Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан әлем бойынша ажырасудан 2-ші орында тұр

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал соңғы ақпарат бойынша Қазақстанның әлем елдері арасында ажырасудан 2-ші орын алуы туралы. Бұл өзекті мәселенің себептері осы мақалада толық жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан әлем бойынша ажырасудан 2-ші орында тұр

Ажырасу – қазіргі ақпараттық қоғамда өзекті саналатын әлеуметтік тақырыптардың бірі. Өкінішке қарай 2024 жылы 4 наурызда Petrelli Previtera зерттеу орталығының дерегінше, Қазақстан 105 елдің ішінен осы мәселе бойынша 2-ші орынды алды. Қарап тұрсаң миллиард халқы бар Қытай, Үндістан емес, 20 миллионнан астам ғана тұрғыны бар біздің ел рейтингте көш бастап тұр.

Мамандардың айтуынша ажырасудың көбеюіне туыстардың араласуы (61%), моральдық шектеулердің жоқтығы (41%), ажырасу процесінің жеңілдігі (25%), алкоголизм, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық тікелей әсер етеді. Сонымен қатар көзге шөп салу, қаржылай жетіспеушілік, әлеуметтік желілердің әсері мен ортада баланың болмауы қосымша фактор ретінде аталады. Алдымен 2025 жылы тіркелген некелер санына шолу жасасақ. Ұлттық статистика бюросының ресми дерегі бойынша 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында тіркелген неке саны 51 370, 2024 жылы 123 626, 2023 жылы 120 851. Тағы да қызық дерек, елімізде неке қию ең көп тіркелген аймақтар қатарында Алматы, Астана қалалары, Түркістан мен Алматы облыстары көш бастап тұр. Ал төмен көрсеткіш Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Жыл сайын елімізде шаңырақ көтеріп келе жатқан жұптардың көбеюі жақсы нәтиже. Дей тұрғанмен, Қазақстан әлем бойынша ажырасудан қалай 2-ші орынға шықты? Осы сұраққа жауап іздесек.



24KZ сайтының мәлімдеуінше соңғы 5 жылда елде ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Нақтырақ 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48 002, 2021 жылы 48 239, 2022 жылы 44 517, 2023 жылы 40 227, 2024 жылы 40 569, 2025 жылы қаңтар-маусым айлары бойынша 21 531. Дей тұрғанмен бұл көрсеткіш 20 миллионнан астам халқы бар ел үшін үлкен мәселе. Қызық дерек, 2024 жылы жарияланған «Қазақстан отбасылары» ұлттық баяндамасында 25-29 жастағы еркек пен 20-24 жастағы әйел неке құрып, 30-34 жасқа келгенде ажырасатындығы жазылған. Қарап тұрсаң жауап өте қарапайым секілді. Себебі Қазақстанда көп жастар ерте отбасын құруға асығып, тұрмыстық өмірде біршама қиындықтарға тап болады. Осы тұста кейбір шетелдің тұрмыс туралы менталитеті дұрыс екендігін атап өткен жөн. Мәселен Америкада кәмелеттік жасқа толған жасөспірім мен ата-ана арасында сепарация болады. Бала сол уақыттан бастап үйленіп не тұрмысқа шығуды емес, жұмыс жасап, қоғамдық өмірге араласуды, карьераға көп фокус бөлуді мақсат етеді. Бес саусақ бірдей емес, десе де көп шетелдіктер 30-жастан асқанда тұрмыстық өмірге қадам басады. Сол себептен де оларда ажырасу деңгейі төмен десек қате айтқандық болмас.



