Материалдар / Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы.9-сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы.9-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы : Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы. Сабаққа шолу Сенің білетінің: • Қазақстан жер бедерінің геологиялық тарихы мен тектоникалық құрылымы. Сенің меңгеретінің: • Қазақстан аймақтарындағы жер бедерінің тектоникалық құрылымын картадан анықтау. Сабақтың мазмұны • Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы Біз өмір сүретін Жер шарының геологиялық даму тарихы осыдан 4,5 млрд жыл бұрын басталған болатын. Жердің құрылымы мен оның жылдар бойы даму тарихын геология ғылымы зерттейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2021
1775
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-сынып.08.10.2021ж

Сабақ тақырыбы : Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы7

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

  • Қазақстан жер бедерінің геологиялық тарихы мен тектоникалық құрылымы.

Сенің меңгеретінің:

  • Қазақстан аймақтарындағы жер бедерінің тектоникалық құрылымын картадан анықтау.

Сабақтың мазмұны

  • Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Біз өмір сүретін Жер шарының геологиялық даму тарихы осыдан 4,5 млрд жыл бұрын басталған болатын. Жердің құрылымы мен оның жылдар бойы даму тарихын геология ғылымы зерттейді.

Қазақстанның геологиялық тарихы мен тектоникалық құрылымын жан-жақты зерттеуде геологиялық ғылымының барлық саласы қамтылды. Қазақстан геологияның әртүрлі саласын дамытуда Қ.И. Сәтбаев, А.Ж. Машанов, Н.Л. Бубличенко, В.Д. Беспалов, т.б. көп еңбек сіңірді.

Тау жыныстарының жасын анықтауда екі әдіс бар:

Тау жыныстарының жасын анықтауда екі әдіс бар:

  1. Салыстырмалы әдісте жыныстардың қабат-қабат болып орналасуы басты назарда болады. Ең төменгі қабат ең ескісі, ал үстіңгісі ең жасы болады.

  2. Жер қойнауындағы кездесетін радиоактивті элементтің ыдарауы арқылы анықталады. 75 млн жылда 100 г ураннан 1 г қорғасын бөлінетінін ғалымдар есептеп шығарды.

Жер қыртысы геологиялық уақыт аралығында жиі өзгерістерге ұшырап, ұдайы дамып отырады. Оған ең алдымен жердің ішкі энергиясы мен қысым әсерінен жүретін түрлі козғалыстың әсерінен жаңа таулардың жасалуы жатады. Қазақстан аумағында тау түзілуге қатысты палеозой мен герцин қатпарлықтары деген атаумен үдерістер орын алды.

Қазақстан аумағында калеодон тау түзілу кезеңінде Сарыарқаның солтүстік батысы мен Cолтүстік Тянь-Шань аймақтары пайда болды.

Солтүстік Тянь-Шаньның қазіргі суреті

Сарыарқаның солтүстік батысындағы төбелер

Архей мен протерезой эраларында түгел су басып жатқан Қазақстан аумағы геосинклинальды аймақ болған. Геосинклинальды аймақ – жер қыртысының қозғалмалы, белсенді бөлігі. Қазақстанның батыс аймағында шөгінді жыныстардан тұратын Шығыс Еуропа платформасы жатыр. Басқа әдебиеттерде мұны орыс платформасы деп атайды. Платформа – жер қыртысының тұрақты бөлігі.

Шығыс Еуропа платформасының қазақстандық бөлігінің суреті

Палеозойдың алғашқы жартысында теңіз тартылып, құрғақ жерлердің көлемі ұлғая бастады. Қазақстанның батыс аймағы қайта көтерілуге ұшырап, жарықшақтардың арасында пайдалы қазбалар табыла бастады.

Палеозой эрасының соңына қарай герциндік тау түзілу кезеңі орын алды. Алтай және Жетісу Алатауы, Сарыарканың шығыс бөлігі мен Мұғалжар таулары көтерілді. Мұғалжар тауының қалыптасу кезеңі палеозойға сәйкес келеді. Қалыптасу кезеңі осыдан 350 млн жыл бұрынғы палеозойдың соңғы кезеңіне сәйкес келеді.

Алтайдағы Ярлы даласы

Жетісу Алатауының ұшқыр таулары

Басқа эралармен салыстырғанда мезозой эрасы тыныш болған кезең. Бұл кезде тектоникалык козғалыстар баяу болып, бірде-бір тау жүйесі түзілмеген. Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліске ұшырап, мезозойдың аяғында Қазақстан жері біршама тегіс аймакка айналған.

Неогеннің аяғында болған күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен альпілік таулар түзілді. Альпілік тау түзілуде жер қыртысында біршама жарықша пайда болды. Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған. Палеозой эрасында дамыған геосинклиналды аймақтарда орын алған қатпарлықтар каледон, герцин қатпарлықтары деп аталады. Олар қазіргі Торғай үстірті, Тұран ойпаты мен Сарыарқа даласы болатын.

Тұран ойпатының шөлді даласының суреті

Ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты. Олар палеоген, неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде шөгінді жыныстардың қалың қабатын толтырды.


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

1.Әртүрлі минералға тән кристалдардың құрылысы мен пішінін зерттейтін геология ғылымының саласы?

кристаллография

вулканология

литология

петрография

Білгенің жөн!

Кристаллография- кристалл заттардың құрамы мен құрылысын, пішінін, қасиеттерін, олардың өзара және сыртқы ортамен байланысын және кристалдық күйін зерттейді.

Түсіндіру

Әртүрлі минералға тән кристалдардың құрылысы мен пішінін зерттейтін геология ғылымының саласы кристаллография деп аталады.


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

2.Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.

Минералогия

минералдың құрамы мен қасиеттерін зерттейді.

Білгенің жөн!

Минералогия – минералдардың құрамы мен қасиеттерін, олардың пайда болуын зерттейтін геология ғылымының саласы.

Түсіндіру

Минералогия минералдық құрамның пайда болуын зерттейді. Олар геометриялық пішіні бойынша кристаллографиялық, физикалық құрамы бойынша кристаллофизикалық, химиялық құрамына байланысты кристаллохимиялық минералогия болып бөлінеді.


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

3.Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.

Палеонтология

қалдықтары таста қазба қалдықтары ретінде қалған ағзаларды зерттейтін ғылым.

Білгенің жөн!

Тарихта жойылып кеткен, бірақ таста қазба қалдықтары ретінде қалған ағзаларды (өсімдіктер мен жануарлар) зерттейтін ғылым палеонтология деп аталады.

Түсіндіру

Жорж Кювье – ғылыми пән ретінде палеонтологияның негізін қалаушы. Палеонтология биология мен геологияның түйіскен жерінде жатыр, өйткені ол өткен өмірдің тарихына назар аударады, ал оның негізгі дәлелі – тау жыныстары.

Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

Қазақстан аумағында каледон тау түзілу кезеңінде пайда болған екі жерді картадан анықта.

4.Дұрыс жауап саны: 2

1+

2

3+

4

5

Білгенің жөн!

Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп те атайды. Қазақстан жеріне палеозой мен герцин қатпарлықтары жер бедеріне үлкен өзгерістер әкелді.

Түсіндіру

Қазақстан аумағында каледон тау түзілу кезеңінде Сарыарқаның солтүстік батысы мен солтүстік Тянь-Шань аймақтары пайда болды. Оған дәлел ретінде осы аралықтарда кездесетін пайдалы қазбаларды айтуға болады. Бірақ пайдалы қазбалар тек жарықшақтар арасында ғана емес, жанартаулық атқылаулар болған жерде де кездеседі.


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

Герциндік тау түзілу кезеңінде көтерілген үш таулы аймақты анықтап, жаз.

5.Дұрыс жауап саны: 3

1+

2

3

4+

5

6+

7

Білгенің жөн!

Палеозой эрасының соңына қарай герциндік тау түзілу кезеңі орын алды. Алтай және Жетісу Алатауы, Сарыарканың шығыс бөлігі мен Мұғалжар таулары көтерілді. Мұғалжар тауының қалыптасу кезеңі палеозойға сәйкес келеді. Қалыптасу кезеңі осыдан 350 млн жыл бұрынғы палеозойдың соңғы кезеңіне сәйкес келеді.

Түсіндіру

Мұғалжар мен Сарыарқа таулары герцин қатпарлығында көтеріліп, келесі эраларда бірте-бірте сыртқы күштердің әсерінен аласа таулы өлкеге айнала бастады, ал Алтай таулары кайнозой эрасында альпі қатпарлығында екінші рет көтеріліске ұшырады.


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

6.Платформаға сәйкес келетін Қазақстанның географиялық нысандары:

Дұрыс жауап саны: 3

Сарыарқа

Мұғалжар

Солтүстік Қазақ+

Шығыс Еуропа+

Жетісу Алатауы

Тұран+

Сауыр-Тарбағатай

Тянь-Шань

Білгенің жөн!

Платформа – жер қыртысының тұрақты бөлігі. Қазақстан аумағында үш платформа бар: ежелгі Шығыс Еуропа, жас Батыс Сібір және Тұран платформалары.

Түсіндіру

Жазық рельеф формалары платформаларға сәйкес келеді. Шығыс Еуропа жазығы Шығыс Еуропа платформасында орналасқан, ол Қазақстан аумағына өзінің оңтүстік-шығыс бөлігімен кіреді және Қазақстанның солтүстік-батысында орналасады. Батыс Сібір платформасында Қазақстан аумағына оңтүстік бөлігімен кіретін, яғни Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, сондықтан оны «Солтүстік Қазақ жазығы» деп атайды. Ал Тұран платформасында еліміздің оңтүстік бөлігін алып жатқан Тұран жазығы орналасқан.



Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

7.Тұран платформасында орналасқан жер бедері географиялық нысандарын анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

Жалпы Сырт қыраты

Үстірт үстірті+

Орал алды үстірті

Торғай үстірті+

Каспий маңы ойпаты

Мұғалжар таулары

Қарқаралы таулары

Бетпақдала үстірті+

Білгенің жөн!

Платформа – жер қыртысының тұрақты бөлігі. Қазақстан аумағында үш платформа бар: ежелгі Шығыс Еуропа, жас Батыс Сібір және Тұран платформалары.

Түсіндіру

Тұран тақатасында өзімен аттас жазық орналасқан. Тұран жазығы – Оңтүстік Қазақстандағы батыстан шығысқа қарай созылып жатқан ауқымды жазық. Оның аумағында Маңғыстау таулары, Үстірт, Торғай үстірті, Бетпақдала, Қызылқұм, Мойынқұм орналасқан.



Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

8.Сарыарқаның шығыс бөлігі батыс бөлігіне қарағанда тым көтеріңкі болуының себебін анықта.

Шығыс бөлігі герцин қатпарлығында, ал батыс бөлігі каледон қатпарлығында түзілген+

Батыс бөлігі герцин қатпарлығында, ал шығыс бөлігі каледон қатпарлығында түзілген

Шығыс бөлігі альпі қатпарлығы кезінде екінші рет көтеріліске ұшырады

Батыс бөлігі шығысқа қарағанда сыртқы күштердің әсерінен түзілді

Шығыс бөлігінде тау түзілу процестері әлі байқалады

Білгенің жөн!

Сарыарқа – ежелгі, қатты мүжілген аймақ. Тегістелген таулар мен аласа тау сілемдерінен тұрады. Батыс бөлігі каледон, ал шығыс бөлігі герцин қатпарлығында пайда болған, бұл – биіктік айырмашылығының басты себебі.

Түсіндіру

Каледон тау түзілуі палеозой дәуірінің алғашқы кезеңдерінде, силур мен девон, карбон мен пермьда герцин тау түзілуі орын алды. Сондықтан Сарыарқаның батыс бөлігі шығысқа қарағанда ертерек пайда болды және осыған байланысты оның батыс бөлігі қатты мүжілген.


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Жауабын жасыру

9.Герцин қатпарлығында түзілген Сарыарқа аласа таулы өлкесінің жоталарын анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

Сарытау

Азұтау

Баянауыл+

Сарышоқы

Листвяга

Ұлытау

Қарқаралы+

Шыңғыстау+

Білгенің жөн!

Сарыарқа – ежелгі, қатты мүжілген аймақ, тегістелген таулар мен аласа тау сілемдерінен тұрады. Шығыс бөлігі жоғарырақ, өйткені ол герциндік қатпарларда пайда болды, ал батыс бөлігі каледон қатпарлығында түзілген.

Түсіндіру

Сарыарқаның шығыс бөлігінде Қарқаралы таулары, Шыңғыстау, Кент, Баянауыл таулары, оның оңтүстігінде ұсақ шоқыларының ең биік нүктесі Ақсоран тауы (биіктігі 1565 м), Қызыларай тау жотасы орналасқан.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!