400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстаннның физикалық географиясы бойынша 8-сынып бөліміннен алынған мәліметтер, яғни әр оқушының осы пәннің бөлімі бойынша ОЖСБ сұрақтарына және тапсырмаларына дайындауға бірден бір көмек құралы болып табылады деген сенімдемін. Себебі әрбір оқушы кітап парақтарын ақтармай-ақ дайын сұрақтарға жауап іздей алады. Ал, ұстаздарға дайын материал, нақты мәліметтер бере отырып, өзіне де көмек құралы бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Қазақ жері туралы алғашқы деректерді б.з.б V ғ грек ғалымы Геродоттың "Тарих" атты еңбегінен кездестіреміз. Ол өз еңбектерінде Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, Каспий теңізінің шығысында жазық дала жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай таулы жерлер Орал тауы мен Жалпы сырт қыраты жатқанын жазған.

Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырда Қытай саяхатшылары Чжан Цянь мен Сюань Цзан келеді. Олар өз жазбаларында Жетісу бойын мекендеген Үйсін тайпаларының табиғаты мен тұрмысын, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер келтірген. Осы деректерді жинастырып, қытайлар сол кезде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Ол картаға Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.

XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында Ресей патшасы Борис Годуновтың өтініші бойынша Қадырғали Қосынұлы Жалаири қазақ халқы және оның жері туралы "Жылнамалар жинағы" атты кітап жазды. Онда қазақ хандығының құрылуы, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары туралы мәліметтер берілген.

П.П.Семенов – еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1856-1857жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше рет саяхат жасап, Хантәңірі шыңының бөктеріне жеткен. Тянь-Шань тауындағы биіктік белдеулілікті, мұздықтарды анықтаған.

Ш.Уәлиханов – қазақтан шыққан тұңғыш географ ғалым. Шоқан өзінің бірінші саяхаты кезеңінде Жетісу Алатауы мен Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған. Осы саяхаты барысында "Жоңғар очерктері", "Таудағы қырғыздар" атты еңбектерін жазған.

Қ. Сәтбаев 1926-1929 жылдары кеңес геологтары болашағы жоқ деп есептеген Жезқазған мыс кен орнын ірі мысты ауданға жатқызды. Сонымен қатар Қарсақпай, Жезді кен орындарын зерттеді.


СҰРАҚТАР

  1. Қазақ жері туралы алғашқы деректерді ... еңбектерінен кездестіреміз.

  2. Б.з.б. V ғ Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәлімет қалдырған.

  3. "Шығыстың Аристотелі" атанған ғалымды табыңыз.

  4. М. Қашғаридың "Диуани- лұғат- ат-түрк" атты еңбегінде ... түсініктер берілген:

  5. ХІІІ ғ.-да Алакөл, Балқаш туралы мәліметтер келтірген еуропалық саяхатшыларды көрсетіңіз.

  6. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында қазақ халқы мен қазақ жері туралы "Жылнамалар жинағы" атты еңбекті жазған.

  7. XVII ғ. қазақ жерін тұңғыш рет Ресейдің "Сібірдің сызба кітабы" атты атласқа енгізген.

  8. "Қырғыз-қазақ немесе Қырғыз-қайсақ ордалары мен далалары" атты еңбекті жазған.

  9. 1856-1857 жылдары еуропалық ғалымдардың ішінде тұңғыш рет Тянь-Шань тауын зерттеп, Хантәңірі массивіне жеткен саяхатшыны белгілеңіз.

  10. Тянь-Шань тауы жанартаулық әрекеттен пайда болған деген пікірді теріске шығарған ғалым.

  11. Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған еңбек жазған.

  12. "Түркістан" еңбегінің авторы.

  13. Географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашқан саяхатшыны табыңыз.

  14. Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдарын атаңыз.

  15. Тянь-Шань таулы аудандарындағы және Балқаш көлінің шөлді аймақтарындағы өсімдік жамылғысын зерттеп, салыстырмалы сипаттама берген ғалымды көрсетіңіз.

  16. Арал теңізін алғаш толық зерттеген, "Арал теңізі" атты еңбекті жазған орыс саяхатшысы.

  17. Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауын зерттеген ғалымды табыңыз.

  18. "Жоңғар очерктері", "Таудағы қырғыздар", "Алты шаһар туралы" ғылыми еңбектердің авторын көрсетіңіз.

  19. 22 жасында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып қабылданған ғалымды атаңыз.

  20. Тұңғыш геолог ғалым.

  21. Қ. Сәтбаевтың зерттеген аумақтарын табыңыз.

  22. Қ. Сәтбаев ашқан мыс кен орындары.

  23. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері, академик-ғалым.

  24. Ұлы Жібек жолы кезінде Батыс пен Шығысты жалғастырған өзенді анықтаңыз.

  25. Орталық және Орта Азия картасын жасаған саяхатшылар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.05.2019
1631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі