ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР.

Тақырып бойынша 23 материал табылды

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР.

Материал туралы қысқаша түсінік
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). https://surak.baribar.kz/141010/ Этнос гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Глоссарий

Антропогенез деп саналы адам түрінің пайда болуы мен оның қоғамдық өмірінің қалыптасу процестері жиынтығын атайды. Бұл процестің қозғаушы факторларын, бағыттарын, зандылықтарын зерттейтін ғылымды антропология деп атайды. Антропология — адамдар туралы ғылым. Ол адамдардың шығу тегін, тарихи дамуын және тұрпатын (конституциясын), өсуін және жеке, жастық, жыныстық өзгергіштігін, нәсілдерге бөлінуін т.б. зерттейді.

Адамның өзінің табиғаты жағынан биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Адамдардың құрылысы, тіршілігі жануарларға ұқсас және биологиялық зандылықтарға бағынады.

Адамдар — нағыз саналы адам (Ноmо sapіеns) деп аталатын түрге, адам (Ноmo) туысына, гоминидтер тұқымдасына, приматтар отрядына, сүтқоректілер класына, хордалылар типіне жатады. Сонымен қатар, адамдар тек қоғамдық өмірдің нәтижесінде, қоғамдық ортада ғана адам болып қалыптасқан. Адамды адам еткен — еңбек пен қоғамдық өмір.

http://kazorta.org/antropogenez-negizderi-antropologiya/

Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар).

https://surak.baribar.kz/141010/


Этнос гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi  – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.
Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi.

http://kitaphana.kz/en/articles/abstracts-in-kazakh/235-madeniettanu/3412-etnos-paida-bolyi.html



ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР.

Әрбір халықтың жеке халық (этнос) болып қалыптасуы ғасырларға созылатын, түрлі тарихи кезеңдерді басынан өткізетін күрделі де ұзақ процесс.  Бұл процесс ғылыми әдебиетте этногенез деп аталады. «Халықтың пайда болуы», «халықтың қалыптасуы» ұғымын білдіретін этногенез терминін ғылымда ХХ ғ. 20-жылдары Н. Я. Марр қолдана бастады. Этногенез белгілі бір халықтың қалыптасуы барысында басынан өткеретін тарихи құбылыстар мен процестердің жиынтығын білдіреді және оның этникалық келбетінің түпкілікті бекуімен аяқталады. Немесе осыған жақын мына анықтама да жиі қолданылады. Этногенез - өзге, бұрыннан өмір сүруші компоненттер негізінде жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасу процесі. Мәселен, Француз халқының қалыптасуына галл, франк, вестгот, бургунд этникалық топтары негіз болған. Сонымен қатар бірнеше халықтың қалыптасу процесіне қатынасқан этникалық қауымдастық болуы мүмкін. Оған балкар, қарашай, қазақ, Поволжье, Кавказ, Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарының қалыптасуында негізгі компоненттердің бірі болған ортағасырлық қыпшақтарды жатқызуға болады. Этногенез барлық этностарға тән саты.

Егер белгілі бір халықтың қалыптасуының негізгі шарттары - тіл бірлігі мен шаруашылық үлгісінің ортақтығы, материалдық және рухани мәдениет жақындығы мен этникалық аумақ дейтін болсақ,  бұл белгілер қазақ этносының қалыптасуында қалай көрінді?

Қазақстан жерінде халық болып қалыптасу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейінгі қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ) мен темір дәуірі  (б.з.б. VII-III ғғ.) кезеңдерімен немесе осы кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Яғни, Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен бастау алады. Кейін автохтонды тұрғындарға Орталық Азиядан батысқа қоныс аударушы тайпалар  келіп қосылды. Қазақстанның автохтонды тұрғындары мен келімсек тайпалар (мигранттар) арасында өзара араласып-сіңісу (ассимиляция) процесі орын алды.

Зерттеушілер қазақ халқының шығу тегі, қалыптасу аспектілерінің немесе, қалыптасу ұғымының  ішінен өзектісі ретінде лингвистикалық және антропологиялық тұстарын ерекше бөліп қарастырады.

Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі парсы тобына кіреді, яғни, бұл кезең б.з.б.  II-I мың жылдықтарды қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде көне түркі тілдес ғұндардың қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының мұрагерлері – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып ассимиляцияға түскен. 

Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше, бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері болар-болмас-10%, еуропеоидтік нәсіл өкілдері болды.

Қазақ халқының қайнар көзі - сақ тайпаларының мұрагерлері, бүгінгі қазақ даласында б.з.б. ІІ ғасырдан өмір сүрген үйсін, қаңлы тайпалары мен олар құрған мемлекеттік құрылымдар болғандығы анық.

Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, үйсін, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. I  ғасырдында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударды. Бұл үйсіндер мен қаңлыларда монголоидтық нәсілдің элементтерін күшейте түсті. Антропологтар осы кездегі жергілікті халықтағы монголоидтық нәсіл белгілері 30% құрады деп есептейді.

VI ғасырда Қазақстан жері біртұтас мемлекет – Батыс Түркі қағанаты - «Он оқ елінің» құрамына кірді. Қағанаттар ондаған түркі тілдес ру-тайпаларды біріктірді. Үйсіндер мен қаңлылар осы тайпалармен араласып-сіңісіп кетті. Тоныкөк жазуында «бұрынғы үйсіндердің жерін жайладық» деген сөздерге қарағанда, олар расында да түріктерге тәуелділікке түскен.

Қазақ халқының қалыптасуында ежелгі (үйсін, қаңлы қоғамдары) және ерте ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдар (түрік тайпаларының мемлекеттері) мен олардың арасындағы өзара сабақтастық байланыстың маңызы зор. Мәселен, Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін оның орнында  Түргеш қағанаты (704-766 жж.), Қарлұқ қағанаты (766-942 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ.ортасы), Қимақ қағанаты (893 - XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XIғ. - 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Бұлардың арасындағы сабақтастықты олардың аумақтық ортақтығы, билік жүйесіндегі ұқсастықтар,  материалдық және рухани өмірдегі жақындықтар мен тіл бірлігі айғақтайды.

Ғалымдардың көрсетуінше, XIII ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесін екі жүз жылдай уақытқа кешеуілдетті.

Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан географиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Монғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық егінші, малшы,зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға, мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі  батысқа қоныс аударуға мәжбүр болды.

Жалпы халықтың этнос болып қалыптасуы ұзақ процесс, оның түпкілікті құралу мерзімін белгілі бір нақты уақыт кезеңімен дәл байланыстыру қиын. Дегенмен, тарихи, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректер жиынтығы қазақ халқының қалыптасу процесі  XIV-XV ғасырларда негізінен аяқталды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму  жолынан өтті. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты кезеңдерін шамамен төмендегіше көрсетуге болады: Бірінші кезең - қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ), екінші кезең-  сақ - сармат дәуірі (б.з.б. VII-III ғғ), үшінші кезең - үйсін, қаңлы және ғұн дәуірі (б.з.б. II ғ.- б.з. V ғ.), төртінші кезең  - түрік – қыпшақ дәуірі (VI- ХIII ғғ. басы), бесінші кезең - монғол дәуірі (ХIII - ХIV ғғ.), алтыншы - Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі (ХIV ғ. соңы – ХV ғ.) - қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі.

http://e-history.kz/media/scorm/221/150/text/text.htm



Қазақстан аумағындағы этникалық процесс тарихы мынадай тарихи кезеңдерден тұрады.


Қоладәуіріндегі этникалы қпроцестер (б.э.д. ІІ-Ім.ж.)

Сақ-үйсіндәуіріндегіэтникалықпроцестер (б.э.д. VІІ-б.э.Vғ.)

Түрікдәуіріндегіэтникалықпроцестер(VІ-ХІІғғ.)

Монғолдәуіріндегіэтникалықпроцестер (ХІІІ-ХІVғғ.)

ХІV-ХVғғ. этникалықпроцестер


Қола дәуірінде Қазақстанның далалық аймақтарындағы жергілікті тайпалар көшпелі мал шаруашылығына ауысады да, ол ортақ мәдениеттің негіздерін қалыптастыра бастайды.

Сақ-үйсін дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар саяси одаққа біріктіріліп, олардың бір-бірімен жақындасуы, өзара араласуы тез жүреді. Ортақ шаруашылық түрі ортақ мәдениетті қалыптастыра бастайды.

Түрік дәуіріндегі этникалық процесс тайпалардың жақындасуын тездетеді. Ортақ дін-Тәңір, ортақ наным-сенімдер, ортақ жазу мен тіл, ортақ мемлекеттік құрылым осылардың бәрі ҮІ-ХІІ ғғ. этникалық процестің көрінісі болды. Қазіргі күнге дейін VІ ғасырда Түрік қағанатның құрамында болған тайпалар өздерін түрік тілдес халықтарға жатқызады. ХІІІ ғ. басында монғолдардың жаулап алуы Қазақстан аумағындағы халықтың қалыптасуын тежеді, ХІІІ ғ. құрылған Ұлыстар бұрыннан қалыптасқан этникалық бірлестіктер негізінде құрылады.

ХІV-ХV ғғ. алғашқы жартысындаҚазақстан аумағындағы тайпалардың этникалық құралы тұрақтанады,айырмашылықтар жоғалып, тайпалық бірлестіктер біртұтас этникалық сипатқа ие бола бастайды. Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы саяси жағынан бөлек болғанымен, этникалық жағынанбіртекті тайпалардан құралды. Моғолстанның Жетісу аймағында түркі тілдес, кейіннен Ұлы Жүзді құрағантайпалар өмір сүрді. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағындағы тілі, дәстүрі, діні, шаруашылығымен мәдениеті ортақ тайпаларды біртұтас саяси кеңістікке еңгізді. Бұл этникалық белгілердің бәрі бірігіп, маңызды этникалық ерекшелік-этникалық сананы туғызды.

Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.

Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.

Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарыдікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.

Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.И.Cмағұловтардың деректері бұл өңірдің монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.

Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендіғін көрсетеді. Ғұндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностық топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті.

Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын.

Сырттан келіп қосылған халықтар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.И.Cмағүловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.

Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған.

Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес.Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. 4—3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар.Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді.О.Сүлейменовтің шумертүркі тілдері салыстырмасында 60 сөз бар екендігін айтады. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.

Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.Халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.



Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет. 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2025
38
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі