Материалдар / "Қазақстан астанасы – көркем Астана қаласы"

"Қазақстан астанасы – көркем Астана қаласы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін дамыту. Бас ғимараттарды ажырата білуге үйрету. Сыйластық туралы түсініктерін дамыту. Суреттерді құрастыра білу. Балаларға бас ғимарат сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
141
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырған қызметі: қазақ тілі

Тақырып: "Қазақстан астанасы – көркем Астана қаласы"

Мақсаты: : Қазақстан Республикасы және бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді қолданып, құрастыру арқылы қалыптастыру.

Міндеттері:

БілімділікБүлдіршіндердің бойына Отанға, Президентке  деген сүйіспеншілік пен құрмет – қасиетін қалыптастыру. Еліміздегі бас ғимараттарды ажырата отырып атай білу.

Дамытушылық: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін дамыту. Бас ғимараттарды  ажырата білуге үйрету. Сыйластық туралы түсініктерін дамыту. Суреттерді құрастыра білу. Балаларға бас ғимарат сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Өз елінің Презинденттіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тілдерін дамытуға, логикалық ойлауға,өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу. Ғимараттарды ажырата және қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Дидактикалық материал, оқу ресурстары: Қазақстан республикасының рәміздер, Астана қаласының ғимараттары, иллюстрациялық суреттер, Луллия шеңбері, сюжеттік-ролдік ойынға керек заттар, құрастырғыш суреттер. 

Сөздік жұмыс: Республика, Тұнғыш Президент, Ақорда, бас ғимарат, кешен, символы, монументі. 

Әдіс – тәсілдер: мақал -мәтел жалғастру, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, бөліктерден сурет құрастыру, берілген сюжеттік- ролдік суретке диалог құрастыру, видео-слайд, Триз технологиясы.

Блингвальді компонент: ғимарат-здания, кешен-комплекс,















І. Ынталандыру кезеңі

Мұғалім: Қайырлы таң балалар, қонақтар.
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата - анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.



ІІ. Ұйымдастыру -ізденіс кезеңі

Ән ұран.

Ойын «Суреттерді құрастыр». Балалар қиылған суреттерді құрастыру арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын табады.
Балалар үш топқа бөлініп, қиылған бөлшектерден толық сурет құрастыру керек

1-топ: Астана қаласы

2-топ:Астана қаласының эмблемасы

3-топ:Еліміздің картасы




Сұрақ- жауап.
Мұғалім: Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар отан деген сөзді қалай түсінесіңдер.
Балалар: Туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.
Мұғалім: Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Мұғалім: Қ. Р президенті кім?
Балалар:
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев


"Луллия шеңбері" ойыны балалар суреттерді алып сөйлем құрастырып шеңберге қою.
Мақал-мәтел жалғастар
Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер мен бастаймын сендер жалғастырасындар.
Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

***
Отан — елдің анасы

***
Ел - ердің анасы

***

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей  ел болмас.

***

Отанды сүю — от басынан басталады.

***

Отан оттан да ыстық.


Балаларды Астананын көрікті жерлерімен таныстыру.

Слайттар көрсету арқылы .

Презентация «Көрікті жерлер».

Сөйлеу материал:

- 97-метрлік Бәйтерек – астанамыздың символы;

- Самұрық құсы туралы ежелгі аңыз негізінде жүзеге асырылған алып мұнараға көтерілсеңіз, Астана қаласы алақаныңызда тұрғандай көрінеді;

-Жалтыраған көкшіл сфера пішініндегі болашақ энергия мұражайы – Нұр Әлем (дүниежүзілік Экспо-2017 көрмесінің мұрасы;

-Ғимарат ішінде жағажайы бар, әлемдегі ең биік шатыр – Хан Шатыр сауда және ойын-сауық орталығы;

-Хан шатырдан тікелей Ақ Ордаға апаратын, салтанатты футуристік сәулет құрылыстарымен қоршалған Нұржол бульвары;

-Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай;

- Салтанатты мешіт Әзірет Сұлтан;

- Пирамида пішініндегі Бейбітшілік және Келісім сарайы;

-«Астана Балет» театры;

-«Барыс Арена» спорттық кешені. Бұл жерде хоккей жарыстары ғана емес, концерт, форумдар мен басқа да іс-шаралар өтіп тұрады;

-«Астана Арена» стадионы. Амфитеатр түрінде салынған стадионда әлемдік деңгейдегі футбол матчтары, және басқа да спорттық, мәдени шаралар өткізіледі;

- «Алау» мұз айдыны – коньки тебуге арналған жабық стадион, және басқалары.


Сюжеттік-ролді ойын шағын диалог арқылы

Балалар топтарға бөлінеді. Мұғалім балаларға сюжетті -ролдердің ойнап шығу үшін сурет карточкаларды таратады. Балалар берілген сюжет арқылы диалог құрастырып айтып, оларды ойнауы керек. Кейбір балалар Астана тұрғындары, ал басқалары туристер.

Майк: Сәлем. Астананын ең танымал көрікті жерлері туралы бізге ақпарат бере аласыз ба?

Александр: біз әлі ештеңе көрмедік. Біз жаңа ғана келдік.

Ақпарат бөлімінің қызметкері: Сіз Астанада не көрдіңіз?

Александр: үлкен пирамида көрдім?.

Ақпарат бөлімінің қызметкері: Ол Пирамида пішініндегі Бейбітшілік және Келісім сарайы.

Майк: біз қазіргі заманғы өнер мұражайында болдық.

Александр: Иә, бұл керемет болды.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ-РЕФЛЕКСИВТІ КЕЗЕҢ
Ойын «Доп»
: мұғалім сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайта мұғалімге лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
- Ал, қане бастайық:
- Қазақстанның астанасы, қай қала?
- Астана.
- Қ. Республикасының президенті кім?
- Біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Ту, Елтаңба, Әнұран бір сөзбен қалай айтамыз?
-Астана қаласының қай ғимараты саған ұнады?


Балаларды мақтау, мадақтау.
Қонақтармен қоштасу.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