Ажырасудың келесі себебіне тоқталсақ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жыныс таңдамайды, бірақ зардап шегушілердің әйелдер екені жасырын емес. Сол себепті көптеген деректерде ажырасуға өтінім беретіндердің басым бөлігі әйелдер деп жазылатыны ақиқат. Екі жас отбасы құрған соң, қазақтың баяғы «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деген сылтауын еске түсірсек. Бұл принцип қазіргі уақытта қоғамда рөл ойнамайды. Оған дәлел жұбайын ұрып-соғып, боқтағандар, кемсітіп, қорлағандар Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 73-бабына сәйкес жазаланатынын атап өтсек. Бұл әрекеттерде қылмыстық сипат белгілері болмаса күш қолданған тарапты бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға не ескерту жасауға рұқсат. Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осындай жағдай қайталанса – он тәулікке қамауға алынады. Осы тұста «Сен той тойлап жүрсің, мен аш отырмын» – деп әйелін ұрып, соққыға жыққан ер адамның оқиғасын мысалға алсақ. Азаматша үйде тамақ дайын болмағаны үшін күйеуінен таяқ жеген. Осы оқиғадан соң балалардың өтініші бойынша сотта ажырасу туралы іс қозғалады. Ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабына сәйкес қамауға алынды. Ажырасу бойынша сот болған кезде екі тараптың 20-ға жуық туысқаны жиналады. Сол кезде айыпталушының жақындары жәбірленушінің тарабынан арызын алғызады. Екі жақ бітімге келді, бірақ арада 1 жыл өтпей азаматша көз жұмады. Қаза болған азаматшаның інісінің айтуы бойынша, күйеуі әйелін өлтіріп тынған. Сонымен қатар қоғамда қызу талқыға түскен «Бишімбаевтың ісі»-де осы тақырыпқа тұздық болмақ. Яғни қазіргі уақытта медианың күштілігі сонша, мұндай кейстер БАҚ-та көбеюде. Солай күйеуінен бір рет озбырлық көрген әйел жоғарыда аталған құрбандардың бірі болмас үшін ажырасуға өтінім береді.

Ажырасудың келесі себебі – ішімдік. Тіпті World Population Review-дің жаңа дерегі бойынша Қазақстан ішімдік ішуден 68-ші орында тұр. Ең қызығы елімізде 2022 жылы 140 миллион литр ішімдік өнімі сатылған. Ал Kazinform-ның дерегі бойынша Қазақстанда 2024 жылы 90 981 адам ішімдікке тәуелді деп тіркелген. Оның 90 872 ересектер, 109-ы кәмелет жасқа толмағандар (64 ұл, 45 қыз бала). Сайып келгенде ащы суға сылқия тойып алған адам отбасының берекесін қашырады, балаларының психологиялық жетілуіне нұқсан келтіреді. Сол себепті азамат не азаматшалар әліптің артын бағып, жұбайы ішімдігін тастайды екен деп күтіп отырмай, тыныш өмір сүру үшін ажырасуды таңдайды.




Ажырасудың тағы бір себебі – лудомания немесе құмар ойын. Бұл өте өзекті әлеуметтік мәселе. Дәл осы тақырып аясында деректер өте аз. Бірақ ресми ақпараттарға сүйенсек Қазақстанда 400 000-нан астам адам құмар ойынның жетегінде жүр. Бұл көрсеткіштің құрбандары құрылыс, қаржы және мемлекеттік қызметте жүрген 18 бен 30 жас арасындағы жоғары білімді ер азаматтар екені белгілі болды. Ең қызығы еліміздегі ажырасудың 40%-ы осы құмар ойынмен тікелей байланысты дейді мамандар.

Ажырасу жақсы нәрсе емес. Бірақ бұл тәуелсіз елде тұратын, ешкімнің қыспағынсыз жасалатын, саналы адамдардың таңдауы. Десе де уақыт өткен сайын бұл мәселе өз шешімін тауып келеді. Себебі заң күшейіп, адамдардың тұрмыстық өмір туралы сауаты артуда. Жоғарыда аталғандар ажырасудың тек статистика көрсеткен дәлелдері. Бес саусақ бірдей емес екенін ескерсек әр отбасы кішігірім бір мемлекет. Сол себепті ажырасу олардың жеке таңдауы. Болашақта Қазақстан әлем елдері арасында ажырасудан 2-ші орын емес, ажыраспаудан 2-ші орын алуы керек. Ал ол үшін әр тұлға өз-өзімен жұмыс жасауы қажет.



АСЕЛЯ МЕДЕУ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12