«Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы және отбасындағы рөлі» сынып сағатының сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы және отбасындағы рөлі» сынып сағатының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы және отбасындағы рөлі» сынып сағатының сценарийі Мақсат: - оқушыларды әйелдердің қоғамдағы және отбасындағы тарихымен және қазіргі заманғы рөлімен таныстыру; - әйелдерге және олардың қоғам дамуына қосқан үлесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу; - дәйектеу және өз пікірін білдіру қабілетін дамыту. Өткізу түрі: пікірталас, ойын және шығармашылық тапсырмалар элементтері бар интерактивті әңгіме.
Материалдың қысқаша нұсқасы




1-кесте

«Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы және отбасындағы рөлі»

сынып сағатының сценарийі

Мақсат:

- оқушыларды әйелдердің қоғамдағы және отбасындағы тарихымен және қазіргі заманғы рөлімен таныстыру;

- әйелдерге және олардың қоғам дамуына қосқан үлесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- дәйектеу және өз пікірін білдіру қабілетін дамыту.

Оқушылар жасы: 12–16 жас.

Өткізу түрі: пікірталас, ойын және шығармашылық тапсырмалар элементтері бар интерактивті әңгіме.

Іс-шараның барысы

1. Кіріспе бөлім (10 минут)

Мұғалім. Қайырлы күн, балалар! Бүгін әйелдердің қоғамдағы және отбасындағы рөлі туралы әңгімелесеміз, сонымен қатар оның Қазақстан тарихында қалай өзгергенін және қазіргі кезде әйел болу нені білдіретінін талқылаймыз.

ОЙЛАНУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

Сіздің отбасыңызда әйел қандай рөл атқарады?

Әйелдердің қандай мамандықтары немесе жетістіктері сізге белгілі?

Ынталандыру

Мұғалім Қазақстанның көрнекті әйелдері, мысалы, Әлия Молдағұлова, Дина Нұрпейісова туралы қысқаша бейнеролик көрсетеді.

«Қазақстан әйелдері» тарихи анықтамасы (10 минут) (таңдау бойынша алдын ала дайындалады)

Мұғалім әйелдердің тарихтағы рөлінің кезеңдері туралы әңгімелейді.

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі рөл (ошақты сақтаушы, бала тәрбиесі).

Ұлы Отан соғысындағы әйелдер (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың ерліктері).

Әйелдердің ғылымдағы, мәдениеттегі, бизнестегі және саясаттағы заманауи жетістіктері.

Интерактив

Оқушылар топтарға бөлініп, әрбір тарихи кезеңге «әйел портретін» құрастырады:

Оның бойында қандай қасиеттер болды?

Оның қандай құқықтары мен міндеттері болды?

«Әйелдің қандай рөлі маңыздырақ: отбасында ма, әлде қоғамда ма?» пікірсайысы (15 минут)

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ әйелдің басты рөлі – отбасы деген көзқарасты қорғайды.

Екінші топ әйелдің қоғамда белсенді болуы керектігін алға тартады.

Талқылауға арналған мәселелер

Екі рөлді де біріктіруге бола ма?

Қоғамда әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктерінің теңдігі бар ма?

Мұғалім пікірталастарды ұйымдастыруға көмектеседі, назарды дәлелдерге және басқалардың пікірін құрметтеуге бағыттайды.

«КӨРНЕКТІ ӘЙЕЛДІ ТАНУ» ОЙЫНЫ (10 минут)

Мұғалім Қазақстанның көрнекті әйелдеріне олардың жетістіктерін сипаттай отырып, жұмбақ жасайды.

Ескертпе. Деректер ашық көздерден алынған.

Әлия Молдағұлова – соғыс қаһарманы.

Аружан Саин – «Балаларға өмір сыйла» жобасы.

Әсел Тасмағамбетова – «Сәби» қайырымдылық қоры, «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы» қоры.

Жанна Оразбахова – әлеуметтік желілерде құқық саласындағы ағартушылық қызметпен айналысады және елдегі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын үнемі жариялап отырады.

Анар Рахимбаева – «Аналар үйі» жобасы.

Хұснижамал Нұралыханова – қазақтың тұңғыш әйел-ұстазы, ХІХ ғасырдың аяғында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашқан.

Гүлсім Асфендиярова – Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел дәрігерлердің бірі.

Нәзипа Құлжанова – жоғары білім алып, еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне үлес қосқан алғашқы қазақ қыздарының бірі. Қазақ мектептеріне арналған оқулықтар, әдістемелік кітаптар жазып, Л. Толстой, М. Горький, А. Куприн, В. Короленконың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Мәдина Бегалиева – қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы инженер-металлург. Отан алдындағы ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Найля Базанова – еліміздегі тұңғыш әйел биолог. Оның тікелей қатысуымен көптеген педагогикалық, ауылшаруашылық университеттерінде анатомия және физиология кафедралары ашылды.

Патшайым Тәжібаева – қазақстандық тұңғыш әйел-геолог. Ол Қ. Сәтбаевтың шәкірті. Қазақстанның жер асты байлығын картаға түсіріп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Аққал Қалыбаева – қазақтың тұңғыш ғалым-филологы. Тілтанушы ғалым қазақ тілінің грамматикасы, терминологиясы, сөзжасам, орфография, диалектология мәселелерімен айналысқан.

Оқушылар нұсқау бойынша кім туралы айтылып жатқанын болжайды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА (15 минут)

Мақсаты: әр топ «Қазақстандағы болашақ әйел» атты коллаж немесе шағын презентация жасайды.

Ол қандай болады?

Қандай қасиеттерге ие болу керек?

Нәтижелердің презентациясы: Әр топ өз ойларын қысқаша баяндайды.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ (5 минут)

Мұғалім қорытындысын шығарады

Әйелдердің отбасы мен қоғамға қосқан үлесін құрметтеу неліктен маңызды?

Теңдік пен әділеттілікті қалай сақтай аламыз?

Рефлексия жасау

Оқушылар «Бүгін қандай жаңа нәрселерді үйрендің?» деген сұраққа жауап береді.

Үй тапсырмасы (қалауы бойынша)

«Мен сүйсінетін әйел» шағын эссе жазу.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның көрнекті әйелдерінің фотосуреттерімен презентация; шығармашылық тапсырмаларға арналған картон, қағаз, фломастерлер.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.03.2025
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі