан бүкіл әлем алдында үлгі болуда. Елбасы бірлесіп, бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып отырған Қазақстан халықтарының достығына дән риза.
Бар әлемге шын танылдық міне біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім
күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты
болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін
түсінді деп
сенемін.
Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық,
тілегіміз – татулық болсын!
Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі»КММ
Қазақстан- біртұтас жер, біртұтас халық
және ортақ келешек
Сынып сағаты
Өткізген: Амирхасимова Г.А
Өскемен қаласы
Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі»КММ
Қазақстан- біртұтас жер, біртұтас халық
және ортақ келешек
Сынып сағаты
Өткізген: Садубаева Б.М.
Өскемен қаласы